«uzdik ustaz» Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал «uzdik ustaz»



Pdf көрінісі
бет23/39
Дата13.04.2023
өлшемі1,46 Mb.
#82159
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39
Педагогикалық әдеп – мұғалімнің әрбір нақты іс үстінде тәрбие мәселесінің ең ұтымды әдіс-тәсілдерін 
қолданып оқушыларды еліктіріп әкететін кәсіптік сапасы. Оқушылармен қарым-қатынас тұрғысынан қарағанда 
педагогикалық әдеп мұғалімнің жан-жақтылығының, оның идеялық сенімінің, жүріс-тұрыс мәдениетінің, жалпы 
және арнаулы білімінің, мамандығына байланысты ізденіс жемістері қорының жиынтығы іспетті. Шебер педагог 
болмай тұрып әдепті педагог болу әсте мүмкін емес. 
Қазіргі заманда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналды. Дүние жүзінде 
білімнің маңызды рөлі артты. Адамның болашағы оның қазіргі алған білімінің сапасына, көлеміне, ойлау деңгейіне 
байланысты. 
Мұғалімнің кәсіби деңгейі мен әлеуметтік беделі оқушы жүрегіне жол таба білумен мөлшерленеді. Бүгінгі күн 
талабы тұрғысынан қарасақ, оқыту ісі тек сабақ беру ғана емес, оқытудың басты міндеті: мұғалімнің білім беруі 
және оқушының білім алу қызметтерінің біріккен түрі екендігінде. Өскелең заман әрбір студенттіжеке тұлға 
ретінде тәрбиелеуді қажет етуде. Сондықтан студент қызметін басымдау етіп, үйренуші тұлға тек шәкірттер екенін 
ескеріп, білім беру ісін ұйымдастыруды дамыту жоғары оқу орынының бүгінгі басты нысанасы болмақ. Ұстаз 
шәкірттің білім алуға деген құлшынысын тудыра алмаса, оның ынтасы, пәнге қызығуы қалыптаспайды. Өйткені, 
мұғалім тақырыпты бастан-аяқ талдап, өзі түсіндіріп, тек аз уақыт оқушының жаттығуды өзі орындауына ғана 
көңіл бөледі. Ал қазіргі жаңа технологияға байланысты білім беруді студент өзі ізденіп, жаңа тақырыпты оқып, 
түсініп, пәнге байланысты әдебиеттермен жұмыс жасап, жолдастарымен ой бөліссе, өз білгенін көпшілікке жүйелі 
түрде жеткізе алса, онда ұстаз нәтижеге қол жеткізеді. 


43 
Бүгінгі таңда жоғары оқу орнындағы студенттерге білім берудің сапасы мен деңгейін жан-жақты көтеру жаңаша 
ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін оқытушылардың 
қолынан ғана келеді. Жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беру, ең алдымен, мұғалімнің кәсіби 
даярлығына, оның іс-тәжірибесінің қалыптасуына байланысты. Сондықтан болашақ мұғалімнің кәсіби біліктілігін 
жоғары оқу орнында жүйелі қалыптастыруға тиіспіз. Әсіресе, болашақ мұғалімдерді оқытуда тиімді әдіс-
тәсілдерді, озат тәжірибелерді сараптап, шығармашылықпен жұмыс атқарып, олардың жеке шығармашылығын 
қалыптастыруға көңіл бөлу қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет