44
Педагогикалық әрекеттің шыңына апаратын келесі баспалдақ –
кәсібилік. Қоғамның жаңаруы мен қарыштап
дамуы оның азаматтарының барлық саладағы кәсібилігіне байланысты. Осы мәселені терең
зерттеген
А.Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің мына төмендегідей
психологиялық критерийлерін
анықтаған:
1.
Объективті критерийлер: мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес, әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі
қандай екендігі. Жоғары еңбек көрсеткіші, әр түрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктері, т.б.
жататындығын атап өтеді.
2.
Субъективті критерийлер: адамның мамандығы қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен
қызығуларына сәйкес. Мұғалім еңбегіндегі субъективті критерийлерге, сондай-ақ, кәсіби-педагогикалық
бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын, оның құндылығын түсіну, маман иесі ретінде өзіне позитивті көзқарастың
болуын жатқызады.
3.
Нәтижелі критерийлер: мұғалім өз ісінде қоғам талап етіп оытрған нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма деген
мәселе. Бұған қатысты қазіргі уақытта әр түрлі түсінік бар екені белгілі. Біреулер нәтиже ретінде оқушылардың
білімдерінің стандартқа сай болуын алса, енді біреулері олардың қарым-қабілетін дамытуды алады, ал кейбіреулері
оқушылардың өмірге дайындығын басты назарда ұстайды.
4.
Шығармашылық критерийлеріне: мұғалімнің өз кәсібінің шекарасынан шыға алу, сол арқылы өз тәжірибесін,
еңбегін өзгерте алуы жатқызылады. Шындығында да шығармашыл мұғалім үшін біреудің тәжірибесін
қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алудың шығармашылық
бағыттылықтың болуының мәні зор. Тек сонда ғана ол өз оқушыларының дамуына қол жеткізіп, өзінің кәсіп иесі
ретіндегі ішкі сұраныстарына жауап бере алады.
Болашақ мамандардың кәсіби құзырлылығын қалыптастыру мәселесінің теориялық негізін айқындау
“компетенция”, “компетенттілік” ұғымдарының бірлігі мен ерекшеліктерін қарастырумен тығыз байланысты.
Ғылыми әдебиеттерд бұл ұғымдарға әр түрлі бағытта анықтамалар берілген. “Компетенция” ұғымы латын
сөзінен шыққан, ол адамның мәселелерге жақсы хабардарлығын, танымдар мен тәжірибелерді меңгеру аумағын
білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: