Қушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы


Жеті жастан 18 жасқа дейінгі ЖЖЖ



Pdf көрінісі
бет19/54
Дата06.10.2023
өлшемі0,85 Mb.
#113267
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   54
Байланысты:
16d00f73201d940052140be0d417d975

Жеті жастан 18 жасқа дейінгі ЖЖЖ
. Тӛменгі мектеп 
жасы (7 – 12 жас) – Жоғары жүйке жүйесі салыстырмалы 
түрде «бірқалыпты» деңгейде даму кезеңі. Тежелу мен қозу 
үдерістерінің 
күші, 
олардың 
қозғалмалылығы 
мен 
байсалдылығы және сабақтас индукция, сондай-ақ ішкі 
тежелу күшінің тӛмендеуі баланы жан-жақты оқыту-үйрету 
мүмкіндіктін қамтамасыз етеді. Алайда, тек жазу мен 
оқудан кейін ғана, сӛз баланың санасына әсер етеді. 
Мектептегі үдерістерге бейімделуге байланысты, 1-сыныпта 
ЖЖЖ-ның аздап нашарлауы байқалады. 
Оқытушылар үшін жасӛспірімдік кезеңнің (11-12 жастан 
15-17 жасқа дейінгі аралық) маңызы ӛте зор. Бұл кезде нерв 
үдерістерінің байсалдылығы бұзылып, нерв үдерістерінің 
ӛсуі тежеледі, шартты тітіркендіргіштердің бӛлшектелуі, 
жіктелуі біршама нашарлайды. Ми қыртысының қызметі 
нашарлап, сонымен қатар екінші белгі жүйесінің қызметі 
тӛмендейді. Барлық қызметтік ӛзгерістер психикалық 
тұрақсыздыққа әкеліп, жасӛспі-рімдердің ашуланшақтығы 
пайда болады. 
Жоғары мектептік жас (15-18) ағзаның барлық морфо-
функциялық жетілуінің аяқталуымен сәйкес келеді. 
Психикалық қызметтер мен екінші белгі жүйелерінің 
қызметтерін реттейтін мидың қыртыстық үдерісінің рӛлі 
артады. Нерв үдерістерінің барлық қасиеттері ересек 
адамның деңгейіне жетеді. 


39 
Психологиялық және физиологиялық қызметтердің 
жас ерекшеліктері 
Оның сыртқы ортамен байланысқа түсуі және танымдық 
іс-әрекеттерді қалыптастырудағы маңызы зор. 
Түйсік
– 
келіп 
түскен 
ақпаратты 
талдау 
мен 
жинақтауды 
қарастыратын күрделі үдеріс.
Түйсік жүйесінің қалыптасуындағы алға біршама сапалы 
қозғалу 5 жастан кейін байқалады. 5-6 жасқа қарай 
бұрыннан таныс емес, күрделі заттарды ажырату, оларды 
жақсы үлгімен салыстыру үдерістері әлдеқайда жақсарады. 
Мектеп жасында ӛзіндік, еркін шығармашылық түйсік 
қалыптасады және ол ӛзгерістер 10-11 жаста анық 
байқалады. Түйсіну жүйесінің ақырғы, шешуші кезеңінің 
дамуы сыртқы әсерлерге ретімен жауап қайтару үшін тиімді 
жағдайды қамтамасыз етеді. 
Назар
тәрбие мен үйрету үдерісінің тиімділігін 
қамтамасыз ететін маңызды психикалық-физиологиялық 
қызметтердің бірі болып табылады. Назар – күрделі жүйелік 
акті. Ол үдеріске мидың түрлі құрылымдары қатысады. 6-7 
жаста 
ырықты 
назардың 
қалыптасуындағы 
сӛйлеу 
нұсқаулығының рӛлі біршама артады. Сонымен қатар, бұл 
жаста эмоциялық фактордың маңызы ӛте зор. Назардың 
сапалы алға жылжуы 9-10 жаста байқалады. Жасӛспірімдік 
кезеңнің басында (12-13 жас) назар нашарлайды, ал соңына 
қарай ересектермен бірдей болады. 
Ес.
Келіп түскен ақпаратты жинақтау, сақтау және 
ӛндіру нерв жүйесінің маңызды қасиеттерінің бірі болып 
табылады. 
Шартты 
рефлекстер 
жүйесінің 
қоздыру 
салдарларын сақтаумен негізделетін ес дамудың ерте 
кезеңдерінде дамиды. Тӛменгі мектеп жасында естің кӛлемі 
анық ұлғаяды, ал есте сақтап қалу тӛмендейді, сосын 
жасӛспірімдік кезеңде қайтадан ұлғаяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет