ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Внешняя политика Советского Союза. Сборник документов. –Т.ІІІ. – М.: Наука, 1947.
– С. 71.
2.
Документы и материалы по истории советско-польских отношений 1939-1943. – М.:
Наука, 1973.– С. 198.
3.
Sprawa polska w czasіe drugіej wojny swatowej na arenіe mіedzynorodowoj . Zbіor
dokumentow. – Warsawa, 1965. – S. 119.
4.
Dokumenty і materіaly do hіstorіі stosunkіw polsko-radzіeckіch. – T. YІІ-YІІІ. – Warsawa,
1973. – S. 179.
5.
Dokumenty і materіaly do hіstorіі stosunkіw polsko-radzіeckіch. – T. YІІ-YІІІ. – Warsawa,
1973. – S. 184.
6.
Slusarczyk J. Stosunkі polsko-radzіeckіe 1939-1945. – Warszawa, 1991. – S. 86.
7.
Майский И.М. Вспоминания советского посла. Война 1939-1943. – М.: Наука, 1965. –
338 с. – С. 51.
8.
Парсаданова В.С. О некоторых аспектах внешней политики польского правительства
в эмиграции в 1940-1941 гг. //Международные отношения и стран Центральной и Юго-
Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
186
Восточной Европы в период фашистской агрессии на Балканах и подготовки нападения на
СССР (сентябрь 1940-июнь 1941). – М., 1992. – С.125.
9.
Внешняя политика Советского Союза. Сборник документов. – Т.ІІІ. – М.: «Наука»,
1947. – С. 102.
10.
Парсаданова В.С. О некоторых аспектах внешней политики польского
правительства в эмиграции в 1940-1941 гг. //Международные отношения и стран
Центральной и Юго-Восточной Европы в период фашистской агрессии на Балканах и
подготовки нападения на СССР (сентябрь 1940-июнь 1941). – М., 1992. – С.125. .
11.
Zaron P. Armіa Polska w ZSRR, na Blіskіm Wschodzіe і Srodkowym Zochodzіe. –
Warszawa, 1981. – S. 107.
12.
Бұл да сонда, 107 б.
13.
Парсаданова В.С. О некоторых аспектах внешней политики польского
правительства в эмиграции в 1940-1941 гг. //Международные отношения и стран
Центральной и Юго-Восточной Европы в период фашистской агрессии на Балканах и
подготовки нападения на СССР (сентябрь 1940-июнь 1941). – М., 1992. – С.127.
14.
Семиряга М.И. Тайны сталинской дипломатии, 1939-1941. – М.: Высшая школа,
1992. – С. 192.
15.
Лебедева Н.С. Катын: преступление против человечества. – М.: Политздат, 1994. –
С. 174.
Резюме
Сманова А.М., к.и.н., доцент
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет)
Политика премьер-министра польского правительства генерала Сикорского в
Великобритании (1939-1943 гг.)
В этой статье расмотрена биография и трудовой путь видного деятеля Польши
В.Сикорского. Владислав Сикорский стал профессиональным военным в 1918 г. Во время
советско-польской войны 1920 г. командовал одной из польских армий, осуществившей
контрудар в районе Варшавы против Красной Армии. Надо полагать, что это запомнилось
руководителям обеих стран. 1939 г. 1 сентября, после нападения Гитлера на Польшу,
Сикорский добровольно вступил в армию, но не успел получить назначение: в течение
месяца Польша пала, а затем была разделена между Германией и СССР. Бежав во Францию,
Сикорский – опять-таки с одобрения французского правительства – стал командующим
польскими вооруженными силами и вскоре сформировал правительство в качестве премьер-
министра эмигрантского правительства, которое было де-юре признано союзниками. Летом
1940 г. в преддверии французской капитуляции польское правительство по приглашению
британских властей переехало в Лондон.
Ключевые слова: эмиграция, «Рижский договор», пролетариат, Речь-Посполитая,
коалиция, генерал-полковник.
Summаry
A.M.Smanova, PhD Associated Professor
(Kazakh State Women's Teacher Training University)
Policy of the prime minister of the polish government of general Sikorski in the uk
(1939-1943)
This article is devoted to the biography and career of the prominent figure in Poland
Wladyslaw Sikorski who became a professional soldier in 1918. During the Soviet-Polish war of
1920 he commanded one of the Polish Army, carried out the counter-attack in the center of Warsaw
against the Red Army .Must be assumed that it is remembered by the leaders of both countries.
1939 September 1 after Hitler's attack on Poland, Sikorski volunteered to join the army, but did not
get an appointment: for a month Poland fell, and then was divided between Germany and the USSR.
He fled to France, Sikorski - again with the approval of the French government – became the
commander of the Polish armed forces and soon formed a government as prime minister of
Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
187
emigrant government, which was de jure recognized by the Allies. In the summer of 1940, on the
eve of the French capitulation of the Polish government at the invitation of the British government
he moved to London.
Key words: emigration, «Treaty of Riga», the proletariat, Speech-Commonwealth, coalition,
Colonel-General.
ӘОЖ 342.7 (574)
ӘРКІМНІҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУҒА – ЖҰМЫС, КӘСІП ТҮРІН ЕРКІН
ТАҢДАУҒА ДЕГЕН КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ
ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕХАНИЗМДЕРІ: МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ МЕН ҚАДАҒАЛАУ
ҚЫЗМЕТІНІҢ СИПАТЫ
Г.М.Тлебаева, з.ғ.к., доцент,
Азаматтық және азаматтық іс жүргізу құқығы
кафедрасының меңгерушісі
М.Абай, магистрант
(Тараз қ., М.Х. Дулати атындағы ТарМУ)
Аңдатпа: Мақалада мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының әркімнің
жұмыспен қамтылуға деген конституциялық құқықтарының қамтамасыз етілу саласындағы
қызметі, сонымен қатар Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша әркімнің жұмыс пен
кәсіп түрін еркін таңдауына, жұмыссыздықтан қорғалуына деген құқықтары мен
бостандықтарының қамтамасыз етілу мәселелері қарастырылған.
Түйін сөздер: жұмыс, жұмыскер, мемлекеттік бақылау, сыбайлас жемқорлық, өтініш.
Қай салада болмасын мемлекет тарапынан барлық қоғамдық қатынастардың қатаң
бақылауда болу қажеттілігі дау тудырмайтындығы баршаға мәлім. Олардың қатарында
әркімнің жұмыссыздықтан қорғалуы тиіс. Қоғамның, мемлекеттің алдына қойылған міндет –
еліміздің экономикалық, инновациялық-индустриалдық қуаттылығын арттыра отырып
түйткілді әлеуметтік мәселелерді шешу, сәйкесінше, мемлекеттік басқару қызметін жетілдіру
болып табылады.
Eңбeк құқығының тұжырымдaмaсының aйқындaлу қaжeттілігінe бaйлaнысты бeлгілі
ғaлым E.Н.Нұрғaлиeвa кeлeсідeй өзінің пікірін білдірeді: «әрбір мeмлeкeттің эконoмикaлық
жaғдaйының өзгeруінe бaйлaнысты, қoғaмдық өмірдің бoлмысын eскeрe oтырып, eңбeкті
қoлдaну сaлaсындaғы қoғaмдық қaтынaстaрды нәтижeлі рeттeугe бaғыттaлғaн жaңa
тәсілдeрдің eнгізілуі әр кeзeңгe тән зaңдылық жaғдaят»
1, 16-бет
.
Әркімнің жұмыспен қамтылуға, кәсіп, жұмыс түрін еркін таңдауға деген құқығы кең
мағынада айқындалып, оның құқықтық аспектіде қамтамасыз етілу механизмдері дұрыс
бекітілуге тиіс. Заңнамалық тұрғыда берілетін ұғым не термин әркімнің қандайда бір
конституциялық құқығының дәл және дұрыс айқындалуына, қамтылуына бағытталуға тиіс.
Кoнституцияғa сәйкeс, мeмлeкeттің әлeумeттік-экoнoмикaлық бaғыттaғы мaқсaты мeн
міндeттeрін aйқындaуғa бaйлaнысты oсы бaғыттaғы мeмлeкeттік ұстaнымның мaңызын
aшудa белгілі ғалым З.Ж.Кeнжaлиeв кeлeсі өзінің тeoриялық oй-тoлғaмдaрын білдірeді:
«Кoнституция eліміздің нeгізгі зaңы рeтіндe мeмлeкeттің oрнын, мәнін, нeгізгі
ұстaнымдaрын, хaлықтың мәртeбeсін, мeмлeкeттік биліктің бірдeн-бір бaстaуы – хaлық
бoлып тaбылaтындығын білдірeтін, билікті жүзeгe aсырудың нeгізгі қaғидaттaрын,
рeспубликaдa қoлдaнылaтын құқық жүйeсін, сaяси жүйeні, қoғaм мeн мeмлeкeттің
экoнoмикaлық нeгізін aйқындaйды»
2, 76-бет
. Oсы мәтіндeгі пікірін жaлғaстырa oтырып
З.Ж.Кeнжaлиeв кeлeсідeй қoрытынды жaсaйды: «тaбиғaтпeн, aдaмзaт қoғaмымeн жәнe
мeмлeкeтпeн жaсaлғaн бaрлық құндылықтaрдың ішіндe нaқ aдaм, oның өмірі, құқықтaры мeн
Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
188
бoстaндықтaры eң қымбaт қaзынa бoлып aйқындaлaды. Бұдaн oның бaсымдылық түрдe
қoрғaлу қaжeттілігі туындaйды жәнe oл мeмлeкeттің eң бірінші пaрызы бoлып тaбылaды»
2,77-бет
.
Конституцияның 24-бабының 1-тармағына сәйкес, әркiмнiң еңбек ету бостандығына,
қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауына құқығы бар. Осы мәтіндегі әркімнің құқығы
келесідей белгілерімен сипатталады: еңбек ету жасында болуы, денсаулық жағдайының
жарамды болуы; жұмыспен қамтылуға ниет білдіруі; қалауы бойынша мамандығына,
кәсібіне сай келетін жұмыс орнының болуы және негізсіз жұмыспен қамтылуға деген
құқығының шектелуіне жол берілмейтін құқықтық механизмдердің бекітілуімен
айқындалуға тиіс.
Нaрықтық қaтынaстaрдың дaму үдeрісін eскeріп, eңбeк құқығының жaңa бaғыттaғы
ұстaнымдaрын aйқындaумeн бaйлaнысты бeлгілі ғaлым E.Н.Нұрғaлиeвa кeлeсідeй өзінің
пікірін білдірeді: «eңбeк құқығының дaму үдeрісіндeгі бaйқaлaтын құбылыс бұрынғы
«сoциaлистік eңбeкті ұйымдaстыру» жүйeсінің бүгінгі eңбeк сaлaсынa тoлық
қoлдaнылуының мүмкін бoлмaуындa. Кeңeстік дәуірдегі eңбeк құқығының кeйбір
қaғидaттaры бүгіндe қoлдaнылaды, aл бaсқaлaры жaңa мaзмұндa, экoнoмикaлық тұрғыдa
дaмығaн eлдeрдің тәжірибeсі, зaңнaмaлық бoлмысы eскeрілe oтырып жaңa ұстaнымдaр
рeтіндe aйқындaлудa oлaрдың қaтaрындa қызмeткeрлeрдің өмірін, дeнсaулығын сaқтaу жәнe
oлaрдың eңбeк жaғдайының үнeмі жaқсaртылуы»
1, 24-бет
.
Мемлекет деңгейінде қабылданатын әрбір шешім дер кезінде іске асырылуға, сол
шешімдер негізінде айқындалатын іс-шаралардың қатаң бақылауда болуы – түпкілікті
қажеттілік
болып
табылады.
Елбасы,
Қазақстан
Республикасының
Президенті
Н.Ә.Назарбаевпен бекітілген 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050»
Стратегиясында – қазақстандықтардың өмір деңгейінің сапасын түпкілікті көтеру, адам
капиталын дамыту, заңның үстемдігін қамтамасыз ету міндеті ауқымды алғышарт болып
айқындалды
3
.
Жaн-жaқты жүргізілгeн ғылыми зeрттeу жұмыстaры нeгізіндe бeлгілі ғaлым
Г.С.Сaпaргaлиeв кeлeсідeй тұжырым жaсaды: «Қaзaқстaн Рeспубликaсы Кoнституциясының
қaғидaттaрын, идeялaрын жәнe нoрмaлaрын тaлдaу нәтижeсіндe, кoнституцияның,
мeмлeкeтіміздe aзaмaттық қoғaмның oрнығуынa бaйлaнысты құқықтық кeңістіктің
қaлыптaсуын, aдaмның жәнe aзaмaттың құқықтaры мeн бoстaндықтaрының жүзeгe
aсырылуын, құқықтың үстeмділігінің бeкітілуін, бaрлық мeмлeкeттік биліктің тaрaмдaрының
кeлісімді қызмeт aтқaруын қaмтaмaсыз eту мaқсaтындa aзамaттaрдың, мeмлeкeттік
oргaндaрдың, лaуaзымды тұлғaлaрдың сaяси жәнe құқықтық жaуaпкeршіліктeрін
aйқындaуды қaмтaмaсыз eтeтіндігін aнықтaймыз»
4, 14-бет
.
Қоғамдық қатынастарды сапалы реттеу мәселесіне қатысты заңнаманың үстемдігін
қамтамасыз ету міндеті барлық уәкілетті мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарына,
ұйым басшыларына, лауазымды тұлғаларға жүктелген. Бүгінгі таңда Қазақстан
Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік
бақылау және қадағалау туралы» Заңының күші жойылып, жалпылық мемлекеттік бақылау
және қадағалау туралы ережелер Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы №
375-V Кәсіпкерлік кодексіне енгізілді
5
. Құқық бұзушылықтың алдын алудың
басымдығына үстемдік беру қағидаты құқықтық қағидат – құқық нормасы болып, осы
Кодексте бекітілді.
Мәселен, әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөнінде прокурорлық қадағалау
қызметінің сапалық талаптарына сәйкес болуы, жан-жақтылық зерттеу және бұзылған (не
бұзылуға қаупі бар) құқықтарды толық көлемде бұрынғы қалпына келтіру міндеті барлық
деңгейдегі прокурорлардың міндеті болып табылады – тексеру жұмысы тексеру өндірісі
жөніндегі қаулы негізінде жүргізіледі. Келіп түскен өтініш (арыз, шағым, сұрау,
хабарландыру) жан-жақты зерттелуге, сол қаралатын (тексерілетін) өтініштің пәнін
құрайтын мәселе бойынша барлық мән-жағдайлар толық айқындалуға тиіс. Мысалы,
Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
189
бұзылған құқықты қалпына келтіру жөніндегі өтінішті қарауда сол құқықты қалпына келтіру
ғана емес, сонымен қатар келтірілген зиянды өндіру, кінәлі тұлғаны жауапкершілікке тарту,
кейін ала сондай құқықбұзушылықтың орын бермеуі жөніндегі талаптар прокурорлық актіде
көрсетілуге тиіс. Прокурорлық тексеру жұмыстары үш түрге бөлінеді: 1) бастамашылдық; 2)
заңды тұлғалармен қатар жеке тұлғалардың өтініштері негізінде; 3) Бас прокурордың
тапсырмалары бойынша.
Еңбек қатынастарында жұмыс берушімен заңнаманы дұрыс қолдану қызметіне қатысты
декларация жүргізу туралы ережелер, мемлекеттік еңбек инспекциясының құқықтары мен
міндеттері Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Еңбек
кодексінің 191-200 баптарында айқындалған (бұдан әрі – ҚР ЕК)
6
.
Бүгінгі таңда Кәсіпкерлік кодекстің 153-бабына сәйкес, тексеру жүргiзу нәтижесiнде,
тексерiлетiн субъектiнiң заңнамамен белгiленген талаптарды бұзу фактiсi анықталған болса,
бақылау және қадағалау органының лауазымды тұлғасы, заңнамада көзделген өкiлеттiгі
шегiнде, анықталған заң бұзушылықтарды жою, олардың алдын алу, адамдардың өмiрiне,
денсаулығына және қоршаған ортаға, жеке тұлғалармен қатар заңды тұлғалардың заңды
мүдделерiне ықтимал зиян келтiрудi болғызбау жөнiндегі шараларды іске асыруға, сондай-ақ
заң бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғаларды заңнамамен белгiленген тәртіпте
жауаптылыққа тарту жөнiндегі шараларды қолдануға мiндеттi.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы және Елбасы, Н.Назарбаевтың бес институционалдық
реформасын жүзеге асырудың 100 қадамы – Ұлт жоспары шеңберінде
7
59 заңнамалық
актілер қабылданып, басқа нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар
енгізілді.
Ұлт жоспарына сәйкес келесідей атқарылатын іс-шаралардың шеңбері айқындалды:
мемлекеттік қызмет жүйесін меритократия қағидаты негізінде құру; әрбір орган мен
лауазымды тұлғаның қызметі мен өкілеттілігін бөлу және нақты айқындау; сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты орнықтыру;
мемлекеттік қызмет көрсету саласын дамыту; мемлекеттік аппарат жұмысын
ақпараттандыру; сыбайлас жемқорлық көріністерін жою мақсатында шенеуніктердің
азаматтармен тікелей байланыста болуына шек қою; халықтың құқықтық сауаттылығы мен
әлеуметтік жауапкершілігін көтеру.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан
Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы
туралы» Жарлығына сәйкес
8
, сыбайлас жемқорлықпен байланысты көріністерге жол
бермеу туралы заңнамалық актілер болып Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18
қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы
9
және
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан
Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы
10
айқындалған.
Ұлт жоспарының 13-қадамында жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және жаңа
заңнаманы әзірлей отырып, Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Агенттігінің
құрылымында
сыбайлас
жемқорлықтың
көріністері
бар
құқық
бұзушылықтардың алдын алу үшін арнайы бөлім құру міндеті қойылған болатын. Осы
мақсатта, барлық мемлекеттік органдардың, мемлекеттің қатысуымен құрылған заңды
тұлғалардың қызметін үйлестіру, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №
410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын іске асыру үшін арнайы
өкілетті орган – Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлігі, оның құрамында
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы құрылды.
Ұлт жоспарының 10-қадамында мемлекеттік қызметшілерді мансаптық жоғарылату
үшін конкурстық негізге көшу, «Б» корпусының жоғары лауазымдарға ауысуы төменгі
лауазымдағы
мемлекеттік
қызметшілер
қатарынан
конкурстық
негізде
іске
асырылатындығы, соған байланысты жоғары лауазымға ауыстыруда меритократия
қағидатының қолданылатындығы айқындалған.
Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
190
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қылмыстық жолмен келген мүліктерді тәркілеу,
мемлекеттік лауазымға тағайындалатын азаматтарға шектеу қою, сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күресті жүргізетін басшылардың арнайы жауапкершілігін күшейту туралы
нормалармен толықтырылды. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес туралы» Заңында «Мүдделер қақтығысы» мәтініндегі түсінік алғаш рет берілді. Бұл
ретте, жауапкершілікті күшейтумен қатар, мемлекеттік және азаматтық қызметшілерге
таралатын әлеуметтік кепілдіктерді күшейту, олардың мәртебесін көтеру мәселесі күн
тәртібінде тұрған өзекті мәселе болып табылады.
«Қазақстан - 2050» Стратегиясы шеңберінде мемлекеттік органдар мен лауазымды
тұлғалардың, барлық заңды тұлғалар басшыларының мақсаты – еңбек қатынастарында
мүдделердің шиеленісуін, шиеленісу деректерінің қасақана өрлеуін болдырмау, еңбек
заңнамасы нормаларын дұрыс қолдану қызметіне бақылау және қадағалау жүргізуді күшейту
болып табылады. Аталмыш Стратегия шеңберінде, барлық мемлекеттік органдармен
жұмыскерлерге төленбеген жалақыны өндіру, ұжымдық шарттардың талаптарының
орындалуын бақылау, еңбек дауларын сотқа дейін шешу жүйесін енгізу жұмыстары
жүргізілуде.
«Қазақстан - 2050» Стратегиясының үшінші бөлімінде – жаңа экономикалық саясаттың
бағытын анықтау мәселесіне қатысты бүгінгі көзқарастарды өзгерту, соған байланысты жаңа
бағыттар бойынша жүзеге асырылатын қызмет түрлері айқындалған. Біріншіден,
экономикалық және басқару жөніндегі шешімдерді түгелдей экономикалық мақсаттылық
және ұзақ мерзімді мүдделер тұрғысында қабылдау. Екіншіден, Қазақстан толыққанды
бизнес-серіктестік ретінде қатыса алатын жаңа нарықтық тауарларды айқындау,
экономикалық дамудың жаңа тіректерін құру. Үшіншіден, экономикалық әлеуетті арттыру
мақсатында қолайлы инвестициялық ахуал құру. Төртіншіден, экономиканың тиімді жеке
секторын құру және мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту: экспортты мемлекеттік
ынталандыру, шағын және орта бизнестің дамуы үшін қолайлы жағдай жасау.
Аталмыш Стратегия қабылданғанға дейінгі бекітілген мемлекеттік бағдарламаларға
сәйкес, мемлекеттің даму жолындағы міндеттердің кейбір бағыттары Қазақстан
Республикасы Президентінің «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек
Қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында айқындалған болатын. Осы мақалада
айқындалған стратегиялық бағыттарды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2012 жылғы 23 шілдедегі № 961 «Мемлекет басшысының «Қазақстанды
әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты
мақаласында берілген тапсырмаларды іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қаулысы
11
,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының 2012 жылғы 24 шілдедегі № 3
«Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 10 шілдеде
республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған «Қазақстанның әлеуметтік
жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам» атты мақаласын түсіндіру
және ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Өкімі
қабылданды
12
.
Соңғы жылда қабылданған барлық заңнамалық актілер еңбек қатынастарын сапалы
реттеу, халықты жұмыспен қамту, жұмыссыздықтың деңгейін бәсеңдету және еңбек
дауларының туындауына негіз болатын жағдаяттардың ұйым деңгейінде шешілуін
қамтамасыз етуге бағытталған.
Еңбек кодексінің нормалары барлық жұмыскерлерге, олардың қатарында – азаматтық
және мемлекеттік қызметшілерге тікелей таралады. ҚР ЕК-нің 8-бабының 3-тармақшасына
сәйкес, жұмыскерлердің жекелеген санаттарының еңбегін құқықтық реттеудің ерекшеліктері
осы Кодекпен және өзге де заңдармен айқындалады. Егерде мемлекеттік қызметшілердің
қатысымен туындайтын қандай да бір қатынастар мемлекеттік қызмет туралы заңнамалық
актілермен тікелей реттелмесе, сол қатынастар ҚР ЕК-мен реттелуге тиіс.
Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
191
Конституциямен айқындалған әркімнің жұмыспен қамтылуы және әлеуметтік
қамсыздандыру саласындағы құқықтары мен бостандықтары әлеуметтік-экономикалық
тұрғыдағы құқықтары мен бостандықтары болып танылады. Жалпы, құқықтар мен
міндеттердің бірлігі әрбір құқық саласына тән қатынастардың мазмұнын құрайды.
Конституцияда бекітілген нормаларды талдай отырып, «Адам және азамат» бөлімінде
айқындалған құқықтар мен міндеттердің азаматтық, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және
саяси сипатта жіктелетіндігі, соған сәйкес, әркімнің жұмыс пен кәсіп түрін еркін таңдауына,
жұмыссыздықтан қорғалуына, қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек жағдайымен
қамтамасыз етілуіне деген құқығының әлеуметтік-экономикалық сипатта танылатындығы
айқындалған. Конституциямен айқындалған негізгі құндылық – адамның және азаматтың
өмірі, құқықтары мен бостандықтары екендігі Конституцияның 1-бабында бекітілген
13
.
Әркімнің, сонымен қатар, уәкілетті мемлекеттік органдардың құқықтары мен міндеттерінің
өзара байланыстылығы Конституцияның 12-бабының 1-тармағына және басқа да баптарына
сәйкес айқындалатындығын атап өтуіміз қажет.
Қай салада болмасын қандай да бір құқықтық қатынасқа түсу, не туындаған
келіспеушіліктерді, дауларды шешу белгіленген тәртіпте өтінішті беру, оны тіркеу, сол
өтінішке қатысты шешім қабылдау тәртібінде іске асырылады.
Азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында, сонымен
қатар еңбек тәртібін күшейту, бекіту, еңбекті жоспарлау мен ұйымдастыру мәселесіне
қатысты қабылданатын шешімдер белгіленген тәртіпте берілетін, енгізілетін өтініштерді
қарау негізінде іске асырылады. Мысалы – құрылым бөлімше басшысының
бастамашылдығымен енгізілетін ұсыныс не баяндамалық жазба ұйым басшысымен қаралып,
сол ұсыныс не баяндамалық жазба негізінде қандайда бір шешім қабылданады. Өтініштер
негізінде адамның құқықтары және бостандықтарын қамтамасыз ету, әрекет пен қызметтің
үйлесімділігін анықтау, қарама-қайшылықтар мен шиеленістердің алдын алу жүзеге
асырылады. Өтініштерді қарау тәртібі туралы заңнама нормалары мемлекеттік қызмет және
экономиканың барлық салаларына тең жағдайда таралады.
Пeтиция – лaтын тілінeн aудaрғaндa (petitto) уәкілeтті oргaндaрғa жaзбaшa түрдe
бeрілeтін ұжымдық өтініш рeтіндe aйқындaлған. Oсы ұғымның (тeрминнің) мaзмұнын,
сипaтын aнықтaудa нeгізгe aлынaтын негізгі бeлгі – әркімнің өз құқығы шeңбeріндe, өзінің
жігeрлі әрeкeтімeн, өзінe тиeсілі өтініш жoлдaу құқығын жүзeгe aсыру мүмкіндігі рeтіндe
aйқындaлуындa. Хaлықaрaлық стaндaрттaрғa сaй өтініш жoлдaу құқығымeн, жeкe
тұлғaлaрмeн қaтaр, жeкe тұлғaлaрдың өкілдік oргaны (өкілі) тeң жaғдaйдa иeмдeнeді. Яғни,
өтінішті бeру – aдaмның жігeрлі әрeкeті жәнe aдaмның құқығын қaмтaмaсыз eтудің бірдeн-
бір тәсілі рeтіндe тaнылaды. Д.Сoн oсы мәсeлeгe бaйлaнысты өзінің кeлeсідeй пікірін
білдірeді: «Көп жaғдaйдa лaуaзымды тұлғaлaрдың зaңғa қaйшы әрeкeткe бaруы, сoнымeн
қaтaр, өрeскeл зaңды бұзуынa сeбeп бoлaтын жaғдaй – хaлықтың жігeрлігінің, құқықтық
сaуaттылығының төмeн бoлуымeн бaйлaнысты» деп өзінің пікірін білдірген
14, 33-бет
.
Өтініштерді қараудың құқықтық рәсімін, шегін анықтау – құқықтық қатынас
субъектілерінің арасындағы байланысты нығайтуда, құқықбұзушылықтың алдын алуда
маңызды орын алады және жұмыскерлердің, қызметшілердің қоғамдық қатынастарға
белсенді қатысуына мүмкіндік тудырады. ҚР Конституциясының 18-бабының 3-тармағы мен
20-бабының 2-тармағында айқындалған әркімнің ақпаратты алу, оны тарату, өтініш беруге
деген құқығын іске асыру механизмдері тиісті заңнамалық актілермен айқындалған
(айқындалуға тиіс). Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау мәселелері
бойынша тиісті халықаралық шарттар, олардың қатарында 2005 жылдың 21 желтоқсанында
Қазақстан Республикасының Парламентімен 1966 жылғы 16 желтоқсандағы БҰҰ Бас
Ассамблеясымен мақұлданған «Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы»
Халықаралық Пакт бекітілді
15
. Келесі халықаралық шарт – «Азаматтық және саяси
құқықтар туралы» Халықаралық Пактіге 2003 жылдың 2 желтоқсанында Қазақстан
Республикасының Президентімен қол қойылды және ол бекітілгеннен кейін 2006 жылдың 24
Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
192
сәуірінде күшіне енді
16
. Құқық қолдану қызметінде жоғарыда көрсетілген халықаралық
шарттар әрқашан басымдықпен қолданылады. 1993 жылдан бастап Халықаралық Еңбек
Ұйымының 24 Конвенциялары Қазақстан Республикасының Парламентімен ратификациядан
өткізілді.
ҚР ЕК – нің 3 бабының 1-тармағына сәйкес, еңбек заңнамасының мақсаты – еңбек
қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды реттеу,
тараптардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, еңбек саласындағы құқықтар мен
бостандықтардың ең төменгі кепілдіктерін белгілеу болып табылады. Аталған баптың 2-
тармағымен, еңбек заңнамасының міндеттері айқындалған – тараптардың мүдделерінің
теңгерімін айқындау, экономикалық өсуге қол жеткізу, өндірістің тиімділігі мен адамдардың
әл-ауқатын арттыруға бағытталған қажетті құқықтық жағдайларды жасауды қамтамасыз ету
болып табылады.
Өтініштің бір түрі «хабарлама» ҚР ЕК-нің 1-бабы 1-тармағының 81) тармақшасында
берілген. Хабарлама – жұмыскердің немесе жұмыс берушінің жазбаша өтініші не өзге
тәсілмен (курьерлік пошта, пошта байланысы, факсимильді байланыс, электрондық пошта
және өзге де ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы) берілген өтініш
мәтінінде айқындалған. Негізінде, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы
№ 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес
өтініштердің жеті түрі айқындалған: 1) электрондық құжат; 2) бейнеконференцбайланыс; 3)
бейнеөтініш нысанындағы ұсыныс; 4) арыз; 5) шағым; 6) сауал; 7) үн қосу.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды
тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңның және Қазақстан Республикасының
2003 жылғы 22 желтоқсандағы №510 «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы
есептер туралы» Заңның қабылдануына байланысты 2011 жылғы 16 қарашадағы № 109
Қазақстан Республикасының Бас прокурорының бұйрығымен «Жеке және заңды
тұлғалардың өтініштерін есепке алу Ережелерін бекіту туралы» және Жеке және заңды
тұлғалардың өтініштерін қарау және оны толтыруға байланысты №1–ОЛ формадағы
нұсқаулық бекітілді
17
.
Аталған Бұйрықпен ҚР Бас Прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және
арнайы есеп бойынша Комитетке есептік мәліметтер беру (өтініштерді қарауға құқығы бар
субъектілермен) және өтініштерді есепке алу ережелері анықталды. Жоғарыда көрсетілген
нормативтік құқықтық актілерге сәйкес барлық өтініштер есепке алынуға жатады және солар
бойынша статистикалық, бақылау-қадағалау органдары құқықтық статистикалық талдау
жұмысын жүргізеді. Бас Прокуратура жанындағы аталмыш Комитет құқықтық
статистикалық ақпаратты жинау және өңдеумен ғана айналыспайды, сонымен қатар,
өтініштерді қарау тәртібін сақтау, қадағалау аясында прокурорлық қадағалау қызметін
жүзеге асырады.
Өтініштерді қарау мәселесіне қатысты ҚР ЕК-нің кейбір баптарын мысал ретінде
қарастыруымызға болады: ҚР ЕК-нің 159-бабының 4-тармағына сәйкес келісу комиссиясына
келіп түскен өтініш, сол комиссиямен, берілген күні міндетті түрде тіркелуге тиіс. Осы
баптың 5-тармағына сәйкес келісу комиссиясы, жекелеген дауды, өтініш тіркелген күннен
бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға міндетті. Аталмыш комиссияның шешімі (оның
көшірмесі) қабылдаған күннен бастап үш күн мерзімде тараптарға берілуге тиіс. Осы
баптың 6-тармағына сәйкес келісу комиссиясының шешімі онда белгіленген мерзімде
тараптармен орындалуға тиіс.
Мемлекеттік бақылау және қадағалау қызметі жөніндегі заңнама нормаларын
қолдануда ескерілетін жағдай – әркімнің құқықтары мен бостандықтарының қамтамасыз
етілуіне прокурорлық қадағалау қызметі Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21
желтоқсандағы №2709 «Прокуратура туралы» Заңымен
18
, бөлек еңбек инспекциясына
қатысты ҚР ЕК-нің 191-198-баптарына және Кәсіпкерлік кодекстің 129-157-баптарына
сәйкес еңбек қатынастарында тексеру жұмыстарын жүргізудің ерекшеліктері айқындалған.
Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
193
Достарыңызбен бөлісу: |