Вестник евразийского национального университета имени Л. Н. Гумилева. Серия Филология bulletin of L. N. Gumilyov Eurasian National University


«Жалғыздық - кедейлік, әлсіздік» когни-



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата19.03.2023
өлшемі0,55 Mb.
#75472
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
«Жалғыздық - кедейлік, әлсіздік» когни- 
тивтік моделі.
 
Жазушы танымында жалғыздық әлсіздік- 
ті, кедейлікті танытады. «Жапандағы жалғыз 
үйді, Қарасайдың қара шаңырағын бульдо- 
зермен тік көтере сыпырып тастаған...»
 
...Қарасай аз уақыт үнсіз қалды. Талай жыл- 
дан бері Малжан ағашының баурындағы 
жапан түзде түтін түтеткен жалғыз үй
 
– атадан қалған ескі көз, көне жұрт еді. Қа- 
расай елу жылдай алысып жүріп, ақсүйек ата 
дәстүрінің қалпын бұзбай, ескі дастарқан ке- 
неуін кетірмей келіп еді. Бүгінде көне дәстүр 
көңге айналды, ескі дастарқан өрім-өрім бол- 
ды. Жапандағы жалғыз үйдің үйіндісі де жоқ» 
(С.Жүнісов «Жапандағы жалғыз үй»). Бұл – 
сансырап өгейлік күй кешкен ұлт қасіретінің 
тұспалды бейнесі еді.
Поэтикалық мәтіндегі «жалғыз үй», «көне 
жұрт» ұғымдары өзара ассоциациялық тізбек 
құрып, «көне жұрт» ескілікті, «жалғыз үй» 
дәрменсіздікті, танытады. Мұндағы «жалғыз 
және көне қазақ халқының концептуалдық та- 
нымында дүниенің жақсы және жаман бөлік- 
тері ретінде бағалауыштық өлшемге ие».
«Жалғыздық - өкініш, уайым» когни- 
тивтік моделі.
 
Жаратылыс заңдылығы ‒ туу, өлу. Тіліміз- 
дегі «бірге тумақ бар да, бірге өлмек жоқ» 
паремиологиялық бірлігі астарындағы ой 
адамның түбінде жалғыздық торынан құтыл- 
майтынын танытып, «қайғы» концептісімен 
астасатынын аңғартады. Өмірдегі тосын 
жағдайлар мен себептердің әсерінен, кенет- 
тен келген ажалдың салдарынан зор қайғы, 
өкініш туындайтыны белгілі.
Ақанның жалғыздығы ‒ тұрмыс-тіршілікте- 
гі жалғыздық емес, құлазыған рухани жалғыз-
дық. Ақынның ойсурет, фреймдік сценарий- 
лік танымында қарастырылған «жалғыздық» 
концептісінің мәтіндегі тілдік экспликациясы: 
оты өшу, құмары тарқау, қызығы тарқау, қаны 
суу, көңілі суу элементтері арқылы көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет