Вестник евразийского национального университета имени Л. Н. Гумилева. Серия Филология bulletin of L. N. Gumilyov Eurasian National University


«Жалғыздық - қорлық» когнитивтік мо-



Pdf көрінісі
бет8/12
Дата19.03.2023
өлшемі0,55 Mb.
#75472
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
14 Rakymzhan

«Жалғыздық - қорлық» когнитивтік мо- 
делі.
 
«Жалғыздық. 
Дарашылдық. 
Жапа-жалғыз 
қалу. Дүниеден, әлемнен бөліну. Өзінің жанын 
аластау» ғана емес, жалғыздық ‒ қорлық. Абай 
тілі сөздігінде: «жалғыздық көру ‒ кемшілік 
көру, опық жеу, жалғызсырау» [10, 58]. Бұл жол- 
дардан танылатын жалғыздық ‒ тұрмыс-тір- 
шіліктегі жалғыздық емес, құлазыған рухани 
жалғыздық. Жазушының ойсурет, фреймдік 
сценарийлік танымында қарастырылған
«жалғыздық» концептісінің мәтіндегі тілдік 
экспликациясы: оты өшу, қызығы тарқау, 
қаны суу, көңілі суу элементтері арқылы көрі- 
неді.
«Жалғыздық - тыныштық» когнитивтік 
моделі.
 
Жан күйінің тыныштық табуға ұмтылысы 
жалғыздыққа апарады. «Терең түкпірдегі ерен 
жан қозғалыстарының санамен бүркемеленуі. 
Бұл атаудың мағыналық бөлшектері үнсіздік, 
толғаныс, тұңғиыққа батқан ауырлық (ой), 
тылсым» [11, 97].
Поэтикалық мәтінде концепт бейнелі ре- 
презентацияда танылып, бүтіннің бөлшегі 
модельдерімен объективтенген.
Байқап отырсақ, жазушының мәңгілік 
әлеміндегі жалғыздық образы оның шығар- 
маларынан көрінеді. Жазушы кейіпкерлері 
шетінен сыршыл, мұңшылдау, нәзік жүрек 
иелері. Олар әлденеге алаңдаулы, шерлі. Се- 
бебі, мұның барлығы жазушының өз мұңы, өз 
сыры, халық трагедиясы...
Талдау көрсеткендей, жалғыздық ұғымы 
эмоционалды, әмбебап, реттеуші, негізгі кон- 
цептінің қасиеттеріне ие. Жалғыздық ұғымын 
коммуникативті-дискурсивті бірлік ретін- 
де зерттеу барысында концептінің әртүрлі 
дискурстардағы көріністері талданды. Оның 
мазмұны мен санадағы көрініс нысандары 
анықталды, өзектендірудің тілдік және ког- 
нитивті тетіктері анықталды. Концептінің әр 
деңгейінің дискурсивті белгілері және олар-


Ғаламның концептуалдық-тілдік бейнесіндегі «жалғыздық» концептісі...
 
№ 3(140)/2022
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы. 
Филология 
сериясы 
ISSN: 2616-678Х, eISSN: 2663-1288 
164 
ды санада ұсыну формалары (концептуалдық 
схема, пропозициялар, пресуппозициялар, 
образдар, қауымдастықтар, стереотиптер) 
тіркелді. Зерттеу перспективаларын біз дис- 
курстың басқа түрлеріндегі концептінің одан 
әрі зерттеуде, зерттеу материалын кеңейтуде, 
дискурсты және концептіні олардың өзара 
байланысын тереңдетуде көреміз. Сонымен 
қатар, жалғыздық ұғымын зерттеу семанти- 
калық мазмұны жағынан оған жақын, бірақ 
қамтылған құбылыстардың тар ауқымы бар 
ұғымдарды зерттеуге негіз бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет