Лекция 2.
Ферменттердің қолдануы.
Ферменттердің биотехнологияларда қолдануының шектелуі.
Биологиялық объектілердің иммобилиздеуінің бірінші жұмыстары.
Кайырманова Гульжан Кайыржановна
б.ғ.к., биотехнология кафедрасының доценті
E-mail: Gulzhan.Kaiyrmanova@kaznu.kz,
kaiyrman@mail.ru
Пән «Иммобилизденген биообъектілер»
Фермент - барлық тірі организмдер құрамына кіретін, биокатализатор қызметін атқаратын
күрделі ақуыздар. «Фермент» мен «энзим» терминдерінің мағынасы бір, синонимдер, әр түрлі
елдердегі қолданысына қарай екі атаумен аталды.
Ферменттердің ерекше маңызды қасиеттері - өте жоғары белсенділігі және таңдамалы
спецификалық әсері - әр фермент белгілі бір затқа, белгілі бір байланыс түріне әсер етеді. Осы
қасиеттеріне байланысты ферменттерді ерте кезден бастап адамның тұрмыс – тіршілігінде кеңінен
қолданылып келеді (шарап, сыра, сірке су алу, тері, ет өндеуінде).
Қазіргі кезде 3000-ға жуық ферменттер белгілі, сонын ішінде, 150 түрі - кристалды түрде
бөлініп алынған, 300 - көпмасштабты өндіріс жолға қойылған.
Қазіргі кезде, ферменттерді кеңінен қолданушы және өндірушы елдер: Жапония, АҚШ,
Англия, Голландия, Германия, Қытай.
Жапонияда - 55-60мың тонна/жылына ферменттер шығарылады, оның ішінде 38% ауыл
шаруашылықта , 26% тағам өндірісінде және т.б. пайдаланылады. АҚШ-та - 30-35мың
тонна/жылына ферменттік препараттарды өндіреді. Өндірістік масштабына байланысты
ферменттер - үшінші орында, антибиотиктер мен аминқышқылдардан кейін.