В. И. Вернадский Биосфера туралы түсінік



бет20/41
Дата14.05.2022
өлшемі2,81 Mb.
#34363
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41
Географиялық қабықландшафттық қабық, эпигеосфера — атмосфера, литосфера, гидросфера және биосфера қабаттарының бір-бірімен тығыз байланыста болатын ортасы, яғни адамзаттың іс-әрекеті өтетін Жердің беткі (жоғарғы) қабығы. Географиялық Қабықтың негізгі ерекшелігі — мұнда заттар үш агрегаттық күйде (қатты, сұйық және газ) болады. Екінші ерекшелігі — Географиялық Қабықтың бір-бірімен тығыз байланыста болатын орталығында (ядросында) органик. өмір пайда болуы. Бүкіл органик. өмір өзінің әр алуан көрінісі арқылы литосфераның бірнеше жүздеген метрінен бастап, 4 — 5 км тереңдікке дейін (гипергенез қабатына дейін) және ауа ағындары арқылы стратосфераның төм. қабатына (озоносфера қабатына дейін) дейін таралады. Құрлықтағы Географиялық Қабықтың төм. шекарасы жер бетінен 30 — 40 км тереңдікте, ал тау сілемдерінде 70 — 80 км тереңдікке жетеді. Дүниежүз. мұхиттардағы Географиялық Қабықтың төм. шекарасы 5—8 км тереңдікте, яғни жер бетіне жақын орналасқан. Географиялық қабықты түзуші компоненттерге (құрамдарына) тау жыныстары, ауа массасы, топырақ жамылғысы, су көзі және биоценоздар, полюстік ендіктердегі мұздықтар жатады; негізгі энергет. құраушыларына гравитациялық энергия, планетаның ішкі (эндогенді) жылуы, Күннің сәулелі (радиациялық) энергиясы және ғарыштық энергия жатады. Географиялық Қабықтың негізгі ерекшелігі — оның біртұтастығы. Қабықтың құрамдас бөліктері арасында үнемі зат пен энергия айналымы болатындықтан, біреуінің өзгеруі міндетті түрде басқаларын да өзгеріске ұшыратады. Екінші ерекшелігі — зат және сонымен байланысты энергия айналымы, табиғи процестер мен құбылыстардың қайталанып отыруы. Мұнда айналымдардың күрделілігі әрқалай: бірі мех. қозғалыстар (атмосфера циркуляциясы, теңіз ағындары), екіншісі, заттың агрегаттық күйінің өзгеруі (жердегі ылғал айналымы), үшіншісі хим. трансформация (биол. айналым). Айналымдар нәтижесінде Жер бетінде жыл мезгілдері қайталанып отырады. Айналымдарды негізінен астрон. және геол. факторлар тудырады. Біріне-бірі қарама-қайшы эндогендік және экзогендік күштердің нәтижесінде Географиялық Қабық үнемі дамуда болады. Дамудың нәтижесінде жер беті мен теңіз, мұхит түбі аумақтық жіктеуге ұшырайды. Құрлықтағы жіктелудің салдарынан геогр. белдемдер пайда болады. Кеңістікте геогр. құрылымның өзгеруінен ландшафттар мен геокешендер түзіледі. Географиялық Қабық ұғымын алғаш рет 1910 ж. орыс метеорологы П.И. Броунов, ал Г. қ. терминін 1932 ж. орыс географы, акад. А.А. Григорьев енгізді.

Географиялық қабық[1], ландшафтылық қабық (Географическая оболочка, ландшафтная оболочка) - Жердің тұтас және үзілмейтін қабаты, адам әрекетінің ортасы; атмосфераның төменгі қабаттарын, литосфераның жоғарғы қабаттарын, гидросфераны түгелдей дерлік және бүкіл биосфераны қамтиды. Географиялық қабықтың бұл құрамды боліктері бір-біріне ене отырып, тығыз байланысты әрекетте болады. Олардың арасында заттар мен энергия үздіксіз алмасады, адамдар пайдаланатын ақпараттар жинақталғаң географиялық қабықтың жиынтық қалындығы ондаған км-ге дейін барады. Географиялық қабық Жердің басқа қабықтарынан тіршіліктің болуымен, бос энергия түрлерінің көптігімен, заттардың үш агрегаттық — қатты, сұйық, газ тәрізді күйде болуымен ерекшеленеді. Географиялық қабықтың Жердің өзге қабықтарынан гағы бір ерекшелігі — адамдардың іс-әрекетінен табиғаттың барлық құрамбөліктері айтарлықтай өзгеріске ұшырайды. Адам қоғамының табиғатқа барған сайын үдемелі әсеріне байланысты Географиялық қабықтың құрамына социосфера мен техносфера енгізілді. Географиялық қабық - географияның және оған енетін ғылымдардың, ең бірінші кезекте жертанудың зерттейтін жалпы нысаны. "Географиялық қабық" терминін орыс географы А.А. Григорьев ұсынды (1932 ж.).[2][3]

Географиялық қабық екі маңызды қасиеттердің диалектикалық бірлігімен сипатталады: үздіксіздік (континуальдық) және іркілістік (дискреттік). Үздіксіздік географиялық қабықтың кеңістіктегі таралуының тұтастығымен, ал іркілістік - оның жеке геожүйелерге бекінуімен сипатталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет