Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика



Pdf көрінісі
бет71/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   527
Зерттеу нәтижелері. 
Қазірдің ӛзінде 5-сыныпта пән бойынша қызықты сыныптан 
тыс жұмыстарды ұйымдастыру қажет. 
Сыныптан тыс жұмыстың ең қолжетімді және танымал түрі-үйірменің қызметін 
ұйымдастыру. Үйірменің бірінші сабағында жұмыстың негізгі мазмұнын белгілеу, үйірме 
басшысын таңдау, оқушылармен үйірме мүшесінің құқықтары мен міндеттері туралы 
алдын - ала келісу, жұмыс жоспарын құру және белгілі бір іс-шараларға байланысты 
оқушыларға тапсырмаларды бӛлу қажет (математикалық қабырға газетін шығару, үйірме 
жұмысының құжаттамасын жүргізу және т.б.). 
Математикалық үйірменің жұмысында материалдың қызықты болуы үлкен 
маңызға ие. Ойын түрінде құрастырылған тапсырма оқушылардың пәнге деген 
қызығушылығын арттырып және маңызды мәліметтерді түсінуге ықпал етеді. Үйірмеде 
ұсынылатын тапсырмалардың жүйелілігі оқушылардың жалпы жас ерекшеліктеріне 
бағытталуы керек. 


Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: 
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
66 
Сонымен, 5-6 сынып оқушыларына арналған математика пәнінен ӛткізілетін үйірме 
жұмысының қызықты болуына: 
-
Тапсырманың жүйелілігі; 
-
Оқушыларды пән бойынша қосымша әдебиеттерментанысуға баулу; 
-
Үйірме сабақтары барысында түрлі жарыстар ұйымдастыру; 
-
Оқушыларды қызықтыру мақсатында сыйақылар дайындау
-
Оқущылардың қызығушылығын оятатын әртүрлі ойын түрлерін қолдану. 
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, математикалық үйірме сабақтарына 
қызықты ойын элементтерін немесе жалпы барлық сабақтарда ойын түрлерін қолдану 
арқылы ӛткізілуі керек. 
5-6 сыныптардағы математика үйірмесінің сыныптан тыс жұмыстарының 
болжамды жоспары: 
Оқыту мазмұны 
1.
Математика тарихы. (6 сағат. ) 
а) Бұрыңғы метрикалық ӛлшемдер 
б) Есептеу құралдары. Есептеу техникасы. 
в) Адамдар уақытты есептеуді қалай үйренді. 
2.
Күнделікті ӛмірдегі есептеулер (8 сағат) 
а) Ауыл шаруашылығындағы математика. 
б) Күнделікті ӛмірдегі математика. 
в) Табиғатта жәнематематика. 
3.
Математикалық ойындар. (4 сағат. ) 
6 сағат бӛлінген ―Математика тарихы‖ кезеңінде бұрыңғы метрикалық ӛлшемдерді 
таныстырып, қазіргі ӛлшемдермен салыстыру қарастырылады.(Сурет-1) 
Сурет-1 
Кӛптеген халықтарда ӛздерінің ұлттық тілдеріндегі бірлік атаулары қолданыстан 
қалмай, тұрмыста және техникада әлі күнге дейін қолданып келеді. Мысалы: 
ағылшындарда фут, ярд, дюйм сияқты ӛлшем бірліктері, батыс елдерінде аталатын 
қашықтық бірлігі миль, т.с.с кӛптеген бірліктерді атауға болады. Сол себептен біздің де ӛз 
тіліміздегі ежелден келе жатқан бірлік атауын қолдануға, не болмаса кейбір ұлттық 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет