«uzdik ustaz» Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал «uzdik ustaz»



Pdf көрінісі
бет22/39
Дата13.04.2023
өлшемі1,46 Mb.
#82159
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


42 
БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУІ ЖӘНЕ 
КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУЫ 
 
 
 
 
Шымкент қаласы 
№ 66 Қазығұрт жалпы орта білім беретін мектебі КММ 
Бастауыш сынып мұғалімі 
Турлыбаева Хадича Турсунбаевна 
 
Қазіргі кезде білім беру үрдісінде сабақтың дәстүрлі емес, яғни жаңа түрлері қолданылып келеді. Олар – тренинг 
сабақтар, дебат сабақтар. Бұл сабақтардың негізгі мақсаты – оқушылардың қисынды ойлау қабілетін дамыту. 
Сондықтан университет жағдайында болашақ педагогтердің таным белсенділігін арттырып, оларды оқу-тәрбие 
үрдісінде инновациялық технологияны пайдалануға дайындау қажет. Ол үшін студенттердің үнемі ізденуіне жол 
беріп, кәсіби шығармашылық әрекетін қалыптастыру керек. 
Бүгінгі біздің қозғап отырған мәселеміз, мұғалімнің жан-жақтылығы. Жалпы мұғалім ол тек білім беруші ғана 
емес, бала жүрегіне жол табатын психолог болуы шарт. Ал мұғалім әлемдік білім беру жүйесінен мол ақпарат алып 
отырса, оның шәкіртке берген білімі нәрлі болады, кәсіби даярлығы мол мұғалімнің ілімі ғұмырлық сақталады 
деген тұжырым жасаймыз. 
Бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға – ұстаз. Яғни жас ұрпақты оқытуда тиімді жағдайлар жасау көбіне 
мұғалімге тікелей байланысты. Мемлекетіміздің жарқын болашағы мен гүлденуі үшін қазіргі жоғары оқу орнында 
мұғалім қандай болуы керек? деген заңды сұрақтар тууы сөзсіз. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі оқу 
орнына ойшыл, зерттеуші, өз ісіне қатып қалған қасаңдық пен жаттандылықтан аулақ, өмірлік қызметте 
педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген, психолог-педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. 
Мұғалімнің кәсіби біліктілігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық қабілетінің дамуының кепілі және 
өзіндік жеке педагогтік тәжірибесінің дамуының алғы шарты болып табылады. Ұстаздың кәсіби шеберлігінің 
негізі: 
Біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы. 
Екіншіден, пәнді жетік білуі, ойын оқушыларға толық жеткізу үшін жан-жақты қасиеттерді бойына сіңіруі
моральдық нормаларды білуі. 
Үшіншіден, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін міндетті түрде меңгеруі тиіс. Педагог көп біліп қана қоймай, 
сол білгендерін оқушыға бере білуі қажет. 
Ұстаз шеберлігінің төртінші құрамды бөлігі педагогикалық әдеп деуге болады. 
Сонымен, педагогтік шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы жан-жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана 
емес, ол – әр сөзді оқушыға жеткізе білуі, олардың толық қабыл алуын, толғанып бойға сіңіруін үйретуі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет