Антибиотиктер (гр. autі — қарсы және гр. bіos — тіршілік) — микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататын микробтар, өсімдіктер мен жануарлар жасушасынан алынатын органикалық зат; микроорганизмдермен жоғары өсімдіктермен және жануарлармен микроорганизмдерді және ісік жасушаларының дамуын басатын және жоятын заттар. Антибиотиктер төменгі молекуларлы қосылыс оның құрамына көміртегі-оттегі және сутегінен басқа азот (1 немесе 2 аммин тобы түрінде) және 1 немесе 2 карбоксильді топтар енеді.
Синтетикалық және жартылай синтетикалық антибиотиктер – фторхинолондар –офлосацин, эноксацин, пефлоксацин және т.б., прокариоттардың ДНҚ-ның суперспирализациясына жауап беретін ДНҚ-гираза ферментінің активтігін ингибирлейді.
Өсімдік антибиотиктер – фитонцидтерді 1928ж. Б. Токин сипаттаған болатын; химимлық таза күйінде тұрақты емес, бунин, жалбыздан, шалғамнан, рафанин және т.б.
Жануартекті антибиотик заттар: осетрбалықтардан экмолин, эритроцттерден эритрин, лизоцим және интерферонның микробоцидтік әрекеті басым.
Бактериялардан алынатын антибиотиктерге - грамицидин, пиоцианин, субтилин, батцитрацин, полимиксин жатады.