Вестник Казнпу имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(5), 2015 г



жүктеу 1.51 Mb.
Pdf просмотр
бет3/12
Дата03.03.2017
өлшемі1.51 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Түйін. Мақалада біз «көптілділік құзіреті және көпмәдениетті тұлға дегеніміз не?» деген сұрақтарды қарастырып, 

бұл  ұғымдардың  білімберу  үрдісіндегі  жағымды  жақтарын  антықтадық.  Бұл  сұрақтар  әсіресе  қазіргі  кезде  үлкен 

қызығушылық  тудырады.  Себебі,  қоғам  тарихы  қоғамның  гүлденуі  экономикаға  немесе  техникаға,  тіпті  жалпы 

мәдениетке емес, сөз мәдениетіне байланысты екенін көрсетеді.  

Авторлардың  пікірінше,  жоғары  деңгейлі  мәдениеті  бар  (оның  ішінде  сөз  мәдениеті)  жан-жақты  маманды 

даярлау - бүгінгі таңда білімберудің басты мәселесі болып табылады.  

Мақалада қазақстандық білімберудің стратегиялық басты мақсаты болып, бір жағынан ең мықты қазақстандық 

білімберу дәстүрін сақтау болса, екінші жағынан мектеп түлектерін халықаралық біліктілік сапасымен қамту және 

оларда мемлекеттік тілді, ана тілін және шет тілдерін игеру негізінде лингвистикалық сана-сезім қалытастыру болып 

табылады деп баяндалады.  

Жоғарыда айтылғадай, көптілділіктің құзіретті тек бірнеше шет тілдерін білу деп қана емес, сондай-ақ шет тілде-

рін игеруге қабілеттілік, «тіл сезімінің» болуы, өз бетінше шет тілдерін игеруге деген құлшынысы мен қабілеттілігі-

нің болуы деп қарастырылады. 


Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(5), 2015 г. 

18 


Түйін  сөздер:  көптілділік,  көптілді  құзірет,  көпмәдениетті  тұлға,  мәдениеттің  жоғары  деңгейі,  тіл  саясаты, 

лингвистикалық сана-сезім, шет тілдер, мемлекеттік тіл, екітілдік, халықаралық қатынас 



Summary. In article we considered questions: what is the polylingual competence and the polycultural personality, and 

also positive sides of these concepts of education process were defined. The matters represent considerable interest, especially 

now as the history of society shows that prosperity of society depends not only on economy and equipment and even not on 

the general culture, and on culture of the word. Authors consider that training of the versatile expert possessing the high level 

of  culture  (including  culture  of  the  word)  –  the  main  problem  of  education  today.  It  is  claimed  that  the  most  important 

strategic problem of formation of Kazakhstan is, on the one hand, preservation of the best Kazakhstan educational traditions, 

with  another,  providing  graduates  of  schools  with  the  international  qualification  qualities,  development  of  their  linguistic 

consciousness, at the heart of which – mastering state, native and foreign languages. 

As  it  was  already  noted,  competence  of  a  multilingualism  can  be  considered  not  only  as  knowledge  of  several  foreign 

languages,  but  also  as  ability  to  learning  of  foreign  languages,  possession  of  "feeling  of  language",  desire  and  ability 

independently to learn foreign languages. 

Keywords:  multilingualism,  polylingual  competence,  polycultural  personality,  high  level  of  culture,  language  policy, 

linguistic consciousness, foreign languages, state language, bilingualism, international communication 



 

ӘОЖ 82-1/9 



 

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ЛИРИЗМ ЖӘНЕ МІНЕЗ 

 

Ж.Ш. Саметова – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің магистр, оқытушысы 

 

Лиризм қазіргі қазақ прозасының соңғы онжылдықтағы  негізгі сипаттардың бірі. Суреткер үшін керемет қиын 



нәрсе  «адамның  жаны  мен  жүрегіндегі  көзге  ілінбес  көп  иірімдерді»  табу,  тану  және  жазу.  Қазақ  прозасындағы 

ерекше  назар  аударуды  қажет  ететін  де  жайттардың  бірі  –  осы  мінез  мәселесі.  Өйткені,  көркем  шығарма,  оның 

ішінде әңгіме жанры да өмір шындығын қалай болса солай, талғамсыз, тарихи жағынан негізсіз етіп алмай, белгілі 

бір жайды белгілі бір қоғамдық-әлеуметтік орта шындығына сай, тарихи жағынан нақтылы алып суреттейді. Демек, 

мінез жоқ жерде тарихи оқиға, әлеуметтік жағдай шындығы көрінбейді де, керісінше әлеуметтік орта, оның шынды-

ғы ашылмаған жерде мінез жоқ. 

Бұл мақалада лиризм қазақ прозасына тән сипаттама екендігі айтылады. Қазіргі прозаиктердің бірнеше эстетика-

лық ой сараптамаларына айрықша назар аударылады. 



Кілт сөздер: лиризм, проза, кейіпкер мінезі, қазіргі қазақ прозасы 

 

Мінез – адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық  жағдай қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық 



психологиялық ерекшеліктерінің жинытығы. Авторлық мінездеме дегеніміз біздің түсінуімізше автордың 

төл  шығармасында  орын  алған  кейіпкерлерге  берген  анықтамасы.  Мінез  жоқ  жерде,  Л.И.  Тимофеевше 

айтсақ, ақиқатты «адамдандыру» мүмкін емес. Ал біз әдебиетте ақиқат шындықты тек адамдар арқылы 

ғана танитынымыз белгілі. Сондықтан өз шығармасында «өндірістік процестерді суреттеудің тасасынан 

болар  –  болмас  бұлдырап  көрінетін  кері  ауызданған  мәнекендер»,  емес  толық  қанды  көркем  образдар 

жасағысы  келген  суреткер  бар  шеберлігін  өмір  шындығын  жинақтаумен  қатар  адам  мінезін  даралауға 

жұмсайды. Суреткер үшін керемет қиын нәрсе «адамның жаны мен жүрегіндегі көзге ілінбес көп иірім-

дерді» (Гоголь) табу, тану және жазу.  

Характерология жалпы психологияның бір тармағы болғандықтан, көркем көркем туындыдағы автор-

лық мінездемелердің орны бөлек. Әдебиет сабағында осы мәселеге арнайы көңіл аудару қажет,  - дейді 

ғалым Б.Майтанов /1. 8/. 

Мінездеу,  жанама  мінездеу,  адамға  тән  күйініш,  сүйініш  сезімдерді  суреттеу,  адамның  өз  сөзін 

(монолог) немесе өзгемен сөйлесуін (диалог) келтіру – осылардың бәрі жеке-жеке тұрған, біріне-бірінің 

қатысы  жоқ  дара  мақсатты  (самоцель)  нәрселер  емес.  Керісінше,  бірін-бірі  толықтырып,  бірінен-бірі 

туып, біріне-бірі жалғасып жатқан дүниелер... Мұндай бірліксіз бұлар адам мінезін де, тұлғасында жасай 

алмаған болар еді (2. 95). 

Қазақ  прозасындағы  ерекше  назар  аударуды  қажет  ететін  де  жайттардың  бірі  –  осы  мінез  мәселесі. 

Өйткені, көркем шығарма, оның ішінде әңгіме жанры да өмір шындығын қалай болса солай, талғамсыз, 

тарихи жағынан негізсіз етіп алмай, белгілі бір жайды белгілі бір қоғамдық-әлеуметтік орта шындығына 

сай, тарихи жағынан нақтылы алып суреттейді. Демек, мінез жоқ жерде тарихи оқиға, әлеуметтік жағдай 

шындығы көрінбейді де, керісінше әлеуметтік орта, оның шындығы ашылмаған жерде мінез жоқ. 

Лирикалық проза көркемдік ағым болса, лиризмді тарихи-генетикалық тұрғыдан өнердің тектік қасие-

ті  деп,  авторлық  позиция  орайында  бейнелеу  принципі  ретінде,  әдеби  процесс  өлшемімен  тенденция, 

творчестволық типология талабымен стильдік құбылыс, мазмұндық-құрылымдық аяда компонент есебін-



Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(5), 2015 ж. 

19 


де танып-қабылдауға болатын тәрізді. 

Бүгінгі қазақ әңгімелерін барлағанда байқалатын тағы бір нәрсе – қаламгерлеріміздің өз кейіпкерінің 

жүріс-тұрысын  ежіктеп  кетпей,  олардың  ішкі  жан-дүниесіне  зер  сала  бастағандары,  қаһарманның  іс-

әрекетін жан-дүниесімен сабақтас алып суреттеуге ден қойғандары. Әрине, бұл басқа жанрларға қараған-

да  шағын  әңгімеде  кейіпкердің  бүкіл  рухани  әлемін  ашып  тастау  әлдеқайда  қиын,  әлдеқайда  күрделі 

екендігін  ескермеске  болмайды.  Әңгіме  жанрында  кейіпкер  психологиясын  терең  де  толымды  ашу 

мүмкіндігі повесть-романға қарағанда әлдеқайда шектеулі. Дегенмен, психологизмнің элементтері әңгіме-

де де жоқ емес. Айталық, Т.Нұрмағамбетовтың “Жәрдемші” әңгімесінің өзегі – бас шопан Қабылдың өз 

жәрдемшісіне  қамшы  жұмсап,  орнынан  босауы,  содан  байырғы  әріптесі  Алдашбекке  жәрдемшілікке 

келуі. Бұл жерде назар аударатын нәрсе – екі түрлі жағдайда суреттелетін Қабылдың мінезіндегі өзгеріс, 

Қабыл психологиясындағы құбылыс /3.90/. 

Әңгімеде ескі көзқарастарынан азап шеккен Қабылдың қайшыласқан сезімдері, асып-тасыған көңілі-

нің  сабасына  түсуі,  рухани  дүниесігндегі  өзгерістер  ккөрінеді.  Бұл  жердегі  қабыл  психологиясы  бір 

күйден екінші күйге ауысып, құбылып отыруымен қызық. Мысалы, екі айтқызбайтын елгезек жәрдемші 

тапқанына риза бас шопанның алғашқы ойы: “баяғының құл жұмсаған байлары да осындай рахат көре 

алды ма? Жоқ па?... Әй, дәл осындай тілсіз жәрдемші жұртттың бәрінде бола береді дейсің бе? Кітаптар-

дан  оқып  жүрміз  ғой...  Иесін  сабап  кетеді”,  -  деп  келсе,  өрісте  жүріп,  атынан  түскен  кездегі  ойы:  “Ол 

болғанда қолтығымнан демеп жіберетін еді-ау. Аттың шылбырын жинап, ердің басына өзі іліп, қамшым-

ды әперіп тұрар еді-ау” /4.187/. Қабылдың асып-тасыған бұл психологиясы, бұдан кейінгі жүріс-тұрысы, 

ірі-ірі  шыға  бастаған  сөздері,  өрісте  өзі  сияқты  бас  шопан  Алдабекпен  кездескен  сәттегі  Сырдың  суы 

сирағынан  келтірмейтін  әңгімесі,  ферма  меңгерушісі  мен  совхоз  директорын  құйысқанына  қыстырмай, 

әлемдік мәселелерді қозғап кететін кездері әдемі юмормен, ұтымды диологтармен берілген. Ал мұндайда 

көңілге күдік ала бастайтын оның тыңдаушысын (Алдашбекті) жазушы: “Осы әңгіменің аяғы бір пәлеге 

ұшырап жүрмесе етті” дегендей түсі қашып отырады“, - деп суреттейді. Мұнан Алдашбектің Қабылдай 

емес момын, жуас жан екенін көреміз, бастықтары жөніндегі әңгімеден тартыншақтап, сақтанып отырған-

дығын, яғни мінездеріндегі ерекшеліктерді аңғарамыз. 

Осылайша әңгіме кейіпкерлерінің ой-толғаныстары, мінез-құлқы мен көңіл-күй ерекшеліктері нақты-

лы ситуациядан, сыртқы жағдайдан туындап жатады. Олардың рухани дүниесіндегі сілкініс, ақтарылған 

сезім,  шарықтаған  қиял  бір-бірімен  байланыса  келіп,  бірін-бірі  толықтыра  келіп,  кейіпкер  жанының 

диалектикасын, сезімдер қозғалысының  суретін жеткізетін әдемі өрнек құрайды. Тіпті осындағы кейіп-

керлердің  рухани  дүниесіндегі  өрлеуді  көрсету  үстінде  бүгінгі  әдеби  шығармамызда  көп  кездесетін 

үлгілердің – гипербола элементтерінің ұшырасуы, бұл әңгіменің табысы. Мұның өзі гипербола элементте-

рін тек ауыз әдебиетінде ғана емес, бүгінгі әдебиетімізде де шығармашылықпен пайдалана білгендігінің 

нәтижесі. 

“Қабыл  Алдашбектің  қолынан  жетелеген  күйі  зорланғандай  етіп,  сан  мұхитты  саптама  етіктермен 

кешіп өтіп, америкаға апарады. “Қабылжан-ау, Америка менің не теңім, ауылға апаршы” дегенін тыңда-

майды. Және білмейтіні жоқ. “анау Ақ үй, мынау Көк үй” деп жағалап көрсете жүріп, ЦРУ-дың жанына 

келеді. “Біраз пәле осы жерден басталады, біліп қой” дегендей сол үйге қарай Қабыл саусағын шошайтып 

тұрып алады. 

...Қайтарда тағы да әлгі мұхитты саптама етіктерімен кешіп өтіп, Египет пен Израильдің жеріне соғып, 

Ирак  пен  Иранның  шекарасына  келеді.  Шекарада  қабыл  бір  алақанын  Иранға,  екінші  алақанын  Ирак 

жаққа жайып тұрып, оларды мүсіркегендей “Ау, мына бейбақтарға не жоқ” дейді. 

Мұнда  ауыз  әдебиетіндегі  үлгі  сол  күйінде  қолданылмайды,  бұлардың  арасында  үлкен  сапалық 

өзгешелік бар. Эпостық жырда құтан мен Қарабай, құлан мен бұлан, алты айшылық жер тілге тиек болса, 

бұл  әңгімеде  метеориттер,  астероидтер,  галактика,  Мұхат,  Ақ  үй,  ЦРУ,  Египет  пен  израиль,  Иран  мен 

Ирак секілді бүгінгі ұғымымызға тән терминдер қолданылады /5.15/. 

Қазіргі  таңда  жазушы  Тынымбай  Нұрмағамбетовтің  қазақ  әдебиетінде  өз  отауы,  төл  әлемі  бар. 

Т.Нұрмағамбетов шығармалары жеке дара бір жарқын құбылыс болып отыр. Жазушы шығармаларының 

қай-қайсысы да үлкен жүк көтеріп тұрған туындылар. Атап айтсақ, “Қош бол, ата”, “Қарлығаштың ұясы”, 

“Он  төрт  жасар  жігіт”,  “Түкпірдегі  ауыл”,  “Дарияның  арғы  беті”,  “Тұнық  су”  секілді  бірнеше  повесть 

және  “Қауын  иісі”,  “Әже”,  “мазасыз  түн”,  “Жүрек  жылуы”,  “Жалғыз  шартақ”,  “Менің  інілерім”,  “Ата 

қоныс”,  “Әлі  шалдың  қыздары”,  “Сушы”,  “Шашубай”,  “Таңғы  жауын”,  “Жаздың  қысқа  түні“,“Тойдан 

кейін”, “Жәрдемші”, “Екі мая шөп” т.б. әңгімелері соның дәлелі.  

Т.Нұрмағамбетов  шығармаларындағы  туған  жерге  деген  махаббат,  еңбек  адамдарының  толыққанды 

мүсіні, терең реализм мен психологизм, нұрлы ирония арқылы қарапайым, халықтық характерлерді ашу – 


Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(5), 2015 г. 

20 


міне  қаламгерге  қажет  ерекшеліктердің  түрлері.  Ол  -  өз  тақырыбы  бар,  айтары  бар  жазушы.  Ол  өзінің 

“Қош бол, ата” повесінен бастап концепциялы жазушы болып келеді. Ол не концепция. Ол – туған жерге 

деген  сүйіспеншілік,  қарапайым  еңбек  адамдарының  ұлылығын  жырлау.  Сол  себепті  де  оның 

кейіпкерлері – пәк, таза ойлы жеткіншек, басына тағдыр тауқыметі түскен, жол айрығында тұрған бала 

Көктембай  (“Қош  бол,  ата”),  Шорман  (“қарлығаштың  ұясы”,  Елжан  (“Тұнық  су”).  Осы  Бала  бүгініне, 

болашағына алаң, туған жер топырағына тәу етіп, ел дәстүрін жалғастырып, адамгершілік ар, жеңісі үшін 

бас тігіп жүрген қарт Жөкең (“Қош бол, ата”), Нұржан – (“Қауын исі”), Қамқа кемпір (“жүрек жылуы”), 

тағы басқалары. Т.Нұрмағамбетовтың ту етіп көтерері – тазалық, туған жер табиғатының тазалығы. 

“Тыңдашы,  мені,  ата...  бұл  мен  ғой,  Көктембаймын.  Саған  бүгін  кімдердің  келгенін  білесің  бе? 

Толасбай,  Шодыр  көкем...  қабылдама,  олардың  құранын,  ата,  қабылдама...  Тыңдама...  Көкемнің  бүгін 

мені қалай ұрғаннын көрсең... 

Ата, мен оларды жек көремін. Бәрін де.. Шодыр өз тайқыларымды өзіме беормейді, зорлықшыл. Мен 

әлі үлкейгенле оған көрсетермін. 

Ата, Толасбайдың күмбездеп үй соғу керек дегенін естідің бе? Мен естідім, керегі жоқ. Керегі жоқ, 

күмбездеген үйінің. Мына өзіңнің жұп-жұмсақ, таза топырағың-ақ жетеді.” 

Жер құшағында жатқан атасы моласының басында отырған бала Көктембай үлкендердің екіжүзді-

лігіне ашулы. Осы ретте өз әкесін де аяп отырған жоқ. Қадірлері – туған жердің тап-таза, жұп-жұмсақ 

топырағы. 

 

Осы терең ой, ақиқат пікір – Т.Нұрмағамбетовтың бүкіл творчествосына арқау болған. “Қарлығаштың 



ұясы”, “Үшінші кластың жетекшісі”, “Көгілдір аспан”, “Дарияның арғы беті”, “Түкпірдегі ауыл”, “Тұнық 

су”, “Бойтұмар” повестерінде де, жазушының барлық әңгімелерінде де көтеріп тұрған күш-тірек – туған 

жер.  Бастарына  қандай  күн  туса  да,  Тынымбай  Нүрмағамбетов  кейіпкерлері  туған  жерден  кетпейді, 

ауылды айнала жүреді /18.94/. 

Т.Нұрмағамбетовтың қарапайым бала, жігіт-қыз, егде-ересек, шал-кемпір кейіпкерлерінің бәрі дерлік – 

дара,  дана  адамдар.  Халықтың  қалың  ортасынан  шыққан  өкілдер,  типтік  жағдайдан  жаралған  типтік 

тұлғалар. Қазақы, халықтық хараетерлер. 

Жазушының көрнекті шығармасының бірі – “Тұнық су ” повесі. Бұл повесінің маңыздылығы – бала 

Ержанның суық бауыр анасы Салияны, сұлу астананы тастап, Мұңсызбай ауылына келуінде де емес. Ол 

повестің жас ұрпақты туған жерін, табиғат-ананы сүюге баулитындығында. Ол туған жердің табиғатын 

тамаша  бейнелейді,  көзге  елестетіп,  көңілге  бейнелейді.  Шығарманың  әрбір  эпизоды,  детальдары, 

пейзаждары, диалог, монологтары Т.Нұрмағамбетовтың қарапайым, кішкентай нәрселер арқылы түбегей-

лі үлкен мәселелер көтеріп, кесек образдар сомдап, әлеуметтік ірі, күрделі ойлар айта білгендігіне дәлел. 

Бір қызығы – “Қош бол, ата”, “Тұнық су” повесінің басты кейіпкері балалар болса, “Бойтұмар” повесі-

нің басты кейіпкерлері – ересектер, орта жастағы адамдар. Мұның өзі де жазушы творчествосындағы бір 

ерекшелікті, игі бетбұрысты байқатса керек. 

Т.Нұрмағамбетовтың “Қарлығаштың ұясы” повесінде аңыз, ертегілерді көркемдік тәсіл ретінде пайда-

ланса, кейінгі шығармаларында мұндай әдіс-амалдарды, әдебиетте бұрыннан бар, пайдаланылған үлгілер-

ді қолдану жоқ. 

“Түкпірдегі ауылда” таза реализм, психологиялық зерттеу алдыға шықса, “Тұнық суда” тағдыр тарты-

сы, драматизмі қоюланып, ащы да ауыр тағдыр, терең реализм билік алып, Елжанды – қаршадай баланы 

тығырыққа тіреген. Оның табиғатты ая-ауқым ретінде суреттеу, адамдар мінез-құлқын, психикасын қаз-

балай, қадағалай ашы қосылғанда шығарманың шынайылығы, шымырлығы арта түсетіні түсінікті /18.91/. 

“Түкпірдегі  ауыл”  –  құрылымы  қызық,  тұтас  алғанда  да  бұлшық  еттей  түйілген  шымыр  шығарма. 

Онда дәстүрлі тартыс, конфликт, жағымсыз кейіпкер жоқ емес. Шағын ауылдың төрт түрлі аптал азама-

тын алу арқылы жазушы шалқар өмірдің шындығын алға тарқан. Повесть керағар да қызықты, қатпарлы 

да күрделі мінездер сомдаумен құнды. 

Мұндағы  бригадир,  ауыл  бас  көтерері  Әлібек,  қырсық,  бірақ  ер,  мәрт  мінезді  жігіт  Қиғашбек,  ерке 

ақылды,  тентек  келін  Нәзила,  ауыл  ақсақалы,  Жиделінің  жұлыны  мен  даналығы  тектес  Тәукебай  қарт 

бейнелері  Тынымбай  Нұрмағамбетов  шығармашылығында  ғана  емес,  күллі  кешелі-бүгінді  қазақ  проза-

сындағы  тың,  тосын,  құнарлы  мінез-характерлер  Нұрмағамбетов  шығармаларындағы  соны  жаңалық 

деуге болғандай. 

Жазушының  алғашқы  шығармаларынан  Б.Майлинге  еліктеуді,  Шыңғыс  Айтматов  әсерін  көрсек, 

кейінгі туындыларынан Тынымбай Нұрмағамбетовтың өзін көреміз. 

Бұл  –  Тынымбай  Нұрмағамбетов  атты  жазушының  кемелденгенін,  толысқандығын  көрсетсе  керек. 

“Ең  парасатты проза,  - дәл және қысқа жазылған  проза”,  - деп А.С.  Пушкин айтқандай, көркем әңгіме 



Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(5), 2015 ж. 

21 


қазіргі әдебиетіміздің көтерер жүгі үлкен бір жанрына айналып отыр. Жыл сайын жеке кітаптарда, мер-

зімді  баспасөз  беттерінде  көптеген  әңгімелер  жарияланып  келеді.  Мәселен,  Тынымбай  Нұрмағамбетов-

тың “Тұнық су” атты кітабындағы “Көкөзектің қауыны” әңгімесін алайық. Асылы, жазушы түсіндіруге, 

ұзақ-сонар баяндауға ден қойып кетпеуге, кейіпкер мінез-құлқын, жалпы адамзат табиғатын деталь, тіл 

арқылы  жеткізуге  құмар.  Кейіпкерлер  табиғатын  олардың  өз  сөздері  арқылы  танытады.  Характер  мен 

орта  сәйкестігін  де  ұмытпайды.  Мәселен,  баласына  болыспай,  қарағайдай  қатқан  қырсық  шал  базарға 

барысымен ол мінезімен қоштасады. Базарға бірінші рет кеп саудаласқан кемпір-шалдың “нарық” дегенді 

білмей  дағдарулары  да  қызық.  Қамқа  кемпір  сатып  алушыларға:  “Шырағым,  өзің  қаншаға  алғың  келіп 

тұр. Сол ойыңдағыны берсеңші” десе, Қаратемір қартттың “сатушы мен ғой, жұрттың тілін табайын деп 

емес, бұл жұрт менің тілімді тапсын” деп тұруы, тәкаппарсынуы әрі табиғи әрі күлкілі. Осы сөйлемдер-

ден-ақ,  олардың  кескін-келбеті  елес  бергендей.  Демек,  жазушы  характерді  тілдік  детальдар  арқылы  да 

таныта алған. 

Адам образын жасау – көркем шығармаға қойылар негізгі талап екендігі белгілі. Образ жоқ шығармада 

тағдыр  жоқ.  Ал  адам  суреттелмеген  туындыда  өмір  тынысы,  тіршілік  ағымы  бар  деп  айта  алмаймыз. 

Осындай талап тұрғысынан қарағанда, тынымбай Нұрмағамбетовтың кейіпкер табиғатын танытуға ғана 

емес,  өмірлік  материалдың,  оқиға-әрекеттің  ой  саларлық  қырларына  көбірек  үңілуін  де  айту  керек. 

Аталған әңгімедегі сауда,ға ебі жоқ аңқау қарттарды алдап, жер соқтырар жантасқа байланысты ситуаци-

ялар соның дәлелі. Ал, Қаратемір мен Қамқаға базарға келген балалы әйелге жаны ашып, қауынды тегін 

әрі кезексіз бергеніне де сенесіз. Өйткені, бұл автордың қисынсыз, күшпен қиыстырғаны емес, характер-

лердің бойына сиымды, шамасына шақ әрекет. 

Әдебиеттану пәнінің негізгі нысаны – адам болғандықтан, оның сыртқы дүниемен байланысы, рухани-

психологиялық табиғаты, адамгершілік сапасы және басқа да қасиеттерін бейнелеп көрсетудің сан ғасыр-

лық тәжірибесі бар. Әйтсе де, қоғам алға жылжып, уақыт өзгерген сайын танымы қиын жаратылыс – адам 

турасында жаңа білімдер жинақталады, өзіндік жаңа көзқарастар туады.  

Қоғамды  жасақтаушы  адам  тұлғасын,  оның  ішкі  дүниесін,  ой  әлемін,  барша  жұмбақты  болмысын 

зерттеп  қана  қоймай,  жеке  тұлғаның  жан-жақты  қалыптасуына,  рухани  игіліктерді  бойына  жинақтауға 

ықпал ететінімен ерекшелетіні рас.  

Адам  –  қоғамдық  та,  рухани  да  құбылыс.  Қоғамның  дамуындағы  өзгерістер  адам  санасына  ықпал 

етпей  қоймайды.  Сол  себепті  адамның  қоғамдық  қыры  мен  индивид  ретіндегі  жеке  психологиясы  бір-

біріне  тәуелді  қарастырылады.  Адамның  жеке  басында  жүріп  жататын  мінездік  ерекшеліктер,  ішкі 

қайшылықтар өміріндегі кейбір оқиғалар автордың концепциясынан туындайды. Автор кейіпкер арқылы 

өзі мұрат еткен идеяны жеткізуге тырысады. Сондықтан да кейіпкер бойындағы авторға тән кейбір мінез-

құлықтар  осыған  байланысты.  Ол  көбіне  кейіпкерді  ішкі  түйсігі  арқылы  сезініп,  бағалап,  жүйелеп, 

типтендіріп  алып  сомдайды.  Адам  табиғатына  уақыт  ағымы  мен  қоғамдығы  ірі  өзгерістердің  тигізетін 

ықпал-әсері айрықша. Осыдан авторға айналған кейіпкер қоғам аясында жеке тіршілік ете бастайды.  

Қорыта  айтқанда,  әдебиеттегі  адам  образын  жасаудың  жолдары  мен  тәсілдері  көп  және  әр  алуан. 

Жалғыз-ақ,  жазушы  шын  мәніндегі  шебер,  зергер  болуы  шарт,  сонда  ол  қолданған  әрбір  амал  адам 

образын ашуға қызмет етеді. Әдебиеттегі адамның ішкі бітімімен қатар сырт келбетін (портретін) де осы 

тұрғыдан түсінген жөн. Бүгінгі қазақ прозасында жаңалықтар баршылық, ол өмір жаңалықтарына жедел 

ілесуімен, оның бір қырын көрстсе де, бірегей көрсетуімен, басқаша айтсақ, көркемдік-идеялық деңгейі-

нің өсуімен көзге түседі. Түйіндей айтқанда, қазақ прозасы - өсу, толысу, даму үстіндегі жанр.  

 

1



 

Ақшолақов Т. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. – Алматы: Рауан, 1994. – 224 бет. 

2

 

Қабдолов З. Сөз өнері. - Алматы: Қазақ университеті, 1992 - 350 бет. 

3

 

Пірәлиева А. Ішкі монолог. – Алматы, 1995 – 170 бет. 

4

 

Сөзстан. 5-кітап. - Алматы: Жалын, 1984, - 220 бет. 

5

 

Керейқұлов Қ. Теңізге түскен желқайық. – А.: Жазушы, 1991. 

 

Резюме.  Лиризм  как  одна  из  существенных  черт  казахской  современной  прозы  обусловлена  характерным 

для прозы последних десятилетий усилением роли художественного субъективизма. Это значить, что картина 

мира передается личностное восприятие автора, который весь жизненный поток пускает через себя, «пережива-

ет» его. Он стремится открыто и откровенно выразить свои идейно-политические позиции, взгляды и представ-

ления о социально-этических нормах и принципах поведения человека, его высоком предназначении в мире и 

ответственности перед ним. 

В  данной  статье  объектом  исследования  являться  лиризм  как  существенная  черта  казахской  прозы.  Особое 

внимание уделено анализу идейно-эстетических позиции ряда современных прозаиков. 




Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет