Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика:
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл
61
Сондықтан мұғалім үшін оқушыларды тәжірибеге бағытталған мәселелерді шешудің
нұсқалары мен тәсілдерін табуға дайындау ӛте маңызды. Бұл мақалада біз осы мәселеге
арналған кейбір зерттеулерге талдау жасаймыз.
Қазіргі уақытта білім беруді жаңалау мәселесі теория мен практикада, әсіресе
оқушылардың шығармашылық танымдық іс-әрекетін жандандыру тұрғысынан кеңінен
талқылануда. Қазіргі қоғам математикалық білім беру мазмұнына кӛзқарасын ӛзгертуде.
Негізгі назар оқушылардың мектепте алған білімдері мен дағдыларын ӛмірлік
жағдайларда қолдану қабілетін дамытуға бағытталған. Бүгінгі таңда сыртқы ортамен
қарым-қатынас жасай алатын, тез бейімделетін және жұмыс істей алатын функционалды
сауатты түлектер қажет. Осы мақсаттарды іске асыру білім беру жүйелерін оқушылардың
қазіргі қоғамда ӛмір сүруіне қажетті қасиеттерді дамытуға және табиғат, ӛндіріс,
тұрмыстық объектілермен практикалық ӛзара әрекеттесуді жүзеге асыруға бағыттауды
кӛздейді.
Математиканы
оқытудың
негізгі
мақсаттарына
қарапайым
нақты
құбылыстардың математикалық модельдерін құру, берілген модельдер бойынша
құбылыстарды зерттеу, модельдердің қосымшаларын құру; оқушыларды шығармашылық
қызмет тәжірибесімен таныстыру және оларды қолдану қабілетін қалыптастыру жатады.
Осыған байланысты оларды математиканың кейбір қарапайым әдістерімен, әсіресе оның
негізгі әдісі – математикалық модельдеумен таныстыру ӛте маңызды. Бұл әдіс әсіресе
тәжірибеге бағытталған есептерді шешуде тиімді, ӛйткені оқушы математикалық білімді
практикалық қажеттіліктерге қолдануға үйренеді, болашақта практикалық іс-әрекетке,
практика мен күнделікті ӛмірде алға қойылған мәселелерді шешуге дайындалады.
Модель деп материал немесе ойша елестетілген объект. Әрбір зерттелген процесті
әртүрлі модельдермен сипаттауға болады [1]. Математикалық модельдеу болашақ
математика мұғалімдерін дайындау процесінде қолданбалы есептерді шешудің құралы
ғана емес, сонымен қатар болашақ мұғалім меңгеруге тиіс интеллектуалды дағдыларды
дамыту тәсілі болып табылады [1-2]. Сонда мұғалім оқушыларға қолданбалы мәселелерді
шешудің жалпы тәсілін үйрету және шешімнің әр кезеңін саналы түрде меңгерту
қажеттілігін естен шығармауы тиіс.
Мұғалім оқушылардың практикалық мазмұнды есептерді математикалық
модельдеу арқылы шығаруларын қалыптастыру үшін келесі педагогикалық жағдайларды
жасауы қажет:
1.
Оқушылардың математиканы оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру;
2.
Оқушыларды есепті шешу жолын біртіндеп түсіндіруді және есепті шығарып
отырып шешу жолын талдауға үйрету;
3.
Оқушылардың ӛмірдегі кӛзқарастарын кеңейту;
4.
Кейбір есептерді шешудің әдіс-тәселдерін кӛрсетіп, оқушыларға сол әдіс-тәсілдерді
қолдануды үйрету;
5.
Айналадағы геометриялық фигураларды бақылауды қамтамасыз ету, әр түрлі сурет
салу құралдарымен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
Практикалық қолданбалы есепті шешкенде модель таңдау дәлдікті, есепті
математика тіліне аудару тәжірибесін, интуицияны қажет етеді. Оқушылар моделін
құратын объектіні түсінсе және кӛрсе, есептің мазмұнын математикалық тілге аудару
тәжірибені, интуицияны қажет етеді.
Модельдерді қолдану кӛбінесе практикалық мазмұнды есептерді шешумен ғана
шектеледі. Бұл геометрияның стереометрия саласын ӛткендегі «цилиндр, конус»
тақырыптарын түсіндіргенде, оқушылардың жадында ғана қолданылатын цилиндр, конус
тәріздес модельдер қалады. Сондықтан оқушыларға математикалық модельдеу
негіздемесін де ұсынған пайдалы.
Достарыңызбен бөлісу: