Ватдпуды,, I! ҚАлижан бекхожин вибяйЗ?й


Естіді  —  Әсияны  келіпті  деп



Pdf көрінісі
бет14/23
Дата08.01.2017
өлшемі6,23 Mb.
#1394
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23

Естіді  —  Әсияны  келіпті  деп.

Мүсіркеп  келер  ме  қыз...  Әлде  өзі 

Барсын  ба,  аянышын  сеніп  тілеп? 

М аздады   сенері  де,  сенбесі  де,

Өкпесі,  қызғанышы  егесуде.

Орнынан  тұрып  кетті  күрсініп  ол,

Н аз,  ыза  қатар  тулап  кеудесінде.

Есіктен  еніп  ана  күбірледі:

—  Ақан-ау  мейрімің  бір  білінбеді. 

Еркеж ан  зерікті  ғой  үйде  жалғы з, 

Реніш ін  сезбейсің  бе  түріндегі?

Ол  әскен  бағыңдағы  гүл  емес  пе,

242

СенІмен  тІлегі  д е  бІр  емес  пе?

Ш ешені  ж ұбатуға  ж ауап  берді:

—  Киноға  апарармын  бүгін  кешке... 

Телефон  безектеді.

—  Ақанбысың?

Б алам-ау,  ұмыттың  ба  атаңды  шын?

Кел  жы лдам,  б ізд ің   үйге,  Анарқұлмен 

Байтасты  алып  еске  атау  үшін.

Ол  кетті,  кетуге  шын  сылтау  тапқан, 

Солай  деп  ана  шіркін  ойға  батқан. 

Артынан  елең  етіп  қалды  қарап, 

Е ркежан  қара  көзі  ж аутаң  қаққан.

Ж етінш і  тарау

Ол  еркін  кіріп  еді  бұл  бөлмеге,

Аңырып  тұрып  қалды  әлденеге?

Ішінен  дулы  топтың  өткір  бір  көз, 

Есіктен  енген  бетте  қалды  тене.

Б ірақ  тез  қағылды  да  кірпіктері,

Ж алт  берді  көз  жанары  үркіп  тегі. 

Н аж ағай  ж арқ   еткенде  қараңғыда, 

Бүркіт  те  селк  етпей  ме  биіктегі,— 

Сондай-ақ  Ақан  кенет  абыржыды, 

Ж үректің  аударылып  ауыр  зілі.

Оңаша  болса  бір  сөз  айтар  еді,

Б өгеді  бұлқынысын  сабырлығы.

Отырды  орындыққа  ең  шеттегі,

Әсия  ж ан  әлегін  кәрсетпеді.

Ш егіндей  домбыраның  діріл  қақты,

Сөз  айтпай  білдірді  д е   тек  пейілді, 

Түйіліп  тамырлары  сыр  шерткелі,

Қүйды  Ы сқақ  қызыл,  мөлдір  портвейнді. 

Әкесі  ер  кеншінің  Анарқұл  қарт,

Еске  алды  өткен  сонау  өрттей  күнді, 

Айтты  ол  өмірінің  өткен  жырын,  —

243

Сұр  таста  маңдай  сорын  төккендігІн. 

Алысып  ағылшынның  үңгірінде,

Азабын  талай  боздақ   шеккен  бұрын.

—  Ж езқазған  ағылшынның  зынданы  да, 

Әлі  д е  аянышты  тұр  жаны мда.  —

Уа,  шіркін,  қаидай  еді  біздің   Байтас,

Іске  де,  тартысқа  да  тұлғалы  да.

Өр  мінез  қорлығына  бағынсын  ба? 

Қелетін  ылғи  қарсы  ағылшынға.

Кенеттен  забой  құлап  қаза  тапты, 

Ж етпеді  еркіндіктің  ағысына.

Тартыпты  Әсияжан  дәл  өзіне,

Ж анары  әкесінің  тұр  көзінде.  — 

Байқадым,  бәбегін де  көріп  едім, 

Шырылдап  ж етім   қалған  сол  кезінде. 

Оқыды,  өсті  шаттық  уақытында,

Өскен  ж оқ   әкесіндей  батып  мұңға. 

Арнадым  тілегім ді,  Әсияжан,

Алдағы  өміріңе,  бақытыңа.

Сол  үшін  сергі  кәне,  тост  ал,  шырақ!  — 

Қарт  сөзін  әрең  ғана  тосқан  шыдап,

Әсия  қағып  қалды  кірпіктерін,

К есеге  түсті  моншақ  ж а с  тамшылап.

Ақан  да  қарай  қалды:  мейрім  тілеп, 

Баяғы  қос  жанары  тұр  мелдіреп. 

Алмадай  қызыл  ж ү зі  ашаң  тартып, 

Көрінді  бұрынғыдан  сүйкімдірек.

Өткен  қыс  өзгерткен  бе  қыз  келбетін? 

Әлдекім  әдемілеп  сүйген  бетін?

Әлде  бұл  әдеті  ме  табиғаттың 

Қыз  өссе  сұлулықтан  сый  беретін?

Ақан  тез  көз  қиығын  бұрып  алды, 

Басында  басқа  бір  ой  буырқанды. 

Рюмкасын  еппен  изеп  Әсияға,

Жұтты  да  темен  қарап  тұрып  қалды...

244

*  #  &

Тұцғиық  қалдырса  да  сыр-тілекті,

С.ол  көру  қиялдарын  бұрып  өтті. 

Ақанныц  кеудесінде  содан  бері,

Ііеймаза  ой  шіркіндер  дұбірлетті. 

Құлшыиды  іске,  соны  ұмытқалы,

Вірақ  ол  от  қызуын  суытпады.

Көрінбей  ширатылды,  үзілмеген 

Ж үректіц  сол  баяғы  суыртпағы.

Сол  кеште  тартып  ойын  толқымады,

Тіл  қатпай  тосты  қалыц  сыр  туралы. 

Көз  тіккен  Әсияға  оқта-текте,

Өкпесін,  ©кінішіи  серпіп  әрі.

Сондай-ақ  бар  ма  қатқан  зіл д і  кегі?

От  еді  Әсияныц  назды  лебі.

«Айрылдыц  асыл  ж аннан  қайтіп  қана?» 

Д еп  кеше  Л ера  тағы  әзіл деді.

Ах,  Лера!  Д әй ім   өзі  мәз  кәцілді, 

Білмейді  бір  кеюді,  өзгеруді.

Өзініц  Петясына  сүйінішті,

Білмейді  сынық,  суық  сөзге  еруді. 

Достары  қайғырмаса  қуанышты,

Сылтау  қып  бүгін  міне  демалысты, 

Шақырып  Қарсақпайдан  Әсияны,

Үйінде  оцаш а  бір  сыр  алысты.

Осыны  біліп  Ақан  асығады,

Қалайша  ж ан  күйігін  жасырады?

Сол  үйге  ж енел  Ақан  ж ы лдамы рақ  — 

Қай  сабаз  махаббатқа  бас  ұрмады?

*  *  *

Қуә  қып  кәктіц  алтын  жұлды здарын, 

Өткізді  оцаш ада  түн  ұзағын.

Қалқалап  күншіл  айға  тал  үкісін,

Екеуі  тарқатып  тұр  сыр  дұзағын.

245

Егер  шын  ж алы ндаса  ынтызарьщ,

Құны  не  сүр  өкпенің,  құр  ызаның? 

Ж айды ң  бір  жаңылысын  жіпке  тізіп, 

Оралған  бақытыңды  туғызғаның! 

Дарыттым  өздерін е  өр  ойымды,

Қалайша  кінәлайын  геройымды?

Мін  емес,  екеуінің  ж үрегіне,

Сүюдің  тағдыры  бұл  тең  құйылды.

Қ өзіне  Әсияның  мелдіреген,

Ақан  да  айтып  назын  төнді  төмен.

—  Ақ  болсаң  Қараш тан  сен,  мен  өзің ді 

Сүйіскен  сол  алғашқы  күндей  көрем. 

М ұндайда  түйген  сырын  ж асыра  ма? 

Қүйігін  айтып  қалды  Әсия  да:

—  Қ алаған  ж ек ж ат  қызың  бар  деп  еді, 

Шынымен  сол  сүйгенің  қасыңда  ма?

—  Сендің  бе  Қараш тардың  есегіне,

Сенсіз  мен  түйінімді  шешемін  бе?

Қеремін  қарындастай  Еркежанды, 

Берілмей  м үддесіне  шешенің  де.

К інә  мен  күдіктердің  жауып  бәрін, 

Кірш іксіз  м ахаббатқа  шақырамын. 

Ж алғашы  ж үрегім е  ж үрегіңді, 

Жайнатшы  ж а с  шағымның  жапырағын.. 

Киіктей  ж аутаң даған  тау  ығында, 

Серігін  таппай  күздің  дауылында, 

Алқынған  Әсияны  сол  ыстық  сөз, 

Ақанның  тартты  ыстық  бауырына. 

Ө мірдің  қызық  жолы,  биік  арман,

Бақыт  қой  қиындықты  киіп  ж арған. 

Күш  қайда  қамалайтын  құштарыңды, 

Ескі  бір  күдік  үшін  ұйып  қалған?

Әсия  тербелді  д е  ж ан  тереңі

Ақанды  құшты  қатты,  —  айтар  еді: 

Күшті  деп  сонау  тұңғыш  сүйістен  де, 

Болса  тек  Алматының  бәйтерегі.

246

Осыны  көріп  Л ера  тасалана,

(Ұзатқан  өзі  еді  ғой  осы  араға.) 

К үлімдеп  кетті  кейін  тек  ай  ғана 

Екеуін  аңдып  төнген  қасақана...

Сегізінш і  тарау

Парткомға  кеңесуге  келді  бәрі, 

Жиынның  ауды  соған  ой-қүм^ры: 

Русаков  сөйлеп  жатыр  серпілдіріп, 

Ш егінен  сол  күндердің  жортып  әрі. 

Басталды  ер ісі  кең  үлы  жы лдар, 

Ж айнайтын  алдымызда  алтын  күн  бар. 

Еңбектің  аттанысын  бастап  алға,

Өріне  жаңалықтың  үмтылыңдар. 

Бесжылдық  күйін  шерткен  ер  көңілдер, 

Маршын  тыңдасын  тез  келер  күндер. 

Ж айнаған  Ж езқазғанны ң  ертеңіне, 

Ж үріңдер,  кереметін,  кел  керіңдер.

Алда  түр  қүм  төбелер,  кең  бүйраттар, 

'Гүр  ж аң а  мыс  заводтар,

комбинаттар. 

Кеңгірдің  алқабына  көл  мөлдіреп, 

Қүлпырған  гигант  қала,  гүлді  бақтар. 

Қөшедей  шахталардың  кең  ішінде, 

Ж үгірер  машиналар  кеңісінде.

Қозғалып  қүдіретті  тетік-қүрал,

Сай  болсын  келешектің  ж елісіне.

Ия,  солай  болмақ  бәрі  ертең  ғана, 

Ж айнайды  асылымен  еркін  дала.

Сызды  бүл  кенді  қырға  Компартия 

Қеремет  келешектің  керкін  ж аңа!

Бірақ  та  бүгінгінің  бүл  тынысы, 

Болмасын  әсте  бір  күн  іркілісі. 

Бастайық  соған  жоры қ  жауынгерш е, 

Ж ұмсалсын  кен  жүртының  бүкіл  күші!

247

Русаков  көз  ж ібер д і  жиылғанға,

Бәрі  де  отыр  екен  ұйып  алда.

Әсия,  Ақан,  Л ера,

Петялар  бар,

Қ адалған  қиялымен  қиырларға.

Әсия  сөз  тіледі:  мүмкін  болса,  —

(Д еп  ескі  әдетінш е,  комсомолша, 

Сөйлейді  көтеріліп,  —  болар  солай 

Көңілге  арман  қүсы  келіп  қонса...)

—  Ж езқазған  жарқырайтын  шүғыламыз, 

Кеңгірге  мыс  ордасын  тұрғызамыз. 

Қасынан  аңғар  қазып  айдын  кәлді, 

Ө зіміз  су  толқытып  туғызамыз! 

Сақталған  асы лдардай  адырдағы,

Соғады  жанымыздың  дәл  ырғағы,— 

Д еген де  бәрі  қостап  Әсияны,

Үндері  қияларда  дабы лдады .

*  *  *

Есіктен  енді  Қараш   қайқаң  етіп,

БәрІн  де  сұқ  көзімен  байқап  өтіп.

Сөйледі  Русаковқа  қарап  қана,

Өзінің  өкілдігін  айта  кетіп:

—  Не  шықты  берілгеннен  қүр  қиялға, 

Біреудің  сандырағы  идеал  ма?

Бөгеді  жаңаш ылдық  кен  ағысын,

Ақтаев  арандатты  бұл  зиянға.

Парторг,  сеніп  ж үр сіз  осы  кімге, 

Қөндігіп  Ақтаевтың  кесіріне.

Б ұзған  ол  сом  темірмен  тас  түйгішті, 

Ж ол  бар  ма  мүндай  жатты  өсіруге?  — 

Д еп   Қараш   тапал  бойы  құрыстана,

Сол  ескі  әдетінш е  тұр  сүстана.

Ақ  шашын  сипап  қойды  Русаков  тек, 

Қараш қа  қарап  ұзақ   тыныш  қана.

248

Ал  Қ араш   сөйлеп  тағы  екіленді,

Е ж елгі  пікіріне  бекіп  еиді:

«Ақан  тез  қуылсын!»  —  деп  Әсияға 

Қоқиып  құдды  қораз  секілденді.

Орнынан  тұрды  Ақан,  шыдамады,

Қөп  болды  өсек  ж ал а  шырмағалы.

—  Қалайш а  қалмай  ж үрсің  қыр  соңымнан, 

Уа,  Қараш ,  үрлеп  ескі  сұр  жаланы. 

Парторг,  айтыңызшы,  қастығым  ба?

Тіленіп  талпынғаным  тас  тұғырда.

Сол  кесек  темірге  д е  кім  айыпты 

Ө зіңіз  ж еттіңіз  ғой  растығына?

Бөгелді  ол,  Әсияға  қалды  қарап.

Ашумен  түйіліпті  қалың  қабақ,

Қараш қа  отын  шашып  жанарынан,

Әсия  отыр  екен  көзін  қадап.

Русаков  мұндай  сырды  байыптағыш, 

Бұрыннан  Қараш тардың  жайы  таныс:

—  Ж ігітім ,  қайдан  таптың  әдетті  бұл, 

Б іреуге  ж ал а  жапқыш,  айыптағыш. 

Танылар  адам  жанның  тереңінен,

Ісімен,  бейілімен,  өнерімен.

Әке  үшін  бала  ж ауап   бермес  болар,

Өз  орнын  таба  білсе  кең  өмірден. 

Ақанның  ақау  бар  ма  ж үрегінде?

Ж алын  бар  талабы нда,  ж ігеріиде.

Алуға  асылын  мол  ж ер  астының,

Сермеді  өнерін  де,  білгенін  де.

Ол  озық  —  еңбегімен,  шешімімеи,

Ө мірдің  мұндай  ж асқ а  есігі  кең.

Қ інәсіз  Ақан  оған,  темір  кесек 

Қетіпті  басқа  жанның  кесірінен.

Қ адірлі  Ақан  кенші  қауымында.

—  Н е  дей сіз  әкесінің  жаулығына, 

Қалайша  қадірлі  ол?  —  Автоматы 

Әпшейін  шимай  сызық,  даулы   бұл  д а .  —

249

Д еп   Қараш  көтерілді  қолын  нұсқап, 

Арыншыл  арқа-басы  тұр  құрыстап.

Әлі  д е  айтар  еді  —  бөлді  сәзін,

Есіктен  қағаз  ұстап  кірген  Ысқақ.

—•  Сүйінші,  Ақан,  міне  келді  хабар, 

Тамаша  жаңалыққа  бұл  барабар.

Москва  үлгің  үшін  шақырыпты,

Талабың  абыройын  енді  табар.  —

Бәрі  д е   кенет  төне  қалды  хатқа,

Москва  мән  беріпті  автоматқа.

Алдынан  ж ай  түскендей  Қараш  мең-зең...

—  Ж ігітім,  сөйле,  Ақан  —  ақ  па,  ж ат  па? 

Б іл дір ді  Петя  солай  қуанышын,

Тың  құрал  кен  жұртына  туған  үшін 

Ақанды  арқасынан  қақты  бәрі,

Таң  етіп  тапқырлықпен  тынған  ісін. 

Бәрінің  шаттық  ойнап  ж үздер ін де, 

Қ әрінді  Қараштың  тек  зіл   реңінде. 

Ж алт  берді  ол,  Әсия  тек  бір  түкірді, 

Қараштың  жылан  иірім  іздеріне... 

Қызарып  көктің  алтын  дөңгелегі, 

Аспанға  д әң   астынан  ерм еледі.

Қасында  Әсиясы,  ж ан   анасы,

Ұшуға  М оскваға  ол  келеді.

«П өбеда»  зымырады  кең  қырқада, 

Ж айнады   көкке  төсін  керіп  дала. 

Алдында  қоңыр  көлдей  қиыр  ж азы қ, 

Алыста  мөлтілдеген  Кеңгір  ғана.

Әлі  д е   ұшатын  ж ер  жатыр  қашық,

Қиян  қыр,  жазықтарын  адыр  басып, 

Балалап  ж атқандай-ақ  төбелері, 

Қүрылыс  қаз  тұрыпты  жапырласып. 

Адырлар  ақ  сағымға  жатты  дүзіп ,

Н е  керіп,  Ақан  содан  тапты  қызық? 

Гауһардай  жалтылдайды  кен  тастары, 

Ағылған  вагондарда  сап  тізіліп.

250

«Менің  д е   сол  тастарда  сыбағам  бар, 

ІІІыңдалды  шыңырауында  сынбаған  ар. 

Шіркін,  сол  автоматым  дәуірлесе,

Сүйсінсе  кенге  қолын  сыбанғандар!» 

Тербеліп  Ақан,

міне  машинада.

Қарайды  қасындағы  Әсияға.

Сонау  күн  сәулесіндей  көз  жанары,

Әсия  күлімдейді  қасын  қаға.

К өзінің  мөлдірІнен  мүң  айыға,

Өзгеше  сәулет  еңген  шырайына.

Салқын,  бос,  жалғы з  өткен  ж етім  жылдар, 

Ж ете  ме  махаббаттың  бір  айына? 

Сарғайып  қуанышын  кеп  іздеген,

Үлындай  үмітінен  ой  үзбеген 

Ана  мәз  екеуіне,  тек  жүбайы н,

Алыстан  қарауытқан,  ол  кәздеген.

Әлі  д е  ем ес  кәрі,  қырық  ж аста,

(Қырықта  кей  әйелдің  сыры  басқа)

Ж оқ,  ана  қимас  мәңгі  некелісін,

Басқаға  көңілі  мәңгі  бүрылмас  та. 

Асқардай  болса  биік  ар-намысың.

Ари  ма  асыл  жанның  арманы  үшін?

Қуып  бір  жеткен  шақта  мүратыңа 

Немене,  аз  күн  керген  арпалысың?

Қызық  қой,  наздану  д а,  қызғану  да, 

Ғашыктың  кән  отына,  ызғарына.

Теріскей  ж ел дей  соққан  сонау  бір  жыл, 

Оулие  махаббатты  бүзбады   ма?

Айрылып  талай  бейбақ  ж үбайы нан, 

Ағартып  алды  шашын  мүңаюдан.

Болса  да  аз  ғана  шақ  Әсияны,

Ақандай  боздағы нан  кім  айырған?

Талай  ж ар  ерін  күтіи  батты  мүңға, 

Ж үрегін  белеп  соның  ақтығына.

ІІе  дейм із  жары  ғайып  болса  ж аң а

251

Ж ар  құшқан  әйелдердің  шаттығына? 

Ж оқ,  Ақан,  бақыттысың  зайыбыңа, 

Ж оқ  та  ғой  Әсияиың  айыбы  да. 

Тұрлаулы  тағдырың  да,  сүйгенің  де,  — 

Өзгеше  құдірет  ж оқ  айыруға.

Д әуір дің   тынысына  дағдылымыз, 

Е ж елден  еркіндік  қой  бақ-жырымыз. 

Советтік  алтынды  заң   кітабында, 

Ж азылған  — айнымайтын  тағдырымыз. 

Емеспіз  өткендердей  уақыты  тар,

Кең  жолға  жолаушымыз  бақыты  бар. 

Достары м,  сендерге  мен  қосылайын, 

Арнасын  асқақ әннің  ағытыңдар. 

Алдымыз  алтын  басты  шыңдарға  тең, 

Кел,  Ақан,  шырқа  жырды  шығаңда  кең. 

Осынау  тура  жолды ң  асуында,  — 

Алдыңнан,  мүмкін,  күліп  шығар  әкең...

Д А Л А   КОМ ИССАРЫ  

Толғану

Ж айғанда  Алатауға  күн  қанатын,

Жыр  аңсап,  әдетім  бар  толғанатын. 

Басынан  қарлы  қүздың  қыран  көрсе, 

Солай  бір  саятшы  да  таң  қалатын. 

Көргенде  күм бездерді  мүз  құрсаулы, 

Осы  бір  көк  аршалы  қ үж -қ үж   тауды, 

Сүйсінем  шыңдарынан  жыр  үшқандай, 

Қанатын  сермегендей  гүл  атаулы. 

Айбынды  Алатауым,  аға  тауым,

Арқаңа  ақын  тіккен  ақ  отауын.

Есіме  түсті  сонау  ақ  басты  қарт, 

Ағытып  үмыт  қалған  жыр  матауын. 

Болса  да  сонда  сырқат  ауыр  күйде,

Бас  болып,  бауыр  басқан  ауыл  үйге. 

Отырды  ойға  батып  ата  Ж амбы л, 

ІІІерткізіп  әңгімесін  Әлібиге.

Салты  ж оқ  өз  даңқына  еліккенде 

Әсілі  тасымайтын  керіп  кеуде,— 

Әлекең  тербелді  бір,  жы рау  қарап, 

Отырдым  сол  сырына  еріп  мен  де. 

Түнектен  тебірентіп  өткен  күнін, 

Сөйлейді  қалай  ж апа  шеккендігін. 

Албырт  ж ас  қиял  қүсқа  мініп  бір  кез, 

Қиялға  кезіп  алыс  кеткендігін.

Жыр  болды  жорықтарын  өткен  бүрын, 

Ойына  Ленин  дана  теккен  нүрын. 

Қырандай  кек  дауы лда  түйілгенін, 

Көтеріп  азаттықтың  кекке  туын.

Атой  сап  Аманкелді  батыры  да,

Қырда  ж ау  ойран  болған  ақырында. 

Түнекті  туды  жарып  Республика,

Қызыл  гүл  жайнап  дала  тақырында.

2 5 3

Сол  күндер  елес  қағыи  алыстағы, 

Т ізілді  толқындай  көп  таныс  щағы. 

Өнеге  айтып  отыр  бүл  қауымға, 

Лениннің  ту  көтерген  комиссары.

Әлі  де  сол  бір  сурет  түр  есімде:

Ақ  орда  Алатаудьщ  іргесінде,

Ж ар  салды  Октябрьдің  өрені  сол, 

Отанға  шапқан  ж аум ен  күресуге. 

Қайран  ер  майдан  д есе  мәңгі  таймас, 

Сол  бір  шақ  ағарыпты  ақкудай  бас. 

Отырды  тарлан  боздай  елегізіп, 

Ж атқандай  дабыл  қағып  жақын  айқас.

—   Халқыңа  қадірлісің,  батыр  інім, 

Қалайш а  жаңғырмасын  атың  бүгін? 

Өзім  бір  жырлар  едім,  қарттық  ж еңді, 

Қайдасың  арыны  бар  ақын  үлым?— 

Д еп  солай  ата  жы рау  қалды  қарап, 

Түйілді  қауырсын  қас,  қалың  қабақ. 

Тап  маған  қадалғандай  қыран  көзі, 

Сол  жырын  қарияның  алдым  қалап. 

Сертімнен  содан  бері  айрылмастан, 

Мойныма  мінді  менің  қарыз  —  дастан. 

Қөз  жүмып  кетті  есіл  Әлекең  де,

Қарт  жы рау  жатыр  үнсіз  қабір  басқан. 

Окушым  кешігіппін,  кінәлімін,

Шын  тарих  шертілмесе,  кінә  бүгін. 

Қалайш а  толғамадық  қосыла  бір, 

Халықтың  тағдырына  куә  жырын?

Тек  езің   ашқандай  бақ дүниесін,

Уа  ,жігіт,  несіне  сен  шениесің?

Алысып  Әлібилер  еккен  баққа,

Бүл  күнде  алш аңдаған  сен  иесің.

Хақың  бар,  болса  қала,  мүра  тасын,

Соқ  соған  өшпес  белгі  мүнарасын! 

Қерейік  Ленин  нүсқап  түрған  жактан, 

Қомиссар,  Қызыл  тульі  қыр  баласын.

254

Ерлігін  мәрмәр  сөзбен  ақын  сызып, 

'Гарихшы  ш ежіресін  жатыр  тізіп, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет