Талқылау
Концептіге
байланысты
ғалымдардың
зерттеу жұмыстарына шолу жүргіздік. Енді-
гі теориялық жайттарды негізге ала отырып,
«жалғыздық» концептісіне талдау жүргіземіз.
Жалғыздық, жоғалту, жеке адам мен қоғам
арасындағы түсініктің болмауы постмодер-
низм дәуіріндегі көптеген романдардың орта-
лық тақырыптары болып табылады.
Жер бетіне алғаш рет адам ая¬ғы тиген
уақыттан бастап жал¬ғыз¬дық ұғымы да ілесіп
келеді. Оның өлшемін еш¬кім бағамдап, ше-
гіне жеткен емес. Же¬тім¬дік пен жалғыз-
бастылық, дос-жарансыз өткен сәт пен қарт
адамның күйі, жалғыздық тақырыбымен
мазмұндас. Бірақ аталған дүниелер мәңгілік
емес, уақытша. Ал бір-екі күндік жал¬ғыз¬дық
адамзат жалғыздығының өлшеміне сый¬май-
ды, шегіне жетпейді.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде жалғы-
здық –жекелік, жалғызбастылық деп беріледі.
Жалғыздық көрді – жалғызбастылықтан жапа
шекті. Жалғыздан-жалғыз – жанында өзге еш-
кім жоқ, бір өзі ғана деп түсіндіреді [4, 257].
Ал, синонимдік сөздікте аталған сөз былайша
өрбиді: жалғыздық, жалқылық, даралылық.
Жалғыз қалғандық, жалқы болушылық. [5,
238]. Осы тұста, «жалғыздық концептісін» мы-
надай когнитивтік моделдер арқылы көрсете
аламыз. Олар: «жалғыздық – тыныштық (оты
өшу, құмары тарқау, қызығы тарқау, қаны суу,
көңілі суу); жалғыздық – ішкі азап (жабығу,
құлазу); жалғыздық – көңіл жайлауы (қызық
пен думанның қалмауы, ән мен сәннің жоға-
луы, құрдымға кетуі, құлазу, жалғызсырау);
жалғыздық – батырлық, ол жағымды, жағым-
сыз мағына береді (батырлық, азап, қорлық);
жалғыздық – қорлық (қорлық, жан азабы);
жалғыздық – өкініш, уайым (қайғы, шексіз
уайым, қу далада жылау)». Сонымен қатар,
жалғыздық концептісін сипаттайтын тезауру-
сы «жалғыз қалу, жақынсыз қалу, жанашыр-
сыз қалу, жалғыз жүру, өмірден жиіркену,
ай далада жаны қуу, жаны жалғызсырау, жан
тынышын іздеу, уайым алу, қу далада жылау»
сияқты тіркестердің семантикасы арқылы ай-
қындалып, «әлсіз, панасыз, байғұс» деген сөз-
дерімен қорытылады [6, 111].
Достарыңызбен бөлісу: |