32
Адамның жүйке жүйесі 2 бӛлімнен тұрады: орталық
және шеткі жүйке жүйесі.
Орталық жүйке жүйесі ми мен
жұлыннан тұрады
.
Жұлын
омыртқа ӛзегінде орналасқан,
ұзындығы ересек
адамда 52 см, салмағы 37-38 г. Жұлын 10 жасқа келгенде екі
есе ұзарады, оның ӛсуі алғашқы жылы ӛте күшті, 4- 6 жасқа
келгенде жұлынның дамуы аяқталуға жақын деуге болады,
20 жаста жетілуі аяқталады. Осы мерзімде жұлын 8 есе
ұлғаяды. Жұлын жүйке жүйесінің маңызды бӛлімдерінің
бірі. Түрлі нерв әрекеттерінің бағытталуы мен реттелуі
жұлын арқылы іске асады. Себебі жұлын ӛткізгіштік қызмет
атқарады да, оның бойымен
дененің барлық жерінен миға
нерв импульстері тасылады, ал мидан бүкіл дененің еттерін
қозғайтын нерв импульстері мүшелерге барып, олардың
қызметін
реттейді.
Жұлында
адамның
қарапайым
рефлекстерінің орталықтары орналасқан (тізе рефлексі).
Адам ӛмірі үшін маңызды ішкі мүшелердің вегетативтік
рефлекстері – жүрек-қан тамырлары, ас қорыту, зәр шығару
жұлын арқылы орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: