Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет23/164
Дата07.04.2022
өлшемі6,68 Mb.
#30165
түріМазмұндама
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   164
Байланысты:
2 5355048207715931999

8-775-909-01-77
33
бірден жинап алып, лақтырып тынсайшы», – дегім 
келсе, жоқ, олай айтпас та, істемес те едім. Егер ал-
дыма міндет қойсам, оны орындаймын. Сол себепті 
күрделі, орындалмайтын мақсатқа ұмтылмаймын.
Сонда екінші бір досы орнынан тұрып былай деді:
– Сенің айтқандарың рас және бәрі сондай жеңіл 
болса, неге айналаңда кедей-кепшік толып жүр?
– Адамдар еңбегін жұмсаса ғана байлық еселене тү-
седі, – деді Аркад. – Егер бай өзіне жаңа сарай салса, 
құрылыс үшін төленген барлық алтын жойылып кете 
ме? Жоқ. Қыш құюшы мен қалаушы да, суретші де 
өз үлестерін алады. Құрылыста еңбек еткен әр адам-
ның өз үлесі бар. Сарай пайдалануға берілгенде оның 
құны жұмсалған барлық қаржыдан артық болмай 
ма? Сондай-ақ сарай тұрғызылған жер мен оның ай-
наласындағы жер телімдерінің бағасы қымбаттамай 
ма? Байлық сиқырлы жолдармен еселенеді, ал бұл 
жолдар ешкімнің рұқсатын, келісімін қажет етпейді. 
Финикийліктер өздерінің ірі қалаларын сауда кеме-
лерімен теңіздің арғы жағынан әкелінген байлықтың 
есебінен құнарсыз жерге салып алды емес пе?
– Ал енді біздің де баюымыз үшін сен қандай ке-
ңес берер едің? – деп сұрады үшінші дос. – Жылдар 
жылжып, біз қартайып барамыз, күтуге уақыт жоқ.
– Альгамиштің даналығын пайдаланыңдар да, өз-
деріңе мынаны айтыңдар: «Мен тапқан барлық ақ-
шаның бір бөлігі өзіме тиесілі». Содан соң барлық 
табыстарыңның жұмсамауға болатын бір бөлігін жи-
нап, сақтауға тырысыңдар. Ол табыстың кемінде он-
нан бір бөлігі болсын. Бұл үшін қажетті барлық шы-
ғыстың есеп-қисабын жасаңдар. Бірақ алдымен өз 


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет