«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі


«Темекі тарту, алкоголь, есірткі және уытты заттардың адам ағзасына



Pdf көрінісі
бет25/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   125
Байланысты:
Valeologia kaz

6. «Темекі тарту, алкоголь, есірткі және уытты заттардың адам ағзасына 
зиянды ықпалы» атты мультимедиялық презентацияның 
сүйемелдеуімен өтетін шағын-дәріс. 
Мысал мазмұн. 
Темекі тартудың зияны 
Никотиннің адамға әсері – аса жағымсыз. Никотин тәжірибеде барлық 
органдарға әсер етеді, бірақ орталық жүйке жүйесіне, жүрек-қантамырлық, 
эндокриндік жүйелерге әсері тым жоғары. 
Никотин инсульт пен жүрек ауруларына әкелетін тамыр асклерозының 
өсуіне себеп болады. Никотин тромбтардың пайда болуына себеп болады, 
канцерогенді (обырдың (рак) өсуіне себеп болатын) әсерге ие. Адам ағзасына 
тигізетін зиянды әсерінің ең қауіптісі – бұл, келер ұрпақта тек дами беретін 
жасушаларды мутацияға ұшырататын қабілеті бар. 
Никотиннің ағзаға енетін негізгі жолы – бұл өкпе. Никотин және оның басқа 
компоненттері демді ішке тарту кезінде темекі түтіні кеңірдектен, қолқадан өтіп, 
альвеоларға түсіп, ол жақтан қанға сіңеді. Бір тартқаннан 8 секундтан соң никотин 
миға түседі, оның концентрациясы тек темекі тартып болған соң 30 минуттан кейін 
төмендейді. Никотиннің негізгі метаболизм (алмасу) процессі бауырда
бүйректерде және өкпеде өтеді. 
Темекі тартпайтындар темекі тартатындардың ортасында болғанда, темекі 
тартатын адамдарға қарағанда обырға ұшырау қаупі 20% жоғары және егер де 
отбасында, пәтерде көп темекі тартылса, темекі шекпейтіндерде обырға ұшырау 
қаупі 70% артады. Ата-анасы темекі тартатын балалар тыныс ауруларымен, ата-
анасы темекі тартпайтын балаларға қарағанда 2 есе көп ауырады. 
Никотин жүйке жасушалары үшін өте уытты. Никотиннің аз дозасы өте 
қысқа уақытта ми қыртысының қозғыштығын күшейтеді, сосын жүйке 
жасушаларының қызметін басады, олар бірте-бірте әлсіреп, ақыл-ой қызметі мен 
мидың басқа да функцияларын төмендетеді. Қозу мен тежелу процесстерінің 
бұзылуы неврозға тән симптомдарды тудырады, олар қатты бас ауруларымен, 
ашушаңдық, дисфория, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі, ұйқысыздық, бас 
айналу, абыржулық, саусақтардың дірілдеуімен білінеді. Сонымен, темекі тарту 
қажеттілігі рақаттану үшін емес, невроз симптомдарын өшіру үшін туындайды. 
Никотин жүрек жұмысын жеделдетеді, қантамырларды тарылтады, қан 
қысымын көтереді. Никотин әсерінен жүрек қызметінің, асқазан, ішек қызметі 
бұзылуы, т.б. басталады. 
Никотин ми тамырларын тарылтатындықтан ми қанмен оттегіні жеткіліксіз 
алады, сондықтан темекі тартушының ақыл-ой қызметі бұзылады. Темекі тартқанда 
жүйке жүйесінің перифериялық бөлімі де зардап шегеді, бұл ауырсынулармен, аяқ-
қол сезімталдығының (шаншулар, ұю) бұзылуымен білінеді. 
Темекі тарту қатты жөтелге, тыныс алудың қиындауына әкелетін 
қақырықтың пайда болуына себеп болады. Әсіресе таңертеңгі жөтел азапты келеді. 
Әдетте, темекі тартушыларда қарлыққан, дөрекі дауыс қалыптасады, бұл әйелдер 
үшін тым жаман.
Алкогольдің зияны 
Ең әуелі, алкоголь миға қауіпті, өйткені, басқа органдарға қарағанда 
концентрациясының аса көп бөлігі осы жерде шоғырланатындықтан миға аса қауіп 
туғызады. Алкоголь ми қабығының бұзылуына, ұюына және басқа бөлімдерінің 
бұзылуына әкеледі. 
Алкоголь ас қорыту органдарына: өңеш, асқазан, ұйқы бездеріне жағымсыз 
әсер етеді. Мұнда алкогольдің адам ағзасына әсері, ас қорыту органдарының 
жасушаларының ішкі қабығының бұзылуына және зақымдануына, тканьдарының 


27 
күйіп, солуында; асқазан сөлін шығаратын бездердің атрофияға ұшырауында; 
инсулин шығарушы жасушалардың жойылуында көрінеді. Бұл, өз кезегінде, 
қоректік заттардың сіңу процессінің бұзылуына әкеліп соғады, ас қорыту 
ферменттерінің бөлінуінің азаюы, асқазанда тамақтың іркілуіне әкеледі. Сонымен, 
алкогольдің денсаулыққа әсері, іштегі күрт ауырсынулармен, асқазан мәселелері, 
гастрит, қант диабеті, панкреатит, асқазан обыры ауруларымен білінеді. 
Асқазан мен ішектен алкоголь қанға түседі және мұнда алкогольдің адам 
ағзасына жағымсыз әсері жалғасады. Алкоголь, адам қанының жасушалары – 
эритроциттердің 
бұзылуына 
себеп 
болады. 
Осының 
нәтижесінде 
деформацияланған қызыл қанды денешіктер оттегіні өкпеден тканьдарға 
(көмірқышқыл газын кері) тасымалдауға, сонымен қатар, басқа да бірқатар 
функцияларды орындауға қабілетсіз болады. Осының салдарынан алкоголь 
тұтынушы адам жүрек-қантамыр жүйелерінің ауруларына: ишемиялық ауруларға, 
атеросклерозға, аритмияға ұшырайды. 
Алкогольдің денсаулыққа әсері, сонымен қатар, қандағы қант реттелуінің 
бұзылуында болады. Бұл қауіпті зардаптарға: диабетті жағдайларға, тамырлар 
мәселесіне, жүйке жүйесі мен мидың жұмысының бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін. 
Жүрек-қантамырлар жүйесі үшін жастар арасындағы көп тараған зиянсыз 
сусын болып саналатын – сыраны көп мөлшерде тұтыну қауіпті. Бұл өгіз жүрекке 
әкеліп соғады – оны тағы да сыралық деп атайды, бұл жағдайда жүректің көлемі 
үлкейіп, көбірек жиі жиырылуға бейім болады. Осыдан – әртүрлі аритмиялар, қан 
қысымының көтерілуі пайда болады. 
Алкогольдің денсаулыққа әсері жүйке жүйесінде де білінеді, соның 
салдарынан, психикалық уланулардың орталықтарының параличі: зейін мен есте 
сақтау, қоршаған ортаны қабылдау, ақыл-ой дамуы, ойлау, есірткіге тәуелділіктің 
пайда болуы, адамның дағдарысқа ұшырау мәселелері. 
Алкогольдің алдында, әсіресе бауыр қорғансыз болады. Алкогольдің 
әсерінен бауыр жасушалары жойылады – олардың орнында тыртық пайда болады, 
ол бауыр функцияларын орындай алмайды, бұл көптеген зат алмасу бұзылуларына 
әкеліп соқтырады. 
Алкогольдің денсаулыққа әсерінің нәтижесінде көп тараған бауыр ауруы – 
бауыр циррозы. Көп жағдайда адамдар одан қайтыс болуы мүмкін. 
Ақыр соңында, алкогольдің көп дозасы алкогольдік комаға, ажалды 
нәтижеге әкеліп соқтырады. 
Есірткі және уытты заттарды қолданудың зияны 
Есірткі және уыттар заттар – бұл адамның миын, психикасын (жүйке жүйесінің 
дисфункциясы салдарынан мидың бұзылуы) ақырындап бұзатын у. «Момент» 
желімі немесе бензин бар болғаны 3-4 айда, кендір – 3-4 жылда адамды жарымеске 
айналдыруы мүмкін. Морфин тұтынушылар 2-3 айдан кейін іс-әрекетке 
қабілеттілігін жоғалтады, өздеріне қарауды қояды, адамдық кейіпін жоғалтады. 
Кокаин қабылдайтын адамдар төрт жылдан артық өмір сүрмейді. Олар жүректің 
жарылуынан мерт болады, не болмаса, мұрын далдасы (перегородка) жіңішкеріп, 
ажалды қан кетуге тап болады. ЛСД қолданған кезде адам кеңістікте бағдарлау 
қабілетін жоғалтады, онда ұша аламын деген сезімдер пайда болып, өз 
мүмкіншілігіне сеніп, соңғы этаждан секіреді. 
Есірткі қабылдау зардабының негізгі аурулары – бұл гастрит, гепатит, жүрек 
бұлшық етінің әлсіреуі, АИТВ. Сонымен қатар, есірткі қабылдайтын адамның 
тістері түсіп, терісінің түсі өзгереді, бетінде әжімдердің пайда болуы, шын 
мәніндегі өз жасынан әлдеқайда үлкен болып көрінеді. 
Барлық есірткі қабылдаушылар, қабылдаған есірткі түріне қарамастан ұзақ 
жасамайды. Олар өзіндік сақтау инстинктін жоғалтады, сол себептен, есірткіге үйір 
болған алғашқы екі жыл ішінде, есірткі тұтынушылар суицид жасауға тырысады. 


28 
Көбіне бұның орайы келеді. Дозасын асырып алғаннан кейін қайтыс болатындар да 
аз емес, көбіне есірткі тұтынушының өмірінде бір-ақ мақсат болады – ол дозаны 
табу. Есірткі бәрін құртады – күштілерді де, ақылдыларды да, дарындыларды да. 
Бағасы жоғары есірткі заттары ерте ме, кеш пе тұтынушыны қылмысқа 
итермелейді. Қаражаттың жетіспеушілігінен ұрлыққа баруға мәжбүр болады, адам 
өлтіруге де барады, есірткі саудасымен айналысады. 
Жастарға есірткі қабылдау аса қауіпті. Тәжірибеде 30 жастан кейін 
тұтынушы болғандар жоқтың қасы. Дозасын асырып алудан болған өлім-жітімдік 
деңгейі тым жоғары. Есірткінің алкоголь мен темекі шегуге қарағанда қауіпі аса 
жоғары. 
Есірткі қабылдағанда ағза оны өзінің зат алмасу процессіне қосады, есірткі 
оған қажет болып тұрады. Әлсіз есірткі заттарды, химиялық уытты дәрілік 
препараттарды қабылдау зиянсыз, есірткіге тәуелділікті шақырмайды деген пікірге 
сенбеңіз. 
Тұтынушылық түрі көп, ал соңы біреу – өлім, тұлғаның күйреуі. Егер де сіз 
тұтынушылық торына түскеніңізді сезсеңіз дереу дәрігерге көрініңіз, 
туысқандарыңызбен және жақындарыңызбен кеңесіңіз, сізге көмектесетін уақыт әлі 
бар. Сіз осыны анықтадыңыз, сездіңіз – демек сіз құтқарылдыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет