Вестник казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет2/35
Дата03.03.2017
өлшемі3,59 Mb.
#6132
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35

Зерттеушілік іскерлік 
Әдіснамалық 
Пәндік 
Әдіснамалық 
Практикалық сипаттағы 
Жалпы биологиялық 
теориялық 
Қолданбалы 
биологиялық 
1. Жұмыстың 
мақсатын, нысанын, 
пәнін, міндетін 
анықтау. 
2. Зерттеу 
проблемасын және 
болжамын рәсімдеу. 
3. Зерттеу жұмысының 
барысын жобалау және 
жоспарлау. 
4. Зерттеу нұсқаларын 
бағалап, тиімдісін 
таңдау. 
5. Жұмыс барысында 
теориялық сараптау 
және талдау әдісін 
пайдалану  
7. Себеп-салдар 
байланысын анықтау, 
қорытынды жасау. 
1. Жұмыс орнын 
ұйымдастыру. 
2. Жұмыс уақытын тиімді 
пайдалану. 
3. Қажетті материалдар мен 
құрал- жабдықтарды 
таңдау. 
4.Зертханалық құралдармен 
жұмыс.  
5. Компьютерден іздеу  
жұмысын жүргізу. 
6. Оқу, ғылыми көпшілікке 
арналған әдебиеттермен, 
анықтауыштарды 
пайдалана алу. 
7. Биологиялық 
материалдарды жинау және 
өңдеу. 
8. Зерттеу жұмысының 
нәтижелерін есеп, ғылыми 
мақала, жоба ретінде ұсыну. 
1.Биологиялық нысандарды 
зерттеу бойынша әрекетін 
жоспарлай алу; 
2.Биологиялық нысандарды 
зерттеудің негізгі әдістерін 
пай-далану (бақылау, 
сипаттау, биологиялық 
тәжірибе, болжау, үлгілеу)  
3. Алынған мәліметтерді 
өңдей алу мен зерттеу 
нәтижелерін түсіндіре алу. 
4. Биологиялық 
тапсырмаларды шешуде 
қазіргі заманғы 
ақпараттарды тиімді 
пайдалана алу іскерлігі. 
 5. Нақты биологиялық  
зерттеуге қажетті 
әдістемелерді дұрыс 
таңдау.  
1. Зерттеуді зертханада 
жалғастыру үшін 
алғашқы мате-
риалдарды жинақтай 
алу; 
 2.Жиналған 
материалдарға 
сипаттама және өңдеу 
жүргізе білу; 
3. Далалық және 
зертханалық жағдайда 
зерттеу жүргізе алу; 
4. Зерттеу препа-
раттарын дайындау 
5. Зерттеу нәтижелерін 
тіркеу 
6. Табиғи нысандарға 
бақылау жүргізе алу;  
7. Зерттеу алаңдарын 
жасау және т.б. 
 
Эксперименттік  әдістемені  жасау  үдерісінде  ең  бірінші,  зерттеу  жұмыстарын  оқу 
үдерісіне енгізу көмегімен қол жеткізуге болатын оның практикалық бағыттағы мазмұнына 
баса  назар  аударылды.  Алайда,  зерттелетін  теориялық  материал  көлемін  ұлғайтуды 
қарастырмаймыз.  «Өсімдіктер  физиологиясы»,  «Генетика»,  «Қолданбалы  биология 
топырақтану  негіздерімен»,  «Эволюциялық  ілім»,  «Биологияны  оқыту  әдістемесі»  пәндері 
бойынша  кешенді  далалық  оқу  тәжірибесі  барысында  оқытудың  практикалық  бағытын 
арттырып,  студенттердің  дәрісханада  және  дәрісханадан  тыс  алған  білімдерін  іс  жүзінде 
пайдалануларына  мүмкіндік  жасалады.  Биология  пәндері  бойынша  кешенді  далалық  оқу 
тәжірибесінің мазмұнын құрастыруда біз төмендегі ережелерге сүйендік: 
-
 
пәнаралық байланыстарды қолдану негізінде оқу мазмұнын интеграциялау; 
-
 
оқу пәнінің ішкі құрылымын сақтау мақсатында ғылыми ақпаратты жіктеу; 
-
 
ғылыми  ақпараттың  жүйелілігін  арттыру  және  жүйелі  қабылдау  мақсатында  пәннің 
логикалық құрылымын оңтайландыру; 
-
 
кәсіби педагогикалық бағытты нығайту [3]. 
Әрбір  тақырыпты  оқыту  кезінде  біз  үш  түрлі  тапсырмалар  қолдандық,  олардың 
әрқайсысы күрделіліктің белгілі бір дәрежесіне сәйкес келеді: 
-
 
күрделілігі І деңгейдегі тапсырмалар – репродуктивті, яғни қайталау
-
 
күрделілігі ІІ деңгейдегі тапсырмалар – продуктивті; 
-
 
күрделілігі  ІІІ  деңгейдегі  тапсырмалар  –  шығармашылық  сипаттағы  зерттеушілік 
тапсырмалар. 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 

 
Студенттердің зерттеушілік қызығушылықтарының дамуына ең алдымен, зерттеушілік 
және шығармашылық тапсырмалар әсер етеді. Тапсырмалардың бірнеше түрі пайдаланылды: 
репродуктивті,  продуктивті,  зерттеушілік  және  шығармашылық  сипаттағы  тапсырмалар. 
Аталған  типтің  тапсырмалары  әрекет  бағытын  көрсететін  түрлі  деңгейдегі  міндеттерді 
шешуді ұйғарады, бірақ әрекет тәсілдерін анықтамайды. 
Тапсырмалардың  мазмұны  стандарттан  тыс  жағдайларда  ойламаған  әрекеттерді 
пайдалануды  талап  етеді  және  сол  арқылы  әрекеттің  жаңа  бағытына  итермелейтін 
жағдайлардан тұрады. Аталған жағдайда қалыптасқан дағды шығармашылық сипатта болды 
[1]. 
Студенттердің  зерттеушілік  дағдыларын  қалыптастыруға  бағытталған  зерттеушілік 
әрекеттерді ұйымдастыру кезінде төмендегі жайттарды ескеру қажет: 
-
 
студенттердің зерттеу жұмыстары мақсатқа бағытталған сипатта болады;  
-
 
жұмысты  орындау  мақсаты  оқытушыға  ғана  емес,  оны  орындайтын,  оқу  үдерісіне 
белсенді қатысатын студентке де белгілі болуы тиіс; 
-
 
студентке өз білімін, шеберлігін, дағдысын толық пайдалануға, өз ұсыныстарының 
туындауына, өзінің көзқарасы тұрғысынан пікірін айтуға мүмкіндік берілуі тиіс; 
-
 
студенттерде  өзін-өзі  бақылау,  алдына  қойылған  тапсырманы  шешу  тәсілін  өз 
бетінше  таңдау,  осы  тапсырманың  шешімін  және  шешім  нәтижелерін  дұрыс  бағалай  алу 
дағдысы қалыптасуы керек; 
-
 
студенттің жұмысын бағалау қажет;  жұмысты орындауға кіріскен студентке өзінің 
қалай бағаланатыны, бағалау кезінде қандай өлшемдер есепке алынатыны жөнінде хабарлау 
қажет; 
-
 
студенттердің зерттеушілік жұмыстарын ынталандырып отыру қажет. 
-
 
Зерттеу  пәнін  және  оқыту  нәтижесін  анықтау  өлшемдерін  зерттеген  еңбектерді  
(Ю.К.Бабанский,  И.Г.Огородникова)  ескере  отыра,  біз  мынадай  қорытындыға  келдік, 
биологиялық  пәндер  бойынша  кешенді  далалық  оқу  тәжірибесінде  студенттердің  зерттеу 
іскерліктерінің қалыптасу деңгейін келесі өлшемдер арқылы нақтырақ бағалауға болады: 
-
 
студенттердің зерттеушілік әрекеттерге қарым-қатынасы; 
-
 
зерттеушілік әрекеттің теориялық негізін білуі;  
-
 
қолданбалы  биология  және  топырақтану  негіздері,  өсімдіктер  физиологиясы, 
генетика, биологияны оқыту әдістемесі және эволюциялық ілім негіздері бойынша далалық 
оқу тәжірибесі шеңберінде меңгеруі тиіс білімнің болуы (толықтылығы); 
-
 
зерттеушілік іскерліктерінің қалыптасу деңгейі (толықтылығы). 
Pерттеуде  біз  студенттерде  далалық  оқу  тәжірибесінде  зерттеушілік  әрекеттің  даму 
жағдайында  бір-бірінен  айырмашылығын  көрсететін  үш  деңгейді  шартты  түрде  айқындап 
бөлдік: төменгі деңгейде, орташа деңгей, жоғары деңгей.  
Теориялық  зерттеудің логикасына сәйкес  айқындау және үйрету эксперименті  кезінде 
жаратылыстану  мамандығы  бакалаврларының  биологиядан  кешенді  далалық  оқу  тәжірибе 
жұмысында  зерттеушілік  іскерліктерін  дамыту  әдістемесін  тексеру  мен  үйлестіру  міндеті 
іске асырылды [4]. 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР  
1. Гуленкова М.А., Красинкова А.А. Летняя полевая практика по ботанике.  – Москва: 
Просвещение. 1976. – С. 47. 
2.  Терехин  М.Н.  Связь  теории  и  практики  в  процессе  обучения  школьников.  –  М.: 
Педагогика, 1982. – 128 с. 
3
 
. «Кәсіптік практиканың» арнайы ережесі 5.03.005-2009 ҚР МЖМБС-мен бекітілген. 
4.  Полевые  практики  по  биологии  и  экологии:  учеб.-методич.  пособие  для  студентов 
фак-та экологии и биологии / М.А.Занина, С.В.Кабанина [и др.]. — Балашов: Николаев, 2008. 
– 84 с. 
 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 

 
Резюме 
Ануарова Л.Е., к.б.н., и.о. ассоциров. профессора 
Берик Н.Т., магистрант 
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет) 
Исследование комплексного учебно-полевого опыта по биологии 
В статье рассматриваетя разработка эффективной методики организации и проведения 
комплексной  учебной  полевой  практики  в  системе  подготовки  биологов  бакалавров. 
Современный  специалист  в  области  биологического  образования  должен  выступать  не 
только  транслятором  знаний  о  природе,  но  и  носителем  биологической  и  педагогической 
культуры.  
Студентам  необходимо  научиться  не  просто  воспроизводить  усвоенные  знания  и 
способы  действия,  а  уметь  самостоятельно  применять  их  в  новых  условиях,  осуществлять 
перенос усвоенного на решение новых учебных и практических задач, то есть быть готовым 
выполнять не воспроизводящую, а преобразующую деятельность.  
Ключевые  слова:  теория,  процесс,  дело,  реферат,  доклад,  презентация,  репродуктив, 
продуктив, бакалавр, технология и т.д. 
Summary 
Anuarova L.E., the candidate of biolgogical sciences ,professor 
Berіk N. T., undergraduate  
(Almaty c., Kazakh state women's teacher training university) 
Study of integrated training and the field experience on  biology 
The  article  discusses  the  development  of  effective  methods  of  organizing  and  conducting 
comprehensive  training  in  the  field  practice  in  the  training  of  undergraduate  on  biology.  Modern 
specialist in biological education should be not only the translator of their  knowledge , but also be 
the carrier of biological and pedagogical culture. 
Students need to learn not just to reproduce acquired knowledge and methods of action, but be 
able  independently  apply  them  in  the  new  circumstances,  to  make  transfers  assimilated  to  the 
decision of new educational and practical tasks. 
Keywords:  theory,  process,  business,  essay,  report,  presentation,  reproductive,  products, 
bachelor, technology, etc. 
 
 
 
ӘОЖ 582.951.4:581.165 
АПОРТ АЛМАСЫН КӨБЕЙТУ 
 
Қ.Е.Есмағұл, б.ғ.к., профессор 
А.Қ.Арыстан, магистрант 
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар 
 педагогикалық университеті) 
 
Аңдатпа: 2011 жылдың 12 мамырында Алматыда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 
қаланың  активімен  алқалы  жиын  өткізді.  Онда  шаһардың  бүгінгі  тыныс-тіршілігі  мен 
келешегі туралы келесі әңгіме қозғалды. Оңтүстік астанамызды дамытудың көптеген өзекті 
мәселелерімен  қатар  Елбасы  Алматы  апортын  жаңғырту  проблемасын  да  алға  қойды. 
Алматы  апорты  бір  кезде  еліміздің  мақтанышы,  жер  жәннаты  Жетісудың  төл  жемісі, 
оңтүстік астанамыздың символы болып еді [1]. 
Алматы  облысында  алма  бақтарының  құрып  кетуіне  байланысты  Президенттің 
тапсырмасы  бойынша  алма  бақтарын  қайтадан  қалпына  келтіру  жоспары  жасалды.  Ол 
жоспарға Білім және ғылым министрлігі тарапынан қаржы бөлініп, алманың Апорт сортын 
көбейту  қолға  алынды.  Ол  жұмыс  3-ғылыми  зерттеу  институтына  тапсырылған  болатын. 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
10 
 
Экономикалық  дағдарысқа  байланысты  қаржының  тек  қана  жартысы  берілді,  ал  жобаға 
университеттер  қатыстырылған  жоқ.  Осындай  олқылықтардың  орнын  толтыру  үшін  және 
бұл жұмысты жүргізуге біздің университетте қажет приборлар мен аппараттар бар.  
Түйін  сөздер:  Апорт,  микроклон,  Ламинар  –  бокс,  эксплант,  сулема,  қолтық  бүршік, 
қоректік орта т.б. 
Апорт  –  алманың  ірі,  әрі  құнды  түрі.  Салқындау,  бірақ  ұзақ  емес  қысы  бар,  ал  жазы 
жылы  немесе  ыстық  болатын  оңтүстіктің  орта  белдеуінде  кең  тараған.  Апорттың  қабығы 
тығыз,  сары  немесе  жасыл-сары,  қызыл-қоңыр  мөрімен  болады;  ішкі  жағы 
сусымалылығымен,  нәзік  дәмімен  ерекшеленеді.  Апорт  –  кеш  пісетін  түрге  жатады, 
қыркүйек айларында ғана пісіп жетіледі. Кеш піскендіктен қыста жақсы сақталады. Апорт – 
еліміздің мақтанышы, жер жәннаты Жетісудың жемісі. Бір кездері ол Алматының ең басты 
символы  болды.  Алматы  апортының  атағы  жер  жүзіне  жайылып,  халықаралық  көрмелерде 
70-жылдардың аяғына дейін бірінші орынды бермей келді.  
Апорт  –  тарихы  тым  тереңде  жатқан  алманың  түрі.  VII  ғасырда  өздерінің  керемет 
бақтарымен  атағы  шыққан  Сайрам  (күйреген  орны  –  Шымкент  түбінде),  Тараз,  Мерке, 
Талғар,  Алмалық  (Алматы),  Есік  қалалары  тарихта  қалған.  Өткен  ғасырдың  екінші 
жартысында  қоныс  аударып  келушілер  мұндағы  алма  ағаштары  орманының  қайталанбас 
сұлулығына қайран қалып, тәнті болған еді. Бұл өлкенің алмалы даңқын жаңғыртқан, мәдени 
бағбаншылықты қайтадан дамытқан Ресейден келген қоныс аударушылар болды [2]. 
1865  жылы  Воронеж  губерниясының  Егор  Редько  есімді  тұрғыны  ежелгі  Алмалық 
(қазіргі  Алматы)  қаласына  қоныс  аударғанда  өзімен  бірге  апорт  ағашының  көшеттерін  ала 
келеді. Сөйтіп «Егордың Алатаудың баурайына өз қолымен еккен бірнеше тал алмасы уақыт 
өте  келе,  дәлірек  айтқанда,  15  жылдан  соң  алып  апорт  бағына  айналды»  деген  пікірді 
қаланың  қарт  тұрғындары  жастарға  жыр  етіп  айтады.  Мұның  өзі  дәл  осы  аймақтың  апорт 
алмасын өсіруге ежелден өте қолайлы болғандығын нақты айқындай түседі. Мұнда алғашқы 
жылдардың  өзінде  салмағы  400  грамм,  дәмі  тіл  үйіретін  алманың  түрі  пайда  болды. 
Қарапайым  шаруа  Егор  апорттың  көшетін  сұрап  келген  тұрғындарға  оны  өсірудің 
технологиясын үйретеді. Осылайша, Алматы апортының бағы жанады [3]. 
Енді  «апорт»  мәдени  сорты  атауының  шыққан  тегіне  келсек,  әзірше  екі  жорамал 
қарастырылады.  Біріншісі  туралы  «Казахстанская  правда»  газетінің  09.06.2006  жылғы 
нөмірінде  Елена  Брусиловскаяның  келтірген  дәлелі  мынадай:  «Француздардың  болжамына 
сүйенген  қазақстандық  жазушы  Алексей  Брагин  бұл  алма  жемісінің  ағашы  сонау  ерте 
заманда  ежелгі  Рим  қаласының  бас  қақпасы  алдында  өсіп  тұрғанын  айтады.  «Апорт» 
аталатын  себебі  сондықтан  екен»  («a  porte»  француз  тілінен  аударғанда  «қақпа  алдында» 
деген ұғымды білдіреді). Мұның қаншалықты деректі ақиқат екені белгісіз. Екінші жорамал 
бойынша,  IХ  – ХI ғасырларда бүгінгі  Қазақстан аумағында оғыздар мемлекеті  өмір  сүрген. 
Әрі  Еуразия  аймағында  әскери,  саяси  салмағы  басым  рөл  атқарған.  ХI  жүзжылдықтың 
басында қыпшақтардың дамылсыз шабуылына төтеп бере алмай, кіші Азияға ығысқан. Және 
сол  жерден  Оттаман  империясын  құрған  (қазіргі  Түркия).  Туған  өлкелерімен  қимай 
қоштасқан  оғыздар  туған  жерді  сағынышпен  еске  алып  жүру  үшін  тәбәрік  ретінде  алма 
ағашының, оның ішінде тәжді апорт сортының тұқымын ала кетуі әбден мүмкін. Алайда, бұл 
екі  жорамалдың  да  ғылыми  дәйегі  болмағасын  нақты  деуге  келмейді.  Бірақ,  бір  айқын 
мәселе, ол – Оксфорд университетінің профессоры, доктор Барри Юнипердің ғылыми негізге 
сүйенген тұжырымы. Оның айтуынша, әлемдегі  барлық  2500 алма сортының түпкі тамыры 
Қазақстаннан  Қытайға  жалғасатын  Алатау  сілемдерінен  бастау  алады  екен.  Аса  мұқият 
зерттеу  нәтижесінде  сонша  алма  ағашының  ДНҚ  құрылымы  осы  біздегі  табиғи  жабайы 
алманың тұқымымен сәйкес шыққан. Алма жемісін дүниежүзіне әйгілі етіп таратуға да басты 
себепкер – Ұлы Жібек жолы. 
Алматы апортының даңқы бір кезде әлемге жайылды. Талай халықаралық көрмелерде 
Алтын  медальдармен  марапатталды.  Оның  тостағандай  көлеміне  (кейбіреуі  500-600  грамм 
тартатын),  көзді  топшасынан  сүріндіретін  түріне,  балдан  тәтті  ерекше  дәміне,  мұрын 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
11 
 
жаратын  ғажап  жұпар  иісіне  таңғалмаған  кім  бар  екен?!  Апорт  Алматының  абыройына 
айналған сорт [4]. 
Қазір  жұртты  тамсандырған  апорттан  айырылып  қалудың  аз-ақ  алдында  тұрмыз. 
Мұндай жағдайға тап болудың бірнеше себебі бар. Біріншісі, оны жүйесіз көбейту болды. 70-
жылдары сұрыптау деген ұмытылып, апорттың қалемшесі кез келген ағаштан алынып, теліне 
берді.  Оны  тұқымы  сапалы,  дәмі  мен  исі  сорт  қасиетіне  тән,  өнімі  көп,  жан-жақты 
тексерілген  арнайы  аналық  ағаштардан  алу  керек  еді.  Бірақ  осы  жағдайды  кезінде  ешкім 
ескеріп  жатпады.  Тұқым  даярлау  да  өз  дәрежесінде  жүргізілмеді,  оның  сапасы 
қадағаланбады.  Ал  бізде  қытайдың  ұсақ  алма  ағаштары  да  пайдаланып,  нәтижесінде  нағыз 
апортты жоғалтып алдық. Олар апортқа сәйкес келмейді, тіпті бір-бірін бөтенсиді [5]. 
БҰҰ жылдары Алматының айналасындағы алма бақтары 125 мың акр көлемінде болса, 
қазіргі күні ол аумақ 10 мың акрға дейін тартылып кеткен. Апорттың азу процесі жыл сайын 
өршуде.  Өсімдіктерді  қорғау  ғылыми-зерттеу  институты  директорының  орынбасары, 
биология ғылымдарының докторы, профессор Мағжан Исиннің келтіруі бойынша, апорттың 
жоғалуына ең басты себеп – оның табиғи ортасын деградацияға ұшыратқанымыз. 
Апорт  шіркіннің,  өсіп-өркендейтін  жері  –  теңіз  деңгейінен  950-1250  метр  биіктіктегі 
таулы  аймақтар.  Ал  дәл  қазір  ол  жерлерде  бақтар  оталып,  бай-манаптардың  зәулім  үйлері 
бой көтерді [6]. 
Мағжан  Иса  ағамыз  бірде  «апортқа  тек  жабайы  алма  ғана  телітуші  бола  алады,  бірақ 
оның ішінде де кейбір түрлері ғана. Ең жақсысы – Недзвецкий жабайы алмасы және Сиверс 
алмасының кейбір түрлері» деп көрсеткен болатын [7]. 
1970  жылдардың  мәліметіне  зер  салсақ,  Алматы  облысы  бойынша  3036346  түп  апорт 
ағашы қалған, яғни оның саны «бағы жанып» тұрған кездегіден екі есе кеміген.  
1990  жылдары  совхоз-колхоздардың  таратылуы  бұл  қасиетті  ағашқа  тағы  бір  үлкен 
соққы болып тиіп, саны тіпті құлдырап, кеміді [8]. 
Алматы  облысында  алма  бақтарының  құрып  кетуіне  байланысты  2009  жылы 
Президенттің  тапсырмасы  бойынша  алма  бақтарын  қайтадан  қалпына  келтіру  жоспары 
жасалды.  Ол  жоспарға  Білім  және  ғылым  министрлігі  тарапынан  қаржы  бөлініп,  алманың 
Апорт  сортын  көбейту  қолға  алынды.  Ол  жұмыс  3-ғылыми  зерттеу  институтына 
тапсырылған болатын. Экономикалық дағдарысқа байланысты қаржының тек қана жартысы 
берілді,  ал  белгісіз  себептермен  жобадан  университеттер  тыс  қалды.  Осындай 
олқылықтардың  орнын  толтыру  үшін  және  бұл  жұмысты  жүргізуге  біздің  университетте 
қажет  приборлар  мен  апараттар  бар.  Сондықтан  осы  тақырып  бойынша  жастардың 
қызығушылығын  арттыру үшін, апорт ағашын  көбейту мақсатында өсімдіктерді  микроклон 
әдісі арқылы көбейту жұмыстары жүргізілуде. 
Сонымен  қатар  бүгінгі  таңда  аталмыш  проблемада  айтарлықтай  оңды  нәтижелер  бар. 
Өсімдік қорғау институты мен Биология және биотехнология институты бірігіп жүргізілген 
зерттеулер  нәтижесінде  микроклондау  әдісімен  апорттың  «жаңа  өсімдігі»  пробиркада 
алынды. Өсімдіктер пробиркада тамырланғаннан кейін олар қолдан жасалған контейнерлерге 
көшірілді.  Қазір  олар  теплицада  адаптациядан  өтіп  жатыр.  Өсімдіктер  әбден  ширағаннан 
кейін  оларды  далаға  шығарып  кәдімгі  топыраққа  егіледі.  2011  жылдан  бастап  апортты 
жаңғырту  мәселесінің  ғылыми-зерттеу  жұмыстары  Қазақ  жеміс  және  жүзім  шаруашылығы 
институтымен  бірігіп  істеліп  жатыр.  Өткен  ғасырдың  ортасында  төрт  миллион  түп  апорт 
алма  ағашы  бар  Алматы  облысында  қазір  500  түптей  ғана  апорт  қалды.  Проблеманың 
қаражаттандырылуы  жеткілікті  болса,  Алматы  апортын  жаңғырту  жөніндегі  Елбасының 
тапсырмасын 4-5 жылда орындауға болады. 
Ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты: 
-
 
Алматы облысының бау-бақшаларында өсетін алманың Апорт сортын қоректік ортада 
микроклон әдісі арқылы көбейту. Ол үшін: 
-
 
аналық алма ағаштарын таңдап алу; 
-
 
жасанды қоректік орта дайындау; 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
12 
 
-
 
бастапқы эксплантты қоректік ортаға енгізу; 
  Зерттеу материалдары және әдістері; 
  Зерттеу нысаны ретінде. 
Алманың Апорт сорты алынды. Зертханалық жұмысты жасау үшін сорттың төбе және 
қолтық  бүршіктері  бөлініп  алынды,  ал  эксплантты  залалсыздандыру  Ламинар  бокста 
жүргізілді. Бірінші қажетті барлық материалдар, мақта тығындары, қоректік орталар, өсімдік 
материалдары, ыдыстар, инструменттерді және боксты залалсыздандырады [9]. 
Қоректік орталарда өсімдік ұлпаларда, жасушаларда микроорганизмдер жақсы дамиды 
да өсірілетін материалға қауіп туғызып жатады, сондықтан да мұқият залалсыздандыру өте 
қажет.  Ең  алдымен  залалсыздандыру  үшін  сабын  сумен  жақсылап  жуады,  дистильденген 
сумен  бірнеше  рет  шайылды,  одан  кейін  сулемада  1  минут  ұстап,  қайтадан  дистильденген 
суға салып шаю қажет [10], [11]. 
 
 
Сурет 1 – МС ортадағы Алманың қолтық бүршігі 
Зерттеу жұмысының нәтижелері: 
Апорттың ісінген төбе немесе қолтық бүршіктерін өсінділері Мурасиге – Скуг қоректік 
ортасына  пробиркаға  отырғызылды.  МС  ортасына  әртүрлі  витаминдер  мен  фитагормондар, 
макро-микроэлементтер,  көмірсулар,  аминқышқылдары  алынды.  МС  ортада  эксплантты  14 
күн  өсіргеннен  кейін,  қоректік  ортаға  объектінің  өсуін  және  органогенез  индукциясын 
реттеуде белсендірек болу үшін 0,1 мг/л бензилалинопурин (6 - БАП) қостық. 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР  
1. Сәдуақас Б. Ұлттық құндылықтар. Төре тұқымды Апорт алмасының тарихын білеміз 
бе? 07.01.2014, №3 (4877). – Б.8. 
2. Иса М. Апорт – Жетісудың байырғы жемісі. – Түркістан. 2005. 13 қазан. – Б. 8. 
3.  Молдахметұлы  Ж.  Алматы  Апортын  қайта  тірілтуге  кім  кедергі?  /  Айқын.  28.05. 
2009, №94 (1275). – Б.28. 
4. Иса М. Апорт қайдан шыққан? /Парасат. 2003. №5. – Б. 8.  
5. Ізбасаров Д. Апорт – теңдесі жоқ сорт./ Егемен Қазақстан. 2009,11 желтоқсан. 
6. Байділда Ж. Апорт – Алматыда ғана Апорт. /Алматы ақшамы. 2010. 10 сәуір. – Б. 26. 
7. Ораз Н. Жабайы алма. /Алматы Ақшамы. 24 желтоқсан, 2015. №157. – Б. 31.  
8. Иса М. Апорт қайда, күннің қызыл түсіндей? /Жетісу. 2006. 13 мамыр. – Б.2. 
9.  Ван-Ункан  Н.  Ю.  Регенерация  растений  колонновидных  слаборослых  генотипов 
яблони из эксплантов различного происхождения. – Мичуринск-наукоград РФ. 2014. – С. 81. 
10. Уәлиханова Г.Ж. Өсімдік биотехнологиясы. – Алматы: Дәуір. 2009. – 336 б. 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
13 
 
11.  Ережепов  Ә.Е.,  Мухамбетжанов  С.К.,  Уәлиханова  Г.Ж.  Өсімдік  ұлпаларын  өсіру 
және биотехнология бойынша зертханалық жұмыстар. – Алматы, 2011. – 79 б.  
 
Резюме 
Арыстан А.К., магистрант 
Есмагул К.Е., к.б.н., профессор 
(г.Алматы., Казахский государственный женский педагогический университет) 
Размножение яблок сорта апорт 
В  статье  рассматриваются  пути  восстановления  яблок  сорта  Апорт  традиционными  и 
биотехнологическими  методами.  На  сегодняшний  день  в  торговле  апорт  потерял  свою 
ценность,  потому  что  земли  где  выращивали  апорт,  стали  частными,  места  яблочных 
деревьев  заняли  другие  объекты  (дома,  здания  и  т.д.).  Когда-то  апорт  Алматы  были 
гордостью нашей страны, символом нашей Южной столицы.  
Ключевые слова: Апорт, микроклон, Ламинар бокс, эксплант, сулема, пазучные почки, 
питательная среда 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет