«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі



Pdf көрінісі
бет4/17
Дата12.03.2017
өлшемі1,79 Mb.
#9251
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

7.  Шағын топтардағы жұмыс. 
«Жеміс  салаты»  жаттығуының  көмегімен  оқытушы  оқушыларды  топтарға 
бөледі.  Ол  үшін  жеміс  аттарына  бөлінуді  сұрайды:  алма,  алмұрт,  қараөрік, 
апельсин.  Сосын  оқушылар  топтарға  бөлінеді:  1-«алмалар»,  2-«алмұрттар»,  3-
«қараөріктер», 4-«апельсиндер». 
Әр  топ  жасөспірімдердің,  жастардың  ең  алғашқы  темекі  тарту,  есірткі, 
алкоголь,  уытты  заттар  қабылдауды  бастайтын  себептерін  талқылайды.  Сосын  4 
топтың әр қайсысы презентация жасайды. 
Талқылаудан  соң  оқытушы  барлық  айтылғандарды  жинақтауды  және  темекі 
тарту, алкоголь, есірткі, уытты заттарды қабылдауды бастаудың негізгі себептерін 
тізіп шығуды сұрайды. 
Мүмкін болатын себептер: 

  Күшті бейтаныс сезімдерді бастан өткізу үшін 

  Қызыққұмарлықтан 

  Зерігуден 

  Ол заттар спиртті ішімдіктерді алмастырады 

  Компанияда сондай жағымды 

  Бір-біріне еліктеу 

  Өмірге қанағаттанбағандықтан 

  Беделді, сәнді 

  «Әдемі көрінуге» талпыну 

  Ересек болуға ұмтылу 

  Өз бетінше болуға ұмтылу 

  Күшті, батыл болуды қалау 

  Әсемпаздық, қызықтылыққа ұмтылу 

  Бозбалаларға (қыздарға) ұнауды қалау 

  Басқа да себептер 
 
 
 
 
 
 

29 
 
8.  «Психикалық, физикалық, әлеуметтік тәуелділіктер» мультимедиалық 
презентацияның сүйемелдеуімен өтетін шағын-дәріс. 
Мысал мазмұн 
Тәуелділік деген не? 
Тәуелділік  медициналық  мағынасында  «табиғи  немесе  улы  заттарды  қайталап 
тұтынумен пайда болатын кезеңдік немесе созылмалы улану жағдайын» көрсетеді. 
Яғни,  басқаша  айтқанда,  тәуелділік  –  бұл,  есірткіге  «үйрену»,  оларды  қолдануға 
үнемі  қажеттілік,  себебі,  препараттың  әсер  ету  мерзімі  біткеннен  кейін  адамда 
азапты,  өзін  нашар  сезіну  жағдайлары  басталады,  мұның  бәрі  тек  есірткілік 
құралдарды қолдану арқылы тоқтатылады. 
Тәуелділіктің үш түрі болады: әлеуметтік, психикалық және физикалық. 
1.  Әлеуметтік тәуелділік 
Адам әлі есірткі тұтынуды бастамаған, бірақ, сол тұтынушылардың ортасында 
«оралып»  жүреді,  олардың  мінез-құлық  стильдерін,  есірткіге  қатынастары  мен 
топтың  ішкі  атрибуттарын  қабылдағанда  әлеуметтік  тәуелділік  туралы  айтады. 
Мұндай  топқа  тек  оның  қағидаларын  шеттетпеуді  қаламаушылық  соншалықты 
күшті  болуы  мүмкін,  ол  тіпті  әдеттегі  түсініктерді  көлегейлеп,  мінез-құлықты 
өзгертеді.  Бұл  тәуелділік  түрінің  ажырамас  шарты  –  топтың  болуы  (бір  есірткі 
тұтынушының алдында да қалыптасуы мүмкін). 
2.  Психикалық тәуелділік 
Есірткі  қабылдай  бастаған  кезде  адамда  психикалық  тәуелділік  тез 
қалыптасады.  Ол  адамның,  есірткілік  масаюды  бастан  кешірген  қалпын  қайтадан 
қайтаруға  әрекет  жасайтынында  білінеді.  Ол  өте  күшті  болуы  мүмкін,  есірткіден 
ұнамды  түйсіктер  алуға  тырысады,  я  болмаса,  есірткі  әсерінде  болып,  ұнамсыз 
уайымдар  мен  жағымсыз  эмоциялардың  көңілін  аудару  үшін  қабылдайды. 
Психологиялық пен эмоциялы жайсыздықтан құтылуға тырысушылық әсер күшті 
болғаны  сонша,  адам  енді  кейінге  есірткі  қабылдаудан  бас  тартуға  шамасы 
келмейді. 
3.  Физикалық тәуелділік. 
Есірткіні  ұзақ  уақыт  қабылдағанда  есірткінің  зат  алмасу  процессіне  қосылу 
нәтижесінде  физикалық  тәуелділік  қалыптасады.  Бұл  жағдайда  қабылдауды 
тоқтатқан  кезде  ауыртпалығы  түрлі  дәрежеде  болатын  физикалық  жайсыздық 
байқалады. – жеңіл дімкәстіктен абстинентті синдромға дейін. Аурудың сатысына 
байланысты  есірткі  қабылдау  жиілігі  де  өзгереді  –  татып  көру  кезеңінен  бастап 
эпизодты  қабылдаудан  жүйелі  қабылдауға  өтеді.  Бірақ  жүйелі  қабылдау  міндетті 
түрде  физикалық  тәуелділіктің  бар  болуына  байланысты  емес  одан  ертерек 
басталуы мүмкін. 
Физикалық тәуелділіктің синдромына кіретіндер: 
1.  Физикалық  құшарлық  –  есірткі  қабылдауға деген, мысалы,  аштық,  шөлдеу 
деген  сияқты  өмірлік  қажеттіліктерді  де  ысырып  қоятын,  жеңуге  мүмкін 
болмайтын  ұмтылу  әрекеті.  Ол  адамның  көңіл-күйін  белгілейді,  мінез-
құлқын және есірткі қабылдауын басқарады. Адам «мақұлдау» және «қарсы 
болу»  дәлелдерін  таразылауды  қояды,  сондықтан,  барлық  оның 
ұмтылыстары,  іс-әрекеттері,  амалдарының  барлығы  тек  есірткі  тұтынуды 
іздеумен және оған жету кедергілерінен өту болады. 
2.  Абстинентті  синдром.  Тәуелді  адамның  ағзасы  енді  есірткісіз  қызмет 
жасамайды және есірткі болмаған жағдайда кезекті дозаның қажеті туралы 
белгі береді. Ізденіс пен келесі дозаны қабылдау өмірлік қажеттілік болып 
қабылданады.  Қайтадан  есірткі  қабылдау  ниеті  әр  жаңа  дозамен  күшейе 
түседі, есірткіге тәуелді адамдарда «сыну» пайда болады, адам есірткіні жиі 
қолданған сайын, соғұрлым ол тезірек және жіті шыға береді. 

30 
 
3.  Қабылдау  формаларының  өзгеруі  (мысалы,  адам  ұйқысын  реттеу 
мақсатымен  ұйқы  дәрілерін  қабылдайды,  ақырында  ол  ұйқы  дәріні  масаю 
қалпына келу үшін қабылдай бастайды). 
4.  Ағзаның  физиологиялық  қабілетінің  өзгеруі  есірткі  дозасының  белгілі  бір 
мөлшерлерінің  әсерін  көтереді.  Ауру  өршіген  сайын  үйреншікті  доза 
қалаған әсерді алуға жеткіліксіз бола бастайды (эйфория), тұтынушы есірткі 
мөлшерін бірте-бірте көбейте түседі. 
5.  Ағзаның қорғану реакцияларының жойылуы (жүрек айну, құсу, тері қышымасы, 
қатты тершеңдік, ықылықтау, сілекейдің ағуы, көз ауруы). Бұл ағзаның, есірткі 
дозасы қауіпсіз шектен асып кеткенде пайда болатын үрей дабылы. 
Есірткі қабылдаушыны сипаттайтындар: 

  Ұйқысыздық пен өңсіздік; 

  Сілемейлі қабықшалардың құрғауы; 

  Мұрынның үнемі бітелуі; 

  Дірілдеген қолдардағы қабынған көктамырлар; 

  Жиі есінеу мен түшкіру; 

  Тым үлкейген қарашық немесе кішірейген қарашық, жарықтың өзгеруіне 
мән бермейтін көздер. 
Бірте-бірте әлеуметтік байланыстар үзіліп, мәнділігі төмендейді. Бұл тәуелді 
адам  қоғам  бөлігі  болудан  қалады  дегенді  білдіреді.  Тәуелділік  қалыптасу 
процессінде  құндылықтар  жүйесі  өзгереді.  Бұрынғы  мәні  бар,  қымбат,  сүйікті 
нәрсенің  барлығы  мағынасын  жоғалтады.  Жақын  адамдармен  қарым-қатынастар 
бірте-бірте нашарлайды. Тәуелділіктің әлеуметтік зардабының тағы бір жағы - ол 
оқудағы  мәселелер.  Моральдық  нормалар  туралы  түсініктер  бұлыңғырланады, 
ұдайы қаражат қиыншылықтары оны заңға қарама-қайшы әрекеттерге итермелейді. 
Тәуелділіктің рухани аспектісі. 
Бұл аспектіде бастысы, тәуелді адам адамгершілік өзегін жоғалтады. Ол үшін биік 
рухани  идеал  және  құндылықтар  мәнін  жоғалтады  (Отанға,  туысқандарға  және 
жақындарға  деген  сүйіспеншілік,  адамдарға  қамқорлық,  әлсіздерге,  ауруларға 
аяушылық және т.б.). 
 
9.  Шағын топтардағы жұмыс. 
Зиянды әдеттерге «Жоқ!» де. 
Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Әр топқа тапсырма беріледі: 
1 топ: темекі тарту ұсыныстарынан бас тарту нұсқаларын үлкен параққа талқылап, 
жазып шығу. 
2 топ: алкогольді татып көру ұсынысынан бас тарту нұсқаларын талқылап, жазу. 
3  топ:  есірткі  татып  көру  ұсынысынан  бас  тарту  нұсқаларын  талқылап,  жазып 
шығу. 
4  топ:  уытты  заттарды  татып  көру  ұсынысынан  бас  тарту  нұсқаларын  талқылап, 
жазып шығу. 
 
Осыдан  кейін  әр  топ  презентация  жасайды.  Оқытушы  барлық  жауаптарды 
жинақтап  қорытындылайды  және  оқушыларды  мынадай  қорытындыға  әкеледі: 
әркім «Жоқ!» деп айта алатын тиімді дағдыларға ие болу керек. 
10.  Соңында  оқытушы  оқушылардан  «ашық  сыр»  парақтарын 
толтыруды өтінеді. 
Әр  қайсысына  барынша  ашық  (анонимді)  жауап  беру  үшін  сұрақтары  бар 
«ашық сыр» парақтарын береді: 
1.  Бүгінгі сабақ қандай сезімдер тудырды? 
2.  Сені әсіресе не ойландырды (таң қалдырды, әсерлендірді)? 
3.  Өзің үшін қандай қорытынды жасадың? 
4.  Қандай сұрақтарға жауап алғың келер еді? 

31 
 
 
Модуль 3. 
Зиянды әдеттер мен олардың адам денсаулығына тигізетін әсері (2 сағат). 
 
Сабақ 3.2 
Есірткі  мен  уытты  заттектердің  адамның  репродуктивті  денсаулығына  әсері 
(1 сағат). 
Мақсаты:
Оқушылардың есірткі мен уытты заттардың адамның репродуктивті денсаулығына 
тигізетін әсері бойынша білімін көтеру және жауапты тәртіпті өмірлік дағдыларын 
қалыптастыру.
Міндеттері: 
-  Уытты  және  есірткі  заттардың  адамның  репродуктивті  денсаулығы 
арасындағы өзара байланысы мен өзара тәуелділігі туралы түсінік беру;
-  Жыныстық  қауіпсіз  тәртіп  туралы  жаңаша  шешім  қабылдау  дағдысын 
қалыптастыру; 
-  Оқушыларда  белгілі  бір  өмірлік  жағдайларды  байыптап  ойлау  мен  дер 
кезінде шешім қабылдау негізгі дағдыларын қалыптастыру. 
Түйінді  түсініктер:  репродуктивті  денсаулық,  есірткі  және  уытты  заттектер, 
жауапты жыныстық тәртіп, өмірлік дағдылар. 
Сабақты жүргізу әдістері: ми шабуылы, шағын-дәріс, шағын топтардағы жұмыс, 
шығармашылық жұмыс. 
Жабдықтар  мен  материалдар:  флипчарт  (магнитті  тақта);  флипчартты  қағаз; 
маркерлер; мультимедиапроектор; тарату материалдары. 
Сабақ барысы 
 
21. Оқытушының  кіріспе  сөзінде  сабақтың  тақырыбы  мен  мақсаты 
хабарланады. 
22.  
23. Бой сергіту. «Ритмика» жаттығуы. 
 Ойынға қатысушылар шеңбер бойымен тұрады. Қазір ырғақты әуен болатыны 
хабарланады.  Музыка  әуеніне  сәйкес  шеңбер  ішіне  қадам  жасау  керек:  «бір» 
дегенде – оң аяқпен шеңберге, «екі» дегенде – сол аяқты оң аяққа қосып қою керек, 
«үш»  дегенде  –  сол  аяқты  шығарып,  «төрт»  дегенде  –  оң  аяқты  шеңберден 
шығарады. Әуелі осы қимылдарды топпен музыкасыз, сосын музыкамен жасайды. 
Ойынға  кіру  алгоритмі  қарапайым:  әуелі  жүргізуші  бастайды,  сосын  бір 
ойыншыдан, одан  сол жағы мен оң жағында тұрғандар, осыдан келесі екі ойыншы 
т.с.с. ойынға барлығы қатысқанша жалғасады. Ойынға барлық оқушылар кіргеннен 
кейін,  топ  бірегей  бір  ағза,  яғни  «тыныс  алу»  (шеңберден  қадам)  және  «тыныс 
шығару» (шеңберге қадам) болады. Жаттығудың орындалуы оңай, топқа көптеген 
жағымды  эмоциялар  сыйлайды  және  жұмысқа  деген  ынта  шақырады.  Оған 
алақандарды шапалақтауды қосып, күрделендіруге болады. Ол шеңберге кіргенде 
оң аяқты сол аяққа қосқанда жасалады. 
 
23. Шағын топтардағы жұмыс. 
   Оқытушы  оқушыларды  екі  топқа  бөледі  және  оларға  зиянды  әдеттердің  не 
екенін, олардың ағзаға қалай әсер ететін естеріне түсіреді. Сондықтан бірінші топқа 
репродуктивті  денсаулыққа  есірткі  мен  уытты  заттардың  әсеріне  қатысты  өз 
пікірлерін  талдап,  айтып  беруін  сұрайды,  ал  екінші  топқа  –  мұның  жыныстық 
тәртіп туралы жауапты шешім қабылдаумен қандай байланысының бар екендігіне 
түсінік беруді сұрайды. Осыдан кейін топтар өз жұмыстарын таныстырады, ұстаз 
топтардың жұмыстарын қорытындылайды. 

32 
 
 
24. «Есірткі  және  уытты  заттектердің  адам  денсаулығына,  әсіресе 
жыныстық тәртіпке қатысты жауапты шешім қабылдауға әсері» атты 
мультимедиалық презентацияның сүйемелдеуімен өтетін шағын-дәріс. 
Мысал мазмұн 
Көптеген үлкен адамдарға жастардың шартты түрдегі ерте жаста жыныстық 
өмірді  бастауы,  некеге  дейін  жыныстық  қатынаспен  белсенді  айналысуы,  бір 
серіктеске  деген  адалдықты  сақтамау,  қорғаныс  үшін  мүшеқапты  тиянақты 
қолданбау  туралы  ойлармен  үйренісіп  кету  қиынға  соғады.  Мұнан  басқа,  жастар 
кейде  есірткі,  соның  ішінде,  екпе  есірткісін  көруге  ұмтылады.  Осының  барлығы, 
профилактикалық бағдарламаның ерте басталуы, жастардың жыныстық қатынасқа 
түсуге дейінгі немесе есірткі қолдана бастауға дейін орын алуының үлкен маңызы 
бар  екендігін  атап  көрсетеді,  себебі  жастардың  көпшілігі  олардың  салдарынан 
бейхабар болады. 
Жай  ғана  «үйрену»  ол  міндетті  түрде  «әрекетті»  білдірмейді.  Көптеген 
жастар өз білімдерін, тәуекел мен тәртіпті түйсінуді өзара байланыстыра алмайды. 
Көптеген жастарды әлсіздікке ұрындыратын жағдайлар мәселенің тек ішінара ғана 
түсіндірмесін  бере  алады.  Жастарға  қауіпсіз  тәртіпке  көшуге  немесе  көмектесе 
алатынын нақтырақ айтқанда, жасөспірімдерге қарсы тұру стратегиясын шығаруға, 
өз-өзін бағалау, дамыту мен қауіпті тәртіп мүмкіншілігін төмендететін «қорғаныс 
факторларын» бірдей дәрежеде түсіну маңызды. 
Есірткілер  ер  адам  мен  әйелдің  репродуктивті  жүйесінің  жағдайына  аса 
жағымсыз әсер етеді, адамның жыныстық өміріне әсер етеді, кейіннен балаларына 
да әсер етеді. 
Ақыр  соңында,  есірткі  пайдалану  отбасындағы  психологияның  хал-
жағдайына әсер ететіні, отбасын бұзып, адамдарды ажырастыратыны дәлелденген. 
Әйелдер мен ер адамдардың қарым-қатынасына белгілі бір сызат түсіреді, осылай 
жүйке мен гормоналды бұзылушылықтар салдарынан,  сонымен қатар, гипоталамус 
пен  гипофиз  арасындағы  өте  күрделі  координациялардың  бұзылуынан,  әйелдің 
ерлерге  деген  жыныстық  құштарлығы  төмендейді.  Мидың  дәл  осы  бөліктері 
ағзаның жыныстық міндеттеріне жауапты. Марихуана шегетін адамдарды аздаған 
уақыт  аралығында  зерттегенде,  зерттеушілер  олардың  ұрықтық  сұйқтығында 
жетілген  сперматозоидтарды  таппады,  оның  есесіне  көп  мөлшерде  кемтар 
формадағы  жыныстық  жасушалар  кездесті.  Есірткі  әсерінен  адамда  қандағы 
жыныстық  гормондардың  деңгейі,  әсіресе,  сілемейлі  сыртқы  қабы  мен  терінің 
жүйке  ұштарының  жыныстық  сезімталдығы  көтеретін,  биологиялық  химиялық 
заттек  болып  келетін  –  тестостерон,  жыныстық  серіктестің  жыныстық  реакциясы 
тұйықталған түрде немесе толығымен болмауы мүмкін. 
Есірткі  қабылдаудың  кері  зардабы  іштегі  нәрсетенің  қалыптасып  дамуына 
өте  жағымсыз  әсерін  тигізеді.  Есірткі  қабылдаушы  ата-аналардың  балалары 
ақылында және физикалық дамуында әр түрлі ауытқулармен туылады. Одан басқа, 
есірткі  қабылдау  анасының  құрсағында  болғанда  ғана  емес,  туылғаннан  кейін  де 
балаларының денсаулығына кері әсер етеді. Есірткі қабылдайтын ана есірткі іздеп 
үнемі  күйзелісте  болатындықтан,  сондай-ақ,  есірткі  мен  уытты  заттар  ана  сүтінің 
құрамында болуының себебінен нәрестесін емізе алмайды. Есірткі тұтынушы ата-
анадан  туған  балалар  баяу  дамиды,  ақыл-ой  және  физикалық  дамуы  кешеуілдеп, 
келешекте сабақты да нашар оқитын болады. 
Есірткі  мен  уытты  заттар  адамның  санасына  әсер  ететін  ерекше  қасиеті  бар, 
сондықтан  оның  іс-әрекеттері  көп  жағдайда  аса  қауіпті  болатынын  бәріңіз  де 
білесіздер. 
Адамдардың  қарым-қатынасы  тек  қана  әдеп  ережелерімен  ғана  емес,  сонымен 
қатар қауіпсіз тәртіптің негізгі ережелерімен де белгіленеді. 

33 
 
Бойжеткендер,  әр  түрлі  себептермен  қылмыскерлердің,  көшедегі  тонаушылардың 
алғашқы  құрбандары  болады.  Сондықтан  ұсынылып  отырған  кеңестер  көбірек 
соларға  қатысты,  бірақ  бозбалалар  да  мүмкін  болатын  қылмысты  дер  кезінде 
ескертіп  немесе  алдын  алып,  құрбыларын  қандай  қауіптер  күтіп  тұрғанын  білу 
керек. 
Сонымен, өмірдегі қауіпсіз тәртіптерге байланысты келесі кеңестермен қаруланып 
алыңыз. 

  Киіміңіз мен мұндалап тұрмайтындай, ашық және айқын болмауы керек. 

  Киіміңіз  қимыл  үшін,  соның  ішінде  жылдам  қимыл  үшін  де  ыңғайлы 
болғаны абзал. 

  Аяқ киіміңіз тек қана би үшін ғана емес, жүру пен жүгіру үшін де ыңғайлы 
болғаны жөн. 

  Тәртібіңіз әдепті болып, шектен шықпағаныңыз мақұл. 

  Тым ашық түсті, дөрекі бет әрлеуіңіз өзіңізге назар аудартқыңыз келетінін 
білдіреді. 

  Дөрекіленіп,  зорыға  күлу,  бейәдеп  әңгімелер  белгілі  бейімділігі  бар 
адамдардың назарын аудартады. 

  Бейтаныс  немесе  аз  уақыт  таныс  болған  адамдардың  көлігіне  отыруға 
болмайды. 

  Үйге қайтқанда жарығы мол, халқы көп көшелермен жүру қажет. 

  Жақындарыңыз  сізді  күтіп  алып  немесе  шығарып  салатындай  жағдай 
жасауға тырысыңыз. 

  Қол  астында  қарапайым  қорғану  заттарын  ұстаңыз  (газдалған  баллон, 
шашқа  арналған  лак,  шпилькалар,  ысқырық,  ұнтақталған  бұрыш  немесе 
темекі пакеттері, т.б.). 
Өзіңізге  қатысты  зорлықтан  қашқақтап  жүру  үшін,  өзіңіз  үшін  ең  аз  шығынмен 
шығып кете алатын жолдарын тауып, ойыңызда үнемі әртүрлі жағдайларды ойнап 
шығу өте маңызды.
Сонынмен,  қауіпсіз  тәртіп  –  адам  өз  денсаулығын  ең  аз  тәуекелге  ұшырату 
тәртібі. 
Жауапкершілік  (жауапты  тәртіп)  –  тұлғаның  қоғамда  қабылданған 
адамгершілік  пен  құқықтық  нормаларға  сәйкес,  өз  міндетін  сезінуімен  қатар,  өз 
әрекеттерін бақылай алатын қабілеті болып табылады.
 
Репродуктивті  денсаулықтың  мәселелері  аспектісінде  (АИТВ,  ЖЖБЖ, 
қажетсіз  жүктілік)  өмірлік  дағдылар  негізіндегі  жауапты  мінез-құлықтарға 
жататындар: 

  АИТВ, ЖИТС, ЖЖБЖ және қажетсіз жүктілік туралы білімнің болуы. 

  Жыныстық  мінез-құлықтың  қайсысы  қауіпті,  қайсысы  қауіпсіз  екенін 
ажырата білу. 

  Рухани-адамгершілік  құндылықтары  негізіндегі  қауіпті  жыныстық  мінез-
құлықтың өзгеруі (серіктеске адалдық, «жоқ» деп айта алу, т.б.). 

  Зиянды заттарды (есірткі, алкоголь, темекі, т.б.) қабылдауға қарсы тұра білу. 

  Қысым көрсетуге қарсы тұра білу. 

  Ата-анаңмен,  отбасыңның  басқа  да  мүшелерімен  және  құрбы-
құрдастарыңмен қарым-қатынас жасай білу. 

  Жеке  тұлғаға  қатысты  дағдылардың,  соның  ішінде  өз  эмоцияларың  мен 
сезімдерін білдіре алатындай болуы қажет. 

  Қарым-қатынастарды  талдай  білу  және  қоғамда  қабылданған  социалды 
нормалар мен нанымдарды бағалау. 

34 
 
    Жоғары  деңгейлі  қауіп  тәртібі  –  өз  денсаулығына  қауіп  төндіретін 
мүмкіндіктерді  күшейтетін  әдеттер  мен  тәртіп  стереотиптері.  Мұндай  тәртіпке 
қорғансыз жыныстық қатынастар және есірткі, алкоголь қабылдау, шегу жатады. 
    БДҰ  (ВОЗ)  анықтауы  бойынша,  өмірлік  дағдылар  дегеніміз  –  бұл  адамға 
күнделікті өмірдің қиындықтары мен қажеттіліктерін тиімді жеңе білуге мүмкіндік 
беретін жағымды және бейімделген тәртіпке қабілеттілік. 
 
25. Ұжымдық жұмыс. 
      Оқытушы  оқушыларға  мақал-мәтел  сайысын  өткізуді  ұсынады.  Денсаулық 
пен тәртіптің қауіпсіздігіне қатысты мақал-мәтелдерді еске түсіріңіздерші. 

  Тәні саудың – жаны сау. 
(Рухани саулық – рухани тән тудырады.) 

  Арыңды жас кезінен, киіміңді жаңа кезінен сақта.

  Басы ауырмағанның тәңірімен ісі жоқ. 

  Құдайға үміт арт, бірақ өзің қол қусырып отырма. 

  Еңбексіз қармаққа балық та ілінбес. 

  Жеті рет өлшеп бір рет кес. 
Оқытушы оқушылардың барлық мақал-мәтелдеріне түсініктемелер беріп шығады. 
 
26. Рөлдік ойын. 
    Қатысушылардың таңдау жағдайларында жауапты мінез-құлық практикалық 
тәжірибесіне  ие  болу  мақсатында  оқытушы  қатысушыларды  2  командаға  бөліп, 
«Жауапты шешім» ойынын өткізеді. 
Берілетін тапсырамалар: 

  Бірінші  топқа:  жыныстық  қарым-қатынасты  бастау  пайдасына  жататынын 
барынша көп дәлелдерді ойластырып, жазып шығу

  Екінші  топқа:  жыныстық  қатынасқа  түсу  ұсынысынан  бас  тарту  үшін 
барынша көп дәлелдерді ойластырып жазып шығу тапсырылады. 
    Оқытушы жағдайды баяндайды: 
     Жас жігіт пен бойжеткен бір институтте оқиды. Олар екі айдан бері кездесіп 
жүр.  Бірге  жүру  оларға  ұнайды,  бірақ  одан  да  жақын  қарым-қатынастың  уақыты 
келгеніне қыз күмәнді. 
     10  минут  ішінде  командалар  бойжеткен  мен  жігіттің  жақын  қарым-
қатынасты бастауына «мақұлдау» және «қарсы» дәлелдерін ойластырады. 
    Осыдан кейін әр командадан 1 ерікті шығады. 
    Бірінші  команданың  өкілі,  өзінің  жүретін  қызының  жыныстық  қарым-
қатынасты бастауға көндіруге тырысатын жігіттің рөлін ойнайды. 
    Екінші  команданың  өкілі  оған  қарсы  уәж  айтатын  бойжеткеннің  рөлін 
ойнайды. 
    Оқытушы тақтаға тақырып жазады: жыныстық өмірді шегеру. Тақтаны екіге 
бөледі. Бір бөлігіне – «мақұлдау», екіншісіне – «қарсы» дәлелдері жазылады. 
   Жауаптардың мысал нұсқалары: 
  «Мақұлдау» дәлелдері: 

  Махаббат 

  Қарым-қатынасты сақтап қалу 

  Ләззат алу мақсатында 

  Әуестік 

  Барлығы осымен айналысатынына сенімділік 

  Өзін таныту 

  Жалғыздықтан арылу 

  Қорғану сезімі 

35 
 

  Ақша немесе сыйлық 

  Ешқандай мәселе туындамайтынына серіктестің сенімділігі 
  «Қарсы» аргументтер: 

  Жүкті болу қорқынышы 

  Соз (венерологиялық) аурулары мен АИТВ-ны жұқтырып алудан қорқу 

  Физикалық ауыртпалық 

  Көңіл толмау 

  Ұят 

  Ата-аналары біліп қою қорқынышы 

  Махаббатты білдіретін басқа амалдар 

  Неке тойын күтейік 

  Қаламаймын 

  Махаббат сезімінің болмауы 

  Жыныстық қатынасқа дайын болмау 

  Әлі уақыт келген жоқ 

  Сезімдерді әлі сынау 
    Тапсырмаларды  орындап  болған  соң,  оқытушы  әр  топқа  жыныстық 
өмірді  бастауды  шегеруді,  жыныстық  қысымның  алдын  алуға  өздерінің 
ойынша, көмектесе алатын кеңестерді талқылап жазып алу ұсынылады. 
    Әр топ өз жұмыстарын презентациялайды. 
   Жауаптардың  нұсқалары.  Жыныстық  қатынасты  шегеруге  көмектесетін 
кеңестер: 

  Жыныстық  қатынасты  қаламасаңыз,  өзіңізді  сексуалды  түрде 
ұстамаңыз; 

  Жыныстық қатынастан басқа махаббат сезімін білдіру жолдарын іздеп 
көріңіз; 

  Кештер мен басқа да шараларға достарыңызбен барыңыз; 

  Қысымға  түсу  жағдайына  тап  болмай  тұрып,  «шектен  шығу» 
болатынын шешу керек; 

  Есірткі мен уытты заттарды қабылдамаңыз; 

  Алкогольге қатысты өз шамаңды анықтап алыңыз; 

  Өз  сезімдеріңізге  назар  аударыңыз:  жағдай  жайсыз  бола  бастаса 
қайтыңыз; 

  Сізді  жыныстық  қатынасқа  мәжбүрлеуі  мүмкін  деген  адамдардан 
қашық жүретін болыңыз; 

  Өзіңіз сенім артпайтын адамдардан қашық жүріңіз; 

  Көмек ала алмайтын бос, қараңғы жерлерден қашық жүріңіз; 

  Бос уақытыңызды толтыруға тырысыңыз. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет