27
күйіп, солуында; асқазан сөлін шығаратын бездердің атрофияға ұшырауында;
инсулин шығарушы жасушалардың жойылуында көрінеді. Бұл, өз кезегінде,
қоректік заттардың сіңу процессінің бұзылуына әкеліп соғады, ас қорыту
ферменттерінің бөлінуінің азаюы, асқазанда тамақтың іркілуіне әкеледі. Сонымен,
алкогольдің
денсаулыққа әсері, іштегі күрт ауырсынулармен, асқазан мәселелері,
гастрит, қант диабеті, панкреатит, асқазан обыры ауруларымен білінеді.
Асқазан мен ішектен алкоголь қанға түседі және мұнда алкогольдің адам
ағзасына жағымсыз әсері жалғасады. Алкоголь, адам қанының жасушалары –
эритроциттердің
бұзылуына
себеп
болады.
Осының
нәтижесінде
деформацияланған қызыл қанды денешіктер оттегіні өкпеден тканьдарға
(көмірқышқыл газын кері) тасымалдауға, сонымен қатар, басқа да бірқатар
функцияларды орындауға қабілетсіз болады.
Осының салдарынан алкоголь
тұтынушы адам жүрек-қантамыр жүйелерінің ауруларына: ишемиялық ауруларға,
атеросклерозға, аритмияға ұшырайды.
Алкогольдің денсаулыққа әсері, сонымен қатар, қандағы қант реттелуінің
бұзылуында болады. Бұл қауіпті зардаптарға: диабетті жағдайларға, тамырлар
мәселесіне, жүйке жүйесі мен мидың жұмысының бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.
Жүрек-қантамырлар жүйесі үшін жастар арасындағы көп тараған зиянсыз
сусын болып саналатын – сыраны көп мөлшерде тұтыну қауіпті. Бұл өгіз жүрекке
әкеліп соғады – оны тағы да сыралық деп атайды, бұл жағдайда жүректің көлемі
үлкейіп, көбірек жиі жиырылуға бейім болады. Осыдан – әртүрлі аритмиялар, қан
қысымының көтерілуі пайда болады.
Алкогольдің денсаулыққа әсері жүйке жүйесінде де білінеді, соның
салдарынан, психикалық уланулардың орталықтарының параличі: зейін мен есте
сақтау, қоршаған ортаны қабылдау, ақыл-ой дамуы, ойлау, есірткіге тәуелділіктің
пайда болуы, адамның дағдарысқа ұшырау мәселелері.
Алкогольдің алдында, әсіресе бауыр қорғансыз болады. Алкогольдің
әсерінен бауыр жасушалары жойылады – олардың орнында тыртық пайда болады,
ол бауыр
функцияларын орындай алмайды, бұл көптеген зат алмасу бұзылуларына
әкеліп соқтырады.
Алкогольдің денсаулыққа әсерінің нәтижесінде көп тараған бауыр ауруы –
бауыр циррозы. Көп жағдайда адамдар одан қайтыс болуы мүмкін.
Ақыр соңында, алкогольдің
көп дозасы алкогольдік комаға, ажалды
нәтижеге әкеліп соқтырады.
Есірткі және уытты заттарды қолданудың зияны
Есірткі және уыттар заттар – бұл адамның миын, психикасын (жүйке жүйесінің
дисфункциясы салдарынан мидың бұзылуы) ақырындап бұзатын у. «Момент»
желімі немесе бензин бар болғаны 3-4 айда, кендір – 3-4 жылда адамды жарымеске
айналдыруы мүмкін. Морфин тұтынушылар 2-3 айдан кейін іс-әрекетке
қабілеттілігін
жоғалтады, өздеріне қарауды қояды, адамдық кейіпін жоғалтады.
Кокаин қабылдайтын адамдар төрт жылдан артық өмір сүрмейді. Олар жүректің
жарылуынан мерт болады, не болмаса, мұрын далдасы (перегородка) жіңішкеріп,
ажалды қан кетуге тап болады. ЛСД қолданған кезде адам кеңістікте бағдарлау
қабілетін жоғалтады, онда ұша аламын деген сезімдер пайда болып, өз
мүмкіншілігіне сеніп, соңғы этаждан секіреді.
Есірткі қабылдау зардабының негізгі аурулары – бұл гастрит, гепатит, жүрек
бұлшық етінің әлсіреуі, АИТВ. Сонымен қатар, есірткі қабылдайтын адамның
тістері түсіп, терісінің түсі өзгереді, бетінде әжімдердің пайда болуы, шын
мәніндегі өз жасынан әлдеқайда үлкен болып көрінеді.
Барлық есірткі қабылдаушылар, қабылдаған есірткі түріне қарамастан ұзақ
жасамайды. Олар өзіндік сақтау инстинктін жоғалтады, сол себептен, есірткіге үйір
болған алғашқы екі жыл ішінде, есірткі тұтынушылар суицид жасауға тырысады.
28
Көбіне бұның орайы келеді. Дозасын асырып алғаннан кейін қайтыс болатындар да
аз емес, көбіне есірткі тұтынушының өмірінде бір-ақ мақсат болады – ол дозаны
табу. Есірткі бәрін құртады – күштілерді де, ақылдыларды да, дарындыларды да.
Бағасы жоғары есірткі заттары ерте ме, кеш пе тұтынушыны қылмысқа
итермелейді. Қаражаттың жетіспеушілігінен ұрлыққа баруға мәжбүр болады, адам
өлтіруге де барады, есірткі саудасымен айналысады.
Жастарға есірткі қабылдау аса қауіпті. Тәжірибеде 30
жастан кейін
тұтынушы болғандар жоқтың қасы. Дозасын асырып алудан болған өлім-жітімдік
деңгейі тым жоғары. Есірткінің алкоголь мен темекі шегуге қарағанда қауіпі аса
жоғары.
Есірткі қабылдағанда ағза оны өзінің зат алмасу процессіне қосады, есірткі
оған қажет болып тұрады. Әлсіз есірткі заттарды, химиялық уытты дәрілік
препараттарды қабылдау зиянсыз, есірткіге тәуелділікті шақырмайды деген пікірге
сенбеңіз.
Тұтынушылық түрі көп, ал соңы біреу – өлім, тұлғаның күйреуі. Егер де сіз
тұтынушылық торына түскеніңізді сезсеңіз дереу дәрігерге көрініңіз,
туысқандарыңызбен және жақындарыңызбен кеңесіңіз, сізге көмектесетін уақыт әлі
бар. Сіз осыны анықтадыңыз, сездіңіз – демек сіз құтқарылдыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: