6
Академик В.Л.Беспальконын анықтамасы бойынша педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге
асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы. Ал педагогикалық жүйе дегеніміз оқытудың
әдістемелік жүйесі, формасы мен құралдары мен оған сәйкесті дидактикалық
дербес деңгейлік
принциптердің талаптарына сәйкес жаңа тұрпаттағы оқулықтар және оларға қосымша төрт деңгейдегі
тапсырмалары берілген жұмыс дәптері.
Деңгейлік тапсырмаларға төмендегідей талаптар қойылады:
o жас құрамы бойынша (сыныптар, жасы бойынша тетелестер, әр жастағы білім деңгейі бір топта);
o жынысы бойынша (бір мектептен, мектеп, сынып, әйел, ер, аралас);
o ақыл-ой даму деңгейі бойынша (ойлау қабілеті, темпераменті, мінез-құлық);
o денсаулық деңгейі бойынша (жалпы топ, денсаулығы нашарлар, көз көрмеу, құлағының естімеуі
және т.б.)
Деңгейлік оқыту мақсаты – әр сыныпта әр топтың, әр оқушының қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне сай
жалпы білім беру.
· дәстүрлі оқытуға тән ерекшелік оқушылардың барлығы бірдей тең дәрежеде оқытуды қабылдамайды.
Оқыту мазмұны әр сыныпқа, топқа, оқушыларға білімді қабылдау қабілетіне сай ұсынылады.
· мұғалімнің білімі нашар оқушыларға көмектесу қабілеті жоғарыларға ерекше назар аударуға
мүмкіндігі болады.
· оқушының өз қабілеттерін терең жан-жақты жүзеге асыруға мүмкіндігі болады.
· «Мен» тұжырымы деңгейі көтеріледі, қабілеттік,
білімділігін тереңдетеді, сенімі бекиді, білімі
нашарлардың өзіне сенімі пайда болады.
· оқуға қызығушылық пайда болады.
Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың әр түрлі білім дәрежесіне сай ұсынылады.
Деңгейлік тапсырмаларды орындағанда мұғалім – бақылаушы, кеңесші.
Деңгейлік тапсырмаларды қолдануда оқушылардың ақыл-ой еңбегін жетілдіру талабы қойылады.
Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар оны орындау әдістемелік кешенімен ұсынылады.
Деңгейлік тапсырмалардың тиімділігі: оқу шығармашылық сатыға мұғалім арқылы емес, оқушының
өзі, іс-әрекеті арқылы жүзеге артады. Бұл технологияның негізгі ерекшелігі, ұтымдылығыда осында.
Мұнда оқушының шығармашылық білігі қалыптасады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға
және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып
отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны
енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы
шарты. Бүгінгі күні мектебімізде интернет желісіне қосылған компьютерлік кабинет, жаңа үлгідегі
жабдықталған
мультимедиа-лингофон кабинеті, интерактивті тақтасы бар кабинеттер жұмыс жасауда.
Бұл тақталар, компьютерлер тектен тек құрылып жатқан жоқ, яғни кез-келген мұғалім, сонын ішінде
әсіресе бастауыш сынып мұғалімдері ақпараттық технологияларды тиімді, ұтымды пайдалана білуі керек
деген сөз.
Күнделікті сабаққа бейне, аудио қондырғыларын, теледидар мен компьютерді қолдану айтарлықтай
нәтиже беретіні белгілі. Күрделі оқып үйретуші программалармен, электронды оқулықтармен жұмыс
істеу өте қызықты және оқытуды белсендіріп, педагогикалық әсерін тигізеді. Әрине, бұның бәрі сабақ
жақсы техникалық, программалық және әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілген кезде, ал мұғалім
компьютермен еркін жұмыс істей алған кезде ғана туады. Мультимедиа, Интернет технологияларының
кең етек жаюы ақпараттық технологияларды толық білім сапасына енгізіп, оқытудың жаңа тиімді құралы
етуге болатынын дәлелдейді.
Қорыта келе айтқанда, деңгейлік тапсырмалар орындау негізінде оқытудың тиімділігі:
- қазақ тілі және әдебиет сабағының мазмұны мен сапасы артады;
- оқушылардың физио-психологиялық ерекшеліктеріне сай ойлау,
сөйлеу қабілеттері дамиды;
- оқушы өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланып, шеберлігі шыңдалады;
- жауапкершілігі артады, шығармашылығы қалыптасады;
- жүйелі оқыту принціптері арқылы оқушы өзін-өзі дамытып, өзін-өзі бағалап білім деңгейін өрбіте
алады;
7
- оқушы өз қызметіне талдау жасайды, қорытынды шығарады, өзіне өзі баға береді ,
жаңалыққа
ұмтылады.
Сабақтарда ақпараттық технологияларды қолдану оқушының білім алу ынтасын арттырады, танымдық
қызығушылығын көтереді және де өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға көмектеседі.
Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5 % және көргенінің 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио және
видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: