Устойчивое развитие: язык, межкультурная коммуникация



Pdf көрінісі
бет43/238
Дата15.11.2022
өлшемі5,1 Mb.
#50154
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   238
Әбілдаева Д. (Қазақстан) 
Ғылыми жетекші: Бектемірова С.Б. (Қазақстан) 
 
ШЕТ ТІЛДЕРІН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ЛИНГВОЕЛТАНУ БАҒЫТЫНЫҢ 
МАҢЫЗЫ 
 
Түйіндеме: Мақалада шет тілдерің үйрену кезіңде лингвоелтанудың маңызы мен рөліне шолу 
жасалынады. Тіл үйрену барысында лингвистикалық бағыттан бөлек, аймақтану, саясаттану, тарих 
сынды ғылымдардың ерекшеліктері көрсетіледі. Лингвоелтану арқылы үйренушінің қызығушылығын 
жоғалтпай, біліктілігін дамытуға арналған ұсыныстар мен кеңестер қолданылады. Өзге елдің дәстүрі 
мен мәдениеті қарым-қатынас құру барысында алатын орның анықталады.
Кілт сөздер: лингвоелтану, аймақтану, тарих, мәдениет, дін, салт-дәстүр, тұрмыс-тіршілік. 
 
Резюме: В статье рассматривается значение и роль лингвострановедение в изучении 
иностранных языков. В процессе изучения языка, помимо лингвистического направления, 
отражаются особенности таких наук, как география, политология, история. Рекомендации и 
подсказки используются для развития навыков учащегося без потери интереса к предмету. В статье 
определена роль традиций и культуры другой страны в процессе общения. 
Ключевые слова: лингвострановидение, традиция, история, культура, религия, обычай. 
Summary: The article illustrates the importance and role of linguistic and regional studies in the study 
of foreign languages. In the process of learning a language, in addition to the linguistic direction, the features 
of such sciences as geography, political science, history are reflected. Guidance and hints are used to develop 
the student's skills without losing interest in the subject. Also, the role of traditions and culture of another 
country in the process of communication has been determined. 
Key words: linguistic and regional study, tradition, history, religion, culture and value. 


Қазақстан Республикасында 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүретін 
болғандықтан, елде шет тілдерің үйренуге деген сұраныс өте жоғары. Елде 3 тілді саясат 
қалыптасқандықтан, ағылшын тілін үйрену мен үйрету танымалдылыққа ие. Көп тіл біліп, 
біліктілігін артырған адам, қоғамдағы рөлі мен мағызы артады. Бірақ, өзге тілді үйрену оңай 
іс емес, үлкен ізденісті, төзімділік пен қажырлықты талап етеді. Себебі, тілді үрену бір бөлек, 
оны дұрыс бағыт-бағдарда қолданып және түсіну тағы бір бөлек іс. 
Оны жетік меңгеріп, еркін қолдану үшін грамматикалық ережелерді жаттау жеткіліксіз 
екендігі баршамызға аян. Тіл – ұлттың тыныс – тіршілігі, халықтың әл-ауқаты, саясаты, 
тарихы байып, кеңейген сайын тілде бірге дамып, өсіп отырады. 
Лингвоелтану – лингвистикалық білімде алатын орны өзекті бағыт болып есептелінеді. 
Лингвоелтану – лингвистикалық білім мен бірге, аймақтану, тарих, мәдениет, т.б. 
элементтерді құрайды. Шет тілдерің үйрену барысында бұл бағытты қолданған кезде, 
үйренуші тек тілдің құрылымынмен шектеліп қалмай, сол елдің мәдениетіне, дініне, 
халқының өмір сүру салтына қатысты біліктілікті бойына жинай алады. Қазіргі таңда, шет 
тілін үйретуде лингвоелтану пәні қатар жүреді. Бұл пәннің арқасында үйренушінің шет елдің 
дәстүрі мен салтына, экономикасы мен саясатына деген өзіңдік көзқарас пайда болып, тілді 
үйренуге деген қызығушылығы арта түседі. 
Лингвоелтану бағытының негізгі мақсаты ретінде : оқушыларға өзге елдің мәдениеті 
жайлы білім қалыптастыру, шет тілінде қиындықсыз әңгіме-дүкен құрып, кез-келген мәтін 
мен сөздің түпкі мағынасын түсінуге және оларды дұрыс қолдануға үйрету болып табылады. 
Одан бөлек, сол елдің ұлттық ерекшеліктеріне үйрету кіреді: 
- діні (қоғамдағы адамдардың тылсым құдіретке сеніп, сол бойынша амал-әрекетін 
жасауға арналған сана, күш болып табылады ); 
- мәдениеті (қоғамның қозғаушы күші, адамның өмірге деген көз-қарасы мен 
құндылық жүйесі, қоршаған ортамен байланысы, қарым-қатынасы); 
- салт-дәстүріне (сол елдің ғасырлар бойы өмір сүру тіршілігінен жиналған ғұрып 
қағида, мінез-құлықтың үлгісі). 
Лингвоелтану бағыты шетел тілін ойдағыдай игеруге ықпал етеді және мәдени білімнің 
негізін ұсыну, толыққанды мәдениетаралық қарым-қатынас жасауға және сонымен қатар 
шетел тіліндегі мәтіндерді ғылыми тұрғыдан және көркем әдебиетті адекватты түсінуге 
ықпал жасайды.
Тілдің өзгеріске ұшырауы немесе дамуы – елдің саясаты мен экономикасына, 
тарихына, географиялық жағдайына тығыз байланысты. Шетел тілін оқып-үйрену кезінде 
студенттер тек лексикамен, грамматикамен, синтаксиспен және стильмен танысқан қана 
қоймай, сол елді айқындайтын ұлттық ерекшеліктерімен қол жетімді болатын шетелдік 
мәдени фактілермен айналысуы керек. Сонымен, лингвоелтану шетел тілін оқыту процесінің 
негізгі міндеттерін шешеді және жоғары оқу орындарының студенттерінің арасында 
коммуникативті құзыреттілікті қалыптастырады. 
Менің зерттеу жұмысыда шет тілін оқыту мәні ретінде Е.И.Пассовтың тіл мен мәдениет 
байланысы жайлы айтқан тұжырымдамасын ұстанамын: ‹‹Шетел тілінің мәдениеті дегеніміз 
– біліи алушының шет тілдік білім алу барысында коммуникативті танымдық (мәдени), 
дамытушылық (психологиялық), тәрбиелік (педагогикалық), және жалпы адамзаттың 
біліктілік (әлеуметтік) аспектілері ››[1]. 
Лингвоелтанудың америкалық нұсқасын – америкалық мәдени сауаттылық 
тұжырымдамасының негізін салушы - Э.Д.Херш ұсынған. Оның тұжырымдамасының негізгі 
бағыты ‹‹мәдени сауаттылық›› пен жалпы ұлттық мәдени білім беру жүйесіндегі мәселелерге 
бағытталған. Яғни, бұл жерде біз, студенттің тіл мен бірге мәдениетті меңгеруді айтып 
отырмыз. Оның зерттеулері бойынша 1980 жылдары американдық мектеп оқушыларының 
мәдени сауаттылығы төмен деңгейде болған. Осы оқылықтың орнын толтыру үшін ол ‹‹The 
Dictionary of Cultural Literacy: What every American Needs To Know – Boston, 1988›› атты 
еңбегін жарыққа шығарған[2]. Сауаттылық дегеніміз – бұл тек оқып, жазу қабілетін меңгеру 


емес, сонымен қатар, ұлттың мәдениеті мен дәстүрінен, ұлттық белгілерді бағалай білу. Осы 
‹‹мәдени сауаттылық›› тұжырымдамасынан кейін, В.Г.Костомаров білім мен мәдени 
сауаттылық мәселелерін лингвоелтану нұсқасы ретінде қарастырды. 
Кейбір әдіскерлердің айтуынша, лингвоелтану аспектің сабақта қолдану тіл 
үйренушілерге тиімді болып тұр. Лингвоелтаным арқылы оқушының танымдылық 
белсенділігін арттырып, қарым-қатынасты дұрыс құруға үйретуге көмектесіп, үйреніп 
жатқан шетел елінің мәдениетіне деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, 
оқытушының білім стандарты бойынша алға қойған мақсаттарына уақытынан бұрын жетуге 
және нәтиженің оң болуына ықпал етеді. Осы орайда, Лингвоелтану пәні көптеген елдерде 
қолданылатын айта кеткен дұрыс. Сондықтан да әр жаңа елдің тілін үйренгенде, біз бірінші 
сол елдің ұлттық ерекшеліктері мен мәдениетіне жүгінеміз. Мысалға алатын болсақ, 
Америка Құрама Штаты - language and area, Германияны - kulturkunde (мәдениеттану), Ұлы 
Британияны - linguocultural studies (лингвомәдениеттану зерттеулері) деп аталынады [3, 
232б]. 
Шет тілін оқытуда мұғалім лексикаға аса маңызды көңіл бөлуі керек, атап айтқанда, 
эквивалентсіз бен фонға назар аударғаны жөн. Сөздік қорды дамыту барысында, ұлттық – 
мәдени компонентке толы құралдарды қолданған дұрыс. Мысалға, үйренуші оқып жүрген 
шет елдің шынайы мәдениетіне, дәстүріне, жақын болу үшін, көркем әдебиеттерді қолданған 
дұрыс. Сөздік қордан бөлек, зерттеушілер лингвоелтанымның құрылымы мен оған 
қойылатын талаптарға қатаң көңіл бөлу керектігін айтады. Практикалық тәжірибиеде осы 
таңдалған құралға байланысты түпкілікті нәтиже шығатын болады. Е.М.Веращагин мен 
В.Г.Костомаровтың тұжырымдауынша, лингвоелтану құралын таңдау кезіңде, бастапқы 
қадиға ретінде ‹‹қазіргі күнгі ағылшын шындығы және оның өзіндік типтік көрінісі›› болып 
табылады. Өзге ғалымдар болса, атап айтқанда Р.К.Миньяр-Белоручева және 
О.Г.Обеременко, ұлттық өңін және өзіндік қалпы жоқ, сондай-ақ шет тілінен ана тілге 
аударғанда өзгерістерге ұшыраған лексикалық бірліктерді лингвоелтанымдық құрал деп 
қарастыруға қарсы болған [4, 22 б]. Бұл тұжырымдамаға мысал ретінде вербалсыз қарым-
қатынас түріне жататын – мимика мен қимыл – әрекеттер жатады. Бұдан бөлек, зерттеушілер 
коннотативті лексиканың бәрі лингвоелтанымға арналған құралдарға жатпайтынын айтады. 
Себеп біреу ғана, оларға ұлттық мағынаны сілтеу барысында семантикалық мағыналар 
жетіспеуі мүмкін. Лингвоелтаным құралы ретінде таңдалған материал ең алдымен шет елдің 
айнасы әрі халқының ұлттық тілінің көрінісі болуы қажет. Материалдар ауыз екі сөйлеу 
мәнері ретінде немесе нақты жағдайларда жасалған лексикалық бірліктермен қоса қарым-
қатынас жағдайына сәкес шынайы құрал болуы керек. 
Еліміздің білім жүйесі дамыған сайын, көптеген шетел тілдерін оқытушылар, оқытудың 
көптеген жаңа технологияларын меңгеруге және қолдануда. Үйренушінің қарым-қатынас 
құзіреттілігін дамытудан бөлек, оқып жүрген елге және сол елдің дініне деген көзқарасын 
дамыту үшін білім беру кезіңдегі процесті қызықты әрі жаңа ақпараттарға толы болғаны 
жөн. Шет елдің тарихы мен мәдениеті жайлы қосымша материалдарды сабақ барысында 
қосу, үйренушіде өзіндік қызығушылыққа алып келеді. Одан бөлек, осы қосымша құралдар, 
шет тілін үйренушінің психологиялық жағдайын да жақсартады. Бір сөзбен айтқанда, 
үйренуші болашақта өзі үйреніп қалған тұрмыстық жағдайдан шығып, үйренген шетел 
тілінің еліне барғанда ‹‹мәдени шокқа›› түсуден сақтайды.
Бүгінгі таңда лингвоелтану жайлы ақпаратты ұсыну екі түрлі әдіс арқылы жүзеге 
асады: 
1. Тақырыптық әдіс. Мұнда, ел туралы ақпараттар жүйеленіп, тақырыптарға бөлініп 
оқушыларға ұсынылады. 
2. Филологиялық 
әдіс. Бұл әдіс тілдің құрылымына тікелей байланысты. 
Лингвоелтанымдық ақпараттар – лексикалық бірліктер, сөз тіркестері, сөйлем мен мәтін 
ретінде шет тілдік құрылымы болып табылады. Филологиялық әдіс шет тілінің белгілі бір 
бірліктерінен тұрғандықтан, тек сол тілдің оқыту процесінде жүзеге асады. 


Практикалық тәжірибие жүргізу кезіңде қолданылатын материал лингвоелтанымдылық 
элементтермен қоса, сабақта жақсы жетістікке жету үшін өзекті ақпараттар мен жаңалаққа 
бай және шет тілін үйренушінің деңгейі мен қызығушылығын ескеру қажет. Үйренушіні тек 
елдің географиялық жағдайымен ғана таныстырмай, сол елдің көрнекті орындарымен, салт-
дәстүрімен, мәдениетімен, діни көзқарасымен және де сол елдің экономикалық жағдайдағы 
халықаралық жетістіктерімен, халықтың әл-ауқатымен, үйреніп жүрген шет тілінің әлемдегі 
орнымен таныстыру керек. Практикалық сабақтарда ақпараттарды әңгімелеу әдісін 
(storytelling method) қолдану арқылы ұсынса болады. Себебі, қазіргі шетел тілін үйренушілер 
арасында (әсіресе, жасөспірімдер) осы әдіспен оқығанды ұнатады. Одан бөлек, рөлдік 
ойындар қолданса болады. Мысалы, ‹‹Үйреніп жүрген шетел тілдің еліне саяхат›› 
тақырыбына ұқсас ойындар алса болады. Осы ойын арқылы үйренуші сол елдің тұрмыс-
қағидаларымен тез танысып, есте сақтайды. Тағы да, үйренушілерге мақал-мәтелдер, 
тұрақты өрнекті мағынасы бар сөздер мен атау сөздердің лингвоелтанымдық бағытта 
семантикалық мағынасын табуға арлаған тапсырмалар орныдау ұнайды.
Шет тілінің лексикасын үйрету барысында интенсивті әдісті де қолдана білу қажет. Бұл 
әдісте басты құндылық ретінде біртұтас сюжеттік мәтінді, жеке және топтық жұмыс ретінде 
фабулалық мәтіндерді қолдану болып табылады. Егер үйренуші шетел тілі ретінде ағылшын 
тілін таңдаса, лингвоелтанудың лексикалық аспектісі ретінде Ұлыбританияның білім 
алушыларарының қарым-қатынастық типтері үшін жеке немесе дифференциалды 
бағдарламалар қолдану тиіс. Шет тілін үйрету барысында көптеген әдістер мен 
технологияларды (жеке, топтық, жұптық) қолдану білім беру сапасын арттыруға көмектеседі. 
Сонымен қатар, үйренушінің жеке қасиеттеріне де мән берген дұрыс. Лексикалық аспекттер 
үйренушінің деңгейінен бөлек, жасына да сай болу керек. Лексикалық бірліктер формада да, 
мазмұнда да қол жетімді болуы керек. Сонымен қатар, оқушыға сабақта күтілетін 
нәтижелерге қол жеткізуге кепілдік берілуі керек.
Қазіргі таңда, жақандану процесі жылдам жүріп жатқандықтан, жаңа технологияларды 
сабақты қызықты өту үшін қолдансақ, бұлда бір өзіндік өң береді. Мысалы, Ұлыбритания 
елінің саяси жағдайы немесе тарихы жайлы видеожазбалар, Лондон немесе Бристоль сияқты 
ірі қалалары жайлы презентация мен слайд-шоу жасасақ болады. Одан бөлек, тыңдалым 
қабілетін дамыту барысында күнделікті жаңалықтарға арналған қосымшаларды (BBC 
Learning English, BBC Radio, CNN Breaking News) қолдана аламыз. Және оқылым қабілетін 
жақсарту үшін сабақ кезіңде, елдің саясаты жайлы ақпарат беретін мәтінді қолдансақ 
болады. Мысалы, ‹‹United Kingdom: Political system›› тақырыбында мәтін беріп, үйренуші 
тақырыпты толықтай қабылдауы үшін, мәтінге байланысты сұрақтар қойып, тапсырмалар 
орындатуға болады.
Мәтін: The United Kingdom of Great Britain and Northern Ireland is constitutional 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   238




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет