Вестник КазНУ. Серия востоковедения. №4(57). 2011 77 Ж. Керімова


Вестник КазНУ. Серия востоковедения. №4(57). 2011



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата03.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#38392
1   2   3   4   5
Вестник КазНУ. Серия востоковедения. №4(57). 2011 79 
кітабынан басталды. Ол еңбегінде структура-
лизмнің тілдің іргелі сипаттамаларын есепке 
алудағы қабілетсіздігін анық түсіндірді. Жағ-
дайлық әдістеме (Situational method) Британдық 
қолданбалы лингвистер тарапынан сынға түсті, 
себебі ол тілдің функционалды – коммуни-
кативті потенциалын қамтымаған болатын.
Қолданбалы лингвистер британдық функ-
ционалды лингвистиканы (Firth, Halliday), аме-
рикалық әлеуметтік лингвистиканы (Hymes, 
Gumperz, Labov) және де философияны (Austin, 
Searle) пайдаланды. 
Осы сыни пікірлер мен жаңа тұжырымда-
малар толқыны тіл құрылымы мен грамматика-
лық қалыптарды басқару шеберлігіне екпін жа-
салғанына қатысты шет тілін оқыту профессор-
ларының арасында өсіп жатқан қанағаттанбау-
шылықпен қатар жүрді. Осы бағыт бойынша 
шет тілін оқыту құрылымдық жағынан білетін, 
бірақ коммуникативті жағынан білмейтін, сы-
ныптан тыс жағдайда сыныптағы қайталанбалы 
әдетке айналған жаттығулар сияқты жұмыстар 
жиынтығын жеткізе алмайтын студенттерді шы-
ғаруға талпынды. 
Еуропа Консулдығы шындыққа қарай бет-
теуге бел буды және кейбір сарапшылардан сту-
денттердің қажетсінулерін зерттеуді сұрады. 
Бұл тұста «бастау ретінде қалаулы коммуни-
кативті қабілетті ұстанатын» Уилкинстің құжа-
ты құнды үлес қосты... «Біз тілдік қалыптарда 
емес, мазмұны жағынан оқытуды ұйымдасты-
руға шамамыз келеді». Осы себептен жасап шы-
ғарылған силлабус мағыналы силлабус (1976) 
деп аталады. Алдыңғы әдістемелерде қолданыс-
та болған грамматикалық қалыптар немесе тіл-
дік құрылымдардан бастаудың орнына Уилкинс 
тілдің коммуникативті қолданылуының негізін-
де жатқан функционалды мағынаның сарапта-
уын дамытты. Ол мағынаның екі түрін сипаттап 
берді: бірі мағыналы категорияға (уақыты, саны, 
мекені, жиілігі сияқты ұғымдар) және екіншісі 
коммуникативті функция категориясына (ресми 
түрде мақұлдау, жорамал ) жатады.
Бұл жұмыс Еуропа Консулдығының Thres-
hold Level (босағалы деңгей) деп аталатын құ-
жатта топиктер, жалпы және ерекше пікірлер 
мен бірдей тілдік қалыптар, сонымен қатар кей-
бір методологиялық мағыналар тізімі енгізілген. 
Threshold Level бірқатар қолданбалы лингвис-
тер, оқулық авторлары, педагог – методистер 
және т.б. қосқан үлесімен бірге «коммуникатив-
ті» атпен белгілі жаңа бағыттың бекінуіне негіз 
болды. 
Дегенмен бұл үдеріс коммуникативті бағыт-
қа негізделген үйлесімді қауымдастықты білдір-
мейді, онда белгіленген бір мәтін не бір модель 
жоқ. Бағытты қабылдауы әр авторда ерекше-
ленеді және силлабусты әрлеу модельдері орта-
лық етіп түрлі элементтерді дамытқан (Richards 
& Rodgers, 1986). 
1. құрылымдар мен функциялар Wilkins (1976) 
2. құрылымдық ядроның айналасындағы функ-
ционалды спиралі Brumfit (1980)
3. функционалды Jupp & Hodlin (1975) 
4. мағыналы Wilkins (1976) 
5. интерактивті Widdowson (1979) 
6. тапсырмаларға негізделген Prabhu (1983) 
7. оқушы жасап шығарған Candlin (1976) 
Модельдер арасындағы айырмашылықтар-
дың маңыздылығы соншалық, кейбір авторлар 
(Breen, 1987) жаңа шет тілін оқыту парадигма-
сын нұсқаулықтарға (формалдық және функцио-
налды ) балама ретінде даму үстіндегі – проце-
дуралы бағыт деп түсінеді. 
Канэйл мен Суэйн (1980) коммуникативті 
ептілікті 4 бөлшектен дамиды деп сипаттаған: 
– лингвистикалық ептілік – грамматикалық, 
лексикалық семантикалық және фонологиялық 
ептілік; 
– әңгімелік ептілік - әңгіме ішіндегі лингвис-
тикалық және мағыналық қарым-қатынас (бай-
ланыс, келісімділік, ым-ишара); 
– әлеуметтік-лингвистикалық ептілік немесе 
қатынастың функционалды аспектілерін түсіну 
(рөл қарым-қатынастары, жеке тұлға фактор-
лары, әлеуметтік және мәдени контекст); 
– стратегиялық ептілік – автономды болу мен 
проблемалар зерттеуін шешу үшін дамыған 
стратегияларды көшіруге қатысты. 
Коммуникативті бағыт тіл теориясының 
деңгейінде бай әрі еклектикалық болып есеп-
телінеді, себебі ол өзінің келесі басты белгілерін 
қорғайды (Ричардс пен Роджерс, 1986): 
1. Тіл – мағынаны жеткізудегі жүйе. 
2. Тілдің бастапқы функциясы өзара әрекет пен 
қатынас үшін. 
3. Тілдің құрылымы оның функционалды және 
коммуникативті қолданысын бейнелейді. 
4. Тілдің бастапқы тараулары тек оның грам-
матикалық және құрылымдық белгілері емес, 
әңгімеде 
мысал 
ретінде 
келтіргендегідей 
функционалды және коммуникативті мағына-
ның категориясы болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет