Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика:
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл
221
стандартты емес тапсырманың мәнін «ашуға», оны шешуде
біздің біліміміздің немесе
деректеріміздің жеткіліксіздігін нақты кӛрсетуге мүмкіндік береді. Солардың ішінде,
сабақ барысында кейбір тапсырмаларды Wordwall, LearningApp
бағдарламалары арқылы
кӛңілді түрде ұсыну ақыл-ой әрекеттеріне эмоциялық ерекше сәт әкеледі.
Мысал ретінде кӛрсететін болсақ, мына 1-суретте берілген стандартты емес
тапсырмалар бір қарағанда есепке ұқсамауы мүмкін, дегенмен LearningApp бағдарламасы
кӛмегімен жасалған «Миллион кімге бұйырады?» «Сәйкестікті тап» тапсырмаларын
кӛрнекі түрде кӛрсетіп, шығарту баланың қызығушылығын
арттыруға және жылдам
ойлауын дамытуға мүмкіндік береді. Мұндай тапсырмаларды, біртипті емес сан алуан
жолдармен ашып кӛрсетумен қатар, тапсырмаларды әркімнің ӛз деңгейінде орындалуына
мүмкіндік ашады.
Сурет 1. LearningApp бағдарламасы кӛмегімен құрастырылған стандартты емес
тапсырмалар
Келесі, WordWall бағдарламасы кӛмегімен кез келген
есепті меңгертуді видео-
сабақ түрінде және мультимедиялық түрде кӛрсетуге болады.
«Кӛңілді түрде ұсынылған стандартты емес тапсырмалар ақыл-ой әрекеттеріне
эмоционалды сәт әкеледі. Бірақ оларды шешу үшін үнемі үйренген ережелер мен әдістерді
қолдану қажеттілігіне байланысты олар барлық жинақталған білімді жұмылдыруды талап
етеді, шешудің түпнұсқа, стандартты емес әдістерін іздеуге дағдыланады, шешу ӛнерін
әдемі мысалдармен байытады, адам ақыл-ойдың құдіретіне таң қалады» [4].
Сурет 2. WordWall бағдарламасы кӛмегімен құрастырылған стандартты емес есептерді
шығару әдісі