Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика



Pdf көрінісі
бет70/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   527
Байланысты:
TaimanovMatem

Зерттеу әдіснамасы
. «Білімдіден шыққан сӛз, Талаптыға болсын кез», – деп ұлы 
Абай айтқандай, ұстаз – әрқашан ілім мен ізгілікті алға қоятын тұлға. Әр мұғалім оқушыға 
тереңінен білім беріп, кӛмектесуі керек. Оқушылардың қабілеттерін ашып
оқушыларымен бірге дамудың, әлеуметтенудің жаңа деңгейіне кӛтерілу арқылы ӛмірді 
түсінуі керек. 
Қазіргі таңда проблемаларды шеше алатын, білімді ӛз бетінше игере алатын, таным 
саласына тереңірек үңілуге, ілімнің тұрақты танымдық мотивтерін қалыптастыруға, 
олардың негізгісі танымдық қызығушылық болып табылатын, ӛмірдің ӛзгеретін 
жағдайларына бейімделуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мұғалімнің алғашқы 
мақсаттарының бірі болып табылады. Сонымен, жалпы орта білім берудің құрылымы мен 


Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: 
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
65 
мазмұны тұжырымдамасында: "Болашақ қоғамның жоспарланған білімкеңістігінде 
интеллект ұлттық байлық санатына кӛбірек енеді, ал адамның рухани денсаулығы, оның 
дамуының 
жан-жақтылығы, 
кәсіби 
дайындықтың 
кеңдігі 
мен 
икемділігі, 
шығармашылыққа деген ұмтылыс және стандартты емес міндеттерді шеше білу ел 
дамуының маңызды факторына айналады. Болашақ үшін жұмыс істейтін мектеп жеке 
тұлғаны дамытуға бағытталуы керек. Барлық басқа міндеттер-бұл мақсатқа жетуге 
кӛмектесетін құралдар. Демек, білім беру саласындағы қоғамның негізгі қағидаты ретінде 
тұлғаның еркін дамуының басымдығы білім беру процесін саралау мен интеграциялаудың 
негізі болып табылады. Барлық оқушыларды, олардың қабілеттері мен жеке 
айырмашылықтарына қарамастан, үйретуге болады және үйрету керек, ӛйткені дәл осы 
жерде мектептегі білім берудің гуманизмі мен демократиясы жатыр".
[2] 
Сыныптан тыс іс-әрекеттегі жағдай, мұғалім айтқан фактілер туралы ойлануға, 
туындаған сұрақтарға ӛз бетінше жауап табуға, сыныптастарымен пікірталас кезінде ӛз 
ойында қалуға, жеке қасиеттерінің дамуына ықпал ететіндей, олардың қызығушылығы, 
есте сақтау, сыни-ойлау қабілеттері болуы қажет, кӛрнекі материалдар кӛп және 
мыналарды қамтуы керек: 

сыныптан тыс жұмыстар 30-45 минуттан аспауы керек

материалдар кӛрнекі болуы қажет; 

этика және эстетика элементтері; 

оқушылар үшін қызықты, қол жетімді материалға негізделуі керек; 

оқушылар осы сабақтарға қатысып нәтиже кӛрсетуі тиіс. 
Мұғалім оқушылардың дайындық деңгейлерін: сыныптан тыс жұмысқа оқушының 
қызығушылығы, әр оқушының жеке және жас ерекшелігіне сай екендігі ескеріліп, 
ұйымдастырылуы қажет. Егер мұғалім осы тармақтардың орындалуының барлығын 
ескерсе, онда жоғары нәтижеге қол жеткізе алады. 
Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту үшін пән бойынша сыныптан 
тыс жұмыстар үлкен рӛл атқарады, ол ұйымдастырушылық және әдістемелік 
формаларымен ерекшеленсе де, жалпы мақсаты бар оқу жұмысымен үйлеседі. Сыныптан 
тыс жұмыстар оқушылардың әлеуетін неғұрлым толық іске асыруға, шығармашылық 
және практикалық дағдыларды қалыптастыруға, білімнің тиімділігіне жағдай жасайды. 
Мектепте математикадан дұрыс ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыс математиканы 
оқытудың тиімділігін арттырудың маңызды шарты болып табылады: оқушыларды пәнге 
қызықтыруға, белгілі бір математикалық тұжырымдаманы зерттеудің шығу тегін
маңыздылығы мен пайдалылығын түсінуге мүмкіндік береді. Сыныптан тыс жұмыстар 
ұйымның мазмұны мен ерекшеліктеріне байланысты оқуға деген сүйіспеншілікті, білімге 
деген қызығушылықты ояту үшін басым мүмкіндіктерге ие. 
[3] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет