Vi халықаралық конференция 1



Pdf көрінісі
бет22/54
Дата03.03.2017
өлшемі4,56 Mb.
#6569
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   54

Әдебиеттер тізімі

 

Рыньков  Л.Н.  Именные  метафорические  словосочетания  в  языке  худ.  лит.  XX  века.  –

Челябинск, 1975. -182 стр. 

Иванова Н.Н. Поэтические номинации в русской лирике. - М., 1992. -134 стр. 

Авакова Р.Ҽ. Фразеологиялық семантика.  -Алматы, 2002.  – 152 б. 

Фокина  М.А.  Фразеология  в  русской  повествовательной  прозе  XIX-XXвеков.  –Кастрома, 

2007. -378 стр. 

Кузнецова Л.А. Эстетическая функция слова в ранней поэзии А.Ахматовой.  -Москва, 1995. -

198 стр 


VI Халықаралық конференция

 

187 



 

МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ 

Насырова Ҽлия Базарбайқызы 

Муратова Алтын Наурызбайқызы 

Қарағанды  мемлекеттік  медицина  университеті,  қазақ  тілі  кафедрасының  меңгерушісі 

п.ғ..к, Қарағанды қаласы, 100017, Қазақстан 

Қарағанды  мемлекеттік  медицина  университеті,  қазақ  тілі  кафедрасының  оқытушысы, 

филология магистрі,  Қарағанды қаласы, 100017, Қазақстан 

Тҥйіндеме 

Resume.  The  article  reveals  the  features  of  formation  of  medical  terms  in  Kazakh  language.The 

author  gave  special  attention  to  the  problem  of  motivation  of  medical  terms.The  characteristic 

feature  of  Kazakh  medical  terms  is  their  motivation  of  a  phenomenon  of  reality.The  author,  had 

analyzed  the  terms  of  the  Kazakh  language,  divided  them  into  certain  groups  on  the  basis  of 

generalization due to motivated signs. 

Keywords.The term, a medical term, the terms of the Kazakh language, the motivation of the term, 

type of nomination, the method of nomination, medical system  terms.  

 

Резюме 



В статье раскрываются особенности построения медицинских терминов в казахском языке. 

Особое  внимание  авторы  уделили  проблеме  мотивированности  медицинских  терминов. 

Основной  признак  медицинских  терминов  в  казахском  языке  -  мотивированность  каким-

либо явлением действительности. Проанализировав медицинские термины казахского языка, 

авторы разделилы их на группы в зависимости от мотивировочного признака.  

Ключевые 

слова: 

термин, 


медицинский 

термин, 


термины 

казахского 

языка, 

мотивированность  терминов,  тип  номинации,  способ  номинации,  система  медицинских 



терминов. 

 

Кіріспе 



1.1  Терминдер  –  ҿзіндік  қҧрылымдық,  семантикалық,  деривациялық,  функционалдық 

ерекшеліктері  бар  тілдің  ҿзгеше  категориясы.  Аталған  ерекшеліктерді  ескерусіз  термин 

жасау,  басқа  тілден  терминдер  алу,  калькалау,  терминдерді  ҧтымды  қолдану  мҥмкін  емес.  

Терминдер адам қызметінің ерекше тҥрін атап кҿрсететін болса, біріншіден, ғылыми, кҽсіби 

деңгейлерін  анықтайды.  Сондықтан  терминдер  ғылым  мен  техниканың,  кҽсіби  жҽне 

ҿндірістік  салалардың,  ғылыми  таным  мен  ҽлем  кҿрінісінің  дамуын  бейнелейді.  Термин 

тілдің  ерекше  негізін  қҧрайды,  себебі,  терминсіз,  терминологиялық  жҥйесіз  бірде–бір 

ғылымның, техникалық,  кҽсіби, ҿндірістік саланың дамуы  мҥмкін емес. Яғни, терминдерде 

ҽлем тҥсінігі жайлы арнайы білім, ҧғымдар қамтылған, сонымен қатар, терминдер адамның 

ойлау  қабілетінің,  танымының,  ақиқат  шындықтың  бейнеленуі  мен  кҿрінісінің  ерекше  бір 

тҥрдегі негізін сипаттайды. 

Жоғарыда  айтылғандардан  мынадай  қорытынды  шығаруға  болады,  кез  келген  тілдік  бірлік 

термин  бола  алады.  Дегенмен,  термин  сҿздер  мен  термин  бола  алмайтын  сҿздердің 

арасындағы  шекті  анықтап,  арнайы  тілдік  бірлікте  қандай  қасиеттер  болуы  керектігін 

анықтау қажет.  

 

Терминдер мен термин тҥзуші сҿздердің бойында тҿмендегідей белгілер болуы қажет:  



- семантикалық бірмағыналылық пен беретін мағынаның нақтылығы;  

- мағынаның арнайы немесе мамандыққа негізделуі;  

- жҥйелілік пен терминдер арасындағы байланыс;  


VI Халықаралық конференция

 

188 



 

- қолдануда бірыңғайландыру;  

-  жинақтық  мағынаны  беруге  қабілеттілігі,  экспрессивтіліктің,  образдылықтың,  ауыспалы 

мағынаның, метафоралық қолданудың болмауы;  

- ҧқсас дублеттің болмауы  (немесе аз мҿлшерде болуы) жҽне т.б. [1, 24 б.]. 

Мақаланың негізгі бҿлімі 

1.2  Казақ  ҽдеби  тілінің  бір  бҿлігі  –  медициналық  терминдер.  Медициналық  терминдердің 

қҧрылымы  ерекше,  себебі,  ғылымның  сҧранысына  саймедицинада  интернационалдық 

терминдер кҿптеп қолданылады. 

Казақ  медициналық  терминдері  ҿзінің  қалыптасуы  мен  дамуында  ҿзіндік  лексикалық 

байлығымен  жҽне  де  басқа  тілден  енген  кірме  элементтерімен  ерекшеленеді.  Нақты  тілдің 

даму  кезеңінде  терминологиялық  процесс  ағымы  мен  жағдайына  байланысты  бҧл 

дерекнаманың  ҿнімділігі  мазмҧны  мен  байланысына  қарай  ҿзгермелі  болып  келеді.  Қазіргі 

уақытта қазақтың байырғы лексикасын кҿптеп қолдану жҽне соның негізінде кҿптеген жаңа 

сҿздерді жасау ағымы байқалады.   

1.2 Анатомиялық терминдер. Анатомияның пҽндік тҧжырымықазақ тілі иелерінің санасында 

вербалданған,  тілде  байырғы  лексиканы  кҿрсететін  тҧрақты  тілдік  қҧралдар    бар:  дене, 

омыртқа, сҥйек, сіңір, ми, азу тіс, жілік, т.б. Бҧл - нақты мағынаның жан-жақты лексикалық 

бірлігі. Қазақтар ағза (жануарлардың) қҧрылымының тамаша білгірлері болған жҽне бола да 

бермек,  бҧл  -  олардың  мал  шаруашылығымен  айналысуы  мен  кҿшпенді  тҧрмыс  кҿшуімен 

байланысты. Салыстырмалы тҥрде алғанда, тілде тҥбір тҧлғада қолданылатын медициналық 

терминдер аз. Бҧлардың қатарына бір кездері жҧрнақ арқылы жасалып, тілдің даму ҥрдісінде 

қҧрылымы  ҿзгеріске  тҥскен  кейбір  ауру  атаулары  мен  соматизмдерді  жатқызуға  болады. 

Мысалы:  бас,  самай,  қҧлақ,  мҧрын,  ауыз,  шаш,  сақал.  Кҿптеген  ғалымдардың  зерттеуіне 

сҥйенсек, адамның дене мҥшелерінің атаулары ең тҧрақты ҽрі лексикалық қордың ең тҥпкі 

қабаты болып табылады. Сонымен қатар, бҧл лексикалық қабат тҥркі тілдерінің кҿпшілігіне 

ортақ қҧбылыс болып келеді.  

1.3 Халықаралық жҽне орыс тілінен енген кірме терминдер.Халықаралық жҽне орыс тілінен 

енген  кірме  терминдерден  тҥбір  тҥрінде  қолданылатын  терминдер  қатары  артты.  Мысал 

ретінде келесі медициналық терминдерді айтуға  болады: апоплексия, аппликация, вибрион, 

гиперкинез, гематология, дерматит, катаракта, диафрагма, оптика, офтальмология, анатомия, 

адемония жҽне т.б.  

Терминдер де басқа жаңа сҿздер сияқты жайдан жай пайда болмайды. Сҿз жаңа мағынаға ие 

болады,  жаңа  қолданыс  табады  немесе  басқа  тілден  енеді.  Шындығында,  жаңа  сҿздер  ҿте 

сирек пайда болады. Ал қалғандары тілде бар лексемалар негізінде жасалады. Ғалымдардың 

(А.Қайдар)  пікірінше:  тілде  бар  сҿздердің  негізінде  жасалған    лексика-семантикалық  жҽне 

аналитикалық қисындар «жаңа қолданыстар» деп аталады [2, 32 б.]. 

1.4  Медициналық  терминдердің  жасалуында  метафораның  рҿлі.  Кҿптеген  ғалымдар 

терминнің  басты  қасиеті  метафоралық  қолданыстың  болмауы  деп  есептегенмен, 

медициналық терминдердің кҿбі метафоралық тҽсіл арқылы жасалатынын айта кеткен жҿн. 

Мҧны қантамырлар жҥйесінің атаулары арқылы дҽлелдемекпіз. Тамырлардың атауы ҿзімен 

тіркескен  екінші  компонентпен  композитивті  байланыс  қҧрайды.  Мҽселен,  алғашқы 

компонент  тамырдың  когнитивті  дифференциялды  белгісін  кҿрсетеді:  кҥретамыр  (кҥре  - 

негізгі,  басты,  ҿзекті),  кҿктамыр  (кҿк,  кҿгілдір),  қылтамыр  (қыл  -  тҥк)  жҽне  т.б.  Бҧл  тҧста 

олардың қызметі, тҥсі, сыртқы бейнесі термин жасауда ескерілген.  Орыс тілінің терминдер 

жҥйесінде  кейбір  клиникалық  терминдер  грек-латын  сҿздерімен  берілсе,  ал  қазақ  тілінде 

ауру атаулары халық санасына жақын байырғы сҿздермен беріледі.  Олар ҽртҥрлі патология 

мен  нормадан  ауытқуда  болатын  ағзаға  тҽн  физикалық  жағдайлар  атауының  уҽжделуінен 

болады. Жағдайды сипаттайтын сҿздер етістіктен болған зат есімдерден немесе етістіктерден 


VI Халықаралық конференция

 

189 



 

жасалады:  ангина  (лат.angĕre  -  қысу)  -  баспа,  қыспа  (басу,  қысу);  холера  (грек.  Cholerа  - 

суағар, денеден сҧйықтықтық бҿлінуі деген мағынаны береді) – тышқақ; тиф (грекше.тҥтін) 

сананың  кҿмескіленуі  белгісін  анықтайды  -  сҥзек  (сҥзе  қарау  -  кҿзінің  астымен  қарау); 

фурункул  (лат.  Furunculus)  –  сыздауық  (сыздау);  фурункулез  (лат.  furunculus  +-osis  

патологиялық  процесс)  -  шиқан  басу  (іріңнің  пайда  болуы);  малярия  (лат.Мalus  –  жаман, 

қатты) - безгек, қызба (дірілдеу, қалтырау) жҽне т.б.. 

Қазақтың  тілдік  танымында  ақпаратты  тҧжырымдауда  когнитивтік  белгі  ретінде  «ағза 

жағдайы, мҥше» терминдері жҧмсалады. 

Сонымен  қатар  қазақ  терминдердің  эквиваленті  ҿзінің  ішкі  формасы  жағынан  метафоралы 

болып келеді [3, 38 б.]. 

Терминжасаудағы  метафоралық  атаулардың  рҿлі  кҿпшілік  мақҧлдаған  дерек  болып 

табылады.  Метафоралардың қалыптасуы  когнитологиянын негізгі мҽселелерінің бірі болып 

қала бермек. 

Зерттеушілердің  белгілеуінше,  ғылыми  ҽдебиеттерде  берілген  деректер  бойынша  жаңа 

метафоралар ҧқсастық негізінде кҿшіру, тасымалдау арқылы жасалады. 

1.5  Уҽжділік  –  терминнің  кҥрделі  сипаттамасы.  Ол  атау  алдындағы  процестің  міндетті 

сатысы болып табылады.  

Қазіргі  уақытта  заманауи  атау  теориясының  «атау  тҥрі  мен  атау  тҽсілі»  терминдері 

қҧрастырылып, қабылданды.   

Атау  тҥрі  –  бҧл  бастапқы  атау  жҽне  қайталама  атау.  Бастапқы  -  бҧл  қазіргі  тілдік  тҥсінік 

бойынша  тҥбір  кҥйінде  қолданылған  атау  (ірің;  жҥрек),  ал  қайталама  –  бҧл  дайын  тілдік 

бірлік негізінде жасалған атау (сары су; қара су - глаукома; жел шешек).  

1.6 Атауды қабылдау ҽрі тарату атау тҽсілі болып табылады. Жаңа сҿздерді жасау ҥшін тҥрлі 

тҽсілдер  қолданылады.  Атаудың  ең  негізгі  жемісті  тҽсілі  уҽжділік  белгінің  сҿздің  тура 

мағынасы  арқылы  білдірілуі,  яғни  атаудың  айырым  мен  уҽжделу  белгілері  термин  жасауға 

негіз  болады.  Мҧны  квалификативті  терминдер  деп  атайды.  Мысалы,  қылий  кҿз;  қан  кету; 

жҥрек соғуы жҽне т.б.  

Ауыспалы  атау  тҽсілінде  уҽжділік  тҥрлі  байланыстардың  кҿмегімен  ауыспалы  тҥрде 

беріледі.  Мҧндай  атаулар  ҿзінің  табиғи  сипатынан  ерекшеленіп,  метафора  мен  теңеуге 

негізделеді. Мысалы, қаз дене, ақшамсоқырлық жҽне тағы басқалар.  

1.7  Бейтарап  терминдер.  Уҽжділік  белгісі  дҽрігер-ғалымдарға  ғана  белгілі  терминдер  жеке 

топты қҧрайды.  Медицина  мен оның ғылыми жҥйесімен таныс емес тіл иелері ҥшін бҧлар 

уҽжделмейді,  яғни  олардың  негізінде  арнайы  медициналық  тҥсінік  беріледі.  Мҧндай 

терминдерді  бейтарап  деп  атайды.  Бейтарап  терминдердің  негізгі  бҿлігін  эпонимиялық 

терминдер  қҧрайды,  яғни  ғалымдар,  дҽрігерлер  мен  науқастардың  тегінен  жасалған 

терминдер,  мысалы,  Боткин  ауруы,  Коппок  катарактасы,  Ван-Гог  синдромы,  Паркинсон 

ауруы.  


1.8  Халықтық  медицинаның  атауы  –  бҧл  ағза  ауруларының  жалпы  уҽжділік  белгісіне 

негізделген табиғи атау нҽтижесі. Бҧлар шынайы белгілерге негізделеді (тері тҥсі, мҥше тҥрі, 

қандайда бір затқа, яғни, жануардың, ҿсімдіктің мҥшелеріне ҧқсастығы т.б.). 

Бҧл уҽжділік белгілер негізінде халықтық медицинасында атаудың принциптері қалыптасты, 

оларды қасиеті мен тҥрі жағынан келесі топтарға бҿлуге болады: 

1. Ауруды сезінуге негізделген атау. Олар қандай да бір анатомиялық мҥше мен кесел, ауру, 

сырқат  сҿздерінен  тҧрады:  ҿкпе  сырқаты,  жҥрек  ауруы,  обыр  кеселі.  Бҧл  атаулар  кеселдің 

тектік атауы болып табылады.  

2.  Бҧл  тектік  атаудың  негізінде  олардың  тҥрлік  белгісі  туындайды:  жҥрек  ауруы,  жҥректің 

шаншып ауруы. 



VI Халықаралық конференция

 

190 



 

3.  Терінің  немесе  ауруға  ҧшыраған  мҥшенің  тҥсі  немесе  тҥрінен  анық  байқалатын  ауру 

атаулары: сары безгек, қызылша, алапес жҽне т.б.  

4.  Басынан  ҿткерген  аурудың  нҽтижесінде  болатын  нақты  физикалық  ҿзгерістер  принципі 

бойынша атау: іш кебу, іш кету, іш қату, ісу, буын шығу, сусамыр тағы басқалар.  

5.  Халықтық  медицина  терминдерінің  арасында  ерекше  орынды  метафоралық  мағынадағы 

атаулар алады. Адам баласы талай ғасырдан бері жануарлармен тығыз байланыста келеді (аң 

аулады, оларды қолға ҥйретті, етін, терісін, сҥйегін, жҥнін ҿңдеді т.б.). Оған жануарлардың 

кейбір  қылықтары,  сондай-ақ  жаңа  туған  нҽрестенің  бойында  болатын  кейбір  ҿзгерістерді 

жануарлардың тҥріне немесе олардың белгілі бір мҥшелеріне ҧқсату белгілі болған. Мысалы, 

қоян ерін, тҥйе қарын, қасқыр ауыз жҽне т.б.  

6. Анатомиялық мҥшенің нақты бір физикалық жағдаймен байланыстылығының нҽтижесінде 

туған атаулар: жҥрек қыспасы, баспа, қылтамыр. 

7.  Анатомиялық  мҥше  қандай  да  бір  етістікпен  тіркесіп,  медициналық  тҥсінікті  беруге 

жҧмсалады:    бас  айналу,  бас  деген  адамның  дене  мҥшесі,  айналу  етістігімен  тіркесіп 

аурудың белгісін білдіреді.  

1.9  Ғылыми  медициналық  терминдер.  Медицина  ғылымының  дамуы  ғылыми  медициналық 

терминдер мен уҽжділік белгінің жаңа тҥрінің дамуын қалыптастырады.  

Ғылыми мақсатқа арналған атау процесінің бҧл тҥрін жасанды атау деп қабылданған.  

Ауруды  жіктеу,  ең  алдымен,  тектік-тҥрлік  принцип  бойынша  қҧрылады.  Сонымен  бірге 

мҥшенің ерекшелігі кҿрсететін уҽжділік белгі басты рҿлге ие. Бір-бірімен байланысты толық 

мағыналы  екі  сҿздің  бірігуінен  тіркесті  терминдер  туындайды.  Сҿз  тіркесін  жасауға 

қатысқан  ҽрбір  сҿздің  басты  номинативті  мағынасы  медициналық  тҥсінікпен  байланысты 

процесс, жағдай, қҧбылыс, зат атауларын білдіреді. 

1.9  Терминдік  сҿз  тіркестер.  Қазақ  тілінің  медициналық  терминологиясында  екі,  ҥш,  тҿрт 

немесе  бірнеше  компоненттен  тҧратын  терминдік  сҿз  тіркестері  бар:  ҿкпе  қабынуы,  жедел 

ҿкпе  қабынуы,  созылмалы  ҿкпе  қабынуы,  операциядан  кейінгі  ҿкпе  қабынуы  жҽне  т.б. 

Осындай сҿз  тіркестерінен жасалған терминдерді қҧрамды терминдер деп атаймыз.    Ҿзінің 

кҥрделілігіне  қарамай,  мҧндай  терминжасау  тҽсілі  ҿте  ҿнімді  болып  келеді.    Қҧрамды 

терминдер  медициналық  тҥсінікті  этимологиялық,  анатомиялық,  морфолого-клиникалық 

жағынан жіктеуде маңызды рҿлді атқарады. Мысалы,  

а)  этиологиялық  жіктеу,  ауруды  туғызатын  патогендік  фактор  себебіне  бағытталған 

терминдерде  беріледі:  іріңді  қабыну,  ревматизмдік  артрит,  туберкулездік  бронходенит, 

вирусты энтерит; 

б)  анатомиялық  жіктеу:  жоғары  тыныс  жолдарының  қабынуы,  жҥрек  ҧстамасы,  миға  қан 

қҧйылу, кабыртқааралық невралгия;  

в) морфолого-клиникалық жіктеу: қҧрсақ теміреткі, ашық сынық, жабыспалы плеврит.  

Шешім: 


1.  Сҿйтіп,  қазақ  тіліндегі  медициналық  терминдердің  жасалуына  қандай  да  бір  шындық 

қҧбылыспен байланысты келетін уҽжділік арқау болады. 

2.  Халық  медицина  атауы  ҥшін,  яғни,  қазақтың  байырғы  медициналық    терминдерінің 

жасалуында келесі атау тҽсілдерін кҿруге болады: теңеулерді қолдану (қаз дене), нақты бір 

физикалық  жағдайдың  анатомиялық  атаумен  байланыстылығын  кҿрсетуде  метафораны 

қолдану (қоян ерін). 

3. Медицинаның ғылыми терминдерін қҧрауға тектік-тҥрлік принцип тҽн.  

4. Медициналық терминдер бейтарап болуы мҥмкін (Боткин ауруы). 

5. Медициналық терминдерді арасында қҧрамды терминдер маңызды рҿль атқарады. 

Қорытынды  



VI Халықаралық конференция

 

191 



 

Медициналық терминдер  – қазақ ҽдеби тілі лексикасының бір бҿлігі. Ол халық тарихымен, 

оның материальдық мҽдениетімен тығыз байланысты. Бҧл салаға қатысты лексика ғасырдан 

ғасырға толығып, молаяды. Сҿз жасаудың байырғы ҥлгілерін анықтау ерекше назарды қажет 

ететін ҧлттық терминологияның бір проблемасы болып табылады. 

 

Ҽдебиеттер тізімі 



Шамсутдинова  Р.Р.  Медицинская  терминология  в  татарском  языке.  Автореф...  дис. 

канд.фил.наук.  Казань, 2001. – 37с. 

Қҧрманбайҧлы  Ш.  Терминқор  қалыптастыру  кҿздері  мен  терминжасам  тҽсілдері.Алматы: 

Сҿздік-Словарь, 2005. - 240 б.  

Аяпбергенова  К.  Қ.  Қазақ  тіліндегі  медицина  терминдерінің  қалыптасуы.Алматы,    1999.  - 

115 б. 


Ахметов М. Медициналық терминдер сҿздігі. Орысша-қазақша-ағылшынша (40 мыңға жуық 

термин).Алматы: Дайк-пресс, 2009. – 800 б. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


VI Халықаралық конференция

 

192 



 

«ЕЛУ», «АЛПЫС», «ЖЕТПІС», «СЕКСЕН», «ТОҚСАН» 

СӨЗДЕРІНІҢЭТИМОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ОСЫ СӨЗДЕРМЕН 

ҚАЛЫПТАСҚАН ТҦРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР 

Жҧматаева Сҽуле Наятуллақызы 



Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-тҥрік университеті. Қазақ тілі кафедрасының 

оқытушысы, филология магистрі Қазақстан Республикасы, Тҥркістан қаласы 

Resume 

There  are  a  lot  of  precious  treasures  of  our  nation  which  were  communicated  to  us  from  ancient 

times. One of them is phrasal idioms. Some part of phrasal idioms come with numerals. The reason 

for numerals being the basis for phrasal idioms is that they are connected with customs, traditions 

and concepts of the nation in ancient times.  

This article talks about etymology and origin of numerals, as well as their meanings. 



Key words: 

Numeral; phraseological unit; etymology; tradition; word meanings; nationally-specific; legacy. 



Резюме 

Есть  много  драгоценных  сокровищ  нашей  страны,  которые  были  сообщены  нам  с  древних 

времен. Один из них - фразовые идиомы. Некоторая часть фразовых идиом идет с цифрами. 

Причина  цифр,  являющихся  основанием  для  фразовых  идиом,  состоит  в  том,  что  они 

связаны с таможней, традициями и понятием страны в древние времена.  

Эта статья говорит об этимологии и происхождении цифр, а также их значениях.. 



Ключевые слова 

Цифра; фразеологизмы; этимология; традиция; значения слова; национальные особенности; 

наследство

Кіріспе 

Сан  жҿніндегі  ҧғым  –  адамзат  мҽдениетінің  тууымен  жҽне  оның  дамуымен  тығыз 

байланысты. Егер осы ҧғым болмаса, біздің рухани ҿміріміз бен практикалық қызметімізді ҿз 

дҽрежесінде кҿрсете алмас едік. 

Сан жҽне мҿлшер категориясы барлық тілдерде грамматикалық жҽне лексикалық жолдармен 

беріледі.  Лексикалық  берілу  барлық  тілдерде  сандардың  сҿзі  арқылы  кҿрінеді.  Сан 

ҧғымдары жҽне негізгі қасиеттері сыртқы ҽлемнің (дҥниенің) реалды заттарының қасиеттері 

мен сол қасиеттерінің суретін береді.   

Грек математикасының іргесін қалаушылардың бірі  -  Пифагор:  «Сан  -  дҥниенің заңы  жҽне 

оның байланысы барлығын анықтайтын жҽне танып білетін қҧрал: заттар дегеніміз сандарға 

еліктеу,  заттардың  тҥпкі  мҽнісі  жҽне  олардың  жаратылысы  сан,  ҽртҥрлілікті  бірлікке 


VI Халықаралық конференция

 

193 



 

келтіруші  жҽне  гармонияны  туғызушы  –  сан»  -  деп  заттық  ҧғымның  негізі  –  сан  деп 

тҥсіндіреді. 

Сан ҧғымы мейлінше баяу дамыды, таза сан болып қалыптасуға дейін белгілі бір кезеңдерді 

ҿткерген.Алғашқы  кезеңі    -  сандық,  мҿлшер  категориясының  тікелей  сезімдік  қабылдау 

арқылы  кҿрінуі.  Алғашқы  қоғам  адамы  сыртқы  ортаны  танып-  білу    барысында  топтан 

элементтерді тез айыра білді. 

Сан есімдердің этимологиясы сан есімдердің кҿне тҥркі жазба ескерткіштерінде қолданылу 

ерекшеліктерімен  байланысты.Кҿне  тҥркі  жазба  ескерткіштерінің  тіліндегі  сан  есімдер 

қазіргі  тҥркі  тілдеріндегі  сан  есімдермен  бҽрі  дерлік  ҧқсас.  Тек  дыбыстық  ҿзгерістермен 

ерекшеленеді. 

Бір (бір), екі (екі), ҥч (ҥш), торт (тҿрт), бес, бис (бес), алты (алты), йеті (жеті), секіз (сегіз), 

тоқуз  (тоғуз),  он  (он),  йегірмі  (жиырма),  отуз  (отыз),  қырқ  (қырық),  еліг  (елу),  алтымыш, 

йетіміш, секіз он, тоқуз он, йуз (жҥз), бың (мың), тҥмен(он мың). 

Кҿне  тҥркі  ескерткіштерінің  тілінде  оннан  ҽрі  санау  тҽртібі  қазіргі  кездегі  тҥркі 

тілдеріндегіден  ҿзгеше:  37  дейтін  болса,  йеті  отуз,  яғни  алдымен  бірлікті,  сонан  соң 

айтылатын ондықты емес, келесі ондық айтылады.С.Е.Малов мҧндай санауды есептеудің екі 

системасы деп қарайды, жаңа системасы ХI ғасырдағы «Қҧтадғу білігтен» басталады, екінші 

ығыстыру Баласағҧн мен Қашқари арқылы белгілі. 

Санаудың екі системасы тҥркі тілдерінде тек сары ҧйғыр тілдерінде сақталса, моңғол тілі о 

бастан  осы  системада.Ескі  тҥркі  жазба  ескерткіштері  тіліндегі  сан  есім  қазіргі  сан  есімдер 

дедік,  енді  осы  сандардың  шығуының  алғы  шарты,  шығу  тегін,  яғни  этимологиясын  сҿз 

етеміз. 

Негізгі бөлім 

Елу  сан  есімі  тҥркі  ескерткіштерінің  тілінде  жҽне  қазіргі  кейбір  тҥркі  тілдерінде  елліг 

тҥрінде  дыбысталады.  Қазақ  тіліндегі  «елу»  сҿзі  –  еллігтің  тілдің  ерекшелігіне  қарай 

фонетикалық  ҿзгерістерге  тҥскен  варианты.  В.А.Гордлевский  жҽне  басқа  тҥрколог 

зерттеушілер елліг кҿне тҥркілік ел (қол) сҿзімен бірлікте қарастырады. «Елу» сҿзі мен «елі» 

сҿзі  ыңғайлас.  Акад.  В.А.Гордлевский  елу  мен  елі  сҿзінің  арасындағы  ішкі  мағыналық 

байланысты, яғни, «елиг» сҿзі, біріншіден, бір елі - ҿлшем мағынасында, екіншіден, сандық 

мағынада  деп  кҿрсетеді.  Қазақ  тіліндегі  елі  (ҿлшем  мҽніндегі)  соңғы  –г  дыбысының  тҥсіп 

қалуы  арқылы  қалыптасса,  елу  соңғы  буынның  дифтонгқа  айналуының  нҽтижесі  (-ығ,  -іг 

қосарлы  дыбыстардың  соңғы  дыбыстарының  тҥсіп  қалуы  немесе  –у  дыбысына  айналуы 

тілімізде жиі кездесетін қҧбылыс: сарығ – сары, еліг – елі (ҿлшем), тағ – тау, еліг – елу). 

 

 



«Алпыс»,  «жетпіс»  сҿздері  алты,  жеті  бірліктеріне  –пыс,  -піс  элементтерінің 

жалғануы  арқылы  жасалып  тҧр.  Қазақтың  «алпыс»  сҿзінің  жалпы  тҥркілік  алтмыш  сҿзіне 

сҽйкестігі заңды,  л мен м дыбыстарының арасындағы  т дыбысы  элизияға ҧшырап, лм  –  лп 

болуы – диссимиляциялық заңдылық. 

 

Ал,  алтмыш,  йетміш  сан  есімдеріндегі  –мыш,  -міш  не?  Тҥркологтардың  ішінде 



проф.  Н.К.Дмитриев  алпыс,  жетпіс  дегендер  екіон,  бесон  сияқты  алты,  жеті  сандарынан 

шыққан,  ал  –мыш,  -міш,  -пыс,  -піс  о  баста  он  ҧғымын  білдірген  деп  қарайды.  Ал  бір 

зерттеулерде  –мыш,  -міш  сан  есім  жасайтын  жҧрнақтар  делінсе  (Есенқҧлов  А.  Кҿне  тҥркі 


VI Халықаралық конференция

 

194 



 

жазба ескерткіштеріндегі қосымшалар. А., 1976, 168бет), енді бірінде чуваш тіліндегі осы –

мыш варианты –мал, -мел бір кездегі сан есім тудырушы жҧрнақ болғанымен, қазір тҥбірге 

сіңісіп,  ажыратуға  келмейтін  дҽрежеге  жеткен,  дҧрысы,  утмал,  житмелді  туынды  деп 

қарамау  делінеді  (Павлов  И.П.  О  лексических  группах  и  грамматических  формах 

числительных в чувашском языке. В кн.: Вопросы истории и грамматики чувашского языка. 

Труды, выпуск 74, Чебоксары, 1977, 5б). 

 

Кҿптеген  зерттеулер  –мыш,  -мал  мағыналарын  он  мағынасында  қарастырады. 



«Ежелгі тҥркі сҿздеріне талдау жасай келе, «мҥш» «йыл» жҽне «мҥшел» сҿздеріне тоқтауға 

болады:  «мҥш»  -  «он»  сҿзінің  варианты  (алтмуш  –  алпыс,  алты  он,  жетмуш  –  жетпіс,  жеті 

он). Сонда «мҥш йыл» он жыл болмақ. Мағынасы тҧрақсыз, шатаса беретін ҧлу мен мешінді 

есепке кейін қосылды деп  жорысақ, Орхон тҥркілерінің алғашқы мҥшелінде он жыл болды 

деген  қорытынды  шығады.  Бҧл  жору  қисынға  келеді.  Орхон  жазуларында  он  саны  кҿп 

айтылады (он оқ елі, он ҧйғыр елі, он сан оймауыт т.б.). Он – он саусақпен санау заманында 

шыққан.  Мешін  мен  ҧлу  кейін  қосылған»  (Ысқақов  М.  Халық  календары.  Алматы,  1980, 

285б).  Бҧл  пікірді  қуаттайтын  деректер  жоқ.  –Мыш  аффиксі  -  ҿте  кҿне  аффикс,  кҿнелігін 

тҥркі тілінің жазба ескерткіштері дҽлелдейді. 

 

М.Рясенен  пікірі  бойынша  алтмыш  алғаш  «ол  алған»  мағынасын,  жетміш  – 



«жеткен»  мағынасын  білдіреді.  Осы  кҿзқарасты  негізге  ала  отырып,  сонда  –мыш,  -міш  – 

есімшенің  кҿне  формасы,  алтмыш  –  алған  (алушы),  жетмиш  –  жеткен  демекпіз.  Қазіргі 

жағдайда  тҥбір,  қосымша  жіктеріне  ажыратуға  келмейтін  дҽрежеге  жеткен.  Қосымша 

кҿнеріп, тҥбірге сіңісіп кеткен, етістік тҥбірінен сан есімге айналған (салыстырыңыз: Қазіргі 

башқҧрт  тілінің  грамматикасында»  ...  в  формантах  –мыш,  -меш,  должно  быть  фузировано 

несколько  элементов,  каждый  из  которых  в  древности  функционировал  как  показатель 

определенной грамматической категории. 161б). 

 

Барлық  тҥркі  тілдерінде  дерлік  «сексен»,  «тоқсан»  сан  есімдері  сегіз,  тоғыз 



бірліктеріне он сҿзінің бірігуі арқылы жасалған.  

 

Енді  осы  сан  есімдермен  келетін  тҧрақты  тіркестерге  жҽне  олардың  бере 



мағынасына келер болсақ. 

 

Ел  қҧлағы  елу-  жҧрт  қҧлағы  тҥріңкі,  жаңалықты,  сыбысты  дереу  естиді.  Ел  қҧлағы 



елу, жаманат жерде жатпайды (мақал). Ақ сҧңқар қҧс дабысты, Дҧшпаннан алған намысты, 

Қамбар  кедей  деген  сҿз,  «Ел  қҧлағы  елу  ғой»,  Есітті  батыр  дабысты  (ҚамБ).  Ел  қҧлағы  елу 

тҧрақты  тіркесі  -  ел  арасында  кҿп  айтылатын  тҧрмыстық  фразеологизм.  «Отыз  тістен 

шыққан сҿз отыз рулы елге тарайды» деген мҽтелмен сҽйкес келеді. Елдің неге елу қҧлағы 

деген сҧрақтың жауабы - *ел -*елу сҿздеріндегі аллитерация болуы керек. 

Елу  жылда  –  ел  жаңа,  жҥз  жылда  қазан  –  уақыт  ҿткен  сайын  заман  ҿзгереді,  адамдар 

ауысады, таныстар, замандастар таусылады мағынасында. 

 

Ердің жасы екі елу – жҥз жаса мағынасында. 

 

Алпыс  сҿзімен  тҧрақты  тіркестер  кездеспейді,  бірақ  алпыс  екі  сҿзімен  бірді-екілі 



тҧрақты тіркестер бар: 

VI Халықаралық конференция

 

195 



 

 

Алпыс  екі  айлалы  –  қу,амалы  кҿп.  Арт  жағынан  жауырыны  бҥлкілдейді,  Қыран 

бҥктеп  астына  дҽл  басқанда.  Қҧсы  да,  иесі  деқоразданар,  Алпыс  екі  айлалы  тҥлкі  алғанда 

(Абай).  

 

Алпыс екі тамыры босады /иіді,  қаңсыды/  -  елжіреп, мейірі тҥсті,емірене  сҥйсінді; 

жҥйе-жҥйесі босады. Тоқсан келді есіліп, Екі аяғын кҿсіліп, Алпыс екі тамырдың Бҽрі бірдей 

шешіліп (Ш.С). Алпыс екі тамыры босап, ырқына кҿнген кезде сҧраған жеріңді бере қояды. 

Тек  сҿйлесе  біл  (С.Тҿл.).  Ҽннің  аяғын  сыбызғыдай  сҧңқылдатып,  ботадай  боздатқанда, 

отырғандардың алпыс екі тамыры иіп, кҿкейін кесіп-ақ жіберді (І.Ж.). 

 

Жетпіс,  сексен  сҿздерімен  келетін  тҧрақты  тіркестер  жоқтың  қасы.  Ал,  тоқсан 



сҿзімен қалыптасқан тҧрақты тіркестер біршама: 

 

Тоқсан  ауыз  сӛздің  тобықтай  тҥйіні  –  тоқ  етері,  тҧжырымы  бар  ҽңгіменің  тоқтар 

жері.  Мысалы:  Кҥдері  сол  бір  ҽңгімеден  кейін  тағы  да  кҿп  ойланып,  тоқсан  ауыз  сӛздің 

тобықтай тҥйінін іздеді. Ол тҥйін – коллективті тыңдай біл (М.И.). 

 

Тоқсан баулы ақ кӛбе – эпостық жырларда кездесетін батыр киетін сауыт. 



 

Толғауы  тоқсан  қызыл  тіл  –  бҧл  жерде  ақын  тілдің  таңғажайып  қҧдіреті  туралы 

айтып отыр. Толғауы тоқсан қызыл тіл Сҿйлеймін десең ҿзің біл (Абай).  

 

Тоғыз  қырлы,  тоқсан  (бір)  сырлы-  ҿте  тапқыр,  ҿнері  мол,  икем-орамы  ерекше 

ақылды кісі туралы айтылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет