8-775-909-01-77 41 бақырларды тапқан едім. Демек, сенде де игілікке
жетудің мүмкіндігі бар.
Ендігіде ол әріректе отырған қызыл шырайлы кі-
сіге назар аударды.
– Сен айтшы, қалай нан тауып жүрсің?
– Қасапшымын, – деді ол. – Шаруалардан сатып
алған ешкілерді сойып, етті – отбасыларға, ал терісін
етікшілерге сатамын.
– Жұмыс істеп, ақша тауып жүр екенсің, демек,
мен сияқты жетістікке жетуге сенің де мүмкіндігің
бар.
Осылайша Аркад жиналғандардың күнкөрістері
туралы біліп алды. Шағын сауалнамадан соң әңгіме-
ні былай жалғады:
– Көрдіңдер ғой, шәкірттерім менің, ақша та-
батындай мамандық та, кәсіп те жетерлік. Қаржы
табудың әр тәсілі – біле білгенге алтын жылға, тек
оның ағысын әркім әмиянына қарай бұра алады.
Ақша ағыны әмиян арқылы өтеді. Оның қандай бол-
мағы өздеріңе байланысты. Осыған келісесіңдер ғой.
Бәрі бастарын шұлғыды.
– Егер сендер бақуатты адам болуға ұмтылсаңдар,
онда істі өздеріңе азды-көпті таныс байлық көзінен
бастағандарың дұрыс емес пе?
Олар тағы да келісе кетті.
Енді Аркад өзін жұмыртқа сатушы ретінде таныс-
тырған ұялшақтау кісіге назар аударды.
– Егер себетке ертеңгісін он жұмыртқа салып,
кешкісін тоғызын ғана алып отырсаң, не болар еді?
– Уақыт өте келе ол жұмыртқаға толар еді.
– Неге?