проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 64
4.
Забелина С.Б., Пинчук И.А. Учебные прикладные задачи в методической подготовке
учителя математики //Вестник МГОУ– Режим доступа: https://www.vestnik-
mgou.ru/Articles/Doc/10617(дата обращения:17.11.2018 г.).
5.
Чикунова О.И., Бобровская А.В. Обучение методу математического моделирования
при решении задач с практическим содержанием// Международный журнал
экспериментального образования. – 2016. – № 4-1. – С. 131-135.
ГРНТИ 27.01.45
СЫНЫПТАН ТЫС ЖҦМЫСТАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКАҒА ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БИСЕНБАЙ НАЗЕРКЕ ЕРЛАНҚЫЗЫ Математика мамандығының магистранты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Кіріспе Қазіргі кез – оқытудың әртүрлі технологияларын енгізу уақыты. Математикалық
қабілеттердің дамуын қамтамасыз ету мектеп математика курсының негізгі үдерісі болып
табылады. Сондықтан,сыныптан тыс жұмыстарға баса назар аудару, оқушылардың
математика пәніне белсенділігін нығайтуға және математикалық сауаттылығын кеңейтуге
ықпал етеді.
Математикадан сыныптан тыс жұмыс оқушылардың ой-ӛрісі мен мінез-құлқына,
олардың білімдерін тереңдету және кеңейтуге, пәннің мазмұны сияқты факторларға
байланысты дағдылары, мұғалімнің барлық іс-әрекеті жан-жақты оқушылардың сабақта
да, одан тыс жерлерде де белсенділігі, математиканы оқытудың тәрбиелік мазмұнына әсер
ететін күрделі үдерістің ажырамас бӛлігі. Сондықтан сыныптан тыс жұмыстарды тӛменгі
сыныптардан жүйелі жүргізілуі керек.
[1]
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының тӛмендеуінің бірден бір себебі,
біріншіден, оқу бағдарламасының жылдан жылға ӛзгеруі мен қатар оқу мазмұнының
кӛлемі ұлғаюы, оқыту күрделілігінің жоғары деңгейінде болуы, жаңартылған
бағдарламалардың кеңінен танымал болуында. Екіншіден, экологияның бұзылуы және
халықтың денсаулығының жаппай нашарлауы, рухани-адамгершілік мәдениетінің
тӛмендеуі, экономикалық қиындықтаржатады. Осының нәтижесінде - оқушылардың оқуға
деген қызығушылығы тӛмендейді. Бұл оқушыларды оқытуда үлкен қиындықтар туғызады.
Осы мәселені шешу мақсатында, оқушыларды ынталандырып, қабілеттерін ашуға
сыныптан тыс жұмыстар жүргізіледі.