8-775-233-72-57 136 Алкахад қарт сонша жаман кісі емес екен, ол ма-
ған ағынан жарылды: «Сен бір кезде әркім илеп, езе
беретін шикі сазбалшық болатынсың, енді сен най-
заның ұшы да сызат қалдыра алмайтын қола іспетті-
сің. Егер саған күміс немесе алтын керек болып жат-
са, менен кез келген уақытта келіп ала аласың».
Мені құрметтейтін ол ғана емес, көптеген адамдар
менімен емен-жарқын әңгімелесетін болды. Әйелім
маған қарағанда жанары шуақ шашады. Бұл өзіме
деген сенімімді арттыра түседі.
Бірақ мәселе менде емес, маған сәттілік әкелген
жоспарда ғой. Ол маған барлық қарыздан құтылу-
ға жол ашты, ал әмияныма сыңғырлаған алтын мен
күміс толтырды. Бұл жоспарды өмірден өзінің мол
сыбағасын алғысы келетін баршаға ұсынамын. Ол
бұрынғы құлға өз қарызын төлеуге мүмкіндік бе-
ріп, алтынға қолын жеткізсе, онда ол кез келгенге де
тәуелсіз болуға жәрдемдеседі. Алайда мен бұл жос-
парды бітірген жоқпын, өйткені оның мені бай адам-
дар санатына қосарына сенімдімін.
Ноттингем университеті
Ньюарк-он-Трент
Ноттингем
7 қараша, 1936 ж.,
британдық ғылыми экспедиция жетекшісі
профессор Франклин Колдвеллге,
Хиллдан, Месопотамия
Менің құрметті профессорым! Вавилон үйіндісін одан әрі қазу барысында Сіз осы қаланың бұрынғы тұрғыны Дабасир атты түйе