Устойчивое развитие: язык, межкультурная коммуникация



Pdf көрінісі
бет222/238
Дата15.11.2022
өлшемі5,1 Mb.
#50154
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   238
Көшбасшы сөзінің қазақ тілінің әмбебап сөздігінде келесі мағыналары тіркелген: 
«Қоғамдық ұйымның жеке ықпалы; әлеуметтік процестерде және жағдайларда, ұжымдағы, 
топтағы, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеуде маңызды қызмет атқаратын кез келген 


әлеуметтік топтың беделді мүшесі; сол қауымдастықтың мүдделерін қанағаттандыруға 
бағытталған ортақ іс-әрекетті ықпалдастыру мақсатында әрекет жасауға қабілетті тұлға. 
Көшбасшы – ол жеке қасиеттері, қабілеттері сол қоғамның қажетіне жарайтын, соның 
арқасында қызметі пайдаға асатын жеке тұлға (шеберкәсіп иесі, талантты зерттеуші және 
т.с.с.) (Саяси сөздік). 
Көшбасшыға тән белгілер нақтылы топтағы адамдар мүдделерін қанағаттандыратын 
ондағы айқын бағыттың барынан білінеді: танымалдық, адамдарға ұнай білу қабілеті; күшті 
ерік, өзіне жауапкершілікті жүктей білу, өткір ой мен сыршыл сезім иесі; 
ұйымдастырушылық дарыны, шешендік өнері; «атына затының» сай болуы (Саяси сөздік). 
Қазақстанда роман жанрының дамуына көшбасшы болды (М. Дулатов, Шығармалары). Бұл 
жұмысқа Қазақстанның барлық азаматтары, көрнекті тұлғалар, қоғамдық пікірдің 
көшбасшылары, ел дегдарларының өкілдері тартылуға тиіс деп білетін, мұның өзі оған 
барынша ашық әрі бұқаралық сипат берер еді («Егемен Қазақстан»)» [2]. 
Берілген жарнама мәтінінде көшбасшы сөзі метафоралы қолданыста. Ол жеке тұлғаға 
(субъектіге) тән көшбасшылық қасиеттерді «МиГ» компаниясына телиді.
Талданылып отырған даулы жарнама мәтінінде де көшбасшы сөзінің осы негізгі 
мағынасы сақаталып, «МиГ» ақша айырбастау компаниясының образын жасау үшін 
қолданылған.
Сөйтіп, бұл даулы мәтіннің мағыналық мәнісі тұтынушылар санасында «МиГ» 
компаниясының Алматыдағы валюта айырбастау желелері арасында беделді; қызметі, 
қабілеті жағынан басқа валюта айырбастау желілеріне үлгі, валюта айырбастау саласындағы 
ортақ іс-әрекетке ықпалдастығы зор; басқаларына тірек (басқалары оған арқа сүйейтін); 
адамдар мүдделерін қанағаттандыратын аса танымал т.с.с. валюта айырбастау жүйесі 
ретіндегі образын тудыруға бағытталған.
Ал «Ең жақсы бағамдар «МиГ» ақша айырбастау жүйесінен» және «МиГ» компаниясы 
Алматыдағы валюта айырбастау бойынша көшбасшы» сөйлемдерінде басқа айырбастау 
пунктерінің құқығына нұқсан келтіретін мәліметтер қамтыла ма? сұрағы сот-лингвистикалық 
сараптама пәні аясында қарастырылатын кейбір ұғымдардың, нақты айтқанда, термин 
ретіндегі тұжырым ұғымының дефинициясына сәйкес зерттеледі.
Зерттеуге ұсынылып отырған «Ең жақсы бағамдар «МиГ» ақша айырбастау жүйесінен» 
деген жарнама мәтіні тұжырым формасында берілген. Тұжырым бұл – өз мазмұнында пән 
(нәрсе, құбылыс) және онымен байланысты хабардың ақиқаттығы тұжырымдалатын (оған 
сендіретін) сөйленіс. Немесе басқаша айтқанда, сөйлеуші / жазушы тарапынан берілгенде 
мазмұны шындыққа сәйкес келетін сөйленіс. Тұжырым ойдың формасы ретінде өз 
мазмұнының шындыққа сәйкестігі жағынан тексеріле алады. Тұжырымды білдірудің 
синтаксистік формасы негізінен хабарлы, сондай-ақ хабарлы-лепті сөйлемдер болып 
табылады [3, 96].
Талданылып отырған жарнама мәтініндегі көпшілікке жеткізілуі тиісті негізгі хабар - 
«Ең жақсы бағамдар», ал ойдың пәні – «МиГ» ақша айырбастау жүйесі». Осы сөйленістегі 
басқа сөздермен логика-семантикалық жағынан байланыса отырып, «ең жақсы бағамдар» 
тіркесі төмендегі мағыналық мәндерді білдіреді: «МиГ» ақша айырбастау желілерінде ақша 
айырбастауда ең жақсы бағам (бұдан жақсы бағам жоқ: басқа ақша айырбастау жүйелеріне 
қарағанда валютаны сатып алу бағамы – жоғары және басқа ақша айырбастау жүйелеріне 
қарағанда валютаны сату бағамы - төмен), яғни басқа ақша айырбастау желілеріндегі ақша 
бағамы бұдан жақсы емес. Бұл – шындыққа сәйкестігі тексеріле алатын мәліметтер. «Егер 
көрсетілген мәліметтердің шындыққа сәйкестігі анықталмаса, онда аталған даулы жарнама 
мәтіні тұтынушылардың санасына «өзіне тиімді бағытта ықпал ету мақсатында шындық 
шарты бұрмаланған тілдік манипуляция» бола отырып, басқа айырбастау пунктерінің 
құқығына нұқсан келтіретін мәліметтер ретінде қарастырыла алады [4, 192]. 
Келесі - «МиГ» компаниясы Алматыдағы валюта айырбастау бойынша көшбасшы» 
даулы жарнама сөйленісі де тұжырым формасында берілген. Мәтіндегі субъект-предикаттық 
топ: «МиГ» компаниясы (субъект) - көшбасшы (предикат). Мұндағы предикат – 


«көшбасшы» сөзі жоғарыда көрсетілгендей, метафоралы қолданыста өзіндік қызмет атқарып 
тұр. Көшбасшы сөзінің аталмыш жарнама мәтініндегі қызметін анықтауда мына анықтама 
аса маңызды: «Анықталған метафоралық модельді қолдана отырып, сөйлеуші өзіне тиімді 
әлем бейнесін тыңдаушының санасында қалыптастыру мүмкіндігіне ие» [5, 307].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   238




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет