Вестник казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет26/35
Дата03.03.2017
өлшемі3,59 Mb.
#6132
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  Борбасова  Қ.М.  Қазақстандағы  жаңа  діни  бірлестіктер  және  ұлттық  қауіпсіздік 
мәселесі: автореф. ...филос.ғыл.док.: 09.00.13. – Алматы, 2010. – 38 б. 
2.  Берн  Э.  Лидер  и  группа.  О  структуре  и  динамике  организаций  и  групп.  – 
Екатеринбург: Литур, 2000. – 308 с. 
3.  Айлин  Баркер.  Новые  религиозные  движения.  –  СПб.:  Издательство  Русского 
Христианского гуманитарного института, 1997. – 16 с. 
4. Белов А.В. Секты. Сектанство. Сектанты АН СССР (Москава). – М.: Наука, 1978. 20 
с. 
5.  Дворкин  А.  Сектоведение.  Тоталитарные  секты.  Опыт  систематического 
исследования. – Нижний Новгород: христианская библиотека, 2006. – 236 с. 
6. Гараджа В.И. Социология религии. – Москва, 2006. – 201 с. 
7. Куликов И.В. Новые религиозные организации России деструктивного и оккультного 
характера:  Справочник  Миссионерский  Отдел  Московского  Патриархата  Русской 
Православной  Церкви.  Информационно-аналитический  вестник.  –  Белгород:  Изд-е  2-е, 
переработ, и дополн., 1997. №1. – 459 с. 
Резюме 
Ж.А.Назарбекмагистрант, 
(г.Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет) 
Нетрадиционные религиозные организации и их социально-психологические 
особенности 
В  статье  говорится  о  деструктивных  и  тоталитарных  сектах  и  группировках  в 
Казахстане, о проблемах борьбы с сектами и их влиянии на сознание молодежи. Обращается 
внимание  на  конфликтные  ситуации,  которые  складываются  между  деструктивными 
тоталитарными  сектами  и  традиционными  религиями.  Религиозные  объединения  могут 
создаваться  в  форме  религиозных  групп  и  религиозных  организаций.  Автор  ставит  перед 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
180 
 
собой  цель  рассмотреть  опыт  социально-психологического  исследования  особенностей 
личностных  характеристик  экстремиста  и  приверженца  деструктивных  религиозных 
течений. 
Ключевые  слова:  объединение  деструктивный,  нетрадиционные  религиозные 
организации,  религиозный  экстремизм,  идеология,  культ,  конфессия,  секта,  организация, 
экстремизм. 
Summary 
Zh.Nazarbek, master,  
(city Almaty, Kazakh State Women’s Teacher Training University) 
Nonconventional religious organizations and their social and psychological features 
The  article  is  about  destructive  and  totalitarian  sects  and  groups  in  Kazakhstan,  about 
problems of fight against sects and their influence on consciousness of a youth. The attention is paid 
to conflict situations which develop between destructive totalitarian sects and traditional religions. 
Religious  associations  can  be  created  in  the  form  of  religious  groups  and  the  religious 
organizations.  The  author  sets  before  himself  the  purpose  to  consider  experience  of  social  and 
psychological  research  of  features  of  personal  characteristics  of  the  extremist  and  adherent  of 
destructive religious trends. 
Keywords:  association,  destructive,  the  nonconventional  religious  organizations,  religious 
extremism, ideology, cult, faith, sect, organization, extremism. 
 
 
 
ӘОЖ 9(с)77 С 52 
ҰЛЫБРИТАНИЯДАҒЫ ПОЛЬША ҮКІМЕТІНІҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ 
ГЕНЕРАЛ СИКОРСКИЙДІҢ САЯСАТЫ (1939-1943 жж.) 
 
А.М.Сманова, т.ғ.к., доцент 
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік 
қыздар педагогикалық университеті) 
 
Аңдатпа:  Бұл  мақалада  эмиграциядағы  Польша  мемлекетінің  премьер-министрі 
Владислав  Сикорскийдің  қызметі  жан-жақты  баяндалады.  В.Сикорский  1918  жылы  кәсіби 
әскери қызметкер болады. Ал 1920ж. кеңес-поляк соғысы кезінде Варшавадағы аудандардың 
бірінде Қызыл Әскерге қарсы поляк армиясының бір бөлімшесін басқарды. Бұл екі жақтың 
да басшыларының есінде қалды. 1939 жылы 1 қыркүйекте Гитлер Польшаға шабуыл жасаған 
кезде  В.Сикорский  өз  еркімен  армияға  қосылады,  бірақ  жұмысқа  тағайындалып  үлгере 
алмады:  бір  айдың  ішінде  Польша  құлап,  артынша  Кеңес  Одағы  мен  Германия  арасында 
бөліске түседі. Францияға қашып  барған Сикорский сол жерде поляк армиясын жасақтауға 
жергілікті  үкіметтен  қолдау  алды  –  поляк  Қарулы  күштерінің  басқолбасшысы  болып,  көп 
ұзамай  эмиграциядағы  үкіметтің  премьер-министрі  болды.  Кейін  де-юре  одақтастар 
арасында  мойындалды.  1940  жылы  француздар  тізе  бүккеннен  кейін  поляк  үкіметі 
британдықтардың шақыруымен Лондонға барып орналасты. 
Түйін сөздер: эмиграция, Рига келісімшарты, пролетариат, Речь-Посполитая, коалиция, 
генерал-полковник. 
Соғысаралық жылдары Кеңестік Ресейдің, одан соң КСРО мен Польшаның арасындағы 
қарым-қатынастар  «салқын»  жағдайда  қалып  қойды.  Алайда  ол  кезде  (екі  ел  арасындағы 
1919-1920  жылдардағы  соғыс  әкелген  зардаптар  жайында  алакөздік,  не  болмаса  бір-біріне 
айып  таққан  әрекеттер)  осы  бір  өшпенділіктің  бастамасы  еді.  Бірінші  дүниежүзілік  соғыс 
нәтижесінде  енгізілген  Еуропалық  «тәртіпке»  екі  мемлекеттің  де  өзіндік  принципті  түрдегі 
қояр  талабы  болды.  Германия  рейхы  секілді  Кеңес  Одағы  да  екінші  Речь  Посполитаяның 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
181 
 
тұтастығы  мен  тәуелсіздігіне  кепілдік  берген  Версаль  жүйесінің  әлсіреуін,  тіпті,  толықтай 
құрып кетуін көкседі. 
Соғысаралық жылдары Кеңестік Ресейдің, одан соң КСРО мен Польшаның арасындағы 
қарым-қатынастар  «салқын»  жағдайда  қалып  қойды  десе  де  болады.  Алайда  ол  кезде  (оған 
себеп екі ел арасындағы 1919-1920 жылдардағы соғыс әкелген зардаптар жайында алакөздік, 
не болмаса бір-біріне айып таққан әрекеттер) осы бір өшпенділіктің бастамасы еді. 
Бірінші  дүниежүзілік  соғыс  нәтижесінде  енгізілген  Еуропалық  «тәртіпке»  екі 
мемлекеттің де өзіндік принципті түрдегі қояр талабы болды. Германия Рейхы секілді Кеңес 
Одағы да Екінші Речь Посполитаяның тұтастығы  мен тәуелсіздігіне кепілдік берген Версаль 
жүйесінің әлсіреуін, тіпті, толықтай құрып кетуін көкседі. 
Кеңестік  басшылық  1921  жылы  наурыз  айының  21  күнгі  «Рига  қатынастарының 
келісімшарты»,  –  [1]  деп  аталған  келіссөздер  барысында  Польша  мен  Ресейдің  өзара 
«нығаюы»  немесе  «дамуына»  берген  уәделері  кеңестік  басқару  жүйесі  мен  большевиктік 
революцияның  нысанасынан  ешбір  ауытқып  кете  алмады.  Ондағы  мақсат  большевиктік 
революция  мақсатындағы  стратегияны  да  ресейліктер  жүзеге  асырудан  бас  тартпады. 
Мәскеудің  көзқарасынша,  Польша  батыстық  неғұрлым  дамыған  капиталистік  елдердегі 
жұмысшы  табы  мен  пролетариаттар  деп  есептелген  революцияландырылғандармен  табиғи 
жалғастыратын көпір іспеттес еді . 
1939  жылы  қыркүйек  айының  30  күні  Францияда  құрылған  генерал  Владислав 
Сикорскийдің үкіметі [2] тәуелсіз Польша мемлекетін қайта қалпына келтіруді алдына мақсат 
етіп  қойды.  Генерал  Сикорскийдің  үкіметі  1939  жылы  қыркүйек  айының  17  күнгі  оқиғаны 
ескере отырып, Польша тек Германиямен ғана емес, сонымен қатар Кеңес Одағымен де соғыс 
өртінің  тұтанып  тұрғанын  қуаттап  берді.  Мұнда  17  қыркүйек  күні  Кеңес  үкіметі  Қызыл 
Армияға  Екінші  Речь  Посполитаяның  шығыс  шекарасын  бұзып  өтуге  бұйрық  берген  кезде, 
поляк мемлекеті осыған дейін-ақ «күйзеліп қаусырады» деп, біржақты мойындаса да генерал 
Фелецин Слава-Складовкий үкіметі немқұрайлы түрде болса да кеңестерге соғыс жариялауға 
батылы жетпеді [3]. Дегенмен, Польшаның КСРО-ға қарсы соғысты бастап кетуге мүмкіндігі 
болмаса да, 1939 жылы қыркүйек айының екінші жартысындағы жағдай соған әкелген-ді. Бұл 
жағдай генерал Сикорскийді Кеңес Одағымен келісімге келуге итермеледі (Ұлыбритания мен 
Франция да бұған атсалысты), бірақ бұл тек 1941 жылы маусым-шілде айларында, Германия 
Кеңес Одағына соғыс ашар алдында ғана жүзеге асты [4]. 
Бұл  саясат  генерал  Сикорский  басқарған  үкіметтің  сол  кездегі  жағдайын  мейлінше 
анықтауға  әсерін  тигізді.  Сондықтан,  ресми  түрдегі  «қос  дұшпан»  теориясын  ұстанған 
Сикорскийдің үкіметі іс жүзінде фашистік Германия және Кеңестік Ресеймен байланысты өз 
пиғылдарын  бірнеше  рет  басқаша  жүргізуге  мәжбүр  болды.  Немістердің  Польшаға 
агрессиялық  шабуылы  және  қыркүйек  науқанының  барысында  мұның  себептеріне  талдау 
жасай  келе,  шекараны  Польшаның  пайдасына  шешу  қажет  екендігі  ескеріліп,  соған  сәйкес 
жоба дайындалды.  
Генерал  Сикорскийдің  үкіметі  Орталық-Шығыс  Еуропадағы,  бірінші  кезекте  поляк-
чехославак конференциясын, одан соң кейінірек барлық Балтық мемлекеттері мен Венгрияны 
қоса  отырып  кеңейту  арқылы  жаңа  саяси  ұйым  құру  жөніндегі  британдық  концепцияны 
қолдап,  өз  негіздемесін  одан  әрі  тереңдете  түсті.  Еуропаның  осы  бөлігі,  Балтық,  Қара  және 
Адриат  теңіздерінің  ортасында  құрылатын  саяси  ұйым  Германияның  Шығысқа  көрсеткен 
қысымының жолын кесіп, оны Ресейден бөліп тастау міндетін алдына қояр еді. Өз кезегінде 
Кеңес Одағы эмиграциядағы премьер-министр Сикорскийдің үкіметін мойындамады және ол 
үкіметтің ешбір мәлімдемесін де қабылдамай тастады [5]. 
Сонымен  1940  жылы  маусым  айында  Франция  фашистік  Германиядан  жеңілген  соң 
Еуропада  стратегиялық  жағдай  өзгерді.  Енді  Ұлыбритания  Кеңс  Одағымен  қарым-
қатынастарды  жақсартуға  ұмтылған  пейілге  көшті.  Осы  1940  жылы  Францияның  жеңілісі 
генерал Сикорскийдің өткендегі саяси концепцияларының бәрін де шыңырау түбіне түсірді. 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
182 
 
Ол  шешуші  сәтте  Германияны  жеңуге,  Франция  жерінде  қиындықпен  құрылған  поляк 
армиясының жартысы құрып кетті [6]. 
1940  жылы  Францияның  жеңілісінен  кейін  Еуропадағы  қалыптасқан  жаңа  саяси  және 
әскери  жағдайлар  Лондондағы  поляк  эмигранттық  үкіметіне  сыртқы  саясаттың  мән-жәйін 
қайтадан елеп-екшеп алуды талап етті. Франция жеңіліске ұшырағанына қарамастан генерал 
Сикорскийдің сыртқы саясат жөніндегі мақсаты принципті өзгере қоймады. 1940 жылы тамыз 
айының  15  күні  сыртқы  істер  министрі  В.Залесскийдің  дипломатиялық  көзқарастағы 
нұсқауында:  «үкіметтің  басшылыққа  алған  қимылдарында,  күткеніміздің  өзі  осы, 
Францияның  бірлігіне  қарамастан,  Ұлыбританиямен  тізе  қоса  отырып,  елді  азат  ету  үшін 
және  түбегейлі  жеңіске  жетуге  дейін  күресе  беру.  Кеңес  Одағымен  қарым-қатынастарға 
келетін  болсақ,  нұсқауда  атап  көрсеткендей,  «жағдай  барысында  Ресей  Ұлыбританияның 
одақтасы  ретінде»  Германияға  қарсы  күресетін  болса,  біздің  екі  ортадағы  жағдайымызды 
шешіп,  кеңестік  басып  алу  жөніндегі  бұрыннан  алакөздікке  әкелген  дау-жанжалды  кейінге 
қалдыра тұру қажеттігі де туады» [7] деген ой ортаға салынды. 
1940 жылы қараша айында британ дипломатиясы КСРО-мен қарым-қатынас жөніндегі 
іс-қимылдарын  қайтадан  жалғастырды.  Сонымен  қатар,  бертіндегі,  буыны  қатая  бастаған 
гитлершілдікке қарсы топтасқан  бірлікке (коалиция-А.С) алдағы уақытта Кеңес Одағының да 
қосылуы  мүмкін  екендігіне  орай  екі  жақты  қарым-қатынасты  реттеу  туралы  ұсыныстар 
жасалды.  Осының  нәтижесінде  министр  А.Залесский  КСРО-ға  қатысты  «поляк  мәселесіне» 
британдықтардың  орынсыз  араласуына:  «Ресейдегі  мәселеге  аса  мүдделі  және  қазіргі  кезде 
сол елмен соғыс жағдайында тұрған бірден-бір мемлекет ретінде» өз наразылығын білдірді. 
Министр  Галифакске  бұған  түсініктеме  жасап,  жазбаша  кепілдік  етуге  келісімін  берді. 
Қараша  айының  27-сі  күні  қабылданған  Ұлыбритания  Сыртқы  істер  министрінің  үндеуінде 
Мәскеуде  баяндалған  британдық  ұсыныстарында  «соғыс  басталар  алдында  Қызыл  Армия 
орналасқан  аумақтарда  кеңестік  бақылау  болғанын  мойындау»  туралы  сөз  болғанына 
келіседі.  Бұдан  әрі  Британ  министрі  бұл  мойындаудың  ел  дербестігіне  ешбір  нұсқан 
келтірмегенін  де  қуаттады.  Осыған  сәйкес,  Галифакс  1940  жылы  қыркүйек  айының  1  күнгі 
Қауымдастықтар  Палатасындағы  премьер-министр  Черчилльдің  декларациясына  назар 
аударды.  Онда  былай  делінген:  «екі  жақты  мүдделердің  келісім  және  ерік-жігеріне 
қарамастан тілесті шешім таппаған жағдайда болмаса соғыс барысында орын алған қандайда 
бір аумақтық өзгерістерді мойындау ойымызда да жоқ» [8]. 
1940 жылы жаз айынан бастап 1939 жылы қосылып алынған елді мекендерге және осы 
жерлерден  көшірілген  «контингентке»  қатысты  саясат  тағы  да  өзгеріске  ұшырады. 
Халықаралық  аренадағы  кеңестік  саясатқа  өзгергені  жайында  куәліктер  табуға  болады. 
Польша жағынан мысалы, Кеңес Одағы саясатындағы екіжүзділікті ғана емес, сыртқы саясат 
қызметінің одан әрі бағытында, Германияға әлде Ұлыбританияға ілесеміз бе деген «жоғарғы 
орындағы»  күресті  де  әрекет  жасап  байқауға  мүмкін  болады.  Осы  кездегі  кеңес-поляк 
қатынасы  өзіне  1939  жылы  қыркүйек  айының  17-сі  күнгі  Батыс  Украина  мен  Батыс 
Белоруссия  жерлерінен  жер  аударылғандармен  сараптама  жасау  міндеті  тұрды.  Бұған 
байланысты  поляк  қоғамында  кеңестерге  қарсы  наразылық  өріс  алды.  Шындығына  келсек, 
Франция  құлаған  соң  жағдай  өзгере  бастады.  Түрлі  кеңестік    элеметтерді  айыптағанның 
өзінде  негізінен  коммунистік  солшыл  социалистік  радикалдар  партиялары  «Лондон 
лагерінің»  басым  көпшілігі  ерте  ме,  кеш  пе  Польша  қалай  болғанда  Ұлыбританияның 
одақтасына қосылады, яғни Кеңес Одағымен де одақтасады деген ой түйді [9]. 
Генерал  Сикорский  үкіметінің  алдында  тұрған  сыртқы  саясат  міндеті  қандай  дегенге 
келсек,  ең  бастысы:  1939  жылдың  қыркүйек  айына  дейінгі  шекара  мен  мемлекеттік 
дербестікті қалпына келтіру және Ұлыбританияда эмигранттық үкіметтің билігін қамтамасыз 
ету.  Үкімет  бағдарламасы  геосаясат  факторлардан  айналып  өте  алған  жоқ.  Келесі  кезек 
қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Шығыс Пруссияны жою, оның аумағын Польшадағы Крулевец-
Кеннигсбергке  қосу  талаптары  да  басталды.  Бұл  Солтүстік  жақ,  Оңтүстік  аймақта 
Чехославакия  мен  конфедерация  негізінде  келісімшарт  жасауға  қол  жеткізу.  1940  жылдың 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
183 
 
жазында  жазылған  үкімет  бағдарламасында  Польшаның  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуге 
байланысты  «Жаңа  Еуропаны»  ұйымдастырушылармен  славян  мемлекеттерінің  ынтымақты 
одағын  құру  саясаты  көзделді.  Балтық,  Қара  және  Адриат  теңіздері  арасындағы 
мемлекеттермен тығыз және келісілген ынтымақтастықты  «орнату»  деген көңіл  аударарлық 
жолдар  жазылды,  одан  әрі  «Шығысқа  шабуыл  жасайтын  Германияға  тойтарыс  беру  және 
Германияны  Ресейден  бөліп  тастау»  деген  ойлар  қойылды.  1940  жылдың  жазында  Польша 
«славян үндес» мемлекеттермен федерацияға бірігуге маңыз бере бастады. 
Польша өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында тағы қандай бағыт ұстады дегенге 
келер  болсақ,  бұл  бұрыннан  бар  Балтық  елдері  мен  тату  көршілік  қатынастар  жөніндегі 
саясаты, аймақтағы өзінің беделін арттыру. Литва, Латвия және Эстонияның КСРО құрамына 
кіруіне  қарсы  шығатын  топтармен  байланыс  орнату,  сонымен  қатар,  гитлершілдікке  қарсы 
изоляцияны да ұстады. КСРО туралы барлау ақпарларын жинап, оларды Кеңес Одағындағы 
ағылшын  және  жапон  дипломаттары  арқылы  Балтық  елдерімен  Батыс  Украина  және  Батыс 
Белоруссияға  жөнелтіп  отырды.  Мұның  өзі  поляк-кеңес  қатынастарындағы  жаңадан  пайда 
болған шиеленістерді туғызды. Генерал Сикорскийдің кеңес жағымен байланыс жасауы 1940 
жылдың  аяғында  белгіленді.  Осы  1940  жылы  наурыз  айы  шамасында  Сикорскийге  Кеңес 
Одағында поляк легионын жасақтауға ризашылығын білдіретіндігі хабарланды. Осыдан кейін 
күтпеген жағдай болды. 1940 жылы наурыз айының 14 күні БКП (б) Орталық Комитеті Саяси 
Бюросының шешімімен Кеңес Одағында сәуір және мамыр айларында, 1939 жылы қыркүйек 
айында  НКВД  тарапынан  тұтқындалған  15  мың  поляк  әскери  қызметкерлерінің  көзі 
құртылды. Әрине, офицерлерсіз легион болмаса армия жасақтай алмайтыны белгілі. КСРО-да 
поляк  армиясын  құруға  кім  қарсы  шықты?  Польша  эмигранттық  үкіметімен  байланыс 
жасауға  кім  кедергі  келтірді?  Және  осы  үкіметке  Ұлыбританияда  баспаналауға  кім 
көмектесті?  Осындай  сан  түрлі  сауал  туады.  Егер  1939  жылы  Ұлыбритания,  Франция  және 
Кеңес  Одағы  секілді  үш  держава  келісімшартқа  қол  қойғанда  соғыстың  да  болуы  екі  талай 
еді, Польшаның бөлінуіне де жол бермес еді. 
Поляк  кабинетінде  КСРО  мен  келісімшарт  жасау  үшін  қажетті  негіздер  қарастыру 
мүмкіндігі қозғалды. Бірақ басым көпшілік министрлер егер, Кеңес Одағы немқұрайлы түрде 
бұрынғы  «Рига шекарасын»  (1921 жылы қабылданған) мойындап, кеңес жерлеріндегі  поляк 
әскери соғыс тұтқындарына кешірім (амнистия-А.С) жарияласа және кеңестік аумақта поляк 
армиясын құруға келісімін берген жағдайда ғана жүзеге асырылатын шаруа деп есептеді [10]. 
Бірнеше  министрдің  осындай  принципті  позициясы  әсіресе,  шекараға  байланысты  кейіннен 
поляк үкіметіндегі жағдайды асқындыра түсті.  
Генерал  Сикорский  өз  тезистерінде  1940  жылы  маусым  айының  19  күні 
Ұлыбританияның  Сыртқы  істер  министрі  Галифакске  тапсырылған  үндеуге  сүйенді.  КСРО 
жерінде поляк армиясын жасақтауға байланысты ойын әлі де болса қуаттай түсті. 1939 жылы 
тамыз  айының  31  күні  белгіленген  кеңес-поляк  шекарасын  Кеңес  Одағының  мойындауына, 
кеңес аумағында еркінен айырылған поляк азаматтары мен поляк әскери соғыс тұтқындарын 
босатуға  байланысты  шаралар  жүзеге  асырылғанда  ғана  келісімшарт  жасауға  жол  ашық. 
Генерал  Сикорский  сондай-ақ,  өз  әскери  өкілін  Мәскеуге  жіберіп,  британ  елшілігіндегі 
қызметкерлер  арасында  жоғарыда  айтылған  бағдарламаны  жүзеге  асырудың  техникалық 
мүмкіншіліктеріне қатысты жобаны да қайта қолға алды [11]. 
Көп  уақыттан  бері  күткен  герман-кеңес  соғысының  басталуын  Лондондағы  поляк 
саясатшылары  мен  әскери  топ  қанағаттанғандық  сезіммен  қабылдады.  Польшаның 
халықаралық  аренадағы  жағдайы  мен  позициясы  принципті  түрде  өзгерді  деп  үміттенді. 
Польша  жерлері  осы  уақытқа  дейін  оқиға  болып  жатқан  аймақтан тысқары  болса  да  екінші 
дүниежүзілік  соғыс  кезінде  стратегиялық  маңызы  бар  басты  аймақтың  біріне  айналды. 
Германияның  Кеңес  Одағына  тұтқиылдан  шабуыл  жасауы  поляк-кеңес  дипломатиялық 
қатынастарын реттеу мәселесін күн тәртібіне қойды. 
Лондондағы  Польша  эмигранттық  үкіметі,  дәлірек  айтқанда,  генерал  Сикорский  және 
Батыстағы  эмиграцияда  жүрген  тағы  да  басқалар  «Сикорскийдің  қанатты»  позициясын 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
184 
 
ұстанған.  Өйткені  қазіргі  сәтте  ауыр  әскери  жағдайда  тұрған  Кеңес  Одағымен  келісімшарт 
жасасу өте қажет болды. Сонымен қатар, ол даулы мәселелерді толықтай шешеді деген бақай 
есеп  те  болды.  Олар  «Рига  шекараларына»  сәйкес  Мәскеу  тарапынан  немқұрайлы  түрде 
келісімін алу, соғыстан кейін де КСРО-ның тағдыры қандай болғанына қарамастан пайдалы 
болатындығын қуаттады [12]. 
Герман-кеңес  соғысы  басталғаннан  кейін  іле-шала  генерал  Сикорский  шарттарды 
дайындауға  кірісті.  Егер,  поляк-кеңес  дипломатиялық  қатынастары  қайта  қалпына  келе 
қалған  жағдайда  Кеңес  Одағында  поляк  армиясын  ұйымдастыруға  дайындық  жүргізбек. 
Сонымен,  генерал  Сикорский  жаңа  саяси  және  әскери  жағдайға  байланысты  Мәскеуден 
оралған британдық елші Криппспен және бір арнайы келіссөз жүргізді [13]. Маусым айының 
25  күні  Сикорский  британдықтардың  Мәскеудегі  әскери  миссиясының  бас  хатшысына  хат 
жолдап,  онда  Криппспен  келісе  отырып,  ол  бірнеше  жоғары  шенді  офицерлер  мен  бейбіт 
қызметтегі  лауазымды  адамдарды  жедел  босатып  алуға  тырысу  қажеттігін,  олар  кеңестік 
аумақта «осы, болмаса басқа сипатта» поляк мүддесіне ұсынылатындығы айтылған [14]. 
Герман-кеңес соғысының басталуы поляк халқының өкілдерін жау қолында қалған Речь 
Посполитаяның  Шығыс  аумағынан  КСРО-ның  шалғай  аудандарына  жер  аударуға  тағы  да 
себеп  болды.  Қосымша  қоныс  аударуға  герман-кеңес  соғысы  басталған  кезде  саяси 
тұтқындарды  НКВД  ұйымының  жаппай  қырып-жоюы  қамтылды.  Луцк,  Тернополь,  Дубна, 
Ровно, Киев, Смоленск, тағы басқа да қалалардан поляк, еврей, украин, белорусь және литва 
тұтқындарын қоныс аударар алдында НКВД қызметкерлері олардың көзін құртып жіберетін 
болды. Басқа тұтқындар Кеңес Одағының шалғай аудандарына көшіріліп бара жатқанда жол 
апатынан  немесе  өздерін  күзеткен  солдаттардың  оғынан  қаза  тапты.  Тағы  бір  бөлігі 
немістердің  бомбылауы  кезінде  қаза  тапты.  Жаппай  қырып-жою  қашуға  әрекет  жасаған 
тұтқындар үшін ғана емес, тобырға ілесе алмай, жолда құлап түссе де солдаттар сол сәтінде 
атып  тасталды.  Вилейкадан  Борисовкаға  дейін  Минск,  болмаса  Львов  арасындағы  жол  үсті 
қанға боялды [15]. Күні бүгінге дейін кеңестік ақпарат көздеріне рұқсатсыз жағдайда толық 
айқындау  мүмкін  емес.  Герман-кеңес  соғысы  Кеңес  Одағындағы  түрмелер  мен  лагерьлерде 
отырған  поляк  әскери  соғыс  тұтқындары  мен  кеңестік  шалғай  аудандарға  қуғын-сүргінге 
ұшыраған поляк азаматтарының  қайғылы тағдырын басқа жаққа бұрды.  
Владислав  Сикорский  –  әскери  қолбасшы  және  саясаткер,  генерал  брони  (генерал-
полковник), эмиграциядағы Польша үкіметінің төрағасы. 
Владислав  Сикорский  1881  жылы  20  мамырда  Австро-Венгрия  территориясындағы 
Галицияның  Подкарпат  воеводствасындағы  Тушов-Народовы  ауылында  дүниеге  келген. 
Жешувте  білім  алып,  Львовта  гимназияны  тамамдайды.  1902  жылы  Львовтың 
саяситехникалық институтының «жол және көпір» факультетіне оқуға түседі. Ал 1908 жылы 
В.Сикорский  львовтық  Белсенді  Күрес  Одағын  құрушылардың  бірі  болады,  сосын  1910 
жылы жергілікті «Стрелец» поляк азаматтарының әскериленген одағының төрағасы болады. 
1914  жылдан  бастап  галициялық  Халық  комитетінің  мүшесі,  1916  жылдан  бастап  оның 
әскери  бөлімінің  бастығы  болды.  Осы  кезеңде  В.Сикорский  мен  Ю.Пилсудский  арасында 
күшті  шиеленіс  басталады:  Пилсудскийден  айырмашылығы,  Сикорский  поляк  мемлекетін 
Австро-Венгрияның  қамқорлығында  қайта  құру  үшін  күресті.  1916-1918  жж.  Сикорский 
австриялық армиядағы поляктарды жинаумен айналысты. 
1918 жылы қарашадан бастап Владислав Сикорский Поляк Әскерінің құрамына кіреді: 
Галициядағы  «Восток»  әскери  тобының  штаб  бастығы,  «Бартатув»  және  «полковник 
Сикорскийдің тобы» әскери топтардың бас қолбасшысы болды.  
1919-1921  ж.ж.  кеңес-поляк  соғыс  кезінде  В.Сикорский  9-шы  жаяу  әскери  дивизияны 
және Киев науқаны кезінде Полесск әскери тобын, Варшава науқаны кезінде 5-ші армияны, 
Замостье  үшін  болған  шайқаста  3-ші  армияны  басқарды.  Варшава  үшін  болған  шайқаста 
Сикорскийдің қолбасшылығындағы әскери бөлімше поляк астанасының солтүстігінде үлкен 
тойтарыс  беріп,  бұл  Пилсудскийге  үлкен  жеңіс  соққысын  беруге  мүмкіндік  берді.  Осы 
Варшава  үшін  болған  шайқаста  Сикорский  Польшаның  ең  жоғарғы  әскери  орденімен 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
185 
 
марапатталады – «Virtuti Militari». 1921 жылы сәуірде В.Сикорский Поляк армиясының Бас 
қолбасшысы және Бас Штабты басқарып, Ю.Пилсудскийдің орнын алмастырады.  
1922  ж.  16  желтоқсанда  елдің  президенті  Габриэл  Нарутович  өлтірілгенннен  кейін 
Сеймнің  төрағасы  Мацей  Ратай  Поляк  армиясының  Бас  қолбасшысы  В.Сикорскийге 
Министрлер Кеңесінің Төрағасы орнын ұсынады, бір уақытта Сыртқы істер министрлігін де 
басқарды.  В.Сикорскийдің  үкіметі  ішкі  тұрақтылықты  қалпына  келтіріп,  Батыс  елдерінің 
Польшаның шығыс шекараларын мойындауына қол жеткізеді.  
1923-1924  жылдары  В.Сикорский  жаяу  әскердің  бас  инспекторы,  1924-1925  жж.  – 
В.Грабскийдің  үкіметінде  әскери  министр,  1925  ж.  Львовтағы  поляк  Әскерінің  6-шы 
бөлімшесін  басқарды.  1926  ж.  Мамыр  төңкерісі  кезінде  Сикорский  Львовтағы  әскери 
бөлімшені  басқарды,  бірақ  үкіметке  ешқандай  көмек  көрсеткен  жоқ,  дегенмен 
Ю.Пилсудскийдің басшылығындағы бүлікшілердің міндетін айтарлықтай жеңілдете түсті.  
1928  ж.  Францияға  эмиграцияға  кетіп,  сондағы  поляк  үкіметіне  қарсы  оппозицияға 
қосылады.  Францияда  Жоғарғы  әскери  мектепте  оқыды,  Сикорский  1939  жылға  дейін  елде 
ешқандай лауазымды орынды басқарған жоқ.  
1939  ж.  1  қыркүйекте  Германия  Польшаға  соғыс  ашқан  кезде  В.Сикорский  елдің 
маршалы  Эдварда  Рыдз-Смиглыдан  майданға  жіберуді  өтінеді,  бірақ  жауап  алған  жоқ. 
Қайтадан  Францияға  барып,  ол  жерде  28  қыркүйектен  бастап  эмиграциядағы  поляк 
армиясын  жасақтайды.  1939  жылы  30  қыркүйекте  В.Сикорский  эмиграциядағы  поляк 
үкіметінің  премьер-министрі  болады  (бұл  орынды  1943  жылы  өзі  қаза  болғанға  дейін 
басқарды).  1939  жылы  7  қарашада  Поляк  Республикасының  Президентінің  Жарлығы 
бойынша  В.Сикорский  Қорғаныс  күштерінің  Бас  инспекторы  (Бас  қолбасшы)  болып 
тағайындалады.  Оның  Францияда  құрған  армиясы  84  мың  адамды  құрап,  немістер 
Францияға  соғыс  ашқан  кезде  француз,  ағылшын  әскерлерімен  бірге  белсенді  соғыс 
қимылын  жүргізеді.  Дегенмен  Франция  тізе  бүккеннен  кейін  поляк  бөлімшелері  Англияға 
қарай  бет  алып,  1940  ж.  5  қыркүйекте  Ұлыбританияның  Қорғаныс  күштерінің  құрамына 
кіреді.  
Немістер КСРО-ға соғыс ашқаннан кейін, 1941 ж. 30 шілдеде В.Сикорский Англиядағы 
кеңестік елші И.М.Майскиймен Кеңес үкіметімен дипломатиялық байланысты қайта орнату 
және елдің Шығысында поляк армиясын құру туралы келіссөз жүргізеді. 1941-1942 жж. Ол 
Ресейдің  Бузулык  ауданында  жасақталған  генерал  Андерстің  поляк  армиясын  жасақтау 
операцияларына  қатысады.  Генерал  В.Сикорский  қызы  Софьямен  бірге  1943  ж.  4  шілдеде 
Гибралтарға жақын маңда әуе апатынан қайтыс болады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет