Қушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы


Балалардың вегетативтік әрекеттерінің ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет16/54
Дата06.10.2023
өлшемі0,85 Mb.
#113267
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   54
Байланысты:
16d00f73201d940052140be0d417d975

Балалардың вегетативтік әрекеттерінің ерекшеліктері 
Ішкі мүшелердің (ӛкпе, қарын және ішек, жүрек және тамыр, 
зәр шығару және кӛбею) бірыңғай салалы бұлшықеттерін 
нервтендіретін, сол сияқты трофикалық нервтендіруді іске 
асыратын жүйке жүйесінің бӛлігін 
вегетативтік
деп атайды. 
Вегетативтік немесе автономиялық жүйке жүйесі екі 
бӛлімнен тұрады: 
симпатикалық
және 
парасимпатикалық 
Симпатикалық бӛлім
орталықтардан (жұлынның кеуде 
және бел бӛлімдеріндегі бүйір мүйіздерінің сұр заты) және шеткі 
түзінділерден – он және сол шектелу сабақтары мен нервтер 
тұтасуларынан тұрады. Симпатикалық бӛлімнің нервтері 
трофикалық қызметті қамтамасыз етеді, яғни онымен ӛтетін 
импульстер ішкі мүшелердегі жүрек бұлшықеті мен қаңқа 
бұлшықетіндегі заттар алмасуына әсер етеді. 
Парасимпатикалық бӛлім
орталықтарды (ортаңғы және 
сопақша мидың әрі жұлынның сегізкӛз сегменттеріндегі сұр 
заттың жасушаларын), преганглионарлық және постган-
глионарлық талшықтарды, терминальдық түйіндерді, сонымен 
бірге интрамуральды бӛлікті – ас қорыту куысынын сақиналы 
бұлшықет қабырғаларындағы иервтерді қамтиды. Бұл бӛлімнің ең 
қуатты нерві – кезеген нерв. Оның талшықтары кӛздің, сілекей 
бездерінің, мойынның, кеуденің (жүрек, ӛкпе) және іш қуысы 


35 
(ішек, ас қорыту жолының бездері) мүшелерінің бірыңғай салалы 
бұлшықеттерін нервтендіреді. 
Сонымен, ішкі мүшелерде екі вегетативті нервтендіру – сим-
патикалық және парасимпатикалық нервтендірулер болады. Әр 
бӛлімнің импульстері қарама-қарсы әсер етеді. Мысалы, сим-
патикалық нервтендірудің әсерімен кӛздің қарашығы үлкейеді, ал 
парасимпатикалықтан 
кішірейеді. 
Симпатикалық 
жүйенің 
импульстері жүрек қызметін қоздырады, ал парасимпатикалық 
тежейді. Импульстердің мұндай қарама-қарсылығы ағзадағы 
мүшелер мен олардың жүйелерінің жұмысының нақтылығын 
қамтамасыз етеді, сыртқы жағдайға бейімделушілікті жақсартады. 
Бастауыш сынып оқушылары мен жасӛспірімдерде симпати-
калық және парасимпатикалық ықпалдардың кейбір сәйкессіздігі 
байқалады, сірә олардағы қызметті жетілмеген ми қыртысының 
жеткіліксіз үйлестіру қызметінен деп түсіндіруге болады. Осыған 
байланысты ересектерге қарағанда, тӛменгі мектеп жасындағы 
оқушылар мен жасӛспірімдердің вегетативті рефлекстерінің 
тұрақтылығы аз болады.
Негізгі әдебиеттер. [1-11] 
Қосымша әдебиеттер. [2-4-8] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет