«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі


 «Адамға отбасы не үшін қажет?» эссесін талқылау



Pdf көрінісі
бет50/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   125
4. «Адамға отбасы не үшін қажет?» эссесін талқылау. 
Оқытушы оқушылардан алдын ала тапсырылған «Отбасы адамға не үшін қажет?» 
тақырыбында жазылған эссені оқуын сұрайды.
Талқылаудан кейін оқытушы оқушылардың жауаптарын жинақтайды. 
Отбасы адамға не үшін қажет деген сұраққа жауап беру үшін, алдымен біз не үшін 
өмір сүріп жатқандығымыз туралы ойлануымыз қажет. Көп адамдар өмірде барлық 
нәрсені көру, тырысып бағу қажеттігін алға тартады, бәрін көріп, барлық орындарда 
болып, ұмытылмас әсер алу керек дейді... Бірақ бұл бәрі емес. Ең бастысы бұл өмірден 
елеусіз өтпей, ұрпағыңды абыроймен жалғастыратын өзіңнің бір бөлшегіңді – ұлыңды, 
немереңді қалдыру, яғни артыңнан із тастау. Жай отбасын құрып қою ғана жеткіліксіз. 
Барлық отбасы мүшелерімен жылы қарым-қатынасты сақтап, балаларға жақсы тәлім-
тәрбие беру маңызды. Отбасы адам үшін үнемі тірегі мен сүйеуі болуы керек. Әрқашан, 
әр түрлі жағдайда пайдалы кеңес, қолдау мен көмек алу үшін отбасындағы сенімді 
қарым-қатынастан жақсы ештеңе жоқ.
Өкінішке орай, барлық отбасында өзара түсіністік әрқашан бола бермейді, туыстар 
кейде ортақ тіл табыса алмай әркім өзі жеке өмірімен өмір сүреді. Бұл мәселеден құтылу 
үшін біздің өміріміздегі отбасының ең басты мәнін-мағынасын ұғыну керек. Әрбір адамға 


56 
оның жақындары мен туыстарынан артық ешкім, ешқашан оны жақсы көре 
алмайтындығын және бағалай алмайтындығын түсіну қажет.
5. «Отбасының адам өмірі мен қоғамдағы рөлі» мультимедиалық 
презентациясының сүйемелдеуімен өтетін шағын-дәріс. Отбасы құрылымы.
Мысал мазмұн. 
«Отанға деген махаббат отбасынан басталады», - бұл сөздерді кезінде философ 
Френсис Бэкон айтып кеткен, ол қоғамда отбасының қалыптасуы үдерістері кезінде 
қандай үлкен рөл атқаратындығын көрсетіп отыр.
Дәл отбасы – бұл біздің бірінші қоғамымыз болып табылады. Біз онда өміріміздің 
алғашқы жылдарын өтікземіз, ол кездері өмірлік құндылықтар мен басымдылықтары 
қалыптасады, сондай-ақ, әлеуметтік мінез-құлық нормалары құрылады. Нақ отбасы 
мүшелерінің өзі адамның әлеуметтенуінің негізгі бастама нүктелерін береді: алдымен, 
бұл ата-аналар, сонан соң отбасының басқа да мүшелері.
Отбасы қоғамның әлеуметтік құрылымының маңызды құраушысы болып 
табылады, бұл қоғам жаңғыруын қамтамасыз ететін негізгі әлеуметтік институт. Жай 
сөзбен айтқанда – отбасы біздің өмірімізде алғашқы орындардың бірін алады және 
отбасыдан қымбат, маңызды ешнәрсе жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет