«uzdik ustaz» Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал «uzdik ustaz»


І жүргізуші: Азмахын Іңкәрдың орындауында «Ұстазым» әнін қабыл алыныздар



Pdf көрінісі
бет39/39
Дата13.04.2023
өлшемі1,46 Mb.
#82159
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
Мустафаева Г-1.

І жүргізуші: Азмахын Іңкәрдың орындауында «Ұстазым» әнін қабыл алыныздар 
 
ІІ- жүргізуші: 
Қане бері қарайық, 
Зейін қойып тыңдайық 
Әріптермен танысу 
Тақпақтардан бастайық. 
І-жүргізуші: 
Енді ортаға әріптерді шақырайық. 
«ОТАН» «ӘЛІППЕ» сөздері шығатындай 
( О,Т,А,Н,Ә,Л,І,П,П,Е) әріптер таққан оқушылар шығып тақпақ оқиды. 
Алфавиттің 
А тұрады басында, 
А деген ол – 
Аналар ғой, ардақты, 
Біздің елде 
Үшеуі де кәделі… 
Әрқашанда 
Ә тұрады қасында, 
Ә деген ол – 
Әкелер ғой, салмақты. 
Біздің елде 
Үшеуі де кәделі… 
Байқадың ба? 
Б тұрады үшінші, 
Ал осының сыры неде? 
Түсінші: 
Б деген ол – 
Балалар ғой әдемі, 
Біздің елде 
Үшеуі де кәделі… 
ӘЛІППЕ 


59 
15-оқушы: ЖАСМИН 
Ә дегенім әжең 
Әлдилеген анаң 
Әлпештеген әкең 
Әспеттей біл, балам! 
 16-оқушы:ДАРЫН 
Л дегенім лағым, 
Кезіп ауыл маңын 
Маңыраған кезде 
Бір тыңбайды жағың! 
17-оқушы: АЙЗЕРЕ 
І дегенім інім 
Бауырым ғой, күнім 
Қызықтаймыз оның
Балдай тәтті тілін 
 
18-оқушы: АЛУА 
П-дегенім пілім 
Көрсеңдер де тілін 
Қане, көрген кім бар, 
Таудай пілдің тілін! 
19-оқушы: МӘДИ 
 
Пайдалы деп пияз жеп 
Парлады жас көзімнен 
«Піссінші» біраз деп 
Пысылдадым төзіммен 
20-оқушы:АЙЫМ 
Е дегенім есеп 
Есеп қиын десек 
Неше болар екен 
Екі ешкі мен есек 
 
ОТАН 
11-оқушы: МАРҒҰЛАН 
Оспан да өлең жаттады, 
Олжас та өлең жаттады. 
Мына менен басталған 
Екеуінің аттары. 
12-оқушы: ІҢКӘР 
Торғай, торғай, торғайсың 
Таяу келіп қонғайсың. 
Жем шашайын тойып ал, 
Сонда аязға тонбайсың. 
13-оқушы: МИРАС 
Астана- Астанам, 


60 
Астана-бас қалам. 
Ардақтап атыңды, 
Аузымнан тастаман. 
 
14-оқушы : ЖАНАРУ 
Ас біткеннің атасы 
Қасиетті «нан» осы. 
Қайсы әріптен басталып 
Аяқталғанын қарашы. 
ІІ- жүргізуші: 
Иә, бүгін біздің қуанышымызда да шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш сауатымызды ашқан «Әліппені» 
бітірдік.
Әліппе:- Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен 
танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық. 
Ана тілі: 
-Сәлеметсіңдер ме, балалар? 
Туған елдің тілімін, 
Ақылымен танылам. 
Түсіндірер бәріне 
Ана тілі мен болам. 
Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін. 
Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар! 
«5» болсын алар бағамыз, 
Біліммен бақыт табамыз, 
Өнер-білім көп тоқып, 
Өсе берсін санамыз!
Рахмет саған «Әліппе».(хормен) 
Ән: хор. «Рахмет саған әліппе» 
 
Хормен: Қош бол, құтты Әліппе! 
Мұғалім: 
Әліппемен қош айтысып қаламыз, 
Енді қолға ана тілін аламыз. 
І жүргізуші: 
Олай болса , ана тілінің құрметіне Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала» атты қойлымын 
сахналайық! 
Нұрасыл: Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі 
тағасын көріп, баласына айтты: 
Марғұлан:— Анау тағаны, балам, ала жүр 
Ерали: Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, 
Нұрасыл: Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. 
Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны 
соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға 
бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені өзі жеп келе жатты.Біраз жер өткен соң, әкесінің 
қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала жерге түскен шиені жалма-жан жерден 
алып, аузына салды. Тағыда бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие түседі. Сонымен әр жерде 


61 
бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап 
тұрып айтты: 
Марғұлан: Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді 
сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай 
есінде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең — 
көптен де құр боласың! 
І жүргізуші: 
Автор-Абзалұлы Нұрасыл 
Әкенің рөлінде- Нұрмұханбет Марғұлан 
Баланың рөлінде- Ельдеев Ерали 
Ұстаның рөлінде – Қалибек Қуаныш 
Саудагердің рөлінде- Жанатұлы Бағдат 
І жүргізуші: 
Аққудай өрнек салған көл бетіне, 
Биші қыз, билеп кеттің тербетіле. 
Бұралып тал шыбықтай тұла бойың, 
Шаттық пен күлкі үйрілді келбетіңе-дей келе қыздардың биін қабыл алыныздар! 
І жүргізуші: 
Бойындағы бар талап 
Сенген асқақ әніне, 
Үлкен үміт арқалап, 
Келеді әнші Әлиде –дей келе Қазбек Алидің орындауында «Оқуда озат боламын» атты әнін 
қабыл алыңызлар! 
Хор: Тәуелсіз елдің ұланы 
Мұғалім: 
Құрметті ата-аналар, қонақтар «Қош бол, сүйікті Әліппе!» атты ертеңгілігіміз аяқталып 
келеді! Балаларды бүгінгі мерекелерімен құттықтау үшін және Әліппені аяқтағаны жөнінде 
ДИПЛОМДЫ табыстау үшін мектеп директоры Айман Мелисовнаға сөз беремі 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет