Мүсінші болсам мүсін соғар едім,
Астына граниттен ат мінгізіп...
Сол ердің ез аузынан білдім өзім,
Ғажайып өткендерін, сыр мінезін,
Сүйікті Республикам, келдім сақтап,
Ашайын саған осы жыр күмбезін...
Шырадаудан шығанға
I
«Түс кеудемнен бүғау крест,
Албырт жаным көрді қы&ым.
Тағдыр мүндай түман емес,
Еркіндіктің бер тынысын!
Ж үрегімнен тартқаи зәбір,
Иман біткен мейлі тайса,
Ж оғал мәңгі ж ұм бақ тәңір,
Ж үм көзіңді, көлгір Айса!
М үлгіген сұм, өлік икон,
Кұдайының сиқын қара!
Неге маған тендің екен,
Монтаны қу, сиқыр — ана?
Уа, қиялым, ерш іте бер,
Дауылыңды дарқан жолға.
Кетсін аулақ періштелер.
Ж ын-шайтандар ж оғал, жонга!
Шулы шіркеу, түнек қамал,
Шырмалыппын шынжырыңа.
Ж етпедім мен медет табар
Д үниенің шын сырына.
Ал, хаяр поп, кетем мүлде,
Табынбаймын құдайыңа.
Ш оқынғанша шіркеуіңе,
Шыңырауға құлайын да!
2 5 5
Серпіл бұлттар аспандағы,
Аш әлемнің кең қақпасын,
Қайда шындық баспалдағы ,—
Сонда жаным ойнақтасын!
Қеттім міне, жаным азат,
Сүйре мені қнял өрге.
Құдай, пірлер, пейіш, дозақ,
Шаным біткен — көміл көрге!»
...Шықты үйден. Икон қирап...
Еден құшып жатты құдай.
Ж астың неге жаны тулап,
Тебіренді қатты мұндай?
II
Түн жамылып тұр Москва,
Асқар таудай мұнары бар.
Қараңдайды бұлт астында,
Қрест басты мұнаралар. •
Ж арқылдайды сансыз шырақ,
Қүңгірлейді қоңыраулар.
Ж албыр шаштар жатыр шулап,
Қандай ғана қалың ж а у бар?
Ж ауы әлгі жалғы з ж ігіт
Ж ат кәрінген тәңірге де.
Бұл неткен ж ас сезі бүлік,
Бұл тәңірден тандьг неге?
Степнов қой! Я, Николай.
Б ірақ сөзі қыр түлегі.
Аты солай, ж өні қалай,
Н еге бөлек сырьг тегі?..
Қеледі ғой өзі міне,
Қөгпеде бір күбір қағып.
Қиял құсьг кезіп түнде
Сонау қьгрға кеткен ағып...
256
III
...Өсті бала Қ айдауы лда,
Қезіп Торғай топырағын.
Бақташы боп бай ауылына,
Естіп байдыд ақырғанын.
Босағасы қысаң дүние,
Төрі алыс жарлы жанға.
Тоғжан ауыр түскен күйге,
Ж ан тынысы тар зам анда.
Ж еті бала ж ем ді тілеп
Балапандай аузын ашқан.
Қайран жоқтық — қара түнек,
Қөкірегін зілдей басқаи.
Сүйеніші — Әлібиі,
Сол қисайған тірлігіне
Қыңыр бала болып игі,
Қой соңында ж үрді, міне.
Қыңыр неге? Сары бала,
Н еге сынық ж астай түсің?
Қытымыр бай қаны қара,
Соқты талай шыбыртқысын...
Содан кек те туды бірге.
Ш ерін бала түрмыс жайлы,
Өзегіне түйді мүлде...
IV
Өзі ж үрген тар көшеде
Қеп үйлердей ой тізілді.
Өзі аулақ ж өнелсе де,
Әлі жақын сол қызығы...
Ж үгіретін екі сырлас,
Асыр етіп алаң ж ерді.
Қ андай мерген, еткір сол ж ас,
Асық досы — Аманкелді.
Ң. Б екхож ин, II т.
2 5 7
Сар сағымға көзіы қадап,
Қайдауылдың қырларында,
Екеуі де тартқан садақ
Қиіктерге, қыр аңына.
Арман еді өссе сөйтіп,
Бірге көріп алыс таңды.
Қолдарына түссе мылтық,
Атса бір күн арыстанды.
Ж үйткігендей қүлан киік,
Қиял қандай асқақ еді?!
Екі тентек құйын қуып,
О балардан аспақ еді.
Мүмкін, сонда қойдай ж усап,
Ж ұм бақ сырлар жатқан шығар,
Мүмкін, сонда құдай ж ұмсап,
Ж арлыга таң атқан шығар...
Солай еді арман бір кез,
Ойнағанда, сы рласқанда,—
Түйе құмы — тұйық күмбез,
Торғай ж ерін бір басқанда...
V
Ж алтылдайды қалған артта,
Ш іркеу шамы жанып үзақ.
Тар көш еде түнгі шақта,
Ойға батқан өл жалғыз-ақ.
...Неге қашты Қайдауы лдан
Өзге ж аққа бұл ж ас бала?
М едет тапты қай бауырдан,
Шоқынғаны не масқара?
...Ақ тоқтыны ж еді қасқыр,
Шапқыншыдай жортқан қырда.
Қ айда кетті қара басқыр,
Ж үгірмекті әкел мұнда!
Сөйлеп солай бай бажы лдап,
258
Қүм обаның тұр басында.
Әке сорлы шықты жылап,
Қайдауылдың қырқасына.
Ал Әліби кеткен алыс,
Асып сонау обалардан.
Алды сағым, толқын ағыс,
Ж етелеген соган арман.
Қез болды да бір отряд,
Қырды шолып қарақтаған, —
Тұрды біраз ол жатырқап,
Қызықты көп қарап та оған.
Шпорлары жарқыл қағып,
Үзеңгіде ойнар сағым,
Қарады ол қайран қалып,
Патшалықтың бұл жасағын.
Түлпар аттар секіреді,
Ауыздықтан атып көбік,
Ж елмен ойнап кекілдері,
Ж ебелетіп қатты желіп.
Сірә, сонау ж ат бір ж аққа,
Қайтқан шығар жорық ж асап.
Қалың ж ауды шырмап оққа,
Қелген шығар батыр ж асақ...
Болжап солай бір төбеден,
Бала көзін тұрды кадап.
Қаршығадай ж ем тілеген,
Қанат комдап, түйіп қабақ.
Қөріп қалды ж ас офнцер,
Бүркіт пе бұл, не бала ма?
Ж ансыз ба бір жолды кесер,
Ж алғыз неге жүр далада?
VI
...Ж ас офнңер сөзін тыңдап,
Танысындай қатар сырлас,
»*
259
Соқты бала тез тақылдап,
Ш үлдірледі татар тілмаш.
Айтты бәрін — жауы з байдан,
Зәбір -ж ап а шеккендігін,
Еңсесін көп езген қойдан,
Қашып ж онға кеткен бүгін.
Енді кейін қайтпақ емес,
Әке мейлі қатулансын,
Қиялында еткен елес,
Жақсылықтың оты жансын...
— Ал ж үр, бала, атқа мін де,
Ж үрм е қашып сен былайша,
«Қ ездік ж атпас қап түбінде»,—
Ж айнарсың бір ЬІбырайша.
Мүмкін біздей сар жағалы,
Бір офиңер боларсың да.
Ел-жүртыңды арбағалы,
Мүмкін, шенді тағарсың да.
Б ірақ қырдың қоры болма,
Ізде білім, тентек шіркін.
Ж өнел бізбен Орынборға,
Ж ол табарсың ертең бір күн.
Мін бүл атқа, түл қалдырған,
Туысқаның кегін түйген,
Атты иесін төбе қырдан,
Ж үм бақ мерген, сағым кнген.
Өлтірілген өткен айда,
Барлаушымыз тосыи жерден.
Іздеп келдік, кетті қайда?
Оны да атқан осы мерген.
Болды ғайып сол бір қазақ,
Жын ба, әлде жел-қүйын ба?
Қандай мерген өзі ғажап,
Д әл тигізген бір қиырға.
Қырық қазақ абактыға,
Қамалды сол мерген үшін.
260
Шын атты ма, ж ай атты ма,
Қызғанды ма кең өрісін.—
Қегі бар ма әлде катқан,
Ескі күні ж үр ме есінде?
Туыстары айтар жатқан,
Торғайдың тар түрмесінде...—
Мін, балақай, міне сол ат,—
Бүл жорықтың парқын түсін:
Қүм қүшақтап қалды солдат,
Имперпя даңқы үшін...
Ж етім торғай ж ан сауғалап,
Қонақтайды әр бүтаға,—
Қетті бал а,— не сор, не бақ,
Қетсе мейлі барымтаға.
Қетті есінде әлгі мерген,
Қандай батыр, нендей кекті?
Бір сыр ж оқ па белгі берген?—
Соны бала білмей кетті...
VII
...Ж ас Әліби — күзгі қаңбақ,
Зам ан дауыл оны куған.
Ж ат қаланы ж үрді шарлап,
Базары бар кызық-думан.
Кызық қанда бірақ оған,
Ж үр ді шаршап тілін шайнап,
Секілді бір қу жапырақ,
Қырдан қүйын келген айдап.
Ақ ж ағалар, сар мырзалар,
Өтер мүнда басып тақ-тақ,
Кандай сыр бар, не ыза бар,
Қететіндей жүртты таптап.
Осы қала онда зор да,
Д алам ы зға шөккен айбат,
Қараушы еді Орынборға,
261
Момын қазақ басын шайкап.
Ш іркеулердей осындағы,
Төрелері қандай аскак?
Қ ару-ж арақ асынғаны,
Әскер кіммен тай-таласпақ?
Ж ас офицер ақырғы рет,
Құм көшеде ұшырасгы,
Қ өзінде тұр бір қасірет,
Әлде неге тұсі қашты?
— Ж андаралға жазалымын,
Кетем, шырақ, аулаққа тым.
Сендей сорлы қазақ ұлын,
Мүсіркейтін ж ан таппадым.
Қош, балақай, не көрсең де,
Ж аси көрме тағдырыңа!
Қиын ж олға түссең се н .д е,
Ж етерсің бір бақ нұрына.
...Құйын атқан қу көшеде,
Қыр баласы қадды қаңғып,
Ш ана басын құм ж есе де,
Ш абатасын алды шандып.
Мүмкін өмір ж ұтар мына
Талды өзегі, солды жүрек.
Міне шіркеу, ж ұрт алдында
Шоқынғандар тілеу тілеп.
Тіленбеді жалбыр бала
Шоқынбады, шошынды да,
Ж аутаң қағып жалғыз ғана,
Ж үртқа қарап отырды да,
Шырақ шамдай көз бұлдырап,
Ж анары да жұмылды тез.
Сар масадай ызың дулап,
Күңгір қақты шіркеу бір кез.
262
VIII
Жатыр еді ол маужырап,
Көріп туған Қайдауылды.
Шошып кетті тұрды жылап —
ПІіркеу катты қоңырау ұрды.
«Ізгі алла, әулие, рух,
Уа, Христос жанын биле!»
Ж алтыр крест асаны ұрып,
Бір жын төнді Әлібиге.
Жын емес-ау, албастыға
Ұқсаған бір жалбыр шашты.
Сарнап тұрды дәл қасында,
Б алақайдан зәре қашты.
Көре қалып бір көшеде,
Қыр баласын қаңғып жүрген
Кеп азғырып ол кеше де,
Аяғандай халін мүлдем,
«Керек бала, оқығаның,
Оған тегі ж ол бар бір-ақ,
Ж үрегіңе ж ағар шырақ,
Христосқа шоқынғаның.
Сонда саған — білім тегін,
К еудең нұрын үдетеді.
Тағы қырдың жетімегін,
ІІравославный ұл етеді!»
Қалың қасқыр қамаласа,
Қайтер еді сорлы көжек?
Ж ан-ж үрегін қаһар баса,
Қақты сондай бала безек.
Ж арқылдады жын отындай,
Төбесінен шоғыр шырақ.
Икон жанын алатындай,
Қетті бала талмаусырап.
Есі кетті мүскін ұлдың,
Д армені ж оқ тырмысуға.
263
Пәрменімен сұсты қолдың,
Тоғытты оны күбі суға.
Айбарлы поп крест сілтеп,
Өшірді атын атаның да;
Кітабына қойды тіркеп,
«Коля Степанов» атануға.
Мойынында мұзды судай,
Түсе қалды суық крест.
Қайран дарқан ж ан осылай,
Зымыстанға түсті бір кеш...
XI
Көндікпей ме бала бүркіт,
Ұстап бақса бір саятшы.
Алғашқыда алабүртып,
Болар тауға шырқамақшы.
Қиял көзін кейде қадар,
Ұясы бар тас қияға,
Тас түйіліп бір күн қалар,
Сол қатулы ж ас қыранда.
Кек түлегі ашынар да,
Көкке қарап ж аяр қанат.
Торда қажып ашығар да
Ж ат ж емінен табар тоят.
Сондай-ақ бұл шырмалған ұл,
Талай тулап бұлқынса да,
Қөндікті ж ат сырларға бұл,
К енді оқуға құлқын сала..,
Оқыды ол үзақ жылдар,
Ш өлден келген ж андай сусап,
Тек сорына д ұзақ дін бар,
Д арқан ойды қойған тұсап.
264
X
Еске түсті өткеи күндер,
Осы түнде сол ызадан.
Тұңғыш жанған кек пен жігер,
Семинария, шулы Қазан.
Д ін иесі үміт еткен,
Шанымын тек асырмаққа
Қыр баласын сол тілекпен,
Ж іберген-ді осы ж аққа.
Міне, бір күн ж ұрт ағылған,
Қәш елерден шаң жүгіріп.
Қөтерілген шу дабы лдан,
Қ азан қала жаңғырығып.
Өтті халық қатар-қатар,
Т ез бұзылған сеңдей ағып.
Қышқырады ж аяу татар,
С усағандай таңдай қағып.
Ж ұмысшы мен ж астар мұнда,
Адымдарын қатаң басқан,
М ұғалімі Ашмаринға
Әліби де қатарласқан.
Үстаз енді сол бір ғаж ап.
Ж үрегіне ж ұлды з жаққан.
Сүйіп соны бала қазақ,
Өнегесін ұғып баққан.
Енді міне, ә з і мұнда,
Ж үр көшеде ереуілдеп.
Ж үртпен бірге қызып дұға,
Құлағына ерен үн кеп:
«Көтер туын еркіндіктің,
Аттан алға, езілген жұрт!
Босат, патша, еркін жүрттың,
Бұғауыңды тезінен кұрт!
Кенет міне, соқты дауыл,
Л ап қойды да салт аттылар.
265
Айқай шықты: «Сақтан, бауыр,
Ж азалауш ы солдат бүлар!»
Міне, біреу түсті құлап,
Оқ тиген кім, Ашмарин ба?
Ж ас ж үрегі жанып тулап,
Тұр Әліби бас жагында.
Үстазыпың басын сүйеп,
Түрмады кеп қарап мұнда.
Полиция согып, сүйреп,
Жапты оны абақтыға...
Сонда басын тасқа бала
Соққандай бір күйінді ме?
Онда он алты ж аста ғана,
Ж ас шыбықтай иілді ме?
Оқудан да қуылды ж ас,
Солай жолы кесілді бір,
Солай оған болды сырлас,
Мың тоғыз ж ү з бесінші жыл...
XI
Содан кейін сенделгені,
Қамалғаны түр есінде.
Семсерді бір сермер ме еді,
Сұм өмірдің күресінде!
Бірақ жалқы қаңғырған ж ас,
Таппай орын дүниеден,
Тағы торға қамалды бас,
Тағы кез боп дін иемен.
Қөи оқуға құмар басы,
Тағы қайда басты қадам?
Академия — дін ордасы
Ашты есігін Москвадан...
Енді міне, таң алдында
Қиялына көшкен ұзақ.
Бүгін түнде қараңғыда,
Мойынынан түскен дұзак
266
Келе жатыр іздеп міне,
Л ебі бірге сырластарын.
Асау ойлар тізбектеле,
Аунатқандай түн аспанын.
Уа, сол достар, тұман жарғаи,
Құйған нұрды жүрегіне.
Бетінше акса мьтнау ж алған,
Ж оқ тәңірдің тірегі не?
Айса — шата, кімнен туған?
Мынау Енжіл неткен мылжың?
Бір белгі ж оқ құдай кудан,
Түскен де ж оқ көктен бір жын?
Тәңір шығар патша мүмкін,
Мынау елге жатқан сорлап?
Соның тісін қақса шіркін,
Қанды шоқпар қара солдат!
Еркін солай сырлы ж астар,
Оңаш ада айтар еді,
Сондай сөзді бұрын бастар,
Петр қандай қайсар еді!
Әліби кеп тосқан құлақ,
Е реуілді отты сезге,
Бұл ж ігіт те ж үрісі жат,
'Гез шалынды сұқты көзге.
Осы біреу қыр түлегі
Қиқаңдайды неткен қыңыр:!
Христосқа күлді тегі
Әлдекімге етті күбір.
Сейлеп қалды әзіз қалпе:
— Тұр, ж ауап бер, қисық лақпа!
ПІоқын да айт, сөзді келте,—
Айса діні шын ба, хақ па?
Сенесің бе, кереметке,
Айса күнді тоқтатты ма?
Ғайып құдірет жүр ме көкте,
ІІІайтанға көк оқ атты ма?
267
— Ж оқ сенбеймін, бәрі жалған,
Бәрі алдау!— деген еді.
Әлібиді қандай арман,
Енді қайда ж ебеледі?
...Ш іркеу соты қазір, түннен
Ж айды сүмдық бір жаманат:
Коля Степанов азды діннен
Ол — малғүн, ол — лағнат!»
XII
Терезеге Л ена төніп,
Әлдекімді түннен күткен.
Түн ұйқысын неге бөліп,
Қандай сырлы тұр үмітпен?
Ж азғы түн ғой жақын таң да,
Кешікті ол мұнша неге?
Ерік алып албырт ж анға,
Қ ездесті ме бір бәлеге?
Осылай қыз абыржыған,
Түнгі бұлттай көңіл бұлдыр.
Тек суреттен күліп тұрған,
Қ еудесіне төгілді нұр.
Сүйкімді ғой сол бір сурет,
Орыс қызы сүйген қалап.
Ұзын шашты бұл студент,
Тұр өмірге күле қарап.
Осы бір қыз ж ігітке сол,
Ж үрегінен сыр қозғады.
Қыз жанына үміткер ол,—
Ө зім іздің қыр боздағы.
Осынау үйде сыр алысқан,
Тұтанысып ұшқын кәзден
Қызу ж астар жиналысқан,
Гуілдескен ұшқыр сәзбен...
Сол бір сәздер дуылдаған
268
Әлібиге болды сабақ.
Қыр ұлына көз қадаған,
Аққұба қыз, күлім қабақ.
XIII
Өзі қайда? — Міне отыр,
Шеткері бір қоңыр үйде.
Қарқылдайды неге Петр
ІІІашын қырған Әлібиге?
Уа, архиерей, діндар тақсыр,
ИІаштан неге болдың жұрдай?
Жын-шайтанға мұны таисыр,
Достарыңызбен бөлісу: |