Вестник евразийского национального университета имени Л. Н. Гумилева. Серия Филология bulletin of L. N. Gumilyov Eurasian National University



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата19.03.2023
өлшемі0,55 Mb.
#75472
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
14 Rakymzhan

Зерттеу нәтижесі
 
 
Жалғыздық тақырыбы қазіргі филосо- 
фиялық және әлеуметтік әдебиетте шексіз. 
Жалғыздық ‒ «ХХ ғасырдың обасы» ‒ әр түрлі 
пәндер тұрғысынан қарауды қажет етеді. Ал- 
дымен, жалғыздық концептісінің теориялық 
тұжырымдамаларына арналған бірнеше фи- 
лософиялық еңбектерді қарастыра отырып, 
ондағы әр түрлі көзқарастардан, әртүрлі 
құбылыстардан осы құбылысты талдауға 
жақындауға болады. Мысалы, әйгілі экзи- 
стенциалист-философ Мартин Бубер амери- 
кандық әлеуметтану ғылымындағы жалғыз- 
дықтың интерпретациясын методологиялық 
тұрғыдан қалыптастыру септігін тигізді. 
Жалғыздық феноменімен айналыса отырып, 
ол өмірді түсінудің екі түрі – индивидуалдық 
және ұжымдық, адамның Құдаймен байланы- 
сы сияқты күрделі философиялық мәселеге 
назар аударады. Бубер ежелгі дәуірден бастап, 
еуропалық философияны талдай отырып, 
тұжырым жасауға тырысады. Біріншіден, өзін 
қабылдамауы ‒ индивидуалдық, яғни өзімен- 
өзі болу. Екіншіден, ‒ ұжымдастыру, адамның 
қоғамның ішінде көрінбей кетуі. Екі жағдай- 
да да жалғыздық жойылып кетпейді, тек бай- 
қалмай кетеді. М.Бубер индивидуализмді де, 
коллективизмді де жоққа шығарып, үшінші 
жолды ұсынады. Ол адамның ойын өзгерту-


Ғаламның концептуалдық-тілдік бейнесіндегі «жалғыздық» концептісі...
 
№ 3(140)/2022
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы. 
Филология 
сериясы 
ISSN: 2616-678Х, eISSN: 2663-1288 
162 
ді ұсынады. Яғни, Бубердің айтуынша, адам 
өзінің жалғыздығын тек түсіну арқылы жеңеді 
және шынайы қарым-қатынас тек шынайы 
адамдар арасында болады [7, 88-98].
Қазіргі авторлардың еңбектерін шартты 
түрде екі топқа бөлуге болады: сипаттама 
және бар тәсілдерді талдау және жалғыз- 
дықтың өзіндік үлгілерін ұсыну.
Даниел Перлман мен Летиция Энн Пепло
«Жалғыздық туралы теориялық көзқарастар» 
тақырыбында жалғыздыққа қатысты сегіз те- 
ориялық көзқарасқа салыстырмалы талдау 
жүргізді. Салыстырудың негізгі критерий- 
лері: жалғыздықтың оң немесе теріс сипаты, 
осы құбылыстың жеке немесе жағдаяттық се- 
бептері. Бұл критерийлер келесі теориялық 
бағыттармен салыстырылды: психодинамика- 
лық, феноменологиялық, экзистенциалистік, 
социологиялық, өзара әрекеттесуші, таным- 
дық, жеке, жүйелік-теориялық. Яғни, автор- 
лар когнитивтік көзқарасты ұстанады. Яғни, 
жалғыздық жеке тұлғаның екі фактор арасын- 
дағы сәйкессіздікті қабылдаған кезінде пайда 
болады деп болжайды [8, 160].
Батыстық қоғамтану кем дегенде бір ға- 
сыр бойы жалғыздық феноменін жан-жақты 
зерттеп келеді. Бұл әлеуметтік құбылыс та- 
рихи, мәдени тұрғыдан қарастыруды қажет 
етеді. Рухани сұхбаттасу барысында әйгілі 
американдық драматург Теннесси Уильямс 
мойындады: «We are all sentenced to solitary 
confinement inside our own skins, for life. All 
writing is an antisocial act, since the writer is a 
man who can speak freely only when alone; to be 
himself he must lock himself up, to communicate 
he must cut himself off from all communication; 
and in this there is something always a little 
mad». Бұл философиялық ұстаным белгілі бір 
дәрежеде қоғамда болып жатқан рухани про- 
цестерді айқын қабылдайтын қазіргі батыс зи- 
ялыларының ойымен сәйкес келеді.
Барлық зерттеушілер жалғыздықты адам- 
ның қоғамнан, 
отбасынан, тарихи шын- 
дықтан, үйлесімді табиғи ғаламнан оқшаула- 
ну тәжірибесімен байланысты деп түсіндіреді. 
Әдебиеттегі жалғыздық тақырыбы сонша- 
лықты кең, сондықтан ол ғасырлар бойы жиі
айтылып келе жатқан тақырып болды.
Поэтикалық 
мәтіндегі 
концептілік 
құрылымдардың көрінісі туралы зерттеген ға- 
лым А.Әмірбекова «жалғыздық» концептісіне 
тоқтала келе: «Жалғыздық ‒ бұл метафизика- 
лық концепт. Бақыт ұғымы секілді түсінілуі 
күңгірт ұғынылуы мен танылуы қиын ұғым»
– деген пікір білдіреді [9, 54].
Қандай шығармада болмасын, жазушы 
қоғамның рухани-адамгершілік мәселесіне 
қатысты өзінің авторлық ұстанымын ашық 
және айқын көрсетеді. Осы тұрғыдан алған- 
да, жазушы С.Жүнісовтің әңгімелері, басқа 
жазушылардың шығармалары сияқты, жоға- 
ры, тәрбиелік мәнге ие.
Тіл арқылы сақталған ұлттық танымның 
көрінісін, көркемдік танымның заңдылықта- 
рын ұлттық болмысымен ерекшеленетін 
нақты тілдік деректерді С.Жүнісов шығарма- 
лары тілінің негіздерін зерттеуден табуға бо- 
лады. Осы орайда, жазушы шығармаларын- 
дағы «жалғыздық» концептісіне тоқталсақ: 
дүниеден аулақтану, жапанды жалғыз кезу, 
оты өшу фреймдері арқылы танылады. Фи- 
лософиялық аспектісі тағдыр, жан бағу, өмір 
кешу, дүние фреймдерімен беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет