Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика


проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының



Pdf көрінісі
бет132/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   527
Байланысты:
TaimanovMatem

проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
125 
2.
Прокопеня А. Н., Чичурин А. В. Применение системы Mathematica к решению 
обыкновенных дифференциальных уравнений. Минск: БГУ, 1999. 
3.
Махмеджанов Н.М. Жоғары математика. - Алматы, 2018. - 500 бет. 
ГРНТИ 14.25.09 
ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ЖҤЗЕГЕ АСЫРУДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ 
ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ ӘДІСТЕРІ 
 
ҚАППАР БӘТЕС ҚАНЖАРБАЙҚЫЗЫ –магистрант; 
ЕҢСЕБАЕВА ГҤЛЗАТ МҦРАТБЕКҚЫЗЫ –аға оқытушы. 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда, Қазақстан 
 
Кіріспе 
Жалпы басқару есебі деп математикада экономикалық жағдайды жоспарлау, 
бақылау және басқару іс-әрекетін реттеу үшін, шешім қабылдау процесін басқару 
жағдайында қарастырылатын есептерді қарастырамыз. Мақсатты әрекеттерді жүйелі 
талдау және мүмкіндігінше осы әрекеттердің нәтижелерін объективті, сандық бағалау 
кезінде тиімді басқару есептерінің рӛлі маңызды. Тиімді басқару есептерінің сандық 
әдістері экономикалық математикалық және математикалық - статистикалық пәндер 
негізінде құрылады. 
Басқару есептерінің маңыздылығын ашып кӛрсетейік. Атақты неміс экономисті 
Карл Маркс атап ӛткендей математиканы қолдана алғанда, сонда ғана экономика ғылымы 
ӛзінің кемелденген деңгейіне кӛтеріле алады. Бұл дегеніміз математика және экономика 
пәндері арасындағы пәнаралық байланыстың маңызы жоғары деген сӛз [1]. 
ХХ ғасырдың 20-жылдарында макроэкономикалық модельдеудің негіздері 
қаланды: салааралық тепе-теңдік (В.Леонтьев), экономикалық ӛсу модельдері (Конюс, 
Фельдман). Қазіргі уақытта экономикалық құбылыстарды талдау мен болжаудың кӛптеген 
экономикалық-математикалық модельдері жасалуда. 1930 жылдары кеңестік математик 
Л.В. Канторович математикалық есептердің жаңа класын ашты, ол сызықтық 
бағдарламалау және оларды шешудің әмбебап әдісін ұсынды. Экономикада бұл белгілі бір 
сызықтық критерий бойынша оңтайлы шешімдерді іздеудің әртүрлі мәселелерін шешуге 
мүмкіндік берді. 
1939 жылы Л. В. Канторович М. К. Гануринмен бірге экономикада тасымалдауды, 
маршруттарды оңтайландыруға, кӛлікті пайдалану тиімділігін арттыруға қол жеткізуге 
мүмкіндік беретін классикалық транспорттық есебін шешті. Осы жұмысы үшін Л.В. 
Канторович 1950 жылдары Нобель сыйлығына ие болды (Ресейден экономика 
саласындағы жалғыз лауреат). КСРО-да экономикалық-математикалық әдістерді 
дамытудың айрықша ерекшелігі олардың экономиканы басқарудың практикалық 
міндеттерін шешуге тікелей бағытталуы болды. [1] 
Атақты американдық ғалым Норберт Винердің пікірінше, математиканың мақсаты- 
бізді қоршап тұрған хаоста жасырын тәртіпті табу [2]. Математиканың осы миссиясына 
сүйене отырып, оның зерттеу тақырыбы бізді қоршаған әлемде болуы мүмкін дерексіз 
байланыстарды сипаттаудың сандық формаларын іздеу болып табылады. Яғни, 
математика ғылым ретінде байланыстарды зерттеудің және осы негізде бізді қоршаған 
әлем туралы жаңа ақпарат алудың әмбебап аналитикалық құралдарын жасайды. Бұл 
математикалық аппаратты білімнің әртүрлі салаларында жұмыс істейтін ғалымдар 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет