«uzdik ustaz» Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал «uzdik ustaz»


Мұғалім: -Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.  Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!



Pdf көрінісі
бет38/39
Дата13.04.2023
өлшемі1,46 Mb.
#82159
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
Мустафаева Г-1.

Мұғалім:
-Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық. 
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе! 
 
Әліппе: 
- Армысыңдар жас достар! 
Армысыңдар, ата - ана! 
Болашаққа жол бастар, 
Әліппең келді ортаға. 
Жақсы білім көрімдік
Болсын бізге халайық. 
Не үйретіп, не білдік, 
Қане, ортаға салайық! 
«Менің атым әліппе»- Досембай Айша 
ІІ жүргізуші:  Әліппенің құрметіне арналған оқушылардың тақпақтарын тыңдайық
 
1-оқушы: НҰРАСЫЛ 
Әліппем менің Әліппем, 
Сені қолға алып мен. 
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен. 
 
2-оқушы: БАҒДАТ 
Келгенде алғаш мектепке, 
Білмеуші едік әріпте, 
Оқимыз қазір ертекте
Үйреткен оны Әліппе! 
3-оқушы:АЙЫМ 
Әліппе деген алтын жол 
Апарар сені алысқа. 
Жеңіл емес ауыр жол 
Тырысып бақ намысқа. 
4-оқушы: АЛИ 
Рахмет саған, Әліппе! 
Көп нәрсені үйреттің. 
Таныстырып әріппен, 
Тақылдатып сөйлеттің
 
5-оқушы:ЕРАЛИ 
Бар кітапқа бас болған 
Әліппе - ғылым анасы. 
Әліппеден басталған 
Даналықтың данасы

6-оқушы:МӘДИ 
Таныстырған 42 әріппен 
Қош бол, менің қасиетті әліппем. 
Сенің арқаң, оқи, жаза аламын. 
Сауатты адам санатына кіргенім. 
 
7-оқушы:АСЫЛЫМ 
Әліппе-білім бұлағы, 


58 
Әліппе –өмір шырағы. 
Әліппе-білім көзі, 
Әліппе – мұғалімнің асыл сөзі. 
9-оқушы:ЖІБЕК 
Әке-шеше атын сен 
Бізге үйреттің әліппе. 
Бізге нағыз жақынсың 
Сенен білдік әріпті. 
 
10-оқушы:ҚУАНЫШ 
«Әліппе»даңғыл жол ашты 
Жаңадан пәндер жалғасты 
Әліппе сырын ұқтырған 
Рахмет ұстаз алғашқы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет