Вестник Инновационного Евразийского университета. 2014. № 4 ISSN 1729-536X 109
Көріп тұрған көз асыл,
Суреттеген сөз – асыл,
Ұстап тұрған – қол алтын,
Іліп қойған – төр алтын [12, б. 237].
Тудың өзі егемендіктің белгісі. Сол себепті бұл жерде соншалықты тұспал бар деп айту қиын.
Ақын тек байрақ деп алмай, көк деп баса айтады.
Көк – аспан әлемін жайлайтын тәңірі екені бізге сонау
арғы атамыз түркілерден белгілі. Көк – әлі піспеген, жас дегенді білдіреді.
Көк – көнбіс, шыдамды,
көк –
қаһарлы, қайсар дегендерді де білдіреді [13, б. 70].
Қорыта келетін болсақ, азаттық жырларында бұғауда болған жылдарды ұлттық сипаттағы, әрі тура
мағынасын алғандағы шынымен байлау мағынасын білдіретін сөздермен беріледі.
Әдебиеттегі ұлттық
сипат – үзілмей келе жатқан дәстүр сабақтастығы. Бұл мәселені сипаттауда түрлі символдардың ұтымды
жұмсалуы азаттық жырларының көрінісі болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: