Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
170
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-
2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына
Жолдауы, 14 желтоқсан, 2012. – 56 б.
2. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы: 2011, 9
сәуірдегі №481 қаулысымен бекітілген. – 9 б.
3. Мусин-Мазнова Г.Х. Әлеуметтік геронтология: теория және тәжірибе». Оқу құралы.
– Астрахань. 2012. – 192 б.
4. Альперович В.Д. Социальная геронтология / В.Д.Альперович. – Р-н/Д: Феникс, 2010
г. – 557 с.
5. Атаулы көмек: оның бүгіні мен болашағы // Егемен Қазақстан. 2012 жылғы 10 қазан.
6. Ардагерлерге аса көмек түрлері көрсетіліп жатыр // Егемен Қазақстан, 2014 жыл, 15
наурыз.
7.http\\malimetter.kz\kartayu-kubylysy-zhane-kart-adamdardyn-omir-sanasyndagy-
aleumettik-problemalar\ сайты
Резюме
Жайшибекова К.Ж., к.с.н., Кожахметова Ж.Д., магистрант,
(г.Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет)
Социально-правовые основы госзащиты ветеранов в республике Казахстан
Как сказано в Стратегии «Казахстан–2050», выдвинутой Президентом РК
Н.А.Назарбаевым о дальнейшем развитии казахстанского общества, о продлении
продолжительности жизни, о безопасности и улучшении условий жизни казахстанцев,
государство принимает неотложные меры по выполнению этих стратегических задач и, как
отмечено в статье, много новых нормативных документов принято в отношении ветеранов
страны. Ветераны Великой отечественной войны, ветераны труда являются особой
социальной группой, требующей ежедневного внимания. Автор подробно останавливается
на льготах, предоставляемых им государством, в том числе и на пенсионном обеспечении.
Для ветеранов организована специальная социальная служба на дому, льготное медицинское
обслуживание, льготный проезд на транспорте, налоговые и коммунальные льготы и другая
помощь. Кроме того, все ветераны пользуются льготами на получение жилья. Последние
годы в каждом регионе страны открылись дома ветеранов, где ветераны живут на полном
гособеспечении. В статье также даны материалы по ежегодному увеличению пенсионных
выплат и пособий.
Ключевые слова: ветераны, пенсия, льготы, социальный помощь, поддержка, защищать.
Summary
K.Zh.Zhaishibekova, candidate of social sciences,
Zh,Kozhakhmetova, master,
(city Almaty, Kazakh State Women’s Teacher Training University)
Social and legal basis of state protection of veterans of the republic of Кazakhstan
As stated in the Strategy «Kazakhstan-2050», put forward by the President of Kazakhstan
Nursultan Nazarbayev on the further development of Kazakhstan's society, to extend the life
expectancy of safety and improving the living conditions of Kazakhstan, the State takes immediate
action to implement these strategic objectives and, as noted in the article, a lot of new regulations
adopted in relation to the country's veterans. Veterans of the Great Patriotic War, veterans of labor
are a particular social group, which requires daily attention. The author elaborates on the benefits
provided by the state to them, including on pensions. For veterans organized a special social
services at home, subsidized medical care, preferential travel in transport, public utilities and tax
benefits and other assistance. In addition, all veterans have benefits for housing. In recent years,
nursing home opened in every region of the country where veterans live on full state support. This
article also are given materials on the annual increase in pensions and benefits.
Key words: veterans, pension, privileges, social help, support, to protect.
Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
171
ӘОЖ 94 (574) "18/19": 325
ҚОНЫС АУДАРУШЫЛАР МЕН ҚАЗАҚТАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ:
ӨЗАРА ЫҚПАЛДАСТЫҚ ЖӘНЕ ҚАЙШЫЛЫҚТАР
(XIX Ғ. II ЖАРТЫСЫ - XX Ғ. БАСЫ)
А.М.Манатова, 2 курс магистранты
(Алматы қ., әл-Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық университеті)
Аңдатпа: Мақалада Отандық тарих ғылымында аса күрделі мәселелердің бірі XIX
ғасырдың II жартысы мен XX ғасырдың басындағы қазақ даласындағы қазақ тұрғындарының
өміріне көшпенді шаруалардың әсер етуі жайлы айтылады. Зерттеуші «Қоныс аударушылар
мен қазақтардың қарым-қатынасы: өзара ықпалдастық және қайшылықтар (XIX ғ. II
жартысы – XX ғ. басы)» атты мақалада аталмыш аймақтағы қазақ-орыс қарым-қатынасын
қарастырады. XIX ғасырдағы қазақтар мен қоныс аударушылардың қарым-қатынасы
ынтымақтастыққа және қақтығысқа, соның ішінде қарулы қақтығысқа толы болған. Мұрағат
құжаттары негізінде екі ұлт арасындағы өзара ынтымақтастық және қарсыластық қарым-
қатынастарын сипаттайды. Әсіресе, қақтығыстардың әлеуметтік сипат алғандығын көрсетеді.
Сонымен қатар, шаруашылық негізде қақтығыстар болғандығын да атап өтеді.
Қақтығыстардың тағы бір себебі барымта (баранта) – мал-мүлкін күшпен тартып алу
болғандығын көрсетеді. Сонымен қатар, бірлескен өмірде қоныс аударушылар мен қазақтар
бір-бірінен шаруашылықты, кәсіпті жүргізуді және тұрмыстық жағын игеруде оң әсер
еткендігін жазады.
Түйін сөздер: қоныс аудару, орыс шаруалары, қазақ ауылдары, өзара ықпалдасу,
тартыс, қарым-қатынас сипаты
Еліміздің көп этносты елге айналуы бірден бола қойған жоқ. Ол патша және кеңес
өкіметінің жүйелі де мақсатты жүргізген саясатының нәтижесінде қалыптасты. Республика
халқының полиэтникалық құрамының қалыптасуына әсер еткен көші-қон үдерісінің
бастапқы кезеңі – ХVІ ғасырдан XIX ғасырдың ортасына дейін, осы кезеңде қазақ жеріне
көбінесе Ресейден әскери топ пен казактар ғана қоныс аударып келсе, ғасырдың екінші
жартысынан бастап, басып алған жерлерді ресейлік басқару жүйесіне енгізу мақсатында
бірқатар әкімшілік реформалар жүзеге асырылды. Қазақ жеріне ішкі Ресейден шаруаларды
қоныстандыру қолға алынды. 1889 жылы қазақ жеріне орыс шаруаларының қоныс аударуына
ешқандай кедергі келтірмейтін жол ашылды.
Әлеуметтік-экономикалық себептермен Еуропалық Ресейден шығарылған қоныс
аударушылардың қазақ даласында пайда болуы, олардың жағымды имиджінің қалыптасуына
жағдай жасамады. Қоныс аударушы өзінің ауыл шарушылық әдістерін табиғи-климаттық
жағдайға бейімдеуге дайын емес еді, сонымен қатар кәсіпкерлік рухы да жеткілікті болмады.
Әрине, шаруа өз отанында үйренген жағдайды іздейді, таппаған жағдайда, қажетті білімінің,
шешімділігінің, материалдық қаражатының болмауы есебінен, тез шыдамдылығы мен
сенімін жоғалтып, өзін аз уақытқа байлаған жерлерін тастап кете берген. Жергілікті басқару,
қоныс аударушылар қысымымен, рұқсатсыз жер иемденуді мойындауға және олардың жер
құқықтарын ұйымдастыруға мәжбүр болады. Әсіресе, орыс шаруаларының өңделген
жерлерді өз еріктерімен иемденіп алуы көп дау туғызды. Семей облысында да осындай
жағдай орын алған еді [1].
Дала облысында алғашқыда бірнеше орыс шаруаларының отбасы ғана болса, кейін
ауыл жаңадан қоныс аударушылар есебінен көбейді. Қоныс аударушылар саны жергілікті
тұрғындар санынан асып түскенде, орыс шаруалары толық жер иелері болып шықты. Бірақ
орыс шаруалары жерді қазақтардан жалға алды. Бұл жерлерде орыс ауылдары көбейе
бастағанда, шаруалар өз әдістерін өзгертті. Олар жалға төлеуді тоқтатып, уездік
басқармаларға өздерінің бастан кешкен қиыншылықтары мен кедейшіліктері туралы
Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
172
өтініштер жазып, қазақтармен дауласты. Ұзақ тартыстан кейін, шенеуніктерді және қазақ
кенттік билеушілерін параға сатып алған орыс шаруалары өз мақсаттарына қол жеткізді.
Әкімшілік қазақтардың өздері кінәлі екендігін мәлімдейді, себебі, қоныс аударушыларға жер
өңдеуге ғана емес, үй құрылысын тұрғызуға да мүмкіндік берген, енді оларды тұрғылықты
орнынан жылжыту, шаруалардың кедейленуімен тепе-тең деп есептелген. Бұл шаруалар
арасында биліктің міндетті түрде олардың жағында болатындығына және жазаға
тартылмайтындықтарына сенімін туғызды [2]. Енді жерді тартып алу ғана емес, қазақтардың
жаңа жерлерге немесе Ресей империясы аумағынан тысқары жерлерге ығысуға алып келген,
малды тартып алу көріністері байқалды. «Обмануть киргиза, подстрелить его – самое
обыкновенное для переселенца дело», – деп жазды Е.Шмурло [3].
Орыс шаруалары қазақтардан пайдалы дағдыларды алғандығын атап өту қажет. Атап
айтқанда, шаруалар қыста малды ұстау үшін қоралар мен шөп жеткілікті болмаған кезде,
қазақтар сияқты малды тауда жаюды үйренді.
Қазақ даласына қоныс аудару, жаңа тілдік орта, орыс шаруаларының өздерінің
«сипаты» («русскость») мен православиелік сенімдеріне ауыр сынақ болды. Жаңа
еңбексүйгіш, гүлденген қазақ мұсылман ортасына түскен орыс шаруасы, қалыптасқан ортаға
әсер ете алмады және де өзінің мәдени құндылықтарын сақтап қалуға тырыспады. Басқа
этникалық ортаға түскен орыс шаруалары жергілікті халықтың өмір салтын қабылдайды.
«Мұсылмандандыру» орыс шаруалары арасында қазақ атаулары мен тектерінің пайда
болуының бір себебі болды. Осылайша, орыс ұлты өкілдері арасында түрік тектері болды:
«Азанов (азан), Акарин (аксара, ак-сары), Булаков (булак), Салаков (салак), Таукин (таук) и
т.д.» [4].
XIX
ғасырдағы
қазақтар
мен
қоныс
аударушылардың
қарым-қатынасы
ынтымақтастыққа және қақтығысқа, соның ішінде қарулы қақтығысқа толы болды. Бірлескен
өмірде қоныс аударушылар мен қазақтар бір-бірінен шаруашылықты, кәсіпті жүргізуді және
тұрмыстық жағын игерді. Сонымен қатар, шаруашылық негізде қақтығыстар болып тұрды.
Қақтығыстардың тағы бір себебі барымта (баранта) – мал- мүлкін күшпен тартып алу болды.
14 қазан 1863 жылы қазақтар орыс шаруасы С.Ширковтың шаруашылығына шабуыл жасап,
10 жылқысын ұрлаған. 20 қазан орыс шаруалары қазақ ауылына шабуыл жасап, бір қазақты
өлтіріп жылқыны қайтарған. 23 қазан қазақтар Д.Фоминдер иелігінен 5 орыс шаруасын
күшпен алып кеткен. 29 қазан 40 адам іздеуге шығып, 70 қазаққа кезігіп, тағы 23 орыс
шаруасын алып кеткен. Тек 9 қарашада ғана олар ауылдарына оралды [5].
Осындай оқиғалар Сырдария облысының әр уезінде болып жатқан. Олардың соңы, бір
жерде қарулы қақтығыспен аяқталса, екінші бір жерде жергілікті қазақтардың қоныс аудару
басқармасына арыз-шағым жазумен, кейде үлкен жиналыстармен және мәслихаттар
өткізумен аяқталып отырған. Ғ.А. Меңлібаев өзінің кандидаттық диссертациясында ҚР
ОММ мен Өзбекстан Республикасы Орталық Мемлекеттік архивінің қорларында сақталған
құжаттардан мысал келтіреді. «1905 жылы наурыз айында Сырдария облысының Әндіжан
уезінде мынадай бір оқиға болды. Қоғарты болыстағы, Қотыма бөлімшесі № 2 ауыл
қазақтарының жерінде орыс мұжықтары рұқсатсыз жер жыртқан. Осы кезде өз жерін
қорғамақ болған Жұмақұл Айбашевті орыс мұжықтары атып өлтіріп, оның жанындағы
Бегәлі Әбдікәрімовты ауыр жарақаттаған. Бұл оқиғадан кейін тексеру комиссиясына орыс
мұжықтары жалған түсініктеме жазып, «400 – ге тарта жергілікті қазақтар ұрып-соға
бастаған соң амалсыз мылтық атуымызға тура келді» деп сендірген» [6].
Алайда, орыстар, қазақтардың адалдылығы мен әділдігін атап өтті. Негізінен
қақтығыстар әлеуметтік сипат алды. Әсіресе, жиі қақтығыстар шаруалармен болып отырды.
Шаруалар, жергілікті басқару орындарын елемей, жер мәселесін басып алу арқылы шешті.
1860 жылы шаруалар Жоғары Бұқтырмада Талов және Медведев ауылдарының негізін
қалады. Олар жер құқығын қазақтарды ығыстыру арқылы, қатал қақтығыста дәлелдеді.
Қоныс аударушылар молданың үйін, бес үй және қыстақтарды өртеп жіберген. 1875 жылы
бұқтырма шаруалары генерал – губернатор Н.Г.Казнаковтың бұйрығымен қытай тарапынан
Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
173
көшіп келіп жатқан қазақтарды ығыстырып жіберген. Олар 115 киіз үйлерді, қыстақтарды
өртеп, тұрғындарды ұрып олардан төлем ақы алған [3].
Қоныс аударушы шаруалар ортасында өз сенімдерінен бас тартып, басқа дінді, соның
ішінде исламды қабылдаған адамдар да болды. Бұл қадамдар әртүрлі себептерге байланысты
туындаған, бірақ, біздің ойымызша, қолданыстағы жүйеге қарсы наразылық тұрғысынан
болды.
Сондай-ақ, ерекше құқықтары мен мүмкіндіктері бар патша әкімшілігінің лауазымды
тұлғалары қазақтарға немқұрайлы қарап, ислам дінін ұстағандарды қудалап, дінді бұзу
саясатын жүргізді.
Мәселен, Зайсанның жергілікті тұрғындары бірнеше рет мешіт салу
туралы өтінішпен Дала генерал-губернаторына шағым береді. Бірқатар бас тартулардан
кейін, мешіт пен дұға үйін салу үшін рұқсат алады, бірақ «сыртқы келбеті қарапайым
үйлерге ұқсауы керек» деген талап қойылады. Зайсанға сапары барысында генерал-майор
Карпов жеке өзі «дәл осы қаулының орындалғанын» анықтау мақсатында дұға үйін аралаған
[7].
Уәде берген игіліктерге сенген қазақтар басқа дінді қабылдауға көшкен. Кейбіреулері
басқа дінді қабылдауға мүлдем қарсы шықса, басқалары, белгілі бір жағдайларда,
шоқындыру рәсімінен өтіп, содан кейін істеріне өкініп, қорытынды жасай отырып, қайтадан
ескі сенімдерін қабылдаған. Бейсенбин, шоқындырылғаннан кейін Василий Ложников
православиелік сенімді «ойланбастан, лажсыз жағдайда, 1902 – 1903 жылдардағы аштық
кезінде» қабылдағанын мойындады. Православие сенімін игеруге қабілеті жетпегендігін
және де «тәлімгерлерім мені үйретуге тырысқан да емес, ал олардың мақсаты сандық
көрсеткіш үшін ғана болды» деп мойындайды. Шоқынса да, жүрегінде мұсылман болып
қалып, барлық мұсылман діні салттарын орындаған [8, 34 б]. Көптеген қазақтар
православиелік сенімді қабылдағандықтарына қарамастан, жүрегінде мұсылман екендігін
мойындайды. Олар өздерінің әкелері мен аталарының дінінен бас тарта алмайтындықтарын,
кері ислам дініне өту туралы рұқсат сұраған. Діни қызметкерге келіп «илануды» қаламаған,
пайдасыз және қажетсіз мәселе деп есептеген [8, 140 б]. Кейбір шоқынғандар қартайған
шақтарында өз сенімдеріне ауысқан. Мұсылманша Сүйменді Алпысқызы, шоқынғаннан
кейін Пелагея Петровна 70 жасқа толған шағында ислам дініне оралуды сұраған. Шоқынуға
итерген жағдай, бойжеткен кезінде әкесі егде адамға тұрмысқа берген. Бірақ, өзі жақсы
көретін адаммен қашып, қуғыншылардан құтылғаннан соң, екеуі бірдей шоқынудан өткен
екен. Діни қызметкердің үгіттеуі сәтті болған жоқ, бұл шешімді өзі қабылдаған [8, 71 б].
Мұндай өтініштер Семей губернаторы атына түрлі болыстардан шоқынғандардан келген 30
өтініш қағаздары жолданды. Көп жағдайларда, шоқынғандар православтармен
жақындастыруға әртүрлі мән-жайлар итермелеген. Христиан атанғаннан кейін, олар екі
жақты өмір салтын ұстануға мәжбүр болды. Қос сенім, сайып келгенде, оларға жан
тыныштығын әкелмеді, тіпті рухани күйлеріне көп әсер етті. Бұдан былай осындай
ауыртпалықты көтере алмай, олар бұрынғы сенімдеріне оралуды сұраған. Алайда, шоқынған
қазақтардың нақты санын анықтау қиын міндет болып табылады. Тұрақты және нақты санақ
жүргізілмеген. Діни қызметкерлер мен азаматтық әкімшілік орындарында кездескен
толымсыз деректер сенімсіз болып табылады. Осы қиын жағдайларға бұрынғы сеніміне
қайтып оралу фактілері қосылады.
Қорыта айтқанда, көріп отырғанымыздай қоныс аударушылар мен қазақтардың қарым-
қатынасы үнемі достық жағдайда болды деуге болмайды. Бір жақта заңға, жақсы қаруланған
әскери күшке, өз қолдарындағы қару-жарағына арқа сүйеген қоныс аударушылар болса,
екінші жақта әділдік, шындық іздесе де, қолдарында ешқандай қару- жарағы жоқ жергілікті
қазақтар тұрды.
Сонымен қатар, бірлескен өмірде қоныс аударушылар мен қазақтар бір-
бірінен шаруашылықты, кәсіпті жүргізуді және тұрмыстық жағын игеруде оң әсер еткен.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. ҚР ОММ, 15-қ, 1-т, 146-іс, 15 б.
Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
174
2. ҚР ОММ, 15-қ, 1-т, 1865-іс, 40 б.
3. Шмурло Е. Русские поселения за южным Алтайским хребтом на китайской границе //
Записки ЗСОИРГО. – Омск, 1898. Кн. 25. – 63 c.
4. Суперанская А.В. Имя через века и страны. – М.: Наука, 1990. – 95 c.
5. ҚР ОММ, 64-қ, 1-т, 1322-іс, 1 б.
6. Меңлібаев Ғ.А. Қоныс аударушылар мекендері мен қазақ ауылдры арасындағы
қарым-қатынастың өзекті мәселелері (1867-1917 ж.ж. Сырдария облысы бойынша).: т.ғ.
кандидаты ғылыми дәрежесін алу дисс. – Алматы, 1995. – 120 б. – Б.95-96.
7. ҚР ОММ, 64-қ, 1-т, 3155-іс. – Б. 19 – 20.
8. ҚР ОММ, 15-қ, 1-т, 403-іс. – Б. 30 - 209.
Резюме
А.М.Манатова, магистрант 2 курса
(г. Алматы, Казахский Национальный университет имени аль-Фараби)
Взаимоотношение переселенцев и казахов: взаимодействие и противостояние
(вторая половина XIX - начало XX веков)
В статье упоминается один из самых сложных вопросов в истории Отечества XIX века
воздействия переселения на жизнь крестьянского населения в казахской степи.
Исследователь в статье «Взаимоотношение переселенцев и казахов: взаимодействие и
противостояние (вторая половина XIX – начало XX веков)» рассматривает вопросы
казахско-русских отношений в данном регионе. Взаимоотношения казахов и переселенцев в
XIX веке включали как сотрудничество, так и столкновения, вплоть до вооруженных. На
основе архивных материалов описаны формы взаимодействия и противостояния казахского
и прошлого русского населения.
В частности, конфликты носили социальный характер. В то
же время, на хозяйственной почве происходили столкновения. Еще одна причина для
конфликтов баранта – угон скота. Кроме того, автор дает описание о ходе совместной жизни
переселенцев и казахов. И делает выводы, что взаимоотношение двух народов имели как
положительное так и отрицательное воздействие.
Ключевые слова: переселенческая политика, русские крестьяне, казахские деревни,
взаимодействие, противостояние, характер отношений.
SUMMARY
A.M.Manatova, master
(Almaty city, Al-Farabi Kazakh National University)
The relationship of the settlers and kazakhs : interaction and confrontation
(second half of xix - early xx centuries )
The article mentions one of the most difficult issues in the history of the Fatherland of the
XIX century the impact of migration on the life of the peasant population in the Kazakh steppe.
A
researcher in his article «The relationship of the settlers and the Kazakhs: cooperation and
confrontation (the second half of XIX – early XX centuries)» considers issues of Kazakh-Russian
relations in the region. Relations between the Kazakhs and the settlers in the XIX century included
both cooperation and conflict, down to armed. On the basis of archival materials described forms of
interaction and confrontation of the past of Kazakh and Russian population. In particular, conflicts
were a social character. At the same time, on the basis of economic clashes. Another reason for the
conflict baranta – cattle rustling. In addition, an author gives description of the motion of life
together of migrants and Kazakhs. And in conclusion draw attention , that interrelation of two
people had both positive and negative influence.
Keywords: migrant politics, Russian peasants, the Kazakh villages, cooperation, opposition,
character of relations
Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
175
ӘОЖ 316.7
ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ДІНИ ҰЙЫМДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ж.А.Назарбек, магистрант
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті)
Аңдатпа: Мақалада Қазақстандағы деструктивті және тоталитарлық секталардың және
топтарды топтастырудың әдістері және секталардың жастардың санасына кері әсер ету
жағдайына қарсы тұру мәселелері зерделенген. Дәстүрлі діндер мен деструктивті және
тоталитарлық діндер арасындағы жанжалды жағдайларға көңіл аудару керектігі айтылған.
Діни бірлестіктерді діни ұйымдар мен діни топтарға бөліп қарастыру керектігі туралы
тұжырым жасалады. Автор деструктивті діни ұйымдар өкілдерін және экстремистік ұйымды
қуаттайтындардың жеке басына қатысты әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін
мақаланың басты мақсаты ретінде қояды.
Түйін сөздер: бірлестік, деструктивтік, дәстүрлі емес діни ұйым, діни экстремизм,
идеология, культ, конфессия, секта, ұйым, экстремизм.
Діни бірлестіктер діни ұйымдарға және діни топтарға бөлінеді. «Діни ұйым» ұғымы
«діни бірлестіктен» формальды-құқықтық қызметімен ғана ерекшеленеді. Діни ұйым діни
бірлестік ретінде мемлекеттік тіркеуден өтіп, заңды тұлға құқығын иеленеді. Діни топ
ешқандай тіркеуден өтпесе де діни ұйым болып есептеледі. Ал, дәстүрлі емес діни
ағымдарды топтастыруда қиындықтар көп. Себебі дәстүрлі емес діни ұйымдар – күрделі, көп
қырлы және қиын анықталатын құбылыс, сонымен қатар қазіргі таңда олардың ортақ
топтамасы жоқ. Алайда зерттеушілер дәстүрлі емес діни ұйымдарды әртүрлі негіздермен
анықтайды.
Дәстүрлі емес діни ұйымдарды топтастыру үшін келесідей өлшемдердің болуын атап
көрсетуге болады:
-
қабылданған идеалдық, сыйынатын объектінің мінездемесіне;
-
тұлғаға қатынасына, сол ілімде тұлға қандай құндылықты иеленетіндігіне
байланысты;
-
негізін салушыға;
-
әулиелікті мұрагерлікке беру мәселесіне байланысты;
-
діни ғибадат, рәсім, құлшылық, қызметтерінің ерекшеліктеріне байланысты [1, 38 б.].
Алайда, зерттеушілер бұл өлшемдердің жалпы топтастыру жасағанға ғана мүмкіндік
беретінін, сонымен қатар дәстүрлі емес діни ұйымдардың қазіргі кезеңдегі қоғамдағы
әлеуметтік қаупіне, яғни деструктивтік деңгейіне топтама жасау қажеттігін
айтады. Ал,
экстремизмге келетін болсақ, жаңа дәстүрлі емес діндер тарапынан да көрініс беруі әбден
мүмкін. Олардың ішінде кейбірін бекерге деструктивті діндер деп атамаған болар. Діни
ілімдері мен діни ғибадаттарында адамгершілікке тәрбиелеу мен рақымшылыққа шақыру
сияқты дәстүрлі діндерге тән жақсылыққа уағыздаудан гөрі, олардың басым көпшілігі
харизматикалық басшыға бағынып, соның ілімін дәріптеуге, қоғамнан бөлектенуге
шақырады.
Американдық психолог Э.Берннің пайымдауынша «Дәстүрлі емес культтердің өзіндік
ерекшеліктері бұл ұйымдарда көп жағдайда харизмалы көшбасшының, көсемнің қатаң
авторитаризмі болады. Оларға ресми құндылықтар мен мақсат-мұраттарға, әрі соларды
ұстанатын шіркеулік ұйымдарға қарсылық сипат тән. Олардың бойында әсіресе «біз сезімі»
күшті дамыған. Қауымдастықтың ішкі өмірін олар жарғылар мен ережелер арқылы реттейді.
Онда қауымға кіру және қауым алдында міндетті болу ережелері де көрсетілген» [2, 89 б.].
Сонымен бірге дәстүрлі емес ұйымдардың қатарында институционалды құрылымы жоғы да
Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
176
жетерлік. Деструктивтік сипат алған қоғамға қауіпті секталар өздерінің қатарларына
адамдарды тарту үшін психотехнологиялар, психтерапия әдістерін пайдаланады.
Діни экстремистік ұйымдардың классификациясын жасағанда басты нәрсені
ұмытпауымыз керек. Діни экстремистік ұйым қатарына енушілер негізінен орта топтан
шыққан жастар. Олар жоғары білімді, әл-ауқатты жандар болғанымен, олардың ішкі рухани
дүниесі тарылып, өзара әлеуметтік байланыстары бұзылған жандар деп мінездеме береді
зерттеушілер. Қазақстанда да әлеуметтік қарама-қайшылықтың түрлі формаларынан
түңілген, үйреншікті өмірлік жол арнасынан адасып қалған адамдар үшін дәстүрлі емес діни
ұйымдар бас сауғалар қонысқа айналды. Яғни, қандай да болмасын экстремистік діни ұйым
өздеріне жаңа мүшелерді тартып қана қоймай, олардың ақыл-ойын қадағалап, бағыттап
отырады деген де пікір жоқ емес. Ағылшын профессоры Айлин Барнердің ойынша олардың
жаңа мүшені өздеріне тартуда «миды тазартумен» (промывка мозгов) айналысатындықтарын
немесе «санаға бақылау» (НЛП) жасау сияқты әдістерді пайдаланатындықтарын теріске
шығаруға болмайды [3, 16 б.]. Мұндай діни ортаға түскен адамдардың психикалық ауруға
шалдығуы әбден мүмкін, сөйтіп денсаулығынан айрылып, өзін-өзі сыйлаудан кетеді дейді
ағылшын ғалымы Айлин Баркер.
Діни экстремистік ұйымдардың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ:
-
әлеуметтік тұрғыдан өзара көмек және қолдау көрсету;
-
кішіпейілділік және тәуелсіздік сияқты құндылықтарды қолдай отырып, өз
көзқарастары мен идеологияларын таратуға тырысу;
-
кез келген мұқтаждық, жұмыссыздық, сауатсыздық және панасыздық сияқты
әлеуметтік және экономикалық мәселелерді пайдалану;
-
жергілікті халықтарды, олардың басынан кешіріп отырған қиын жағдайларды
пайдалана отырып, өз қатарларына тартуға тырысу;
-
әлеуметтік жағдайы нашар, ұлттық және рухани құндылықтарынан хабары жоқ
жастарды өздері үшін мақсатты түрде дін таратушы миссионерлерге айналдыру;
-
мемлекеттік төңкеріс, қайта құрулар болып жатқан елдерде жан-жақты ұйымдасу
жұмыстарын жүргізу және т.б.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда осындай экстремистік ұйымдарды «секта» деп те атайды.
«Секта» – бұл өзіңді үнемі қайшылықта ұстау деген сөз. Дәстүрлі діндер бойынша «секта» –
адамның ақылын адамдық және сектанттық тұрғыда жаулап алу. Бүгінде секталар алдау-
арбау жолымен өздеріне мақсат қойып алған – жұмыс жасауға деген құлшыныстан алдымен
адамдардың жан-дүниесін, бірте-бірте барлық ұлтқа қожалық етуге ұмтылу.
«Секта» сөзі латынның «sekta» сөзінен шыққан, алғашқыда ол екі мағынада
қолданылды: а) бір заттың бөлігі б) сана образы, оқу. «Sekta» сөзінің шығуына байланысты
латын тілінде «secare» – кесіп тастау (бүтіннің бөлігі) және «sequi» – ізіне түсу (қандайда
болсын оқудың артынан ілесу) [4, 20 б.]. Сектаның классификациялық жағынан оны екі
типке бөліп қарастыруға болады. Олар харизматикалық және деструктивтік. Бүгінде
ғалымдар, көбіне «тоталитарлық секта» деген ұғым қолданылады.
Сондай-ақ, дәстүрлі емес діни сенімдердің бірінші түріне секталар мен культтер
жатады. Бұл күшті ұйымдастыру жүйесі бар, тұрақты мүшелері бар институт, сонымен қоса
әлем мен адам болмысының барлық салаларын қамтитын, жан-жақты дамыған діни ілімі бар
ұйымдар. Секталар мен культтер діни бағытты ұстана отырып, адамдарды өздерінің
қызметіне толығымен тартады. Бұл ұйымдағы адамдардың сыртқы ортамен қатынасы
толығымен немесе жартылай ажыратылады.
«Секталар өздерінің пайда болу ерекшелігіне байланысты культтерден өзгешеленеді.
Секталар бір діни топтың (сектаның) басқа (діннен, деноминациядан, сектадан, культтен)
бөлініп шығуынан пайда болады. Культтер жаңа діни сенім нәтижесінде мақсатты түрде
ұйымдастырылған немесе діни топтың лезде ұйымдасуымен пайда болады. Культтер
қоршаған діни кеңістікке қарама-қайшы ой-пікірді таратады және өзіне дейінгі ешқандай
діни ұйымдарға тәуелді болмайды.
Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
177
Бірақ, осындай көп діни ағымдардың ішінде қызметтері қазіргі зайырлы қоғам
заңдарына қарама-қайшы келетіндері, тіпті ілімдерінде ашық түрде зорлық көрсетуге
шақыратындары да аз емес ( Аум Синрике, Белое братство, Шайтан шіркеуі және т.б.).
Сондықтан соңғы он жылда ғылыми қолданысқа кіргізілген тоталитарлық секталар немесе
деструктивті культтер – жаңа терминдер қолданылып жүр.
«Тоталитарлық секта» – бұл өзіне тән (ашық және құпия) құндылықтары, қағидалары
бар ерекше әлеуметтік топ. Топ басшылары ресми уағыздап жүрген іліммен қоса, құпия
доктриналарына сай ұйымның адептері мен неофиттеріне агрессиялық манипуляция әдісі
(санаға бақылау жасау, зиян келтіру) қолданылады, нәтижесінде жеке тұлға немесе топ
жартылай не толығымен бір тұлғаға немесе топқа тәуелді болады. Бұл ұйымдарда жеке
тұлғаның рухани және материалдық жетістіктерінің нәтижесі азғантай ғана топтың
мүддесіне айналады. Секта адептерінің өмірінің барлық саласы бақылауда болады, олар
өздерін ашық түрде, көбінесе құпия түрде басқа әлеуметтік топтарға, қоғамға, мемлекетке
қарсы қояды [5, 62-65 бб.].
Діни қозғалыстың негізгі сенушілері болғандықтан әлеуметтанушылар сенушілердің
классификациясын жасауға бірнеше рет талпыныс жасады. Солардың бірі Габриел Ле
Бранның классификациясы. Бұл зерттеу Франциядағы католик шіркеуінің материалдары
бойынша жүргізілсе де, зерттеудің ғылыми тұжырымдарын дінтанушылар барлық
христиандық конфессияларға қолдануға болады деп қабылдап отыр. Габриел Ле Бран дінге
сенушілерді төрт топқа бөліп қарастырады:
-
бірінші топтағылар – шіркеуге қатысты «бөтендер» (бұл адамдар шіркеуден толық
кеткен немесе ешқашан ешқандай дінді ұстанбағандар);
-
екінші топтағылар – «маусымдық конформистер» (шіркеуге тек жасына
байланысты (маусымдық) жасалатын ғұрыптарды: шоқыну, некеге отыру, жаназа шығаруды
орындау мақсатымен келеді);
-
үшінші топтағылар – «тәртіпті діндарлар» (қалыпты түрде жексенбілік Құдайға
арналған діни қызметті атқарып отырады: күнәні мойындау (исповедь), нан үзу рәсіміне
қатысады);
-
төртінші топтағылар – «екіжүзділер» немесе жаугер діндарлар (бұл адамдардың
діндарлығы діни міндеткерліктің шеңберінен шығып кетеді).
Бір діни ілімді мойындайтын және соған байланысты ғұрыптарды орындайтын дінге
сенушілердің бірлестігін діни қоғам деп атайды. Діни қоғамдардың бірлестігі діни
қауымдастықты немесе бірлестікті құрайды. Діни бірлестіктер біртіндеп қоғамдық тәртіпке
икемделіп, өзінің ұйымдасқан жүйесін жасап алып, әлеуметтік институт ретінде шіркеуге
айналады [6, 165 б.].
Батыстық елдердің тәжірибесінде діни экстремистік ұйымдарды деңгейіне қарай
топтастыру кездеседі. Олар негізінен ұйымдардың радикалды белгілерін ескере отырып
жасалады:
-
сананың тұрақсыздығы;
-
шамадан тыс қаржылық талаптар;
-
бұрынғы ортадан бөлінуге мәжбүрлеу;
-
денсаулыққа зиян келтіру;
-
балаларды белгілі бір ұйымға тарту;
-
қоғамға қарсы сөйлеу;
-
қоғамдық тәртіпті бұзу;
-
қауіпті қылмыспен тергеуге түсу немесе сотқа тартылу;
-
экономикалық қызмет нормасын бұзу (пайда көзі мен мүліктерді жасыру);
-
мемлекеттік басшылық жүйелеріне кіруге талпыныс және т.б.
Осы аталған белгілердің біреуі жаңа діни ұйымдарға тән болса, онда ол ұйымды
экстремистік деп атауға ресми негіз бар.
Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
178
Ал, ресейлік зерттеушілердің тәжірибесінде де дәстүрлі емес діни ұйымдар деңгейі
бойынша топтастырады. Дінтанушы И.В.Куликов төмендегідей топтардың тізімін береді:
сатанистік ориентациялаудағы деструктивтік діни ұйымдар; «рух экологиясы оккультизм
және оккультік емшілік» санатына жататын деструктивтік діни ұйымдар және діни топтар;
жаңа пұтшылдық топтар; шығыстық бағыттағы діни топтар; батыстық бағыттағы діни
топтар; коммерциялық топтар [7, 112 б.].
Исламдық сипаттағы діни ұйымдарды сипатына қарай классификациялау қазіргі кезде
өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Әсіресе шектен шыққан экстремистік әрекетке
баратын ұйымдар тарапынан. Себебі бұндай классификация діни ұйымдардың ілімдері мен
сенімдеріндегі ашық жақтарын ғана емес, олардың жасырын ұстанатын діни ғұрыптары да
ескеріледі. Бүгінгі күні діни ұйымды нақтылы бір топқа жатқызу үшін ол ұйымның діни
ілімін әртүрлі атап айтқанда дінтанулық, теологиялық, психологиялық т.б. сараптамалардан
өткізу қажет.
Енді діни ұйымдарды классификация бойынша топқа бөліп қарастырайық:
Бірінші топқа, «жетілген» діни ілімдері бар діни ұйымдар. Олар қоғаммен,
мемлекетпен, барлық әлеуметтік институттармен тығыз қарым-қатынаста болады. Бұл топты
дәстүрлі діндер құрайды.
Екінші топқа, ілімдерінде нақтылы экстремистік қағидалары жоқ, бірақ, сыртқы
қызметтен қашатын және өздерімен-өздері тұйықталған культтер жатады. Мысалы, ескі
ғұрыпқа сенетіндер.
Үшінші топқа, ілімдерінде экстремистік қағидалардың барлығы болатын, бірақ, әртүрлі
себептермен өте сирек немесе мүлде қолданбайтын ұйымдар жатады. Олардың
көшбасшылары ауысқанда, ілімдерінде экстремистік жаңаша түсінік пайда болғанда,
әлеуметтік-саяси жағдайдың өзгерістеріне байланысты деструктивтік әрекеттерге көшуі
мүмкін.
Төртінші топтың ілімдерінде экстремистік қағидалар болады және оларды тәжірибеде
қолдануға ұмтылады. Бұндай ұйымдарға сатанистік типтегі топтар жатады.
Дәстүрлі емес діни ұйымдардың әртүрлілігіне байланысты діни экстремистік
ұйымдардың да топтамалану жолдары ұсынылды. Біздің ойымызша оларды синтездеу әдісін
қолданған дұрыс сияқты. Осындай әдісті қолданудың негізінде діни экстремистік
ұйымдардың пайда болуы, этномәдени, тарихи және этнографиялық белгілері
қарастырылады. Осыған орай еліміздегі бүгінгі дәстүрлі емес діни ұйымдарды топтастырып
көрейік:
Бірінші топқа, шет елде пайда болған, бірақ ілімдері басқа мәдени дәстүрді таратушы
синкреттік ағымдар. Олардың түп тамыры ежелгі діни дәстүрлердің ілімдеріне
сәйкестіріледі. Мысалы, корейлік христиандық, батыстық христиандық ағымдардан
өзгешеліктері;
Екінші топқа, батыстық оккульттік дәстүрден пайда болған ұйымдар. Бұл топтағы
ұйымдар Батыста негізінен АҚШ-та пайда болып, Ресей арқылы Қазақстанға келген
ұйымдар: Бірігу шіркеуі, Саентология шіркеуі, Христос шіркеуі тағы сол сияқты.
Үшінші топқа, Қазақстан жерінде евангелизация саясаты арқылы жаңа христиандықты
таратушы ағымдар. Бұған әртүрлі атпен тіркелген батыстық протестанттық діни
бірлестіктерді алуға болады. Бұл ағымдардың харизматикалы көшбасшылары бар және олар
иерархиялы жүйедегі шіркеулік құрылымда жұмыс жасайды.
Төртінші топқа, Қазақстанға Орта Азия елдерінен келген исламдық бағыттағы діни
ағымдар жатады. Олар ислами қоғамдық-саяси ұстанымдарын қоғамдық өмірге қолдануды
және теократиялық мемлекет құру үшін күресуді уағыздаушы ағымдар. Мемлекет тарапынан
ресми түрде бұл ұйымдарға тыйым салынғандықтан бұл саяси партиялар мен ұйымдардың
қызметтері тоқтатылды, әйтсе де олардың діни идеологиялары толық жойылып кеткен жоқ.
Бесінші топқа, Қазақстанның өзінде пайда болған «исламдық» қайта өрлеу идеясын
таратушы топтар, «Исламдану үрдісінің жаңа кезеңі», әсіресе, исламдық ағымдардың
Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
179
белсенді іс-әрекеттерінде көрініс алып отыр. Мәселен, сунналық жамағаттар мен
тариқаттардың кеңінен таралуы мен белсенділігі бүгінгі күні суфизм және фундаментализм
және тағы басқа мәселелер арасында қарама-қайшылықтар тудыруда.
Қазақстан
Республикасының
дін
туралы
заңнамаларының
шет
елдерден
айырмашылығы – елімізде діни ағымдар мен топтардың, олардың экстремистік бағыттағы
қызметін көре тұра, «секта» ұғымының қандай да бір белгісіне анықтама бермеуінде.
Дегенмен, азаматтарды өз қатарына күштеп тарту және алаяқтық жолмен физикалық және
психологиялық қысым көрсететін діни ұйымдардан азаматтарды қорғау мақсатында соңғы
жылдардағы азаматтық қоғамның дамуы жөніндегі Концепцияда қолданылады.
Экстремистік діни ұйымдар (миссия, діни бірлестіктер) – бұл сананы әртүрлі әдістер
арқылы бақылай отырып, тұлғаның физикалық және психикалық жағдайының бұзылуына
әкеп соғатын, сондай-ақ, отбасының, қоғам мен мемлекеттің жойылуына ықпал жасайтын
тоталитарлық ұйым. Экстремистік діни ұйымдар жеке тұлға деңгейіне де аса қауіпті, яғни
ағым тұлғаның психикасын іштен улап, өздеріне тәуелді етіп алады. Экстремистік діни
ұйымдар отбасына да қауіпті, осының салдарынан отбасылардың ойрандауы жиі кездесетін
құбылыс. Экстремистік діни ұйымдар мемлекеттік деңгейде де қауіпті, өйткені ағым өзінен-
өзі бір мемлекет ішінде тағы да өз заңымен өмір сүретін және өте әлсіз, бірақ, өмір сүріп
тұрған жүйеге дұшпандық көзқарастағы мемлекетін құра алады.
Қазіргі Қазақстандағы радикалды сипаттағы экстремистік діни құрылымдардың орны
мен қызметі күрделі мәселелердің біріне айналып отыр. Осыған байланысты бүгінгі күні дін
мәселесіне байланысты елімізде ұлттық қауіпсіздікті және мемлекеттік бірегейлікті
қамтамасыз етудің басты бағыттары мен құралдарын анықтау қажеттілігі тұр. Бұл өз
кезегінде діни қатынастарды реттеу мен діни әрекеттерді болжаудың әдіс-тәсілдерін,
формаларын жасақтайтын іргелі ғылыми ізденіс жұмыстарын талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |