27
оң әсер теді. Қалыпты дамуға
әсер ететін қимыл-қозғалыс
мүшелерінің жасқа сай ерекшеліктерін білу, күн тәртібін
құру мен оған әсерлі ықпал етудің құралдары мен әдістерін
жасап шығаруға қажет.
Жалпақ табандылық.
Табанның кӛлденең және тік
күмбезі әр тұстан немесе толығымен тӛмен түсуі
жалпақтабандылық деп аталады. Мұндай ауытқу балалар
мен жасӛспірімдерде жиі кездеседі. Балалар жүру, жүгіру
кезінде ауырсынуды сезініп, серуен және жорық кездерінде
жылдам шаршайды.
Жалпақ табандылық кӛбінесе жүре
пайда болады, туа
пайда болатын жалпақтабандылық сирек кездеседі. Жүре
пайда болған жалпақтабандылық статикалық, жарақаттық
және
параличтік
болуы
мүмкін.
Статикалық
жалпақтабандылық
балалардың
жүктемені
буынға,
бұлшықеттерге және сүйекке дұрыс түсірмеуінен болады.
Кӛбінесе
статикалық
жалпақтабан-дылықтың
пайда
болуына рахит әсер етеді. Жарақаттық жалпақтабандылық
табанды, тобықты зақымдаудан кейін дамиды. Параличтік
жалпақтабандылық жүйке жүйесінің
ауруымен, кӛбінесе
балалық параличтің салдарынан пайда болады.
Жалпақ табандылықтың алдын-алу үшін дұрыс жүруді
тәрбиелеу керек. Жүру кезінде аяқ ұшы алға қаратылуы
керек және ауырлық ӛкшеге , бірінші және екінші
бармақтарға түсіп, ал ішкі күмбез тӛмен түспеуі керек.
Табан күмбездерін ұстап тұратын бұлшықеттерді нығайту
үшін біркелкі емес, бірақ жұмсақ жермен жалаңаяқ жүру
ұсынылады. Жүру кезінде бармақтарды уақыт ӛте қысу мен
босаңсыту пайдалы. Футбол, волейбол ойнау күмбез
бұлшықеттерін нығайтуға оң әсер етеді.
Гигиеналық
талаптарға сәйкес келетін аяқкиім киюдің маңызы ӛте зор.
Оның табанның ұзындығы мен жалпақтығына дәл келуі
керек, аяқ киімнің басы бармақтарды қыспайтындай жалпақ
28
болуы абзал. Қыз балаларға ӛкшесі биік (4-5 см) аяқкиім
киген дұрыс емес.
Күнделікті орындалатын арнайы жаттығулар және
қарапайым дене жаттығулары тірек-қимыл аппаратының
бұзылуының
алдын-алып, балалар мен жасӛспірімдердің
денсаулығын нығайтады.
Сымбат.
Адамның денесінің жүру, тұру, отыру және
жұмыс кезіндегі әдетті қалпын сымбат деп атайды. Дұрыс
сымбат омыртқаның дұрыс қалпымен, оның қалыпты табиғи
иіндерімен, иық пен жауырынның дұрыс орналасуымен,
басты тік ұстаумен сипатталады. Сымбат дұрыс болған
кезде қимыл-қозғалыс мүшелерінің жүйесі
тиімді қызмет
етуі, ішкі мүшелер мен ауырлық орталығының дұрыс
орналасуы байқалады.
Сымбаттың дұрыс болмауына әсер ететін бірқатар
себептер – дұрыс тамақтанбау, дәнекер-бұлшықеттік
аппараттың және тұтас ағзаның әлсіреуіне әкелетін түрлі
аурулар, сондай-ақ ересектердің
балаларда дұрыс сымбат
дағдысын қалыптастырмау себептері. Сымбат 6-7 жаста
қалыптасады.және 18 жаста тұрақталады. Сымбат дұрыс
қалыптасу үшін, тұлға бұлшық еттерінің маңызы зор.
Егер жалпы нығайту шараларымен қатар, түрлі дене
жаттығулары күнделікті орындалса, ал сабақ және сабақтан
тыс жұмыстар гигиеналық талаптарға орай жүргізілсе,
оқушыларда дұрыс сымбат тәрбиеленеді және бекиді.
Негізгі әдебиеттер. [3-10-11]
Қосымша әдебиеттер. [2-6-9]
Достарыңызбен бөлісу: