Вестник КазНУ. Серия востоковедения. №4(57). 2011 81
ескере отырып, тиімді бағытты ұстанған абзал.
***
1. Щукин А. Н. «Обучение иностранным языкам: тео-
рия и практика». – М.: Филоматис, 2006. – 480 с.
2. Хэгболдт П. Изучение иностранных языков. Некото-
рые размышления из опыта преподавания, - М. 1963.
3. Толстой Л. Н. Педагогические сочинения. М. 1989.
4. http://www.langust.ru/method.shtml#basic
5. Fernando Cerezal Sierra “Foreign language teaching
methods: some issues and newmoves” http://dspace.uah.es/-
jspui/bitstream/0017/895/1/Foreign%20Language%20
6. «Білім» журналы, № 2(38), - А., 2008., 86 – бет
7. «Білім» журналы, № 4(40), - А.,2008. 13-16 беттер.
8.
鈴木睦 「コミュニカティブ・アプローチ」
鎌田修・川口義一・鈴木
睦『日本語教授法ワークショップ』2000
、242-261 pp.
***
В статье рассказывается о
методиках преподавания
иностранного языка, а также коммуникативном подходе
и его особенностях.
***
The article deals with foreign language teaching met-
hods, also communicative approach and its characteristics.
Д.М. Кокеева
ХИНДИ ТІЛІНДЕГІ СИНОНИМДЕРДІҢ АНЫҚТАМАЛАРЫ МЕН ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ
Синоним термині гректің synonimon, яғни
мағыналас, мәндес деген сөзінен шыққан. Кейі-
нірек бұл жалпы тіл біліміне термин сөз болып
түпкілікті қалыптасты да өзінен синономика,
синономия тәрізденген екі түрлі жаңа сөздер
туындатып шығарды.
Осы терминдер қазіргі
бүкіл әлемдік лингвистикалық әдебиетте жалғыз
лексика-фразеологиялық сөз тұлғалары мен
синтаксистік сөйлем құрылыстарының бәріне
бірдей ортақтастырылып, кең көлемде қолданы-
луына мүмкіндік тудырды. Айталық, морфоло-
гиялық синонимика, синтаксистік синонимика
біріктіріліп, күрделі түрде грамматикалық сино-
нимика деп аталуына жол берді. Бұл термин-
дердің тілдегі қолданысында әлі күнге
дейін
нақтылық жоқ. Сол себепті аталған термин-
дердің ұғымы кеңейіп, өзіндік сыры мен жігін
белгілеуге жалпы тіл білімінде үлкен қиындық-
тар туғызып отыр. Осы қиындықтардың әсері
көбіне теріс ықпал ететіні даусыз. Зерттеліп
отырған мәселенің терминдік ұғымының нақты-
ланып дәлелденбеуінің өзі жалпы теориялық мә-
селелерінің бір ізге салынбай, қыңыр шешілуіне
әкеп соғатыныда сөзсіз.
Синонимика мәселесі
жалпы тіл білімінде
басы ашылмаған даулы әрі қиын мәселе екен
деп отыруға болмайтыны бәрімізге мәлім. Себе-
бі синонимдер әрбір тілдің сөздік құрамының
дамуы мен өсуіндегі ең маңызды әрі ең күрделі
құбылыстардың бірі болып есептеледі. Бұл
мәселені дұрыс жолға қойып, жақсы нәтижеге
жету арқылы сөздік құрам шеңберіндегі тіл
дамуының ішкі заңдылықтарын айқындауға
болады. Сонымен
қатар ешбір дау-дамайы жоқ,
әрбір халық өз тілінің синонимдер сөздігін жа-
сап шығаруға да үлкен септігін тигізеді, зор
мүмкіндік береді, соған жөн-жоба көрсетеді, әрі
нүсқау болады. Тілдегі лексикалық синоним-
дерді зерттеп тексерудің қандайлық қажеттілігі
бар, оны жан-жақты тексеру арқылы қандай
ғылыми мәнді мәселелердің беті ашылмақ?
деген тәрізді алуан түрлі сауалдар туғызуға
болады. Бұған
нақтылы жауап бермес бұрын
синонимдерді зерттеуші ғалымдардың айтқан
құнды пікірлеріне назар аударып, осы ғалым-
дардың еңбектері арқылы сауалдарға тиісті
жауап алуға да болатынын айта кеткенді жөн
көрдік. Ежелгі грек ғалымы Цицерон былай
деген болатын: «Синоним сөздер бір ғана мағы-
наны береді деп қанша айтқанымен де, олардың
әрқайсысының өзіне тән мағынасы болады».
XVIII ғ. өмір сүрген француз ғалымы Д. Алам-
бер: «Тәжірибе
мынаны көрсетеді, біздің тілі-
мізде бірінің орнына бірін қолдана беруге
болатын бірде-бір сөз жоқ». Француз ғалымы
Дюмарсе де: «Бір түсінікті білдіретін сөздердің
көп болуының пайдасы аз және де барлық
түсінікке сай сөздерді іздеуіміздің де пайдасы
шамалы», – деген болатын. Ертеде өмір сүрген
орыс ғалымдарының да
құнды пікірлерін көре-
лік: Д.И. Фонвозии: «Бір ғана мағынаны білді-
ретін сөздер өмірде жоқ. Егер он сөз бір ғана
мағынаны біддіретін болса, онда біздің тіліміз-
дің байлығы қайсы» десе, И.Ф. Калайдович:
«Бірде бір тілде бір ғана мағынаны білдіретін
синонимдер жоқ». И.И. Давыдов: «Синонимдер
аумағын ішкі және рухани дүниеміздегі сөздер
деп қарастыруымызға болады. Бұлар бір-бірінен
айнымайтын бауырлар секілді.
Алайда қанша
ұқсас болса да бір-бірінен айырмашылығы бола-
ды» деп тілге тиек етеді. Осы құнды пікірлерді
барлық тілдердегі синоним атаулыларға жалпы-
лама арнаулы қағида ретінде қолдана беруімізге
болады. Бұлар айтылған дәуірі басқа болға-
нымен, бағалы мазмұнын әлі күнге жоймаған
құнды сөздер. Белгілі бір ұғымды білдіретін бір-
неше сөз тілде неліктен қатарымен өмір сүре
береді дегенге де бұл дәлелдемелер нақтылы
жауап болып табылады. Синономия мәселесі
әрбір халықтың өзіндігін көрсететін нағыз ұлт-