1
1920-1930 Живопись, Государственный Русский музей. - М.: Советский художник, 1988. – 37 с.
2
Поляков Т.П. Актуальные проблемы отношения содержания и формы музейной экспозиции.
Автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата исторических наук. - М., 1988.
3
Аксенова А.И. Музейные экспозиции в зданиях-памятниках архитектуры//«Музейное дело в СССР».
Актуальные проблемы архитектурно-художественного проектирования экспозиций исторических и
краеведческих музеев. - М., 1983.
4
Арнхейм Р. Искусство и визуальное восприятие. - М.: Прогресс, 1974.
5
Бакушинский А.В. Исследования и статьи. - М.: Советский художник, 1981.
6
Беззубова О.В. Некоторые аспекты теоретического осмысления музея как феномена культуры//Триумф
музея? Сборник научных трудов. – СПб: «Осипов», 2005.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №3 (49), 2014 ж.
135
ӘОЖ 347.781:82.09:894.342
Нұрекешова Г.Р.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,
филология ғылымдарының кандидаты
С.ШАЙМЕРДЕНОВ ПРОЗАСЫНДАҒЫ КӨРКЕМ ТАРТЫСТЫҢ
ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Түйіндеме: Бұл мақалада жазушының көшпелі қазақтың революцияға дайындықсыз келіп, оны
қабылдауының қиындыққа түскені бүкпесіз баян етіледі. Шығармаларының арасындағы шоқтығы биік тұрғаны
«Жыл құсы» повестінде жазушы ХХ ғасырдың басындағы қазақ өміріндегі орын алған тартыстың құрылымдық
сипатына мән беріледі.
Кілт сөздер: Жыл құсы, өндіріс ошақтары, көшпелі қазақ, психологиялық шеберлік, ішкі әлем, көркем
шындық.
Аннотация: В статье «Структурные особенности художественной драмы в произведениях
С.Шаймерденова» рассматривается и анализируется особенности писательского творчества известного
казахского поэта и общественного деятеля С.Шаймерденова. Среди прозаических произведений, которого
выделяется повесть «Перелетные птицы», где автору удалось художественными средствами отразить
драматические события произошедшие в казахском обществе начала ХХ века.
Ключевые слова: Перелетные птицы, производственные очаги, казах- кочевник, психологическое
мастерство, внутренный мир, художественная правда.
Abstract: In the article "Structural features of art drama in the works of S.Shaymerdenov" the features of creative
writing of popular Kazakh poet and public figure S.Shaymerdenov are considered and analyzed. Among the prose
works, which are allocated the story "Migratory birds", where the author was able to reflect the artistic facilities of
dramatic events which are occurred in Kazakh society of the early twentieth century.
Keywords: Migratory birds, image, industrial centers, nomadic Kazakh, psychological mastery, inner world, artistic
truth.
Сафуан Шаймерденов әдебиет майданына араласа бастағаннан-ақ өз шығармасының тақырыбын
адамды зерттеп, тануға, оның сан қилы мінез-құлқын, толғаныс-тебіренісін, адамдық қасиетін,
қоғамдық орта мен жеке адамның өзара байланысын, қарым-қатынасын көрсетуге құлаш ұрды. Өз
туындыларында кейіпкерлерінің адамшылық болмыс-бітіміне ден қойып, адамгершілік парасат
мәселесін шынайы шеберлікпен көтере білді.
Жалпы, жазушы повестері бүгінгі заман тақырыбын, замандастар бейнесін сөз етеді. Алыс тарих
болмаса да, кешегі біз өткен кеңестік дәуір шындығын бүгінгі күннің биігінен таразылап көрсетеді.
Және қай шығармасын алып қарасаң да, алдымен адамгершілік жайы алғашқы орында тұрады.
Бүгінгі зымыран ғасырдың өзінде адам жаны сезімтал екендігін, оның ой-мүддесінде роботтан
бөлекше көңіл-күйлер мен эмоция барын жаныңды баураған сырлы да нұрлы әдеби шығармалар
оқырманға ұқтырса керек. Өйткені, жазушы, қаламгер, ақын, жалпы творчество адамы жанды
шымырлатар шындықты сөз қуаты арқылы қан тамырларына дарытып отырады. Міне, Сафуан
Шаймерденов шығармаларында осындай сырлы да нұрлы күш-қуат жеткілікті, әрі мәңгілік.
«Жыл құсы» повесінде даланың еркін өскен ұлы Битабардың бейнесін мейлінше шынайы
өрнектеген. Өмір ауылдағы қатынастарды ыдыратып, елдің бәрін қалаға, өндіріс ошақтарына қуа
бастаған тұста өндіріске жұмысқа барған Битабар өз танымынан жат ортаға көндіге алмай, ауылына
қайтады. Кең далада еркін өсіп, күші мен қолына сенген ол ешкімге тәуелді болуды қаламайды. Өз
ортасының олпы-солпысын, бірбеткей доғалдығын сақтап өскен адамның қыр баласы екені бірден
танылады. Мұнда жазушы көшпелі қазақтың революцияға дайындықсыз келіп, оны қабылдаудың
қиындыққа түскенін бүкпесіз аңғартады.
Битабардың алып күштің иесі екендігі оның Балуан Шолақпен кездесетін мезеті суреттелгенде,
ашық алаңқайда сазға батқан машинаны көтеріп шығарғанда, көмір қазу жоспарын артығымен
орындағанда, ешкім көтере алмаған көмір кесегін өзі арбаға салып, содан соң су толған бөшкені үйіне
алып келген тұста байқалады. Демек, автор Битабар характерінің табиғатын тереңірек таныту үшін
бейнелеудің реалистік тәсілдерімен қатар, кейде романтикалық әдіс элементін де орынды жерінде
тиімді қолданғанын байқаймыз. Бұл мінездемелерге қоса жазушы мынадай жинақтаулар жасайды:
« – Шахта абыройлы болса, біз де абыройлы екенбіз. Абыройлы болу үшін қирата жұмыс істеуіміз
керек екен. Ал, жігіттер, аянбайық. Тас-талқан етіп көмірді шаба берейік…
Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Филология», №3 (49), 2014 г.
136
Өзі-өз боп Битабардың шешен сөйлегені. Шешіліп сөйлегені. Жұрт қол соқты. Уәде осы соғылған
қол болды.
…Битабар өрлеп кетті. Кәсіподағының облыстық конференциясына делегат болып қатысты.
Облыстық конференция өлкелік съезге делегаттар сайлады. Сайланғанның бірі – Битабар» [1,4 б.].
Үзінді еңбек адамының динамикалық іс-әрекетін елестеткендей мазмұнға толы. Жазушы оны жеке
штрих ретінде ғана пайдаланған. Екіншіден, үзіндіде Битабарға айтылған жылы сөздер белсенді
шахтердің тұлғасын одан әрі биіктетеді. Ол барлық қырынан мол қамтылған, қазақ өнеркәсібінің
қалыптасу, даму дәрежесін айқындайды. Сонымен бірге, мұнда еңбекке, қоғамдық өндіріске жан-
тәнімен берілген адал жанға, қарапайым жұмыс адамына деген қамқор жүректің, ең жылы пейілдің
үлгісі байқалады. Жазушы еңбек адамының тағдырын тақырып етіп алғанда құрғақ декларацияға
ұрынбай, образ арқылы нақты да нанымды етіп көрсеткен.
Кеңес дәуірінде Қарағанды өндірісінің қайта ашылуы мен дамуы, оған қатысқан адамдар тағдыры
«Жыл құсы» повесінің негізгі мазмұнын құрайды. Кеңес тақырыбына жазылған басқа да шығармалар
тәрізді Сафуан Шаймерденов те бұл істердің басы-қасында болып, ұйымдастыру ісін жүргізген
партия қызметкерін, басқа жақтан келіп өндірісті білгірлікпен басқара білген орыс адамының
бейнесін басты кейіпкер ретінде көрсетеді. Жазушы Битабар мен Левенштерн бейнесін схемалық
күйден жанды адамға, өмірінің қуанышы мен реніші араласа жүретін, өзге халықпен қарым-
қатынаста қарапайым, пендешілік мінездерден құр емес, нақты адамға айналдырып көрсете алған.
Левенштерн бейнесі шығармада өзекті орын алған. Оның шахта жұмысын нығайту жолындағы
атқарған әр алуан ісі де жазушы назарынан тыс қалмаған. Үйірімді, қабілетті басшы. С. Шаймерденов
Левенштерн бейнесін ашуда біржақтылықтан бойын аулақ ұстаған. Оның бойындағы адами
қасиеттер өзінің жақсы, жаман қырларымен бірлікте көрінеді. Мәселен, Левенштерннің өз қара
басының абыройын ғана биік санайтын, даңққұмар, мақтан қуғыштығы көрінетін эпизодтардан
мысал келірейік.
«…Битабар үйге бөтен біреулердің келгенін білді. Левенштерн мен осы пұшық сары.
– Бұл кісі танысамын деп келді, тамыр, – деді Левенштерн.
– Ал, таныс ендеше.
– Өз тілін білетіндермен осылай батыл сөйлеседі. Жігіт сыпайы екен. Кек тұтпады.
– Қалай, мына Левенштерн жолдас ренжітпей ме?
– Құдай сақтасын, кісі өліп жатса да, кісі үстінен шағым айту дегенді Битабар білген емес.
– Ә, жақсы онда. Атыңды көп естуші едім. Көргім келді сосын. – Левенштернге қарады. –
Қазақтан шахтер шықпайды деп көкуші еді кейбіреулері. Міне, нағыз шахтерлер осылар емес пе?!
Левенштерн жымиып қойды:
– Бұл – Левенштерннің еңбегі.
– Оның рас…» [1,210 б.].
Осылайша жазушы «Жыл құсы» повесінде жан-жақты, шынайы характерлер тудырған. Повесте
әйелдер бейнесі де жан-жақты жасалған. Әсіресе, орыс келіншек, ақкөңіл, іскер Мария
Александровна бейнесі де сәтті шыққан. Ол тағдыр тәлкегіне көп ұшыраса да, кедергілерді
іскерлікпен жеңіп отырады. Жазықсыз абақтыға түскен Битабарды түрмеден шығарып алады. Шахта
бастығы Левенштернге де сес көрсетіп, ықтырып жүреді. Ал айттырылған жағына қол бұлғап кете
баратын Жанкүміс бейнесі көп үміт күттірсе де, солғындау шыққан. Оның Битабарға деген
махаббаты да оқушыға ой салатын детальдар арқылы берілмеген. Ақылды ана Сілеусін бұрынғы
қазақ әдебиетінде жасалған әйелдер образын толықтыра түсетін тың бейне.
Қарап отырсақ, жазушының «Жыл құсы» повесінде адам өмірінде, қоғам тарихында анық ізі
қалған, әлеуметтік астары терең оқиғалар суреттеледі. Повесте адамдардың еңбегі мен ісін нысанаға
ала отырып, жинақтау жасаудың үлгілі тәжірибесін көрсетеді. Шығарманың ажарлы шығуы ең
алдымен суреткердің дарын күшіне, идеал бағытына, дүниетанымының кеңдігіне, өмірде көргені мен
түйгенінің молдығына, ұдайы шеберлігін арттыруына байланысты екені анық.
Жанр мәселесінің көркемдік мәселесімен тығыз байланысты екені мәлім. Өйткені, шығарма
сапасының қандай болуы – сол туынды жанр сипаттарының өзге де көркемдік компоненттерімен
қандай бірлікпен сәйкестік тауып тұрғанына тікелей қатысты. Сондықтан да, шығарманың жанр
табиғатынан туындайтын талаптарға сайма-сай келуі бұлжымас заң болуға тиіс.
Негізінен, жаңа өмір үшін күрестің күнгей жағын суреттеуге бейімделгенмен, шығарма авторы
жаңа тұрмысқа көшу көшпелі қазаққа оңайға түспегенін, олар бастан кешкен қиыншылықты
көрсетеді. Алайда, дәуір идеологиясының әсері байқалмай қалмайды. Халық көрген азаптың
зардаптары, ашаршылық жайлары сөз болмай тасада қалады.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №3 (49), 2014 ж.
137
Тағы бір айта кетерлік мәселе, Битабар бейнесінің психологиялық шеберлік тұрғысынан да
шынайы бейнеленуінде. Мәселен, автор Битабар мінез-құлқына ауылдан жұққан кейбір көне
қылықтарды орағытып өтпей, қайта оның характерін жонылмаған күйінде, олпы-солпы түрінде
бейнелейді. Оны осындай күйде көрсете отырып, қайнаған өндірістің қақ ортасында жүрсе де,
кейіпкер характерінің, әсіресе, Битабар секілді ауылда туып, ауылда өскен қаһарман мінез-құлқының
оңай өзгеріп, шапшаң соны сипатқа ие бола қоймайтынын дәлелді көрсетіп береді. Соның өзінде де
Битабардың бойындағы аңғал, аңқау әрі адал қасиеттерін ашып суреттей алған.
Битабар бойындағы дала адамына тән аңғалдық қасиеттер езу тартқызбай қоймайды. Бұл
жағдайлар көбінесе Левенштерн екеуінің арасындағы әңгімелерге қатысты өрбіп жатады. Мысал
келтірейік:
«…Содан кейін орысша ұзақ сөйлеп кетті. Есім оны қазақшалап отырды. Битабардың содан
түсінгені – жақсы тұрмыс та, келешек те шахтада.
Битабар ойы: «Бар жұрт шахтаға барса, сонда малды кім бағады, егінді кім салады?» – Бұл сұраққа
жауап таба алмай отырды да: «Жә, қойшы!» – деп қолын бір сілтеді» [2, 163 б.].
Сондай-ақ, Левенштерннің кабинетіне алғаш келген сәті де оның адал да аңқау характерін ашып
бере алады:
«Іштен Левенштерн шықты. Далада кездескеніндей емес, ұстамды, салқындау, сыпайы. «Өзі
отыратын жерінде бастық осындай болады екен-ау».
Битабар бойындағы аңғалдық оның әйелі Сілеусін бойынан да көрініп қалып отырады. Барлық
ауыл әйелдерінің бейнесінен құралған Сілеусін – момын да көнбіс жан. Ар жағында еш арамдығы
жоқ сөздерді аңдаусыз айтып қалып немесе қимылдарымен езуіңе күлкі үйіріп отырады.
«Осы кезде өзіне жуық бір тоқтыны сүйреп Амантай үйге кірді.
– Ал, тамыр, бата қайырасың.
Қазақ арасында көп жүріп, әбден қазақуар болып алған Левенштерн қашқан да, қысылған да жоқ.
– Қазақ шахтерлері көбейе берсін! – деп кәдуілгі қазақша бетін сипады.
Қазан жақта жүрген Сілеусін аузын бір сылп еткізді де, Левенштернге тесіле қарап, бетін жыртты.
Битабар дағдысынша домалай күлді» [2, 161 б.].
Өз кейіпкерлерінің психологиялық жай-күйін дөп басып танып, айнытпай суреттей білу –
Шаймерденов шеберлігінің бір қыры. Автор бұл жағдайда көбінесе ішкі монолог әдісін де орнымен
қолдана біледі. Әсіресе, Левенштерн бейнесін ашуда бұл тәсілдің шеберлікпен қолданылып тұрғанын
байқаймыз. Айлалы да ақылды Левенштерн қазақтың арасында көп жүріп, олардың бойындағы көп
қасиетін біліп, сыралғы болып алған. Кейде осы бір халықтың бойындағы даладай ашылып жатқан
аңғал-саңғал қасиеттеріне әрі таңырқай қарайды, әрі кейде түсіне алмай дал болады.
Иә, Битабар – көңіл аударарлықтай соны бейне. Ол өзінің алаңсыз адалдығымен, ар-намысын
табан тіре қорғайтын ерлігімен, мүшкіл тірліктен бойын асқақ ұстайтын сирек талантымен назар
аударады. Сонымен қатар жазушы өз кейіпкерін дәріптеуден, шындықтан шығарып жіберуден аулақ.
Сафуан Шаймерденов Битабар тұлғасын нағыз ұлттық тұлға ретінде суреттейді. Ұлттық характерді
ашып көрсету автордың оған сын көзбен қарауына кедергі емес. Мысалы, Битабардың аңғырт-
салғырт мінезі бір жағынан ұнамды көрінеді, ал екіншіден, қамсыздық, ұқыпсыздық ретінде
сыналады. Бұл қасиет, күрделілік сипат өмірдің өзінен келіп тұр, жасанды түп-түзулік, жалаң
мәліметтен әдейі қашу талабынан туып тұр. Қыр адамына тән олпы-солпылық, аңғалдық, досы мен
қасын айыра алмаушылық – бәрі-бәрі Битабар психологиясы мен ой-өрісіне тән. Ол Левенштерн
сияқты кісі үстінен күн көріп, арамдықпен мал жиып жүргендердің шын бет-бейнесін тани алмаған
аңқау қыр қазағының табиғи түр-тұлғасын танытады.
Характері мен психологиясындағы ешкімге ұқсамайтын ерекшеліктері бар Битабар бейнесі әр
түрлі әрекет үстінде ашылады. Далаға еніп келе жатқан жаңалықты қабылдай алмай, қаладағы өндіріс
орынындағы жат ортаға көндіге алмай қиналады. Даланың еркіндігін бойына сіңірген оның
тағдырындағы табыстар мен кедергілер, кемшіліктер мен келеңсіздіктер нанымды көрсетіледі.
Сондай-ақ, оның бойындағы аңқаулық пен аңғалдыққа қоса бірбеткейлік пен қиқарлық Битабар
психологиясын аша түсіп, оның образының жан-жақты сомдалып шығуына септігін тигізген.
«Шетен қалпақ есікті аша берді.
– Ақсақал, сіз кім боласыз? – Байқаса, тап жаңағыдай ашулы емес, жүзінде жылылық белгісі бар.
Битабар осыны байқап, қайта кесірлене қалды.
– Қазақ боламын!
– Қазақ екеніңді біліп тұрмын. Аты-жөніңді айтам.
– Менің аты-жөнімде не атаңның құны бар? Бар, жүре бер жайыңа!
Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Филология», №3 (49), 2014 г.
138
…Қайта өрге шығып бара жатқан машина соңынан қарап қалған Битабардың ойына шофер
жігіттің: «Нәшәндіктің ашуы жаман», – деген сөзі түсті де, шошынып кетті. «Жөнсіздеу сөйледім-ау
осы. Мылтығы болып атып кетсе не істейтін едім!
Осы ой Битабарды көпке дейін мазалаумен болды» [3, 135 б.].
Демек, Битабардың ішкі әлеміндегі тартысты күрделі сипаттағы диалог бейнелеп тұр. Ішкі дауыс
пен сыртқы дауыс бас кейіпкердің рухани әлемінде қайшылыққа, тартысқа түскен. Мұндағы көркем
тартыс бас кейіпкердің жан дүниесін танытуға арналған. Сол ішкі тартыстың құрылуына монолог,
күрделі сипаттағы ішкі диалог, ишара белгі, т.б. тәсілдер әсерін тигізген. Сөйтіп, жазушы «Жыл
құсы» повесінде адамгершілікке құрылған көркем тартыс арқылы қаһармандардың айқын да
шынайы келбетін көрсете білген және әрқайсысының іс-әрекеттері, өмір сынына кез болған сәттегі
шалыстарымен, әрі шарықтаулары арқылы олардың бет-бейнелерін өздеріне аштырып, жеке
даралықтарын танытқан.
Жазушының барлық повестерінде дерлік кейіпкер психологиясын суреттеуде пейзаждың алатын
орны бөлек. Әрбір туындыдағы персонаж бен сюжетке, орын мен уақыт жағдайына орай пейзаж да
ерекше көрінеді. Соның ішінде повесть соңында Битабардың жат ортаға көндіге алмау, туған даласын
аңсау сырына үңілгенде, жазушының пейзажды беру әдісі алдымен көзге түседі. Пейзаждың көп
ретте кейіпкер табиғатын тануға жағдай жасауы сүйсіндіреді.
«…Бусанған жер иісі… гүл иісі. Туған жер – Иманақ баурайының иісі. Битабар мас болды. Иіске
мас. Шалқалап жата кетті. Әртінде, мөлдір аспанның нақ тұңғиық түбінде Иманақ тауын бетке алып
кішкене… ноқаттар кетіп барады. – Тырналар. Сондай алыста, бірақ сондай жақын…
Битабардың көзіне жас іркілді: дүние сондай жып-жылы… Дүние сондай ып-ыстық… Өн-бойы
шымырлады.
Қыс қыспағын көріп шыққан Битабар туған жерді аңсады… Еркіндікті, кеңдікті аңсады…
Күн батты. Ымырт үйірілді. Мөп-мөлдір, тұп-тұнық аспанда сансыз жұлдыздар жымыңдайды.
Солтүстіктен оңтүстікке тартылып құс жолы жатыр. Сайрап жатыр. Өткен жылғы күзде оңтүстіктен
солтүстікке қарай жатқан секілді еді. Енді солтүстіктен оңтүстікке…
Бала кезгі аңыз әлі есте: жыл құсы көктемде осы жолмен келеді. Жыл құсы күзде осы жолмен
қайтады. Бұл жолдың құс жолы деп аталуы да содан. Жыл құсының адаспайтыны да сол өз жолы –
құс жолы болғандықтан…
...Битабар үйге келіп Сілеусінді ертті де, құс жолын бағытқа алып жүріп кетті…» [3, 218 б.].
Осы бір жолдардағы психологиялық параллелизм тайға таңба басқандай бояуы анық күйінде
көрініп, кейіпкер табиғатын танытатын елеулі фактор болып тұрғаны сөзсіз. Айталық, тырналардың
туған жерін бетке алып ұшып бара жатуының өзінде бір символикалық мән бар.
Шындығына келгенде, өмір шындығы өнер өзегі екені рас, бірақ ол қаймағы бұзылмаған қаз-
қалпында көркемдік шындыққа айнала бермейді. Жазушы өмірдің шындығын реализмнің негізгі заңы
типтендіру принциптеріне сәйкес көркем шындыққа айналдырудың көркемдік тәсілін жақсы білуі
керек. Типтендірілген көркем шындық, яғни реалистік шығарма – өмірде болмаған немесе болуы
мүмкін беймәлім жағдайлар мен бейтаныс характерлерді нақты өмір шындығындағы таныс оқиғалар
мен белгілі адамдардан әлдеқайда әсерлі әрі нанымды көрсету деген сөз. Өйткені көркем шығарма –
өмір шындығының нақты көшірме көрінісі емес, қайта көркем шындық өмір шындығының
типтендірілген концептуальдық көрінісі. Көркем шығармадағы таныс-бейтаныс характерлер өмірдегі
беймәлім жағдайлар мен құбылыстар туралы жазушы жауабы. Көркем туынды жазушының көрген-
білгенінің, естіген-жиғанының, оқыған-тоқығанының композициялық жүйеге түскен жиынтығы емес,
өмір туралы философиялық ойының концепциясы болуға тиіс. Сондықтан да типтік өмір шындығын
тікелей жазу бар да, беймәлім өмір шындығын типтендіріп жазу бар екендігін ұмытпаған жөн.
Мұның біріншісі жалпыға мәлімді жалпылама жазу болса, екіншісі, жалқыны жалпыға айналдырып
жазу, яғни жалқыдан жалпыға айналатын әлеуметтік шындықты көрсету деп білеміз.
Ойдан қосу, тарихи фактіні түрлендіре пайдалануда авторлық мұрат ақталып жатса, өнер шартына
қайшы келмейді, керісінше, өмір шындығын өнер талабымен келіп жинақтау тәсілі көркемдік шешім
ретінде көрінеді. Творчестволық процестің бұл құпиясы керек десеңіз, жазушының өзі түйсінгенімен
түбірлеп түсіне бермеуі мүмкін, түйсінгенімен түсіндіріп беруі қиын құпия. Өмірдегі оқиғаның
көркем өнерге, өмірдегі «ет пен сүйектен жаралған» қарапайым пенденің қайталанбас көркем образға
айналуы – суреткер тегеуріні, дарыны, суреткер білімін қажет ететін, соның бәрінен бас құрайтын
суреткерлік шеберлікті тілейтін құбылыс. Ал сол құпияны ашу, ол құбылысты жіті талдау үшін
зерттеуші шығармашылық психология сырын жетік білуі шарт. Бұл жазушы лабораториясының бір
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №3 (49), 2014 ж.
139
қыры ғана. Жалпы, көптеген шығармаларда кездесетін адамға адамгершілік қасиетін таныту үшін
міндетті түрде «зор ерліктер» жасау шарт емес. Өз туындыларында суреткер адамгершілікке
құрылған көркем тартыс арқылы замандас келбетін айқын бейнелей отырып, әрқайсысының іс-
әрекеттері, өмірдің түрлі сан қилы ситуацияларына тап болған кездегі мінез даралықтары арқылы
біртұтас сюжеттік желі жасайды. Сондай-ақ, жазушы повестерінде оқиғамен, характермен қатар
өріліп отыратын нәзік лиризмнің шығарма шырайын әрлендіріп тұрғанын айтпасқа болмайды.
Сыршыл суреткер шығармаларындағы таза да тұнық, жылы шуақ оны басқа қаламгерлерден
өзгешелендіріп тұратын бір даралығы болса керек. Тұтастай алғанда адамдар арасындағы
байланыстардың сыры мен бағытын бейнелеудің амалы сан алуан екенін жазушы Сафуан
Шаймерденов шығармалары анық көрсетеді.
1.
Шаймерденов С. Жыл құсы – Алматы: Жеті жарғы, 2012. – 373 б.
2.
Шаймерденов С. Таңдамалы шығармалар жинағы. – Алматы: Таймас баспа үйі, 2012. – 2т. – 408 б.
3.
Шаймерденов С. Таңдамалы шығармалар. – Алматы: Жазушы, 1999. – 2т. – 298 б.
ӘОЖ 811.512.122
Таласпаева Ж.С.
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, ф.ғ.к., доцент
Қадыров Ж. Т.
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, ф.ғ.к., доцент
ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ҚҰРАЛДАРЫ
Түйіндеме: Қазіргі таңда тіл білімінде көркем шығарманы танымдық тұрғыда талдаудың маңыздылығы
артып отыр. Ұлттық болмысымыз бен тілімізді сақтап қалудың айрықша мәнін түсінуге көмектесетін рухан-
мәдени құндылықтарымызды бағалаудың, ұлттық мәдениетіміздің қайнар көздерін анықтаудың мәні ерекше
болып отыр. Бұл тұрғыдан алғанда ұлттық болмысты қалыптастыруда үлкен рөл атқаратын Ғабит Мүсірепов
шығармаларының тілін зерделеудің маңызы зор.
Мақалада жазушы Ғабит Мүсірепов шығармаларының поэтикалық ерекшелігі мен табиғи мән-мағынасы
қарастырылады. Жазушының шығармашылық тұлғасының өзіндік сипатын, қоршаған дүниені бейнелі
қабылдауындағы тереңдігі мен сезім ұшқырлығы айқындалады. Авторлар Ғабит Мүсірепов туындыларын оның
жалпы танымдық жүйесінде талдай отыра, қаламгердің жаңашылдығын, ұлттық көркемдік-эстетикалық
дәстүрді танытудағы шеберлігін көрсетеді. Сөз зергерінің дарындылығын, өзіндік сөз саптау мәнерін, ой-толғау
әдістерін анықтау үшін оның шығармаларында жұмсалған көркемдік құралдардың стилистикалық
ерекшеліктеріне айрықша көңіл аудару арқылы мүмкіндік алады. Ғабит Мүсіреповтің тілдік ерекшелігін ұлттық
ойлау, ұлттық таныммен тығыз байланыста қарастырып, қолданған көркемдік құралдарының мәнерлілігін
анықтайды. Сонымен қатар дүниенің көркем суретін танытуда жұмсалған халық тілінің сөз байлығының
семантика-стилистикалық қызметі мен көркемдік дәрежесі зерттеледі. Жазушыны өзгеден ажыратар, өзіндік
қолтаңбасын, өзіндік бет-бедерін айқындайтын қасиетін, яғни оның өзіндік стилін нақты мысалдар арқылы
айқындап береді. Жазушының өзіндік қолтаңбасы мен шығармаларында кейіпкерлердің образын сомдауда,
пейзажды суреттеуде пайдаланған тілдік қолданыстарының ерекшелігі айрықша бағаланады. Шығармаларда
ұтымды мазмұн, ұлттық калорит құрайтын көріктеуіш-бейнелеуіш құралдардың стильдік реңктері айқындалып,
олардың көркем мәтіндегі айрықша мәнге ие болатындығы дәлелденеді.
Достарыңызбен бөлісу: |