Қушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы



Pdf көрінісі
бет15/54
Дата06.10.2023
өлшемі0,85 Mb.
#113267
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   54
Адамның миы
ми сауытында орналасқан. Бас миы 6 
бӛлімнен тұрады: сопақша ми, кӛпір, мишық , ортаңғы ми, 
аралық ми, екі ми сыңарлары. Балаларда 7-9 жаста 1250-
1300 г., ересек адамда-1400-150 г. Мидың толық жетілуі 17-
20 жаста байқалады. Адамның ақыл-ойы оның миының 
салмағымен тікелей байланысты емес. Дегенмен мидың 
физиологиялық қалыпты қызмет атқару қабілеті 900 г 
тӛмендегенде және 2100 грамнан асқанда бұзылады.
Сопақша ми
– жұлынның үстіңгі жағында орналасады. 
Ұзындығы 2,5-3 см, салмағы 7 г. Екі қызмет 
атқарады:рефлекторлық және ӛткізгіштік. Сопақша мида 
тыныс, қан айналу, сору, шайнау, жұтыну, жӛтел, түшкіру, 
сілекей шығару нерв орталықтары орналасқан. 


33 
Ми кӛпірі
– сопақша мидың үстінде орналасады. 
Ұзындығы 2,5 см. Қызметі сопақша ми тәрізді: 
рефлекторлық және ӛткізгіштік. 
Мишық
– сопақша мидың артқы жағында орналасқан. 3 
бӛлімнен тұрады: мишықтың құрты немесе ортаңғы бӛлімі 
және мишықтың екі жарты шарлары. 17-18 жаста 
балалардың мишығының салмағы 150 гр, оның негізгі 
қызметі – бұлшық еттердің тонусын және тепе-теңдікті 
сақтау. Қорытып айтсақ, мишық-тонустық рефлекстердің 
жоғары дәрежелі реттеушісі болып есептеледі. Бұған қоса
мишық тыныс алуды, жүректің соғуын қимылдың түріне 
байланысты лайықтап отырады. 
Ортаңғы ми
ми кӛпірінің үстінгі жағында орналасқан. 
Мұндағы сұр заттар 4 тӛбешік түрінде орналасқан. Алдыңғы 
2 тӛбешікте алғашқы кӛру орталығы, ал артқы 2 тӛбешікте 
алғашқы есту орталықтары орналасқан.Олардың қызметіне 
байланысты бағдарлау реакциялары орындалады. Сонымен 
қатар, ортаңғы мида қызыл және қара субстанцияның 
ядролары бар. Қара субстанция үйлестірілген жұтыну, 
шайнау, саусақтардың нәзік қимылын реттеуге қатысады. 
Қызыл ядрода бұлшык еттің тонустары реттеледі. 
Аралық ми
ортанғы ми мен ми сыңарларының арасында 
орналасқан. Ол 2 тӛмпешіктен және тӛмпешік асты 
аймағынан тұрады. Тӛмпешіктерді таламус, ал тӛмпешік 
асты аймағын гипоталамус деп айтады. Таламус арқылы 
мидың барлық сезгіш жолдары ӛтеді. Гипоталамус дененің 
жоғары дәрежелі вегетативтік орталығы болып саналады. 
Мұнда зат алмасуын, дененің температурасын, аштық және 
шӛл сезімдерін, барлық ішкі мүшелердің қызметін реттеу 
орталықтары бар. Аралық мидың дамуы 13-15 жаста 
аяқталады. 
Үлкен ми сыңарлары
мидың ең үлкен , ең маңызды 
бӛлімі. Адам миының барлық салмағының 80% ми 
сыңарлары алып жатыр.Онда 18 миллиард нерв жасушалары 


34 
бар. Ми сыңарлары қызметін жоғары жүйке әрекетіне 
жатқызады. Ол ӛзінен тӛмен орналасқан орталық жүйке 
жүйесінің барлық бӛлімдерінің қызметің реттеп отырады. 
Ми қыртысында белгілі бір қызмет атқаратын бӛлімдер бар: 
сезім, қозғалыс, байланыс және лимбика. 
Орталық жүйке жүйесінің жоғары бӛлімі ретінде ми 
жарты шарлары бір-бірімен байланысты екі үлкен қызмет 
атқарады: 
1. Ағзаның сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз 
етеді, яғни адамның мінез-құлқы, ойлау қабілеті, санасы, 
ақыл-ойы – бұлардың бәрі жоғары жүйке әрекеттері. 
2. Ағзаның қызметтерін бір-бірімен байланыстыру, ішкі 
мүшелердің қызметтерін қажетті жағдайға қалыптастыру, 
келтіру, үйлестіру.Бұлар тӛменгі дәрежелі жүйке әрекеттері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет