Вестник Казнпу им. Абая, серия«Филология», №3 (49), 2014 г



Pdf көрінісі
бет23/39
Дата06.02.2017
өлшемі3,15 Mb.
#3561
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39

Түйін сөздер: әңгімелер, поэтика, мотив, көркемдік стиль, модернистік бастау.  
Аннотация: Статья посвящена художественно-стилевым поискам в ранних рассказах М.Ауэзова. М.Ауэзов 
пришел в литературу сразу звездой первой величины. Его пьесы, рассказы и повести 1910-1920-х годов «Енлик-
Кебек»,  «Карагоз»,  «Байбише-токал»,  «Судьба  беззащитной»,  «Разборчивая  невеста»,  «Красавица  в  трауре», 
«Серый  Лютый»,  «Выстрел  на  перевале»,  «Лихая  година»  свидетельствуют  о  зрелости  таланта  молодого 
писателя. Уже известная и освоенная тема – жизнь и быт казахского аула, судьба беззащитного человека и его 
протест – освещены у М. Ауэзова новым внутренним светом. В статье пространственно-временные, языковые 
особенности  рассказов  «Судьба  беззащитных»,  «Красавица  в  трауре»  рассматриваются  в  тесной  связи  со 
стилем  писателя.  Исследуются  теоретические  понятия  мифологического  архетипа  и  мотива  в  творчестве 
великого художника, а также  рассматривается тональность проявления художественного мастерства писателя в 
изображении  традиций,  народной  мудрости  и  познавательно-эстетического  воздействия  национальной 
традиции  на  художественную  литературу.    Анализируются  хронотоп  горы  Аркалык,  мотивы  одиночества  и 
отчуждения,  художественные  функция  легенды  о  батыре  Кушикпай  в  композиции  произведения  «Судьба 
беззащитных».  В рассказе «Красавица в трауре»  рассматриваются мотив «черных змей».  В статье заключается 
мысль, что использование  мифологических архетипов в изображении действительности одна из  особенностей 
поэтики М.Ауэзова. Мухтар Ауэзов, не отказываясь от фольклорных принципов изображения, принёс в родную 
литературу новые принципы изображения жизни. Он расширил изобразительные возможности родного языка. 
Прозу молодого писателя отличают необычайная глубина и психологизм.  
Ключевые слова: рассказы, поэтика, мотив, художественный стиль, модернистское начало.  
Abstract:  The  article  is  devoted  to  the  artistic-style  searches  in  the  early  novels  of  M.O.Auezov  "The  fate  of  the 
defenseless",  "The  beauty  in  black".  M.Auezov  came  in  the  literature  of  the  first  magnitude  star  at  once.  His  plays, 
stories  and  novels  1910-1920-ies  "Enlik-Kebek",  "Karagoz",  "Baybishe-tokal",  "The  fate  of  the  defenseless",  "Fate 
Clearly bride", "The Beauty in black", "Grey Wolf", "Gray Shot on the pass," "Dashing year" shows the maturity of the 
talent  of  the  young  writer.  Already  known  and  mastered  a  theme  is  the  life  of  the  kazakh  village,  the  fate  of  a 
defenceless man and his protest is covered by M.Auezov new internal light. Spatio-temporal, language features stories 
of composition "The fate of the defenseless", "The beauty in black" are in close connection with the style of the writer. 
This  article  analyzes  the  chronotope  of  Arkalyk,  motivations  of  loneliness  and  alienation,  artistic  legends  of  warrior 
function Kushikpay in the composition "The fate of the defenseless."  In the story "The beauty in black" motif "black 
snakes".  The article is the idea that the use of mythological archetypes in the image is actually one of the features of the 
poetics  of  M.Auezov.  Mukhtar  Auezov,  without  abandoning  the  traditional  principles  of  image,  brought  to  his  native 
literature the new image of life. He expanded the Visual capabilities of the native language. The young writer's prose is 
distinguished by the extraordinary depth and psychology. 
Key words: stories, poetics, motif, artistic style, modernism. 
 
М.Әуезов  алғашқы  шығармаларынан-ақ  үлкен  сурекер  екенін  көрсетті.  1910-1920  жылдардағы 
«Еңлік-Кебек», «Қарагөз», «Бәйбіше-тоқал», «Қорғансыздың күні», «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы 
сұлу»,  «Көксерек»,  «Қараш-Қараш  оқиғасы»,  «Қилы  заман»  атты  туындылары  оның  қаламгерлік 
қуатын,  зор  дарынын  танытады.  М.Әуезов  шығармаларында  қазақ  ауылының  тұрмысы  мен  өмірі, 
қорғансыз жандардың тағдыр-талайы сынды көп жазылған тақырып жаңа қырынан, жаңа мазмұнда, 
қаламгердің өзіне ғана тән қолтаңбасымен көркемдік шешімін табады. Оның алғашқы әңгімелерінде 
романтикалық  стиль  айшықтары  да  аңдалады.  М. Әуезовтің  20-жылдарда  жазылған  әңгімелерінің  
романтикалық сипаты бар екенін  ғалым Т. Кәкішұлы атап өтеді. Зерттеуші Б. Майтанов М. Әуезовті 
реализм мен романтикалық эстетика талаптарын қатар ұстанатын жазушы  санатына қосады.  
М. Әуезовтің «Қорғансыздың күні», «Жетім» т.б. шығармаларында даланың қысқы қатал аязы мен 
ақ  боранының  шеңгеліне  түскен,  азын-аулақ  малынан  да,  жақынынан  да  айырылған  қорғансыздар 
жандар мен жетімдердің аянышты тағдыры бейнеленеді. М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесі 
кеңес  әдебиеттануында  сыншыл  реализм  үлгісінде  жазылған  шығарма  ретінде  бағаланып  келді. 
Әңгіменің  көркемдік  шешімін  де  кедейлердің  ауыр  тұрмысы,  болыстардың  елге  зорлығы,  таптар 
қайшылығы суреттелген дегенге тіреді. Шындығында, «шығарма жер басқан адамдар ырқына бағын-
байтын, белгісіз күштер үстемдік алып отыратын, соларды жеңуден жеңілуі көп заманалар, мәңгілік 
ақиқатқа ұқсас дилемма туралы толғандырады. Ақан мен Қалтай – зұлымдық пен зорлықтың, Ғазиза 
құрбандықтың  таңбалық  белгілері.  Періштелер  мен  мақұлықтардың  арасындағы  көктегі  күрестің 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Филология», №3 (49), 2014 г. 
118
 
жердегі  көлеңкесі.  Шындығына  келгенде  бұл  –  әлем  әдебиетінің  үздік  үлгілерін  терең  меңгеру 
нәтижесіндегі жаңашыл қадам болып табылатын модернистік ыңғайдағы шығарма болатын» [1, 34] – 
деп Б. Майтанов шығармаға әділ баға береді. 
«Қорғансыздың  күні»  Ғазиза  бейнесінің  жасалу  ерекшелігі  турасында  ғалым  Ә. Қоңыратбаев 
орынды  пікір  айтады:  «Әңгіме  шыншыл,  бірақ  Ғазизаның  тұлғасы,  қажырлы  арманы  романтика-
ланған. Ақан, Қалтай сияқты тірі өліктер зұлымдық әлемі болса, Ғазиза – әділет дүниесі. Ғазиза әлсіз 
де болса күшті. Ол проза емес, поэзияның қызы» [2, 21]. Зерттеуші Ғазизаның басындағы трагедияны 
«элегия түрінде берілген мұңды поэзияға» теңейді.  
Әңгіменің  басталуында  суреттелетін  тау  хронотопы  трагедиялық  әсер  мен  жалғыздық,  жатсыну 
сарынынан емеурін танытады. Шығармада символикалық мәнге ие болған «бауыры көбінесе боран-
нан  босамайтын»,  «бауырын  жайлаған  ел  малын  өлтіріп,  өзге  ел  аман  отырғанда,  шолақ  жұттың 
құрығынан құтылмайтын» Арқалық тауының, Күшікпай зиратының қатыгез, ызғарлы сипаты өмірдің 
үрейлі де  таусылмас қайшылығына, енді болатын сұмдық дүниеге  әзірлейтіндей. 
Шығарма  шешімінде  этносоциум  заңдылықтарына  қарсы  дәрменсіз,  қорғансыз  Ғазизаның 
өлімімен  тұстас долданған  ақ  түтек  боранның  үдей  соғуы  осы  қасіреттің  лейтмотиві  секілді.  Долы, 
мейірімсіз  боран    қуатсыз  қыздың  трагизмін  күшейтуде  көркемдік  қызмет  атқарады.  Намысын,  ар 
адалдығын биік қоятын Ғазизаның әкесі мен бауырының моласын құшақтап жатып жан тәсілім етуі 
ерлікке  тең  ажал.  20-жылдары  жазылған  әңгімелерінде  романтикалық  пейзаждың  дара  мақсатта 
қолданылуы,  романтикалық  трагизм,  авторлық  баяндаудың  алуан  түрлілігі  М. Әуезовтің  реалистік 
шеберлігін  романтикалық  эстетика  нақыштарымен  әрлендіре  түседі.  Жазушының  трагизмді  адам 
тіршілігінің  ажырамас  бөлігіндей  қабылдайтын  дүниетанымын  аңғарамыз.  М. Әуезов  өз 
шығармаларында реализм мен романтикалық эстетика талаптарын қатар ұстанып, жеке әлемнің, жеке 
социумның ішкі мүмкіндіктеріне терең барлау жасайды. 
Шығармада сюжеттік тұрғыда Күшікпай батыр туралы аңызға назар аудару, идеялық-эмоционал-
дық бояу беріп, батыр бейнесі мен оның ірі іс-әрекеттерін идеалдандыру – автордың аңызды әңгімеде 
бейнеленген нақты оқиғаларға қарсы қою ұстанымынан хабар береді. Мұндай салыстыру шығармаға 
терең,  ауқымды  психологиялық  салмақ  берген.  Батырдың  қаһармандық  қимылдары  мен  оның 
ұрпақтарының  –  тірі  адамдардың  іс-әрекеттері  үнемі  салыстырылып  отырады.  Батырдың қаһарман-
дық, ерлік өлімі – нақты өмірлік қақтығыстың мәнін тереңірек  түсіндіретін эпикалық фон. Шығарма-
да мәңгілікке болатын идеалды, эпикалық бастау мен күнделікті, реалды нақтылық салыстырылған. 
А. Жақсылықовтың  пікірінше,  «егер  батыр  эпикалық  дәуірлерде  өліммен  бетпе-бет  келіп  тұрып, 
өзінің  жауларын  жеңген  болса,  оның  тәкаппар  рухын  мұраға  алған  ұрпақтары  мүскін  тіршілік 
кешуде,  олар  өздерін  зорлықшылардан  қорғай  алмайды,  олардың  көрген  күні  –  ауыр  естеліктер, 
олардың  жеңістері  –  тек  моральдық  тұрғыда».  Автор  бүгінде  батырдың  қаһармандық  іс-әрекеттері 
мүмкін  емес,  тек  олар  туралы  естелік  қана  бүгінгі  күннің  қақтығыстарына  трагедия  қосып,  оны 
тереңдететін әлеуметтік-тарихи нақтылыққа сипаттама жасайды [3, 34].  
М. Әуезовтің  «Қазақ  әдебиетінің  қазіргі  дәуірі»  мақаласында  жазғанындай,  «Қаралы  сұлу»  – 
«ішінде  тіршіліктің  суреті,    әңгімесі  аз болса  да, ішкі  өмірдің  сыры көп, адамды  өз ішіне  үңілтетін 
мұң мен шердің сарыны бар» шығарма. Мұнда басты нәрсе – сезім күйі. «Қаралы сұлу» әңгімесінің  
негізінде  әйел  драмасы  жатыр.  Шығарма  тақырыбындағы    бір-бірімен  сәйкес  келмейтін  сөздердің 
тіркесуі  болашақ  трагедиялық  ахуалдан  емеурін  танытады.  Шығарма  сюжеті  жас  Қарагөздің 
күйеуінен  айырылып,  жесір  қалған  қайғылы  тағдырынан  сыр  шертеді.  Өмірдің  өзі  жас  әйел  үшін 
мәнін  жоғалтқандай.  Алайда  алты  жылдан  соң  жүректегі  жарасы  біртіндеп  жазыла  бастағандай. 
Қайғының  орнын  біртіндеп  әйелдің  жар  сүюге  деген  табиғи  талабы,  сезім  ұмтылысы,  сезім  күйі  
басады.  Қарагөз  қаралы  халіне    іштей  қарсылық  білдіріп,  қаһарман  өміріндегі  трагедия  драмаға 
ұласады.  Махаббат  аңсап,  өмір  үніне  қарсы  тұра  алмаған  арудың  ішкі  қарама-қайшылықтарының 
азабы шеберлікпен бейнеленген. Қарагөздің өзімен өзінің күресуі, ақылы мен сезімінің, ел алдындағы 
парызы    пен  бойын  билеген  құштарлықтың  майданы  шығармадағы  драмалық  қақтығыстың  өзегіне 
айналады.  
Қарама-қарсылық  ұстанымы  шығарманың  құрылымдық,  уақыт  пен  кеңістіктік,  тілдік  ерекшелік-
терінен де танылады. Антитеза шығарма басталғаннан-ақ көрінеді. Қарагөз «сансыз көп күндер өтіп 
жатса  да  не  бір  үміт  әкеліп  сергіткен,  не  болмаса  жүдеу  көңілді  бір  сағатқа  болса  да  селт  еткізіп 
алаңдатқан  мезгіл  болған  емес».  Ал  «бүгін  тау  аса  қонбақшы  болған  ауыл  қалың  таудың    ішімен 
жартасты,  тоғайлы  шалғынды  өзекпен  шұбатылған  шұбар  топ  болып...  дабырлап,  шулап  келе 
жатты...»  [4,  115].  Мұндай  қарама-қарсылықта  кейіпкердің  жатсынуы  сезіледі.  Әңгіменің  ішкі 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №3 (49), 2014 ж. 
119 
динамикасы сұлудың осы жатсынудың – өзінің қаралы күйіне, парызына бас июі мен оның құмарлық 
тілекпен  қарсыласқан  санасындағы  жатсынудың  қайшылығы  арқылы  дамиды.  Әңгімедегі  баяндау 
кейіпкердің қарама-қайшы ыңғайдағы сезімдерінің, эмоционалдық ахуалының күресін беруге құрыл-
ған. Жаны жалғыз, көңілі жүдеу, жабырқаған Қарагөзді өмір заңдылығы өз ырқына ыңғайлай береді. 
Әңгіме  концепциясында  «адамды  қызық  думанға,  сағымды  түспен  зор  тілекке  қол  бұлғап 
шақырып  тұратын»  көктемнің  көркем  бейнесі,  Әзімхан  мен  Қарагөздің  махаббатының,  бақытының  
баламасына  айналған  өткен  күндерді    идеалдандыру  және  хронотоптың  ерекше  функциясы,  қатар 
жатқан қос желі: алты жыл бұрынғы көктем мен бүгінгі, кейіпкер басындағы түйінді оқиға тұсындағы 
көктем  маңызды  орын  алады.  Уақыт    өткен  мен  бүгінгі  күннің  оқиғаларына  романтикалық  мән 
үстейді.  
«Қаралы  сұлу»  әңгімесінде  модернистік  бастаудың  көзі  ретінде  Қарагөз  бойындағы  жарық 
дүниеге шыққысы келген құмарлық, құштарлық көрінеді. Шығарманың идеялық мәні – махаббаттың, 
құштарлықтың  догманы,  қасаң  қалыпты  жеңуінде  жатыр.  Кейіпкерлердің  өзгешелігі,  жағдайдан 
жоғары  тұрған  төтенше  тағдырларының  оқшаулығы,  сүйіктісінің  трагедиялық  өлімі,  махаббатты 
эстетикаландыру  –  романдық  эпос  поэтикасының  белгілерінен.  Уақыттың  (көктем,  алты  жыл), 
кеңістіктің  (Әзімханның  өлімі  туралы  хабар  тиген  Қайыңдыға  қайтып  келуі)  айналмалы  қасиеті 
әңгімеге  романтикалық мазмұн дарытқан.  
Әңгімеде  бас  кейіпкерге  қатысты  «жыландар»  бірнеше  рет  қайталанады.  «Ішінде  тіршілікке 
ұмтылған,  жарық  дүниеге  шыққысы  келген  өмір  ұрығы»  бар  жас,  қайратты  арудың  драмалық 
жағдайы  ыстық  «қара  жыландардың»  метафоралық  бейнесі  арқылы  айшықталады.  Жыландармен 
арпалысу мотиві – әңгімеде негізгі құрылым түзуші мотивтің біріне айналады. Зерттеушілер оны көп 
халықта  кездесетін  архаикалық  эпикалық  сюжеттің  тұрақты  типологиялық  белгісі    ретінде 
анықтайды.  Денесін  ысытатын  «қара  жыландар»  кейіпкердің  өз  бойындағы  құмарлық  тілекпен 
күресіне драматизм дарытады. 
Әңгіме  поэтикасында  «қара  жыландар»  мотиві  тұтқындық  мотивімен  өзара  байланысқа  түседі. 
Жалпы байқасақ,  «Қаралы сұлу»  шығармасында  «қара» сөзі  ерекше экспрессивті қызмет атқарады. 
Ол  ауыр  әсерге  бөлейді.  Қарагөз  –  «қаралы  тор  бұлбұлындай»,  «қаралы  тор  тұтқыны».  Авторлық  
концепция  бойынша  «қаралы  тордың»  тұтқыны»,  «қаралы  тор  бұлбұлы»  метафоралары  Қарагөздің 
табиғат  заңдылығына  сай  емес,  жат  күйін  бейнелейді.  Дала  жыршысы  кішкене  еркін  бұлбұл  да 
«Қарагөз жүрегінің қайғысын айтқандай болып, ұзақ мұңмен ырғалып, шұбатылып тамылжиды» [4, 
125]. Мұнда пейзаж да психологиялық талдаудың бір тәсіліне айналады. 
Шығармаға модернистік бояу қосқан кейіпкердің тұтқын күйіне – «тіршілікке ұмтылған, сыртқа, 
еркіндікке  жарыққа,  шыққысы  келген»  сезім  күй  мотиві    қарсы  қойылған.  Әңгіме  шешімі  төтенше 
оқиға, күтпегендей тосын жаймен аяқталады. Арудың ақылын махаббат аңсаған  ырықсыз сезім күйі 
жеңіп  кетеді.  Қарагөздің  өз-өзімен  болған  қайшылықты  күресі  трагедиялық,  философиялық  мән 
алып, жалпыадамзаттық деңгейге дейін ұлғаяды. Бас кейіпкердің сезім қайшылығының адам бойында 
бастаулардың,  ақыл  мен  табиғи  сезімнің,  табиғаттың  ежелгі  күресінен  тамыр  тартып  жатқанын 
бағамдаймыз.  Біздің  ойымызша,  көш  салтанаты  мен  қайғы  жұтқан  оқшау  жанның  антитезасы, 
күтпеген  шешім,  оқыс  оқиға,  жазушының  табиғи  сезімді  дәріптеуі  –  әңгімедегі  романтикалық 
әуендердің құлақ күйін келтіргендей. Шығарма сюжеті кейіпкердің ерекше, құпия тағдырын, сезімнің 
алып  асаулығын,  күштілігін  суреттеуге  құрылған.  Осы  арқылы  лирикалық  бастаудың  күшею 
тенденциясы М.Әуезов поэтикасында модернистік бастауды жүзеге асыру тәсіліне айналған. 
Болмысты  бейнелеудің  тәсілі  ретінде  мифопоэтикалық  архетиптерді  қолдану  –  М. Әуезов 
поэтикасы  ерекшеліктерінің  бірі.  М. Әуезов  стилінің  басты  ерекшелігінің бірі    мифологиялық  және 
эстетикалық  бастаулардың  бірлігінде  жатыр.  Қазақ  көркем  сөз  өнерінің  хас  шебері  М. Әуезовтің 
алғашқы  туындыларындағы  эпикалық  метафоризм  1960-70  жылдары  Ә. Кекілбаев,  Д. Исабеков, 
М. Мағауин,  Д. Досжанов,О. Бөкеев,  С. Санбаевтың  прозалық  туындыларында  ежелгі фольклорлық-
мифологиялық  мәдениетпен  сабақтастығын,  байланысын  жалғастырып,  қайта  жаңғырады.  Қазақ 
прозасындағы  мифологизм  М. Әуезов,  С. Мұқанов,  Ғ. Мүсірепов,  т.б.  қаламгерлер  туындыларынан 
нәр  ала  көктеп,  көркемдік  көкжиегін  кеңейтті,  қазіргі  қазақ  әдебиетіндегі    мифопоэтикалық 
формаларды  қолдану  дәстүрі  күрделене  түсті.  1960-70  жылдардан  бастап  қазақ  суреткерлері 
фольклорлық  мұраларға,  сол  арқылы  мифопоэтикалық  архетиптерге  жиі  назар  салатын,  алайда 
әлеуметтік-тарихи контексттің сан алуан болуына байланысты ол да түрлі сипат алып отырды. 
 
 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Филология», №3 (49), 2014 г. 
120
 
1
 
Майтанов  Б.  М.Әуезов  және  болмысты  сезіну  мен  саралау  //  М.О.Әуезовтің  көркемдік-дүниетанымдық 
ізденістері (1920-30 жылдар). – Алматы: М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, 2006. –3-54 бб. 
2
 
Қоңыратбаев Ә. Шеберлік сырлары. – Алматы: Жазушы, 1979. – 150 б.  
3
 
Жаксылыков  А.Ж.  Проза  М.Ауэзова  20-х  и  30-х  годов  (психологизм,  конфликт,  повествовательные 
формы): дис. ... канд. филол. наук. – Алма-Ата, 1984. – 169 с. 
4
 
Әуезов М. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. – Алматы: Ғылым, 1998.  – 3 т. – 392 б. 
 
 
ӘОЖ 821.512.122 -18    
 
Жундибаева А.К. 
Қазақ әдебиеті және шығыс филологиясы кафедрасы PhD докторанты 
 
ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫ ШЕЖІРЕЛЕРІ ЖӘНЕ Ш.ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ «ТҮРІК, 
ҚЫРҒЫЗ, ҚАЗАҚ ҺӘМ ХАНДАР ШЕЖІРЕСІ» ЕҢБЕГІНІҢ АЛАТЫН ОРНЫ 
 
Түйіндеме:  Шежіре  –  генеалогиялық  тұрғыдан  туыстық  таралымды  негіз  ететін  қазақ  және  қыпшақ 
халықтарында  қалыптасқан    ұғымы  терең  ұғым.  Шежіренің  екінші  синонимдік  варианты  Жеті  Ата  ұғымына 
келеді.   
Қазақ  елінде  күні  бүгінге  дейін  өзінің  құндылығы  мен  мәнін  жоя  қоймаған  шежіре  ұғымы  түркі  тілдес  
халықтар арасында башқұрт, өзбек, тәжік, қырғыз, қарақалпақ т.б. халықтарда бар. Аталған халықтардың қай-
қайсысы да шежіре ұғымына жете мән беріп қарайды. 
Мақалада  Шежіре  ұғымының  хатқа  түсіп  қалыптасуындағы  Шәкәрім  Құдайбердіұлының  «Түрік,  қырғыз, 
қазақ һәм хандар шежіресі» кітабының маңыздылығы, құндылығы туралы сөз етілген. 
Шәкәрім шежіресінің құндылығы: аталған еңбекте автор өз еңбегі жайлы, қандай мәліметтер пайдаланғаны, 
қандай  еңбектерге  сүйене  отырып,  жазғандығы  туралы  мәліметтер  беріп  өткендігімен;  шежіреден  бұрынғы 
жағдай, шежіре басының қайдан бастау алатындығы туралы анық көрсеткендігімен (бұл шежіре кезеңі барлық 
түрік  халықтарына  ортақ);  қазақтың  түп  атасының  қайдан  шыққандығын  зерделегендігімен  бағалы  болып 
табылады.  
Аталған халықтар шежіресінің мазмұны мен тарихилығына зер салсақ,  Шәкәрім шежіресінің бір ерекшелігі 
және  артықшылығы:  тарихты  қазақы  дүниетаныммен  сабақтастыра  білгенінде  ғана  емес,  тек  қазақ  халқының 
өткенін  қамтып  қана  қоймай,  туыстас,  бауырлас  халықтардың  да  түпкі  тарихына    зерделі  ой  жіберіп,  қалам 
тартуында.  
Мақала  авторы  татар,  башқұрт,  түрік  халықтарының  шежіре  ұғымына  негіз  бола  алатын  осы  тілдердегі 
тарихи  дерек  көздерін  негізге  ала  отырып,  қазақ  халқының  шежіре  таратуда  алатын  орны,    түрік  тілдес 
халықтар арасындағы қайталанбас ерекшелігін ғылыми тілде айқын көрсеткен.   
Тірек  сөздер:  Шәкәрім  Құдайбердіұлы,  шежіре,  түркі  халықтары  шежіресі,  «Түрік,  қырғыз,  қазақ  һәм 
хандар шежіресі», жеті ата.  
Аннотация: Летопись (родословная) - с генеалогической точки зрения емкое понятие, сформировавшееся у 
казахов и кыпчакских народов и основанное на родственных разветвлениях.  
В статье говорится о важности и ценности для формирования письменной формы летописи труда Шакарима 
Кудайбердиева "Түрік,  қырғыз, қазақ, һәм хандар шежіресі". 
Ценность летописи Шакарима состоит в том, что автор труда, наряду со сведениями о своем призведении, 
использованных источниках, истории написания,  показывает предисторий  летописи, рассказывает об истории 
ее возникновения (этот период является общим для тюркских народов), исследует историю появления предков 
казахов. 
Если обратить внимание на историзм и содержание летописей перечисленных народов, то можно выделить 
особенность и преимущество летописи Шакарима: он связывал историю не только с казахским мировозрением, 
охватывая  прошлое  казахского  народа,  но  и  обращая  взгляд  на  историю  зарождения,  развития  родственных 
народов. 
Автор  статьи,  приведя  исторические  сведения  об  языках  татарского,  башкирского,  тюркских  народов, 
последившие  основой  для  зарождения  летописи  в  этих  странах,  научным  языком  отчетливо  определил  место 
казахского народа в становлении и развитии летописи, показывал ее неповторимые особенности. 
Ключевое  слова:  Шакарим  Кудайбердиев,  летопись  (родословная),  летопись  тюркских  народов, 
«Родословная тюрков, кыргызов, казахов и их ханов», семь предков. 
Abstract:  Chronicle  –  with  a  genealogical  point  of  view  capacious  notion  that  formed  the  Kazakhs  and  Turk 
peoples and based on related branches. Second name chronicle close to the notion of seven ancestors.  
The  concept  of  the  chronicle  has  not  lost  its  importance  and  value  for  the  Kazakhs,  preserved  and  such  related 
peoples, as Bashkirs, Uzbeks, Tajiks, Kyrgyz, and Karakalpaks and others, these nations attach great importance to the 
chronicle.    

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №3 (49), 2014 ж. 
121 
The article discusses the importance and value for the formation of the written form chronicle of labour Shakarim 
Kudaiberdiyev “Pedigree Turkic,Kyrgyz and Kazakh peoples and of the Khans». 
The  author  of  the  article,  citing  historical  information  about  the  languages  of  Tatar,  Bashkir  and  Turkish  peoples, 
following the basis for the emergence chronicle in these countries, the scientific language clearly define the role of the 
Kazakh people in the formation and development of the chronicle, showed its unique features.   
Key  words:  Shakarim  Kudayberdiev,  chronicle  (pedigree),  pedigree  of  the  Turkic  peoples,  “Pedigree  Turkic, 
Kyrgyz and Kazakh peoples and of the Khans», seven ancestors. 
 
Жеті ата – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан  тегі таратылуының 
нақтылы  жүйесі.  Бала  өзінен  бастап  әкесі,  атасы,  бабасы,  т.б.,  жеті  атасының  нақтылы  есімдерін 
кішкентайынан  жаттап  өседі.  Бұлардан  тараған  ұрпақтар бір  атаның  балалары  саналады.  Ал  екінші 
жағынан  баладан  тарайтын  ұрпақ  әкеден  төмен  қарай  жалғаса  береді.  Ағайындықтары  Жеті  атаға 
толмай жақын-жуықтар бір-бірінен  қыз  алыспайды.  Жеті атаға  толғаннан кейінгі  күннің  өзінде,  бір 
рудың  жастары  некелесетін  жағдай  туса,  ру  ақсақалдары  бір  пәтуаға  келіп,  боз  биені  сойып, 
баталасып  барып  рұқсат  ететін  болған.  Ататек  атаулары:  ата,  әке,  бала,  немере,  шөбере,  шөпшек, 
немене.  Бұдан  әрі  туыстық  атаулар:  жүрежат  туажат,  жұрағат,  жат  жұрағат,  жегжат,  жамағайын 
болып кете береді.  
Соңғы түйіндеуші буын, әдетте, ру есіміне тіреледі. Немесе, керісінше, руынан бастап сатылап өз 
әкесіне яки өзіне дейін таратылады. Өз ата-бабасын, жеті атасына дейін білу әрбір азамат үшін міндет 
болған және сол білігі арқылы ол өз халқының дәстүрін жалғастырып отырған.  
Мұның  өзі  қазақтардың  этникалық  ерекшеліктерін  танытады,  әрі  оның  қиын-қыстау  кезеңдерде 
тегінен  көз  жазып  қалмауына  және  басқа  халықтармен  ассимиляцияға  түсіп  кетпеуіне  себепші 
болған.  
Шежіре  –  генеалогиялық  тұрғыдан  туыстық  таралымды  негіз  ететін  қазақ  және  қыпшақ 
халықтарында қалыптасқан  ұғымы терең ұғым. 
Ежелден қалыптасқан қағида бойынша шежіре ер адамның ата-бабасымен таралады. 
«Beğenmediği  ikinci  eseri  ise  ‘‘Türik  Handar  Şeciresi  (Türk  Hakanları  Tarihi)’’  adlı  kitabıdır.  Şair  bu 
eserinin,  gençken  etkilenerek  milli  tarih  yazma  amacıyla  ortaya  çıktığını  söyler.  Ancak  milli  olması 
kaygısıyla Türk kavminden olan tüm hanları eserınde  övmüştür ve bu nedenle eseri objektif olmadığı iöin 
beğenmez [1, XIX], - деп Ш.Құдайбердиевтің ақын ғана емес, түрік халықтарының ортақ мұрасы етіп 
санауға  болатын  бағалы,  құнды  еңбектің  авторы  –  шежіреші  болғандығына  да  тоқталып  өтеді. 
Шежіренің екінші синонимдік варианты Жеті Ата ұғымына келеді.  Жеті Атасын білу – түркі тілдес 
халықтардың арасында қазақ халқы үшін міндетті болып табылады.  
Жеті  ата  мен  ру  шежіресін  білу  көшпелі  қоғамда  өмір  сүрген  қазақтар  үшін  өмірлік  қажеттілік 
болды. Жеті атадан Үш жүзге дейінгі біртұтас туысқандық бітім бірнеше ғасырлар бойы “қазақ халқы – 
бір атаның баласы, бір тамырдан тараған” деген ұстанымды орнықтырған [2].  
Қазақ  елінде күні бүгінге  дейін  өзінің  құндылығы  мен  мәнін жоя  қоймаған  шежіре ұғымы  түркі 
тілдес  халықтар  арасында  башқұрт,  өзбек,  тәжік,  қырғыз,  қарақалпақ  т.б.  халықтарда  бар.  Аталған 
халықтармен  бірге  түбі  бір  туысқан  халықтары    ішінде  шежіре  ұғымына  татар  халқы  да  жете  мән 
беріп қарайды.  
«Шәжәрәләр  турындагы  фән  –  генеалогия  –  дөньяның  мәдәни  яктан  алга  киткән  халыкларында, 
илләрендә безнең дәвәрдән күп мең еллар элек үк мәгълүм булган. Ислам, христиан диннәрәнең Изгә 
китапларында да Адәм галәйһиссәламнән башлап урта гасыр гарәп, фарсы, төрек, татар дәүләтләрен 
төзегән  халыклар  хакимнәренең,  шул  исәптән  Мөхәммәд  галәйһиссәламнең  дә,  легендар  нәсәл 
шәжәрәләре  урын  алган»,  -  деген  зерттеу  жолдарынан  татарлардың  қазақ  халқы  сияқты  шежірені 
әлімсақтан тарататындығы белгілі болды [3,4]. Бірақ, бүгінгі татар зерттеулеріне ХҮІІІ ғасырдан бері 
қарай жазылған деректер негіз болатындығын:  
«Татар  шәжәрә,  ингәздә.  Гарәп  язуында  кәгазьгә  төшерелгән.  Сирәк  булса  да,  ХҮІІІ-ХІХ 
гасырларда рус телендә, рус графикасында язылган татар шәжәрәләре үрнәкләре дә табылды. Аларны 
матбугатка әзәрләгәндә, зур  текстологик  эш башкарылды. Билгәлә булганча,  шәжәрә  текстлары  зур 
таблицалар  рәвешендә  дә,  зур  форматлы  амбар  кенәгәләрендә  таблицалар  һәм  атадан  балага 
туучыларны  санап  бару  тәртибендә  дә  бәян  ителгәннар.  Зур  таблицалар  рәвешендәге  шәжәрәләр 
язылган кәгаьлар бөкләп сакланганлыктан, вакытлар узу белән тузу сәбәпле, бөкләгән жирләрәннән 
өзелеп һәм таралып, аерым өлгеләре югалу очраклары да бар», - деген зерттеу дерек көздерінен таба 
аламыз [3,8]. 
Башқұрт  халқында   да  шежіренің  ежелден  бері  адамдардың  ата-тегін  өз  есінде  сақтап  келе 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Филология», №3 (49), 2014 г. 
122
 
жатқандығын,  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізіп  отырғандығы  белгілі.  Башқұрт  тарихы  бойынша  ХҮІІ-
ХҮІІІ ғасырларда шежіре жазу, шежіре тарқату ұғымы пайда болып, генеологиялық жағынан өзінің 
ата-тегінің  түп-тамырын  айқындау,  білу,  айта  білу  белсенді  әрі  қарқынды  дамыды.  Генеология 
«genealogia»  деген  грек  сөзінен  аударғанда,  шежіре  деген  мағынаны  білдіреді.  Шежіре  өткенді 
сабақтай  білуге,  рулар  мен  туыстар  арасындағы  туыстық  қарым-қатынастың  жақындығын  білуге 
үйретеді.  Өздерінің  тектік  таралуын  «шежере»  деп  атай  отырып,  башқұрт  халқы  да  қазақ  халқы 
сияқты жеті атасын тарата отырмаса да, қазақ елі сияқты араб тілінен түсінік бергенде де  «ата-тек», 
«генеология»  деген  ұғымдарды  білдіретін  осы  бір  сөзбен  тарихы  тамырлас  болып келеді.  «Шежере 
башкирских родов и племен все еще таят в себе множество тайн и загадок, требующих их познания. 
При  помощи  башкирских  родословных  мы  можем  заглянуть  в  неизведанные  страницы  истории, 
попытаться ответить на интересующие нас вопросы, как прошлого, так и настоящего, узнать кто мы и 
откуда наши корни. Познав историю своих предков, их великие деяния мы, возможно, сможем узнать 
свой  дальнейший  исторический  путь,  свое  предназначение  в  миропорядке.  Осознание  башкирским 
народом наследия предков и на основе этого своей исторической значимости и уникальности; своего 
дальнейшего  исторического  пути,  в  свою очередь,  приведет к  его благоденствию  и  процветанию, а 
значит  к благополучию  всего  государства»,    [4,12]  -дейді  өзінің  зерттеу  еңбегінде  башқұрт  ғалымы 
В.Р.Мазитов.  
Өткенін  білген  жанды  өз  кезеңінде  отбасы  мен  өз  жүзінің,  өзінің  ата-бабасының  тарихы  мен 
дәстүрін  жалғастыра  алатын  толыққанды  ұрпақ  деп  санаған.  Генеалогия  изучает  происхождение, 
историю  и  родственные  связи  родов  и  семей.  В  нашей  республике,  говоря  о  родословии,  часто 
употребляют  слово  «шежере».  «Всплеск  интереса  к  истории  своего  рода  произошел  в  90-е  годы 
прошлого  века.  Граждане  стали  активно  интересоваться  своими  корнями.  Возросло  количество 
обращений  в  архивы»,  -  [5,3]  деген жолдардан бауырлас  башқұрт  халқының  кеңестік кезеңде қазақ 
халқына қарағанда өзінің шежіре сырынан қол үзіп қалғанын байқай аламыз. 
Ал түріктердің ата тарихы Османлы тарихынан бастау алады. Түрік шежірелеріне көз жүгіртсек, 
бізге жол сілтейтін Бозкір императорлығы тарихы мен Осман тарихы  бойынша жазылған әдебиеттер 
болып табылады.  Bozkir'in üç atlisi (Atila-Cengiz Han-Timur) кітабында айтылған: «Asya bozkırlarının 
tabii bir devamı olan Avrupa'nın Doğu bozkırlarında İskitler'in yaşadıkları yerleri, birinci yüzyıllarda ellerine 
geçiren  Gotlar,  buraları  Kara  Deniz'in  kuzeyindeki  bozkırlarla    birlikte  Hunlar'a  bırakmak  mecburiyetinde 
kaldılar. Asya ile Avrupa arasında irtibatı sağlayan bu geçit, 4. yy.dan başlayarak 18. yy .a kadar Türk-Tatar 
kavimlerinin hâkimiyeti altında kaldı. İskitleri, Doğu Asya'dan Avrupa'ya akın etmiş olan bozkır kavimleri 
takip etmişlerdir. Bu iki kıtayı istila edenlerin sosyal benzerlikleri, bunları birleştiriyordu: İskitler de, Türk-
Tatarlar da tam manâsıyla çoban, süvari ve okçu idiler. Türk-Tatarları'nm tarihi, Avrupa'da tanınmalarından 
çok evvel başlar. Hâdiselerinbilinmesi ve sıralanması bakımından büyük güçlüklerle dolu olan bu tarih, Asya 
Kıta'sı-mn  genişliği  ile  orantılıdır.  Avrupalılarca  az  tanınan  ve  onun  ruhuna  yabancı  olan  bu  hâdiselerin 
anlaşılması ve hele izahı çok güçtür. Bu kavimlerin dramatik dünyasındaki hâdiseler, başka kanunlar altında 
ve geniş sahalarda cereyan etmiştir» сынды деректерден [6,304] түрік тарихының бастау көздерін көре 
аламыз.  
Ежелгі  түрік  дүниесі  –  Атилладан  (Еділ  патша  –  ғұндар басшысы) бастап, Шыңғыс  ханға  дейін,  
Шыңғыс  ханның  жаулап  алу  саясатындағы  Моғолстан  ұғымы,  Ақсақ  Темір  жорықтарындағы 
түріктер тарихы толық жазылған.  
Аталған халықтар шежіресінің мазмұны мен тарихилығына зер салсақ,  Шәкәрім шежіресінің бір 
ерекшелігі және артықшылығы: тарихты қазақы дүниетаныммен сабақтастыра білгенінде ғана емес, 
тек қазақ халқының өткенін қамтып қана қоймай, туыстас, бауырлас халықтардың да түпкі тарихына  
зерделі ой жіберіп, қалам тартуында.  
Қазақ  шежіресі  тарихы  туралы,  қазақ  шежірелерінің  зерттелу  тарихына  көз  жіберсек,  кезінде 
оларды  жазып  алуға  орыс  ғалымдары  А.Левшин,  В.Вельяминов-Зернов,  Н.Аристов,  Г.Потаниндер 
көп үлес қосқанын байқай аламыз. Қазақ ойшылдары топтаған шежірешілердің ішінде М.Дулатидің, 
Қ.Жалаиридің  шежірелері,  «Жәңгірхан  шежіресі»,  Ш.Уәлиханов  жазып  алған  «Ұлы  жүз  шежіресі», 
А.Ниязовтың «Үш жүздің шежіресі», М.Шорманұлының шежіресі, .Бөжейұлының «қазақ жұртының 
шежіресі»,  Мәшһүр  Жүсіптің  «Қазақ  шежіресі»,  М.Тынышбайұлының  «Қазақ  халқының  тарихына 
қатысты материалдар» атты еңбегіндегі (ташкент, 1925жыл) қазақтардың қайдан шыққандығы, қазақ 
хандығының  құрылуы,  қазақ  шежіресі  туралы  деректі-ғылыми  зерттеу  көздерін  айта  аламыз. 
Осылардың  ішінде,  тарихылығымен,  деректерінің  кең  ауқымдылығымен  көзге  түсетін  еңбектердің 
бірі  - Шәкәрім Құдайбердіұлының біз атап өткен «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №3 (49), 2014 ж. 
123 
еңбегі.  Кемеңгер  Абайдың  ұсынысымен    Шәкәрім  қазақ  шежірелерін  жинастырып  түрік,  қырғыз, 
қазақ  және  хандар  шежірелерін  қатар  қойып  зерттеуі,  оның  білгір  тарихшы,  білікті  сөз  зергері 
болғандығын көрсетеді.  
Шәкәрім  шығамашылығын  зерттеуші,  зерделеуші  ғалымдар  деректеріне  сүйенсек,  шежіренің 
нақты қай жылдары жазылғандығы туралы айқын дерек жоқ. Тек Шәкәрім Құдайбердіұлы шежіресі 
1911 жылы Орынбор қаласында  жарық көрді.   
«Мұнан бұрын қазақ шежіресі қазақ тілінде кітап болып басылған жоқ. Шаһкәрімнің бұл кітабы – 
қазақ  шежіресін  білмек  болған  аға-іні  іздегенді  осы  кітаптан  табасың.  Енді  мұнан  былай  қазақ 
шежіресін  жазбақ  болған  кісі,  Шаһкәрім  кітабын әбден  білмей  қадам  баспа.  Кітап  жиған жері  жоқ, 
көшпелі  далада  жүріп  Шаһкәрім  шежіресіндей  кітап  жазбақ  оңай  жұмыс  емес.  Шаһкәрім  жазады: 
«Қазақтың түпкі атасының жайын білмек болып, көп уақыттан берлі сол туралы естіген, білгенімді 
жазып алып және әр түрлі жұрттың шежіре кітаптарын оқыдым; ол оқып көрген кітаптардағы сөзді 
түгел  жаза  алмасам  да,  керектісін  теріп  алып,  оған  тура  келген  қазақтың  ескі  сөздерін  қосып, 
жаздым», дейді. (3-інші бет)., -деп бұл туралы өз мақаласында әділ баға берген Ә.Бөкейханов:  
«Бір Алла бергеніңе сансыз шүкір, 
Қалған жоқ зая болып қылған фікір, 
Бітірдім түрік-қазақ шежіресін, 
Болса да кемшілікті, қисық, бүкір. (109-ыншы бет). 
Шаһкәрім өзі бүкір дегенмен, шежіресі – бала оқытқан молланың қолында болатын кітап екендігін 
атап  көрсеткендігі  [7,28]  Шәкәрім  шежіресіне  ғана  емес,  қазақ  шежіресі  тарихы  үшін  де  айтылған 
ақиқат сөздердің бірі деп бағалағанымыз жөн.  
Әр рудан,  түркі тілдес әр түрлі  халықтардан тараған түріктер үшін  де шежіре ұғымы жат емес.  
Түрік  елінде  шежіре  қазақтардағыдай  ата-бабадан  емес,  осман  түріктері,  стамбул  түріктері, 
парсыдағы  һәм  Закавказдағы  түрік  нәсілі  деп  қана  бөлінетіндігін  Шәкәрім  қажы  кеңінен    баяндап 
өткен.  
Бауырлас  тәмам  түрік  халықтарына  «шежіре»  ұғымы  ортақ  болса  да,  жеті  атадан  аспай  қыз 
алыспау  ұғымынан  бастау  алатын  берік  дәстүр  тек  қазақтарда  бар.   Шежіренің  түп-тамырымыздың 
алтын діңгегі екендігін, Елбасымыз өз Жолдауында да: «Ру мен тайпаға бөліну – ұлттық тұтастықтан 
айырылудың  өте  қауіпті  түрі.  Қазақ  шежіресінің  түпкі  мәнін  ұмытпау  керек,  алып  дарақтың 
бұтақтары сияқты күллі рулардың түбін қуа келгенде, барлығы бір ғана ұлы  тамырға  – қазақ деген 
ұлтқа барып тіреледі. Қай шежірені алып қарасаңыз да, ол қазақтың бірлігін, тұтастығын әйгілейді. 
«Шежіре  –  қазақты  бөлшектейтін  емес,  керісінше,  біріктіретін  ұғым.  Барша  адамзаттың  Адам 
атадан басталатыны сияқты, бүкіл қазақтың шежіре атаулысы Атам қазақтан бастау алатынын әрбір 
қазақ жүрегінің төрінде ұстауға тиіс. Тек бірлесіп қана, бүкіл халықтың күш-жігерін біріктіріп қана 
біз  алға  баса  аламыз.  Бірлігі  берекелі,  тірлігі  мерекелі,  ынтымағы  жарасқан  елдің  ғана  ырысы  мен 
табысы мол болмақ» [8] деп атап көрсеткен.  
Шәкәрім  Құдайбердіұлы  өзінің  шежіре  жазу  кезеңіне  дейін,  бірнеше  тарихи  кітаптарды  оқып 
шыққанын өз еңбегінде баян етеді.  
«Шәкәрім  Құдайбердіұлының  өлеңдері»  зерттеу  еңбегінде  С.Ычык  бұл  туралы  қазақ 
зерттеулеріндегі дерек көздеріне сүйене отырып: «Bu olaya Abay’ın da kızdığını ifade eden şaire büyük 
ustasının  telkinlerinden  birisi  de  Kazak  Tarihi’ni  yazması  olmuştur.  Bunun  üzerine  Sékerim  on  dokuz 
yaşından  itibaren  Kazak  Tarihi  hakkında  bilgi  ve  evrak  toplamaya  başladığını  söyler.  Tarihi  evrakları  ve 
vesikaları toplamaya başlamasıyla şair, on dokuz yaşından itibaren Kazak Tarihi’ni yazmaya koyulmuştur. 
Bu eserini Abay hayatta iken tamamlar ve kitap 1911 yılında «Türik, kırğız, kazak hém Handar Şeciresi’’ 
ismiyle basılmıştır. Şaır, kitabın önsözündeki kendi ifadelerinden anlaşıldığına göre, bu eseri oluşturabilmek 
için  uzun  yıllar  mesai  harcamış,  pek  şok  kaynaktan  beslenmiştir.  Bu  konuda  şair    şunları  söylemiştir: 
«Kazakların  en  eski  kökenini  bilebilmek    için  bütün duyduklarımı,  bildiklerimi  kaydettim.  Bütün  halkraın 
tarih  kitaplarını  okudum.  Okuduğum  kitapların  Müslümancaları  (Türkçeleri);  Tabariy  Tariyh  Ğumumiy 
(Tabir-i  Tarih-i  Hümayun),  Tarih  Ğusmaniy  (Tarih-i  Osmani),  Necip  Asım  Bey’in  Türk  Tarihi,  Ebulgazi 
Bahadır Han’ın yazdığı tarih kitabı. Bunların dışında da pek çok kaynaktan yararlandım. Ruşca kitaplardan 
okuduklarım:  Radloff’un  uygurlar  hakkındaki  eseri,  aristonun  Türk  nesli  hakkında  yazdıkları,  dünyadaki 
çeşitli  halkların  tarihi  ile  ilgili  Ruşça’ya  yapılan  çeviriler.  Bunların  yanı  sıra  Kutadgu  Bilig’den  de 
faydalandım.  Çinli  yazar  Yuvan  Mişi’nin  yazdıklarından,  çeşitli  Arap,  Fars,  Rum  ve  Avrupa  yazarlaının 
eserlerini de okudum» [1, XYIII] дегенін өз еңбегінде атап көрсетіп өткен. Яғни, аталған еңбектің 1911 
жылы  жарық  көргенін,  еңбек  жазылғанға  дейін  әр  түрлі  жұрттың  шежіре  кітаптарын  оқығанын, 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Филология», №3 (49), 2014 г. 
124
 
оқыған кітаптарының мұсылманшасы: «Тәбіри»,  «Тарих ғумуми», «Тарих» антшар аласлам», Нәжиб 
Ғасымбектің  түрік  тарихы,  Әбілғазы  баһадүр  ханның  жазған  «Шежіре  түрік»  және  әр  түрлі 
кітаптардан  алынған  сөздер  екендігін,  орысша  кітаптардан  оқығаны:  Радловтың  ұйғыр  туралы, 
Аристовтың түрік нәсілі туралы, әр түрлі жұрттың шежірелерінен орысшаға көшірген сөздері, оның 
ішінде  түріктің  ең  есі  замандағы  шежіре  кітаптары  «Құдатқу  білік»...,  сондай-ақ,  араб-парсы,  рум-
европа жазушыларының сөздерін де оқығандығын  Шәкәрім сөзімен баяндап, атап көрсеткен.      
Әлмисақтан  бері,  өз  тарихын  шежіре  етіп  ру-тайпалардың  шежіресін  жадында    сақтап,  жаттап 
өскен елдің бірі - қазақтар. Қазақта «жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер, өзін ғана білген 
ұл,  құлағы  мен  жағын  жер»  деп  шежірелікті  атадан  балаға  өсиет  етіп  қалдырды.  Сонан  да  болар, 
Рашид-ад-Дин  «олар  жеті  атасынан  жетпіс  атасын  тарата  білетін  шежіреші  ел»  деп  бағалапты. 
Шәкәрім  шежіресін  парақтап  отырғанда,  1240  жылы    жазылған  «Құпия  шежіремен»,  1313  жылы 
жазылған  Рашид-ад-Диннің  «Жамиғ-ат-Тауариғы»,  1463  жылы  Әбілғазының  жазған  «Түрік 
шежіресінен»  хабардар  болғаны  таңдандырмай  қоймайды.  Бұл  құпия  сақталатын  шежірелердің  ол 
кезде  ақиқаттан  гөрі  аңызы  басым  еді.  Бұл  шежірелер  көбінде  жатқа  айтылып,  тек  хандар  мен 
бекзада- сұлтандар оқып құпия сақтаған-ды. 
Шәкәрімнің шежіре жазған ХІХ ғасырдың соңы, көшпенділер тарихының тұйыққа тірелген тұсы 
болатын.  Моңғолдар  Манж-Цин  патшалығының    қол  астына  өткелі  180  жылдан  асқандықтан,  
олардың  тарихын  таразылап  жазу  тұр  ғой,  ұлт  болып  қалуының  өзі  аса  ауыр  жағдайға  соққан-ды. 
Сонан да болар, олардың тарихын басқыншы елдердің тарихшылары мен шетел жиһанкездері жазып, 
сызатыны әдетке айналған-ды [9,90].  
Қорыта алғанда, Шәкәрім шежіресін оқи отырып, түйеріміз:  
1.
 
Аталған  еңбекте  автор  өз  еңбегі  жайлы,  қандай  мәліметтер  пайдаланғаны,  қандай  еңбектерге 
сүйене отырып, жазғандығы туралы мәліметтер беріп өткендігімен; 
2.
 
Шежіреден  бұрынғы  жағдай,  шежіре  басының  қайдан  бастау  алатындығы  туралы  анық 
көрсеткендігімен (бұл шежіре кезеңі барлық түрік халықтарына ортақ); 
3.
 
Қазақтың түп атасының қайдан шыққандығын зерделегендігімен
4.
 
Ұлы  жүз,  орта  жүз,  кіші  жүз  ғана  емес,  осы  жүздерге  кіретін  қаңлы,  қыпшақ,  қоңырат,  қара 
қырғыз,  керей,  найман,  уақ,  төлеңгіт,  тарақты,  арғын  тайпаларының  арғы-тегі  туралы  тарихи 
анықтамалар бергендігімен; 
5.
 
Хан шежіресі, Шыңғыс хан шежіресі туралы дәйекті пікірлерімен; 
6.
 
Қазақтан  басқа  да  түркі  тілдес  халықтар  шежіресін  (сарт,  өзбек,  ноғай,  башқұрт,  қалмақ  һәм 
Төлеуіт, түрікмен, якут, оранхай, Енисейдегі түрік, Күншығыс Түркістандағы түріктер) таратуымен; 
7.
 
Қазақтың  түп  атасының  қайдан  шыққаны  арабтардан  емес,  түп-тамыры  көне  түркі  әлемінен 
екендігін ғылыми дәлелдермен, нақты тарихи деректермен түйіндей білуімен құнды.  
Шәкәрім  шежіресі  –  талай  жылдарға  созылған  тер  төккен  еңбектің  нәтижесі.  Қазақ  халқы  үшін 
ғана емес,  түбі бір түрік халықтары үшін де баға жетпес қазына болып табылады.   

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет