Вестник КазНУ. Серия востоковедения. №4(57). 2011 79 кітабынан басталды. Ол еңбегінде структура-
лизмнің тілдің іргелі сипаттамаларын есепке
алудағы қабілетсіздігін анық түсіндірді. Жағ-
дайлық әдістеме (Situational method) Британдық
қолданбалы лингвистер тарапынан сынға түсті,
себебі ол тілдің функционалды – коммуни-
кативті потенциалын қамтымаған болатын.
Қолданбалы лингвистер британдық функ-
ционалды лингвистиканы (Firth, Halliday), аме-
рикалық әлеуметтік лингвистиканы (Hymes,
Gumperz, Labov) және де философияны (Austin,
Searle) пайдаланды.
Осы сыни пікірлер мен жаңа тұжырымда-
малар толқыны тіл құрылымы мен грамматика-
лық қалыптарды басқару шеберлігіне екпін жа-
салғанына қатысты шет тілін оқыту профессор-
ларының арасында өсіп жатқан қанағаттанбау-
шылықпен қатар жүрді. Осы бағыт бойынша
шет тілін оқыту құрылымдық жағынан білетін,
бірақ коммуникативті жағынан білмейтін, сы-
ныптан тыс жағдайда сыныптағы қайталанбалы
әдетке айналған жаттығулар сияқты жұмыстар
жиынтығын жеткізе алмайтын студенттерді шы-
ғаруға талпынды.
Еуропа Консулдығы шындыққа қарай бет-
теуге бел буды және кейбір сарапшылардан сту-
денттердің қажетсінулерін зерттеуді сұрады.
Бұл тұста «бастау ретінде қалаулы коммуни-
кативті қабілетті ұстанатын» Уилкинстің құжа-
ты құнды үлес қосты... «Біз тілдік қалыптарда
емес, мазмұны жағынан оқытуды ұйымдасты-
руға шамамыз келеді». Осы себептен жасап шы-
ғарылған силлабус мағыналы силлабус (1976) деп аталады. Алдыңғы әдістемелерде қолданыс-
та болған грамматикалық қалыптар немесе тіл-
дік құрылымдардан бастаудың орнына Уилкинс
тілдің коммуникативті қолданылуының негізін-
де жатқан функционалды мағынаның сарапта-
уын дамытты. Ол мағынаның екі түрін сипаттап
берді: бірі мағыналы категорияға (уақыты, саны,
мекені, жиілігі сияқты ұғымдар) және екіншісі
коммуникативті функция категориясына (ресми
түрде мақұлдау, жорамал ) жатады.
Бұл жұмыс Еуропа Консулдығының Thres- hold Level (босағалы деңгей)деп аталатын құ-
жатта топиктер, жалпы және ерекше пікірлер
мен бірдей тілдік қалыптар, сонымен қатар кей-
бір методологиялық мағыналар тізімі енгізілген.
Threshold Level бірқатар қолданбалы лингвис-
тер, оқулық авторлары, педагог – методистер
және т.б. қосқан үлесімен бірге «коммуникатив-
ті» атпен белгілі жаңа бағыттың бекінуіне негіз
болды.
Дегенмен бұл үдеріс коммуникативті бағыт-
қа негізделген үйлесімді қауымдастықты білдір-
мейді, онда белгіленген бір мәтін не бір модель
жоқ. Бағытты қабылдауы әр авторда ерекше-
ленеді және силлабусты әрлеу модельдері орта-
лық етіп түрлі элементтерді дамытқан (Richards
& Rodgers, 1986).
1. құрылымдар мен функциялар Wilkins (1976)
2. құрылымдық ядроның айналасындағы функ-
ционалды спиралі Brumfit (1980)
3. функционалды Jupp & Hodlin (1975)
4. мағыналы Wilkins (1976)
5. интерактивті Widdowson (1979)
6. тапсырмаларға негізделген Prabhu (1983)
7. оқушы жасап шығарған Candlin (1976)
Модельдер арасындағы айырмашылықтар-
дың маңыздылығы соншалық, кейбір авторлар
(Breen, 1987) жаңа шет тілін оқыту парадигма-
сын нұсқаулықтарға (формалдық және функцио-
налды ) балама ретінде даму үстіндегі – проце-
дуралы бағыт деп түсінеді.
Канэйл мен Суэйн (1980) коммуникативті
ептілікті 4 бөлшектен дамиды деп сипаттаған:
– лингвистикалық ептілік – грамматикалық,
лексикалық семантикалық және фонологиялық
ептілік;
– әңгімелік ептілік - әңгіме ішіндегі лингвис-
тикалық және мағыналық қарым-қатынас (бай-
ланыс, келісімділік, ым-ишара);
– әлеуметтік-лингвистикалық ептілік немесе
қатынастың функционалды аспектілерін түсіну
(рөл қарым-қатынастары, жеке тұлға фактор-
лары, әлеуметтік және мәдени контекст);
– стратегиялық ептілік – автономды болу мен
проблемалар зерттеуін шешу үшін дамыған
стратегияларды көшіруге қатысты.
Коммуникативті бағыт тіл теориясының
деңгейінде бай әрі еклектикалық болып есеп-
телінеді, себебі ол өзінің келесі басты белгілерін
қорғайды (Ричардс пен Роджерс, 1986):
1. Тіл – мағынаны жеткізудегі жүйе.
2. Тілдің бастапқы функциясы өзара әрекет пен
қатынас үшін.
3. Тілдің құрылымы оның функционалды және
коммуникативті қолданысын бейнелейді.
4. Тілдің бастапқы тараулары тек оның грам-
матикалық және құрылымдық белгілері емес,
әңгімеде
мысал
ретінде
келтіргендегідей
функционалды және коммуникативті мағына-
ның категориясы болып табылады.