«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі


Жасөспірімдерде жыныстық байланыстарды ерте бастаудың себептері



Pdf көрінісі
бет93/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   125
Байланысты:
Valeologia kaz

Жасөспірімдерде жыныстық байланыстарды ерте бастаудың себептері. 
1. Өзін аз жалғыз сезіну немесе танымал болу; 
2. Өзін ата-анаға тәуелсіз екенін көрсету; 
3. Өзіндік «Менін» жыныстық қатынас арқылы анықтау, себебі өзін өте сенімсіз 
сезінеді және осылай өзінің тартымдылығын танытпақшы. Бозбалалар өздерінің ер 
екендігін, ал қыздар әлемге және өзіне қалаулы екенін дәлелдегісі келеді; 
4. Махаббатын сақтап қалу үшін; 
5. «Барлығы осыны істейтіндіктен». 
Ерте жыныстық байланыстар адам денсаулығына, ең әуелі репродуктивті 
денсаулығына жағымсыз әсерлерін қалдырып кетеді. 
Негізгі әсерлері: 
1. Қажетсіз жүктілік (аборт немесе жастайынан ана болу); 
2. ЖЖБЖ/АИТВ жұқтыру; 
3. Көңілін қалдыру; 
4. Жаман атақ және т.б. 
Әлі өзі ержетпеген ата-ана баласын бір нәрсеге үйрете қоюы екіталай. Ерте босану 
салдары әйелдің бүкіл өміріне әсер етеді. Өкінішке орай, жасөспірімдердің жыныстық 
белсенділігінің артып бара жатқандығын мойындауға тура келеді – бұл шындық. Бұл 
жыныстық жолмен берілетін аурулардың санын апатты жағдайда артуына; абортқа, 
жастайынан ана атануға, кейіннен балаларынан бас тартуға және әлеуметтік жетімдікке 
әкеліп соғатын жасөспірімдік жүктіліктің артуына әкеліп соғады. Жасөспірімдердің 
отбасылық өмірге дайын еместігі ажырасудың артуына да әсерін тигізеді. 
Сондықтан, жасөспірімдердің ерте жыныстық байланысы олардың жалпы (рухани және 
физикалық) және репродуктивті денсаулығына жағымсыз әсерін тигізеді. 
Жасөспірімдердің ерте жыныстық байланысқа түсуінің себебі, дұрыс тәрбие мен өмірлік 
ұстанымдарының жоқтығы. Жасөспірім жыныстық есеюге байланысты физиологиялық 
сұраныстарға көп көңіл бөледі. 
Түсініңіз: сіздің жасыңызда өмір біткен жоқ, енді басталды, сондықтан, лайықты өмір 
сүру үшін оған салмақты дайындалу керек, асығудың қажеті жоқ, барлығының өз уақыты 
бар. 
6.Ми шабуылы. Қандай ЖЖБЖ-ларды білесіздер? 
Оқытушы оқушылардан өздері білетін ЖЖБЖ-ларды санап беруін сұрайды. Оқытушы 
ЖЖБЖ аттары жазылған кестелерді алдын ала дайындап қояды, онда – мерез, В және 
С гепатиті, АИТВ – қызыл түспен, ал қалған ЖЖБЖ – көк немесе жасыл түспен 
белгіленеді. Оқушылар ЖЖБЖ-ның аттарын айта салысымен кестелер тақтаға, екі 
бағанның бойымен жапсырылады: оң жағына – екі түрлі жолмен – жыныстық және 
қан арқылы (мерез, «В» және «С» гепатиті, АИТВ) берілетін, сол жағына – тек 
жыныстық жолмен берілетін аурулар (соз ауруы, трихомониаз, хламидиоз, 
папилломавирусты жұқпа және басқалары). Егер біреу туберкулез немесе тұмауды 
ЖЖБЖ деп айтып қалса, оны дереу флипчартқа жазып қойып, кейіннен олардың 
ЖЖБЖ-ға неліктен жатпайтындығын түсіндіріп беру керек. ЖЖБЖ-ның 20-дан аса 
түрі болатынына баса назар аударылады. 


103 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет