8-775-233-72-57 34 үлестеріңді былай бөліп қою керек. Көп ұзамай өзде-
рің ғана жарататын ақша жиналғанын көріп, бұның
соншалықты жағымды екенін сезінесіңдер. Алтын
көбейген сайын, жағымды сезім де арта түседі. Өмір
басқа қырынан танылады. Сендер көбірек қаржы та-
буға мүдделі боласыңдар, себебі үлестерің де өседі.
Содан соң ақшаны бос жатқызбай, жұмысқа жегу
керек. Оны өздеріңе құл етіңдер. Олар балалайтын
болсын, балалар да балалауға тиіс, айналып келген-
де, олардың барлығы қожайынның игілігіне қызмет
етеді.
Өз келешектеріңді қамтамасыз еткен жөн.
Қарияларға назар аударып, уақыт келгенде сендер
де сондай болатындарыңды ойлаңдар. Сондықтан
ақшаны бір іске жұмсағанда сақтық қажет, босқа
кетпесін. Ақшаны өсім үшін қарызға беру – тәуекел
тірлік, әлдеқайдан естілген құлақ жарар қатты ды-
быстың дұрыс жол көрсету орнына аңғал теңізшіні
жарға апарып соқтыруы да мүмкін.
Тапқаның таусылып, о дүниеге аттанғанда отба-
сыңның ештеңеге мұқтаж болмауын алдын ала ой-
ластырған дұрыс. Бұл үшін аздаған соманы тұрақты
түрде бөлек жинап отыру керек.
Жан-жақты хабардар адамдармен кеңескен жөн.
Кеңесті ақшамен күнделікті жұмыс істеп жүрген кі-
сілерден алу керек. Олар сендерді бір кезде қыш құю-
шы Азмурға ақшамды сеніп тапсырған қателігімнен
сақтасын. Нартәуекелден гөрі, ақшаны сенімді адам-
ға шамалы өсіммен берген әлдеқайда пайдалы.
Жер басып жүргенде өмірдің қызығына бөленің-
дер. Ақшаны тым көп жинауға ұмтылмаңдар. Егер