Вестник Казнпу имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(5), 2015 г



Pdf көрінісі
бет8/12
Дата03.03.2017
өлшемі1,51 Mb.
#6733
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Түйін.  Бұл  мақалада  акустикалық  толқынының  таралуын  жартыкеңістікте  аз  амплитудасымен  сипаттайтын 

акустиканың бір өлшемді теңдеуін кейбір шарттарымен қарастырамыз. Екі белгісіз функцияны бір мезгілде анықтау 

қиын болғандықтан, бір функциямен анықталатын кері есеп қойылымы жасалады. Жаңа айнымалылар мен функция-

лар енгіземіз. Кері есепті  дискретті  жағдайда, жоғарыдағы жасаған өзгерісті ескере отырып зерттеу ыңғайлылығы 

үшін бастапқы есепке эквивалентті есепке келтіреміз. Ары қарай акустика кері есебін шешу үшін мақсаттық функци-

онал минимизацияланады және түйін тегіс болған жағдайында қолданылатын жедел түсу әдісінің дискретті анало-

гын  қарастырамыз.  Мұнда  дифференциалды  және  дискретті  жағдайда  функционалдың  градиенті  алынады  және 

дифференциалдық жағдайда есепті шешудің тиімді әдісінің жалпы сұлбасы көрсетіледі.  



Түйін сөздер: акустиканың кері есебі, дискретті аналог, мақсаттық функционал, жедел түсу әдісі 

 

Summary.  In  this  article  we  examine  unidimensional  equalization  of  acoustics,  that  describes  distribution  of  acoustic 

waves of small amplitude in half-space with terms. It is difficult to define two unknown functions simultaneously, therefore 

raising  over  of  reverse  task  of  determination  will  be  brought  by  one  function.  Entered  new  variables  and  functions.  For 

comfort of research of reverse task at discrete level, taking into account a foregoing transition, we will consider equivalent for 

residence to initial. Further for a decision the reverse for residences is minimize a having a special purpose functional and the 

discrete  analogue  of  method  of  the  quickest  lowering  is  examined,  as  it  applies  to  the  reverse  task  of  acoustics  in  case  of 

smooth  source.  The  gradient  of  functional  hatches  in  differential  and  discrete  cases.  The  algorithm  of  decision  of  task  is 

described. 



Keywords:  reverse  task  of  acoustics,  discrete  analogue,  having  a  special  purpose  functional,  method  of  the  quickest 

lowering 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(5), 2015 г. 

46 


 

 

 

ПЕДАГОГИКА МЕН ӘДІСТЕМЕ ҒЫЛЫМЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

ВОПРОСЫ ПЕДАГОГИКИ И МЕТОДИКИ 

PROBLEMS OF PEDAGOGY AND METHODOLOGY 

 

ӘОЖ 372.882 



 

ҚАЗАҚ ТІЛІН КӘСІПКЕ БАЙЛАНЫСТЫ МЕҢГЕРТУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Ж.Әшіров – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің магистр, аға оқытушысы 



 

Қазақстан  Республикасындағы  қазақ  тілінің  жай-күйі  тәуелсіздігіміз  жарияланған  жылдардан  бері  үздіксіз  сөз 

болып келе жатқан, қоғам өкілдерінің, зиялы қауымның сан мәрте серпісін тудырған ұлттық, мемлекеттік ауқымдағы 

мәселелердің бірі. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі қазақ тіліне жаңа өріс ашты. Қазақ тілі ұлт тілі болып қана қоймай, 

мемлекеттік механизмнің тетігіне айналдыруға заңнамалық тұрғыда қол жеткізілді. Қазақ тілі мемелекетті ұйысты-

рушы  негізгі  ұлттың  тілі  бола  отырып,  Қазақстандағы  өзге  ұлт  өкілдерін  бір  арнаға  тоғыстырушы,  біріктіруші 

фактор  ретінде  қарастырылып  келеді.  Қазақ  тілін  игеру  тілдің  қолданыстық  қажеттілігімен  байланысты.  Қазақ 

тілінің мемлекеттің құрылым салаларындағы қажеттілік деңгейін көтеру тілді тек ауызекі деңгейдегі тұтынушылық 

қалыпта емес, кәсіби деңгейде игеруді, меңгеруді қажет етеді.  

Кілт сөздер: мемлекеттік тіл, кәсіби қазақ тілі, тілді оқыту, әдістеме 

 

Қазақстан  Республикасындағы  қазақ  тілінің  жай-күйі  тәуелсіздігіміз  жарияланған  жылдардан  бері 



үздіксіз сөз болып келе жатқан, қоғам өкілдерінің, зиялы қауымның сан мәрте серпісін тудырған ұлттық, 

мемлекеттік  ауқымдағы  мәселелердің  бірі.  Мемлекетіміздің  тәуелсіздігі  қазақ  тіліне  жаңа  өріс  ашты. 

Қазақ тілі ұлт тілі болып қана қоймай, мемлекеттік механизмнің тетігіне айналдыруға заңнамалық тұрғы-

да  қол  жеткізілді.  Қазақ  тілі  мемелекетті  ұйыстырушы  негізгі  ұлттың  тілі  бола  отырып,  Қазақстандағы 

өзге ұлт өкілдерін бір арнаға тоғыстырушы, біріктіруші фактор ретінде қарастырылып келеді. Қазақстан 

Республикасы Президентінің 2010 жылғы 07 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан 

Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» 

мемлекеттік тілді меңгерту туралы «Барша қазақстандық азаматтар мемлекеттік тілді толық меңгергенге 

дейін  тілдерді  меңгерудің  халықаралық  стандарттары  негізінде  мемлекеттік  48  тілді  үздіксіз  оқытатын 

«Балабақша - мектеп, кәсіптік лицей, колледж – жоғары оқу орындары» жүйесі құрылатын болады» деп 

айтылған [1,47].  

Қазақ тілін игеру тілдің қолданыстық қажеттілігімен байланысты. Қазақ тілінің мемлекеттің құрылым 

салаларындағы  қажеттілік  деңгейін  көтеру  тілді  тек  ауызекі  деңгейдегі  тұтынушылық  қалыпта  емес, 

кәсіби деңгейде игеруді, меңгеруді қажет етеді. Тілдің қоғамның кез-келген саласында қарым-қатынастық 

қызметінің кеңеюі өз кезегінде тілші мамандардың алдында тілдің теориясымен және оқыту әдістемесі-

мен байланысты мәселелер бірнеше міндеттер жүктеп отыр. Олар:  

1.

 

Қазақ тілінің ғылым салаларына қатысты термин сөздері мен кәсіп салаларына қатысты бірліктері-



нің қолданыстың өрісін кеңіту. Ғылым мен техника саласындағы тілші мамандармен қабылданған термин 

сөздерді, тіркестерді кәсіп иелерінің сөздік қорына қосу; 

2.

 

Кәсіп иелерінің тілді тұтыну мәдениетін, коммуникативтік сауаттылығын арттыру; 



3.

 

Болашақ маманның мемлекеттік тілдегі құзіреттілігін қалыптастыру;  



4.

 

Тіл арқылы этностың ерекшелігін меңгерту; 



Аталған мәселелер қоғамның болашағымен тікелей байланысты болғандықтан, өзге тілді аудиторияға 

қазақ  тілін  меңгертуші  педагог  мамандарға  үлкен  жауапкершілік  жүктеп  отыр.  Біріншіден,  болашақ 

маман, кәсіп иесіне қазақ тілінің табиғатын өз мамандығымен тығыз байланыста меңгерту тілді қолдану-

шының  деңгейін  көтереді  және  тілдің  кәсіпке  байланысты  бірліктерінің  жаппай  қолданылуына  жол 

ашады. Бүгіндері тіл мамандарының қолданысқа ендірген көптеген термин сөздері мамандықтар бойын-

ша салаларда қолданысқа түсе алмай жатыр. Мамандыққа байланысты тілдік қолданыстар кәсіп иелерінің 

сөзік қорында болып, коммуникативтік қажеттілігіне жараған жағдайда ғана жалпы халыққа түсініктілік-

ке жақындайды. Бұл жағдайда тілші мамандармен қабылданған кәсіпке байланысты жаңа қолданыстар-



Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(5), 2015 ж. 

47 


дың дұрыс-бұрыстығын саралау да оңтайланар еді. Осы себепті де терминолог ғалымдар «Тіліміз толық 

мағынасындағы ғылымның тілі, техниканың тілі, ақпараттың тілі болуы үшін бұл салалардағы ұғымдар 

жүйесінің басым бөлігін ұлт тілі өзі атай алуы керек. Қазақ тілінде қазірдің өзінде көптеген ғылым салала-

ры  бойынша  ғылыми  еңбектер  жазылады,  диссертациялар  қорғалады.  Енді  сондай  еңбектер  санын  да, 

тілдің  аталған  салалардағы  қолданысын  да  кеңейте  беру  керек.  Ол  үшін  зерттеулерін  ұлт  тілінде  жаза 

алатын, ғылыми ортада баяндама жасап, дәріс оқып, ойын еркін жеткізе алатын қазақтілді ғылыми қауым 

қалыптасуы  тиіс.  Ұлт  тіліндегі  терминологиялық  қорымызды  кәсіби  түрде  жасап,  оны  үнемі  жетілдіре 

беретін  де  осы  қауым  болмақ.  Қазақтілді  микробиологтарды,  кибернетиктерді,  энергетиктерді  көптеп 

дайындамай,  ол  салалар  қазақша  ешқашан  сөйлемейді.  Ал  қазақ  тілінің  лексикалық  қорын,  сөзжасам 

тәсілдерін,  стильдерін,  жалғау-жұрнақтарын  дұрыс  пайдалана  алатын  салалық  мамандар  дайындалса, 

ғылымның кез келген саласы біздің тілімізде сөйлеп кете алады, оған тіліміздің мүмкіндігі толық жетеді» 

деп тұжырымдайды [2]. Мемлекеттік тілдің кәсіби саладағы қолданысының артуы, түптеп келгенде тілдік 

сананың өзгерісіне әкеледі. «Мемлекеттік тілдің жапай қолданысы қоғамдағы тілдік сананың өзгерісіне, 

сол  арқылы  арнаулы  тілдік  салаларға,  соның  ішінде  терминологияға  әсер  етуге  тиісті.  Яғни  тілдік 

сананың өзге тілдік болып қалыптасып отыруы да қазақ тілінде жасалған терминдердің басым көпшілігі-

нің  қолданыста  орнықпауына  әкеп  соғып  отыр.  Тілде  олай  айтпайды,  олай  аудару  дұрыс  емес,  тілге 

айтуға, жазуға икемсіз деген пікірлер тілдік сананың өзге тілдік болуының көрінісі» [3,572]. 

Қазақ  тілін  кәсіппен  тығыз  байланыстыра  отырып  оқыту  тілді  игеруші  студенттің  тілді  қолдану 

мәдениетін, деңгейін көтереді және жалпылай алғанда коммуникативтік сауаттылығын арттырады. Тілді 

мамандыққа,  болашақ  кәсіпке  байланыстыра  отырып  оқытқан  жағдайда  тіл  үйренуші  үшін  қазақ  тілі, 

оның құрылымдық, танымдық ерекшеліктері дербес, оқшауланған объект (пән) ретінде түсінілмей, білім 

алушының  болашақ  мамандығымен  тікелей  сабақтастықта  келіп,  қызығушылығын  арттырары  сөзсіз. 

Кәсіби қызығушылық тілге деген қызығушылыққа негіз болып, студенттің мемлекеттік тілдегі құзіретті-

лігін  қалыптастыруға  жол  ашады.  Ал  тілдік  құзіреттілік  дегеніміз  «тілдік  құбылыстарды  білу  және 

оларды өз тілінде (сөйленісінде) пайдалану және өзгелердің тілдік қолданысын түсіну» [4]. Олай болса, 

кәсіп  иесінің  құзіреттілігі  кең  мағынасында  қазақ  тілінің  фонетикалық  (орфографиялық,  орфоэпиялық) 

нормаларын, грамматикалық жүйесін сақтай отырып, стильдік бояуларын қолдана біліп, тілдік қатынасқа 

түсе алуы. Қазақ тілін кәсіби тұрғыда меңгерген болашақ мамандық иесі өз мамандығы аясында тілдік 

қатынасқа  еркін  (толыққанды)  түсе  алатын,  кәсіби  лексикалық  қоры  қалыптасқан  тұлға.  Тілдің  басты 

қызметі – қарым-қатынастың құралы бола алу. Тілдің осы қызметінің маңыздылығын Алаш қайраткерле-

рі де орынды қозғаған. Ж.Аймауытұлы: «Мұғалім тіл сабағында сөйлеуге, жазуға, оқуға, қысқасы әңгіме-

ге жаттықтырады екен. Ал басқа пәндерді оқытқанда не істемек? Физиканы, жағрафияны, тарихты оқыту 

дегеніміз осы пәндердің құбылысы туралы әңгіме ету емес пе? Ендеше тілге төселдіру ғой. Есеп үйрету – 

сан туралы  ойлау ғана емес, есеппен айтылған ойды ұғу, ұққанын айта білу  ғой. Тереңірек қарасақ, әр 

пәннің  ісі  баланың  ойын  қозғау,  ойлағанын  ауызша,  иә  жазумен  сыртқа  шығару.  Олай  болса,  тілсіз 

оқытылатын, ұғынылатын пән жоқ екені анық» - деп тілдің пәнді (кәсіпті) меңгертумен тығыз байланыс-

тылығын атап айтады [5,185].  

Қазақ тілін кәсіби тұрғыда меңгертудегі басты мақсат кәсіп иесін өзінің салалық білімі аясында тілдік 

қатынасқа түсуге дайындау. Ал тілдік қатынас «тіл арқылы байланыс, сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір 

бірімен  қарым-қатынас  жасауы;  қоғамдық,  ұлттық  тіл  арқылы  ұғынысу,  түсінісу;  яғни  адамзаттық  тіл 

арқылы сөйлесім әрекетін меңгерту тілдік қатынас дегенді білдіреді» [6,229]. Қазақ тілін кәсіби мазмұнда 

игерушінің қабылдаушы, не баяншы тұлғасында бола отырып, ақпаратты жеткізуші бірліктердің мағына-

ларын  толық  түсінуіне  жол  ашу  үшін  қолданылатын  негізі  әдістердің  бірі  –  қатысымдық  әдіс.  Өйткені 

қатысымдық  әдістің  ғылымда  анықталған  негізгі  ұстанымдары  (сөйлеу  бағытын  анықтау,  жекелеген 

ерекшеліктерді, орта жағдайын ескеру, жұмыс түрлерін айқындау, сатылай даму т.б.) тілші мамандармен 

берілетін білім мазмұнын тілдік және кәсіби ерекшеліктеріне қарай сұрыптауға мүмкіндік береді.  

Қазақ тілін кәсіби деңгейде меңгертудегі келесі бір ерекшелік – тіл арқылы ұлттың тіл арқылы таныла-

тын болмысын таныту. «Ұлттық тілдің болмысын шынайы тану үшін тілдің өзіндік заңдылықтарын білу 

жеткіліксіз, оның түпкі тамыры сол тілде сөйлеуші этностың ғасырлар бойғы тарихымен, тұрмыс-салты-

мен, мәдениетімен, дәстүрлі менталитетімен тікелей байланысты екені сөзсіз. Сондықтан тілді үйретуде 

сол  этностың  дүниетанымымен,  мәдениетімен,  тарихымен  біріктіре  қарастыру  мәселесі  туындайды  [7]. 

Қазақ тілінін кәсіби деңгейде меңгертудегі этнос мәселесімен байланыстырудың екі қыры бар. Бірі – тілді 

кәсіби деңгейде үйренушіге этностың болмысы мен мәдениетін таныту болса, екіншісі – ұлтты, ұлттық 

пайымды оқытылып отырған кәсіппен жақындастыру.  

Қорыта айтқанда, қазақ тілін кәсіби деңгейде оқыту барысында тілдің грамматикасын ғана емес, тіл 


Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(5), 2015 г. 

48 


үйренушінің  фонетикалық,  грамматикалық  нормаларды,  стилистикалық  бояу  реңктерін  сақтай  отырып, 

кәсіби мазмұндағы тілдік қатынасқа түсу дағдыларын қалыптастырып дамыту түпкілікті нәтиже саналуы 

қажет. Осы нәтижеге қол жеткізу арқылы тілдің кәсіп салалары бойынша қолданыстың аясының кеңіп, 

ұлттық тілдің кең тыныстауына жол ашылмақ.  



1

 

http://kz.government.kz/resources/docs/doc18. 

2

 

Қазақтілді  микробиологтарды,  кибернетиктерді,  энергетиктерді  көптеп  дайындамай,  ол  салалар  ешқашан 

қазақша сөйлемейді // Алаш айнасы. 20 мамыр 2010 жыл.  

3

 

Досанов  Б.  Қазақ  терминдерін  қалыптастырудың  алғышарттары  //  Түркі  әлемі:  тіл,  қоғам,  мәдениет. 

Профессор Б.Сағындықұлының 70 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материал-

дары – Алматы, 2009. 

4

 

(http://www.gramma.ru/RZ/mod13.pdf).  

5

 

Аймауытұлы Ж. Ана тілі // Алаштың тілдік мұрасы: мақалалар жинағы / құрастырған С.Шүкірұлы, 

Е.Тілешов. – Алматы, 2009. 

6

 

Оразбаева Ф.Ш. Тіл әлемі. Мақалалар, зерттеулер. – Алматы, 2009. 

7

 

Бейсенбекова Г., Смагулова К. Тілдің қатынастың ұлттық дүниетаныммен байланысы // http://www.rusnauka. 

com/13_EISN_2012/Pedagogica/2_109490.doc.htm. 

 

Резюме. Состояние казахского языка в Республике Казахстан одна из национальных проблем государственного 

масштаба, непрерывно обсуждаемых со времен опубликования независимости много раз вызвавших волну предста-

вителей общества, интеллигенции. Независимость нашего государства открыла новые возможности для казахского 

языка. Казахский язык не только является языком нации, но и законно стал ключом государственного механизма. 

Казахский язык является основным языком нации, организующим государства, рассматривается в качестве фактора 

сближающего, соединяющего представителей  других  нации  Казахстана  в одну  колею. Освоение казахского  языка 

исходит  от  необходимости  применения  языка.  Повышение  уровня  необходимости  казахского  языка  в  сферах 

государственного строения, требует освоения не на устном потребительском уровне, а овладения на профессиональ-

ном уровне. 

Ключевые слова: государственный язык, профессиональный казахский язык, обучение языка, методика 

 

Summary.  Status  of  the  Kazakh  language  in  Kazakhstan  is  one  of  the  national  problems  of  national  importance, 

continuously discussed since the time of the publication of independence many times caused a wave of public representatives 

and intellectuals. The independence of our country has opened up new opportunities for the Kazakh language. The Kazakh 

language is the language of not only the nation, but the law has become a key state mechanism. The Kazakh language is the 

primary  language  of  the  nation,  organized  by  the  state,  is  seen  as  a  factor  in  moving  closer  linking  of  other  nations  of 

Kazakhstan in a rut. The development of the Kazakh language comes from the need to use language. Increased need of the 

Kazakh  language  in  the  areas  of  public  buildings,  requires  no  development  on  oral  consumer  level  and  mastery  at  the 

professional level. 

Key words: the state language, Kazakh professional training language, technique 

 

УДК 53.072 



 

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ЖЕЛІЛІК ТЕХНОЛОГИЯСЫ 

 

Г.А. Тюлепбердинова, Б.К. Алимбаева, Ф.С. Телгожаева, Л.А. Сагимбаева, С.А. Адилжанова, 

Черикбаева Л.Ш. – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқытушылары, Алматы қ. 

 

Мақалада қашықтықтан оқытудың технологияларын оқу үдерісінде қолдану мәселелері қарастырылады. Бүгінде 



ақпараттандырылған  заманда  оқу  үдерісінде  ақпараттық  технологияларды,  желілік  технологияларды  пайдалану, 

түрлі  мәселелер  тудырумен  қатар  білім  алушылардың  таным  сапасын  жетілдіруге,  оқу  материалдарын  меңгеру 

сапасын арттыруға және қолдануға тиімді. Жетілдірілген оқыту технологияларын, желілік технологияларды қолдана 

отырып оқу үдерісіндегі ғылыми педагогикалық іс-әрекетті дамыту, оны іс жүзінде көрсету мен жетілдіру арқылы 

білім беруді жекелеп жүргізудің сипат алғанын көрсетеді және желілік технологияларды қолданудың қызметі басым 

қарастырлады. 



Кілттік  сөздер:  ақпараттық  технология,  желілік  технология,  оқытуды  басқарудың  желілік  жүйелері,  оқыту 

контентін басқару жүйелері 

 

 

Бүгінде, информация өңдеу мен халықаралық деңгейде еңбек түрлерін бөлу әлемдік экономиканың ең 



негізгі ерекшеліктері болып отырған кезде, білім алу кез келген маманның жеке және кәсіби табысының 

негізгі көзі болып қала береді. Білімнің адамның жұмысқа тұру мен өмір сүру деңгейіне тигізетін әсері 



Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(5), 2015 ж. 

49 


бұрынғыға қарағанда анағұрлым күшейе бастады. Әрине, білімге қойылатын талаптар да күшнйе түсті. 

Әрбір жанның негізгі білімі мен оның тұрақты жаңарып отыруы заңдылық. Қазіргі маман информация-

лық қорларды табысты пайдаланып, ақпараттық технологияларды және инновациялық технологияларды 

де игеруі тиіс. Заманауи талаптарға сәйкес, мамандардың шығармашылық тұрғыдан ойлай білуі, соның 

негізінде шешім қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі талап етіледі. Жаңа түжырымдама әрбір нақты 

адамның өз мүмкіндіктерін есепке ала отырып, соны іс жүзінде көрсету мен жетілдіру арқылы білім беру-

ді жекелеп жүргізудің сипат алғанын көрсетеді. Бұл студенттердің және оқытушылардың өздерінің әртүр-

лі жеке мүмкіндіктеріне сәйкес алуан түрлі білім беру бағдарламаларын жасау арқылы іске асырылады. 

«Мәңгілік  Қазақстан»  жобасы,  ел  тарихындағы  біз  аяқ  басатын  жаңа  дәуірдің  кемел  келбеті»  деп 

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтар күнгі «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір 

болашақ»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында  атап  көрсеткендей  қазіргі  таңда  еліміздің  білім  беру 

жүйесінде қолданылып жүрген білім беру технологиялары отандық білімнің жаңа талаптары мен респуб-

ликаның саяси-экономикалық таңдауына сай қолданылып келеді. Осындай өмірдің өзі талап етіп отырған 

технологияның бірі – қашықтықтан оқыту технологиясы.  Соңғы  10-15 жылдың ішінде телекоммуника-

циялық  технологияның  және  гипермедияның  қарқынды  дамуына  байланысты  оқытуда  компьютерді 

қолданудың  тиімділігі  артып  отырғаны  мәлім.  Бүкіл  әлемді  қамтитын  «Интернет»  желілік  байланысы 

қашықтықтан  білім  беру  жүйесінің  пайда  болуына  негіз  болды.  Ғылым  мен  техниканың  дамуы  білімді 

ақпараттандыру үрдесін жетілдіруді талап етті.  

Қашықтықтан  оқыту  –  оқытушының  оқушымен  оқыту  құралдары  арқылы  интерактивті  қарым-

қатынас  әрекет  үрдісін  ұйымдастыруға  мүмкіндік  беретін  жаңа  ақпараттық-педагогикалық  технология. 

Оның білім саласындағы мақсаты – білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы оқушылар 

мен  студенттердің  білім  деңгейін  көтеру.  Қашықтықтан  оқыту  технологиясы  бойынша  оқытушының 

негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табыла-

ды: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдас-

тыру  қызметі;  білім  алушылардың  арасында  өзара  байланысты  ұйымдастыру;  оқу  процесін  бақылау. 

Тыңдаушылар  қашықтықтан  оқыту  кезінде  білім  беру  процесінің  негізін  қолайлы  уақытта,  ыңғайлы 

орында,  тиімді  темптегі  өз  бетінше  жұмыс  құрайды.  Сондықтан  тындаушылар  өз  бетінше  жұмыстың 

техникасы  мен  әдістемесін,  жоғарғы  деңгейде  білімді  өз  бетімен  толықтыру  негіздерін  меңгеруі  қажет. 

Сонымен  бірге  нәтижелі  түрде  оқу  үшін  жаңа  ақпараттық  технологияның  кұралдарымен  жұмыс  істей 

білуі тиіс. Қашықтықтан оқыту – бұл, ең алдымен, қандай да бір оқу орнына белгіленген уақытта бармай-

ақ, курстың бағдарламасын қажетті тәртіпте орындау болып табылады, сонымен қатар ол қазіргі заман 

әлемінде Интернет, e-mail (электрондық почта), телефон және факс байланысы, бейнеконференция және 

қарапайым пошта арқылы дәстүрлі оқу материалдарына алмастыру көмегімен дамиды.  

Қашықтықтықтан  оқытуды  ұйымдастыру  технологияларының  бірі  желілік  технология.  Желілік 



технология – білім алушылардың оқытушылармен және бір-бірімен интерактивті қарым-қатынас түрін-

де, сондай-ақ интернет жүйесін колдану негізінде оқу үрдісін басқаруда оқу-әдістемелік материалдармен 

қамтасыз ету технологиясы.  

Білім  беру  ұйымдарында  қашықтықтан  оқыту  жүйесін  ұйымдастыру  және  дұрыс  қызмет  етуі  үшін 

мынадай функцияларды орындау қажет: 

 



оқу курстарын қолдау; 

 



білім алушыларға оқу материалдарын жеткізу; 

 



кеңестер беру; 

 



білім алушылармен кері байланысты ұйымдастыру; 

 



білім алушылардың білімдерін бақылау. 

 



білім алушылар үшін оқу-әдістемелік және оқу-әкімшілік ақпарат-тарынан тұратын беттері бар білім 

беру интернет-порталының; 

 

телекоммуникациялық  желіге  шығатын  (интернет,  спутниктік  теле-дидар)  жабдықтардың;  әртүрлі 



терминалдардың: мультимедиялық сыныптардың, электрондық оқу залдарының; 

 



CD, DVD дискілеріне арналған оқу контентінің (жекеменшік және сатылып алынған); 

 



желілік оқу мультимедиа контентінің (жекеменшік және сатылып алынатын); 

 



тестілеу кешендерінің; 

 



тиісті дайындықтан өткен профессор-оқытушы, оқу-көмекші және техникалық персоналдардың; 

 



жекеменшік контентін (локалдық және желілік) құру үшін мультимедиа зертханаларының;  

 



желілік тестілеу кешендерінің; 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(5), 2015 г. 

50 


 

оқытуды басқарудың желілік жүйелері (Learning Management Systems - LMS); 



 

оқыту контентін басқару жүйелерінің (Learning Content Management Systems- LCMS) бар болуы қа-



шықтықтықтан оқыту нысаны кезінде оқу процесін ұйымдастырудың қажетті шарттары болып табылады.  

Қашықтықтан оқытудың дидактикалық құралдары. Білім алушыларды қашықтықтан оқытуға арналған 

оқу-әдістемелік  материалдармен  қамтамасыз  ету  үшін  қашықтық  технологияларын  қолданумен  іске 

асырылатын білім беру бағдарламаларының пәндері бойынша электрондық оқу-әдістемелік кешен болуы 

керек. Электрондық оқу-әдістемелік кешенін дайындауды үлгілік оқу бағдарламаларына қатаң сәйкестен-

діріліп әзірленген, бекітілген оқу жұмыс бағдарламасы бойынша курсты әзірлеуші жүзеге асырады. 

Әрбір пәннің әлектрондық оқу-әдістемелік кешені міндетті және қосымша комплектілерден тұруы 

керек. 


Міндетті комплект мыналардан тұрады: 

 



үлгілік оқу бағдарламасынан; 

 



оқу жұмыс бағдарламасынан (пәннің мазмұны, күнтізбелік- тақырыптық жоспар, ұсынылатын әдеби-

еттердің тізімі (негізгі және қосымша), курстың модулдық бөлінуі, қашықтық кеңестерін өткізу кестесі); 

 

лекциялардың электрондық курсынан; 



 

практикалық және семинарлық сабақтардың материалдарынан; 



 

зертханалық практикумнан (тапсырмалар, мысалдар, әдістемелік нұсқаулар); 



 

білім алшының өзіндік жұмысына және оқытушы-тьютордың жетекшілігімен жүргізілетін  тыңдау-



шының өзіндік жұмысына арналған тапсырмалардан; 

 



рубеждік бақылауды ұйымдастыру жөніндегі материалдардан (бақылау жұмыстары, тест тапсырма-

лары, жеке тапсырмалар және тағы басқа); 

 

қорытынды бақылауды ұйымдастыру жөніндегі материалдардан (емтихандық тестілеу тапсырмала-



ры, емтиханға арналған сұрақтар, билеттер, емтихандық бақылау жұмыстары). 

Электрондық  оқу-әдістемелік  кешенін  бағдарламалық  қамтамасыз  етілу  функционалдылығы  мемле-

кеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартына  сәйкес  болуы  керек.  Оқу-әдістемелік  қамтамасыз  ету 

автономды және желілік өзіндік жұмыстар мен білім алушыларды аттестаттауға дайындау үшін жеткілік-

ті болуы керек. 

Қашықтан оқытудың артықшылықтары: кез келген жерде, кез келген мерзімде оқуға мүмкіндігі бар, 

кәсіби қызметпен қатар білім алуға болады, оқу үрдісінде ақпараттық және телекоммуникациялық техно-

логиялардың жаңа жетістіктерін пайдалана отырып, білім алушы мен оқытушылар арасындағы белсенді 

диалог,  оқу  ақпаратына  қолжетімді,  білім  алушының  мекен  жайына,  денсаулық  жағдайына,  элитарлық 

және материалдық жағдайына қарамастан тепе-тең дәрежеде білім алуға мүмкіндігі бар болса, психоло-

гиялық адаптация, компьютермен жұмыс істей білуі, интернет жұмысының сапасына тәуелді, медицина-

лық жағдайлары кемшілік деп айтуға болады. 

Қашықтықтан  оқыту  ақпараттық  мәдениет  деңгейі  дидактикалык  бағдарламалар  білім  саласында 

оқытуды  басқару  мен  бақылауды  автоматтандыру,  студентке  өз  бетінше  қайталанбайтын  көп  нұсқалы, 

көп деңгейді дидактикалық шарттар негізінде тапсырмалар беру, білім мен дағдыны объективті бағалау, 

ерекше ақпараттық материалдарды мультимедиалық формада беру, виртуалды өмірге енгізу т.с.с. жаңа 

мүмкіндіктер ұсынылады. Сонымен қатар, мұндай бағдарламалар қашықтықтан оқытудың материалды өз 

бетінше игеру жетілдірілген психологиялық педагогикалық әдістерді пайдалану, қашықтықтан оқытуды 

студенттің жеке психофизиологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдауға мүмкіндік береді. 

Білім  алушының  қандай  да  бір  себептерге  байланысты  дәстүрлі  оқу  үрдісінде  білім  ала  алмаған 

жағдайда  қашықтықтан  оқыту  технологиясы  пайдалы  және  қолайлы  болып  табылады.  Сонымен  қатар 

қашықтықтан оқыту – адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз 

білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардын негізгі қызметін атқара жүріп білімін, білікті-

лігін арттыруға мүмкіндік береді.  

Қорыта келе айтарымыз, қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл 

жүйе арқылы оқытушыларымыз бен білім алушыларымыз әлемдік ақпараттармен байланысуға, ғылыми 

және  шығармашылық  жұмыстарын  жетілдіруге,  әлемдік  ақпарат  кеңістігінде  өздерінің  білімдерін 

шындауға зор мүмкіндік алады. 

 

1

 

Достоинства и недостатки дистанционного обучения // Образование: путь к успеху. – Уфа, 2010. 

2

 

Зайченко  Т.П.  Инвариантная  организационно-дидактическая  система  дистанционного  обучения.  -  СПб.: 

Астерион, 2008. 

3

 

Теория и практика дистанционного обучения / под ред. Е.С. Полат. – М.: Академия, 2004. 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(5), 2015 ж. 

51 


4

 

Научная  библиотека  КиберЛенинка:  http://cyberleninka.ru/article/n/distantsionnoe-obuchenie-forma-tehnologiya-

sredstvo#ixzz3FOBD7vT5.  

5

 

Адилжанова С.А., Шмыгалева Т.А., Черикбаева Л.Ш. Қашықтықтан оқытудың кейс технологиясы // Вестник 

КазНТУ им. К.Сатпаева. – 2014. – №6(106) – С. 310-313. 

6

 

Зайцева Л.А. Использование информационных компьютерных технологий в учебном процессе и проблемы его 

методического обеспечения // Интернет-журнал 



Эйдос



. 2006. 1 сентября. URL: http://www.eidos.ru/journal/2006/ 

0901-5.htm. В надзаг: Центр дистанционного образования 



Эйдос



, e-mail: list@eidos.ru. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет